Операциялық жүйе дегенiмiз – басқа программаларды орындауға мүмкiндiк жасайтын ортаны қамтамасыз ететiн және осы программалардың процессор мүмкiншiлiктерiне және дискiлер сияқты енгiзу-шығару құрылғыларына кiрудi оңайлататын компьютерлiк программа. ОЖ ыңғайлы, компьютермен жұмыс iстеуге өте қажет . Компьютерлiк дәуiр таңында техниктер батырма немесе перфоленттердей қарапайым құрылғыларды қолдана отырып, программаларды жадыға жүктедi. Содан кейiн олар қолмен программаның басқы (стартовый) адресiн бередi және компьютердегi программаға ауысып, оны орындау керектiгiн көрсетедi. Бiрақ та бүгiнгi күнi компюьтер пайдаланушылар бiршама дамыған әдiстердi қолданады.
Бүгiнде ОЖ қолданушыларға 2 түрлi қызмет ұсынады. Бiрiншiден, олар компьютердiң аппараттық құралдарын қолдануды оңайлатады. Олардың жасайтын «виртуальды» машинасынан шынайы машинаның айырмашылығы елеулi. Шынында да, кейiнгi екi онжылдықта компьютерлiк революцияның болуы ОЖ қолданушыларды, олар түсiнбейтiн компьютердiң аппараттық бөлiмiнен сәттi аулақтатудың арқасында жүзеге асты. Сонымен бiрге, программистерге ендi әр жаңа компьютерлер үшiн қосымшаларды қайта жазу қажет емес.
Екiншiден, ОЖ қолданушылар арасында есептеу ресурстарды таратуды қамтамасыз етедi. Ең маңызды ресурстардың бiрi — процессор уақыты. Windows NT сияқты көпесептi (многозадачный) (multitasking) ОЖ-де орындалатын жұмыс әр қайсысына жады берiлетiн процестерге, жүйелiк ресурстарға және кем дегенде бiр басқару ағымға процестiң iшiнде орындалатын бiрлiк бөлшектенедi. ОЖ қысқа интервал уақыт iшiнде бiр ағымды орындайды, содан кейiн басқа ағымға ауысады. Көпесептiлiк бiрқолданушылық жүйеде пайдалы, өйткенi ол компьютерге екi тапсырманы бiр уақытта орындауға мүмкiндiк бередi. Мысалы, қолданушы бiр құжатты түзете алады, осы кезде компьютер фондық режимде басқа құжатты басып жатады немесе үлкен программаны компилирлейдi. әр процесс өзiнiң тапсырмасын орындайды, ал қолданушыға бұл барлық программалар бiр уақытта жұмыс iстеген болып көрiнедi.
ОЖ процессорды бiрiгiп қолдануды қамтамасыз етуден басқа жадыны таратады және файлдармен құрылғыларға кiрудi басқарады. ОЖ қолданушыларға виртуальды машинаны ұсынатын және олардың арасында ресурстарды тарататын әдiстер бойынша ажыратылады.
Windows NT-ң монолитті құрылымы
Windows NT-ң құрылымын екi бөлiкке бөлуге болады: бiреуi, пайдаланушы режимiнде (Windows NT-ң қорғалған iшкiжүйелер), екiншiсi ядро режимiнде (NT-ң орындаушы) атқарушы жүйесi. Windows NT құрылымы 1.1 суретiнде мұқият бейнеленген. Онда клиентпен сервер арасында хабарлар алмасу жолдары немесе екi сервер арасындағы байланыс. Барлық хабарлар атқарушы жүйесi арқылы өтедi, бiрақ суретте оңайлық үшiн ол көрсетiлмеген.
Жоғарыда айтылғандай NT дегенiмiз ОЖ — ң қозғаушысы, ол серверлiк процестердiң кез-келген санын қорғай алады. Серверлер NT — ң атқарушы жүйесiне пайдаланушы және де әр түрлi типтегi қосымшалар орындау үшiн ортаны қамтамасыз етедi. Келесiде Windows NT-ң құрылымы егжей -тегжей қарастырылады.