Форма құрылымының анықталуы

Форма- деректерді енгізу үшін қажетті ақпарат

Кестелердегі сақталған деректерді көру, енгізу және редактірлеу үшін формалар қолданады. Құжатты енгізу ұшін арналған формалар, экранда осы құжаттардың стандартты бланк түрде шығу қажет форманың басты ерекшелігі, оның бірнеше байланысты кестелермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Visual FoxPro –да форманы құру үшін келесі тәсілдерді қолданамыз:

1 Auto Form Wizard- мастер авто формы

2 Form Wizard- мастер форм

3 Form Builder-постройтель формы

4 Form Designer- конструктор формы

Конструктормен форма құру процесі формада объектіленді орналастыру және қасиеттерін анықтаудан құралады, сонымен қатар оларға байланысты орындалатын іс- әрекеттер форма құрғанда конструктор терезесін ашу үшін File(файл) менюіне New(жаңа) командасын таңдаймыз New ашылғаннан диалогты терезеде Form(форма) операциясын таңдап New File батырмасын басу керек.

Егер қажетті құралдар панелдері жоқ болса, онда олардың экрандағы көрінісін көру үшін View (Түр) менюінің сәйкес опцияларына белгі қойыңыз немесе Toolbars (Құралдар панелі) диалогты терезесінде құралдар паенлін таңдау жалаушаларын орнатыңыз.

Form Controls (Пішімді басқару элементтері) құралдар панелі пішімде объектілерді орналастыру үшін қолданылады. Пернелердің қысқаша баяндалуы 1.1 кестеде берілген.

Form Controls құралдар панелінің пернелері

 

Перне

Аты Атқаратын қызметі
Select Objects

(Объектілерді таңдау)

Ерекшелеудің көрсеткіші. Пішімде объектілерді таңдауды рұқсат етеді
View Classes

(Кластарды қарау)

Пішімде құрылатын объектінің класын таңдауға рұқсат етеді
Label (Сілтеме) Пішімде мәтіндік объекті құрады
Text Box (Енгізу өрісі) Пішімде енгізу өрісін құрады
Edit Box (Түзету өрісі) Пішімде түзету өрісін құрады
Command Button (Перне) Пішімде басқару пернесін құрады
Command Group

(Пернелер тобы)

Пішімде пернелер тобын құрады
Option Group

(Ауыстырып қосқыш)

Пішімде ауыстырп қосқышты құрады
Check Box (Жалауша) Пішімде жалауша құрады
Combo Box

(Ашылатын тізім)

Пішімде ашылатын тізімді құрады
List Box (Тізім) Пішімде тізімді құрады
Spinner (Санағыш) Пішімде санағыш түріндегі мәнді енгізудің өрісін құрады
Grid (Кесте) Пішімде кесте түріндегі өрістерді орналастыру үшін объект құрады
Image (Бейне) Пішімде суретті орналастырады
Timer (Таймер) Пішімде таймер типті объектті құрады
Page Frame (Вкладка) Пішімде вкладкасы бар беттерді орналастырады
ActivXControl (OleControl)

(OLE- объект)

OLE- объектіні құрады
ActivXBoundControl

(OleBoundControl)

(ActivX объект)

General типті өрісте сақталатын, OLE- объектінің құрамын көрсетеді
Line (Сызық) Пішімде сызық құрады
Shape (Контур) Пішімде контур құрады
Container (Контейнер) Пішімде контейнер құрады
Separator (Бөлгіш) Құралдар панелінде перне бөлгішті орналастырады
Hyper Link (Гиперсілтеме) Интернетпен жұмыс жасау үшін қолданылатын объектті құрады
BuilderLock (Құрастырушының бекіткіші) Құрастырушының таңдауын бекітеді
Button Lock

(Пернені бекіткіш)

Құралдар панелінде таңдалынған пернені

Бекітеді

Form Designer (Пішім конструкторы) құралдар панелінде Forn Controls (Пішімді басқару элементтері), Color Palette (Түс палитрасы), Layout (Орналасуы) құралдар панелінің шақыру пернелері бар. Бұл панелдің көмегімен пішімді басқарудың қосымша әрекеттерін орындауға болады. бұл панельдің пернелерінің атқаратын қызметі қысқаша 1.2 кестеде көрсетілген.

Form Designer құралдар панелінің пернелері

Перне Аты Атқаратын қызметі
Set Tab Order

(Объектілердің реті)

Пішім объектілерін айналып өту ретінің режиміне ауыстыру
Data Environment

(Деректердің қоршаған ортасы)

Пішімнің қоршаған ортасын анықтау терезесін ашады
Code Window

(Код терезесі)

Пішімнің бастапқы кодының қарау терезесін ашады
Color Palette Toolbar

(Түсті палитра құралдар панелі)

Ққұралдар панелін экранда көрсетеді
Form Builder

(Пішім құрастырушысы)

Пішім құрастырушыны шақырады
Properties Window

(Қасиеттер терезесі)

Экранда пішім объектілерінің қасиеттер терезесін ашады
Form Control Toolbar

(Пішімді басқару элементтерінің құралдар панелі)

Form Controls құралдар панелін экранға шығарады
Layout

(Орналасуы)

Экранға Layout құралдар панелін шығарады
Auto Format

(Автоформат)

Пішімнің таңдалған объектілеріне арналған автоформатының құрастырушысын шақырады

Пішімде орналасқан объектілерді ыңғайлы етіп орналастыру үшін Layout (Орналасуы) құралдар панелін пайдалану ыңғайлы. Берілген панельдің пернелерінің атқаратын қызметі қысқаша 1.3 кестеде берілген.

кесте Layout құралдар панелінің пернелері

Перне Аты Атқаратын қызметі
Align Left Sides

(Сол жақ бойынша)

Таңдалған объектілерді сол жақ объектінің сол жағы бойынша орналастырады
Align Top Edges

(Жоғарғы жақ бойынша)

Таңдалған объектілерді ең жоғарғы объектінің жоғарғы жағы бойынша орналастырады.
Align Right Sides

(Оң жақ бойынша)

Таңдалған объектілерді оң жақ объектінің оң жағы бойынша орналастырады
Align Bottom Edges

(Төменгі жақ бойынша)

Таңдалған объектілерді ең төменгі объектінің төменгі жағы бойынша орналастырады
Align Vertical Center

(Вертикаль бойынша)

Таңдалған объектілерді вертикаль бойынша орналастырады
Align Horizontal Center

(Горизонталь бойынша)

Таңдалған объектілерді көлбеу бойынша орналастырады
Center Vertically

(Центр бойынша өтетін вертикальға қатысты)

Таңдалған объектілерді пішімнің орта вертикальды сызығына қатысты орталықтандырады
Center Horizontally

(Центр бойынша өтетін көлбеуіне қатысты)

Таңдалған объектілерді пішімнің орта көлбеу сызығына қатысты орталықтандырады
Same Width

(Бірдей ен)

Пішімнің таңдалған объектілері үшін бірдей енді орнатады
Same Size

(Бірдей өлшем)

Пішімнің таңдалған объектілері үшін бірдей ұзындық пен енді орнатады
Same Height

(Бірдей ұзындық)

Пішімнің таңдалған объектілері үшін бірдей ұзындықты орнатады
Send to Back

(Артында)

Таңдалған объектілерді пішімнің ең төменгі қабатына жібереді
Bring to From

(Үстінде)

Таңдалған объектілерді пішімнің ең жоғарғы қабатына жібереді

Жоғарыда  келтірілген формадағы батырмаларды сипаттама барейік:

Первый – осы батырманы басқан жағдайда таблицада анықталған бірінші жағдайда деректер толтырылады.

Следующий – осы батырманы басқан жағдайда таблицада анықталған келесі жол деректері толтырылады.

Предыдущий- осы батырманы басқан жағдайда таблицада анықталған бастапқы жағдайдағы деректер толтырылады.

Последний – осы батырманы басқан жағдайда таблицада анықталған соңғы жолдағы деректер толтырылады.

Удалить- осы батырманы басқан жағдайда таблицада анықталған жолдарды жою процесі жүреді.

Выход- осы батырманы басқан жағдайда формадан шығады.

Найти- осы батырманы басқан жағдайда формада деректер толтырылады.