Flash, фильмде дыбысты қолданудың бірнеше әдісін ұсына алады. Сіз үзіліссіз, фильм сюжетіне және пайдаланушы әрекетіне тәуелсіз жүргізілетін дыбыстар біріктіре аласыз. Дыбыспен жұмыс істеудің альтернативті нұсқасы – анимация мен дыбысты синхронизациялауға болады. Бұдан басқа тағы да Flash, дыбыс едәуір интерактивті болуы үшін оны кнопкамен тағайындауға мүмкіндік береді. Дыбыспен жұмыс істеудің тағы бір нұсқасы – дыбыстық біріктіруді ActionScript сценариі арқылы басқару.
Flash’те дыбысты біріктірудің екі үлгісі қарастырылған: оқиғалық-басқармалы (event sound) және ағымдық (stream sound). Оқиғалық-басқармалы дыбысты жүргізу үшін, лайықталған берілгендер толығымен жүктелуі қажет; осыдан соң дыбыстың жүргізілуі, айқын өзі біткенше жалғастырыла береді. Ағымдық етілген дыбыстың жүргізілуі үшін, жүктелген берілгендер фильмнің алғашқы бірнеше кадрына жеткілікті болса болғаны.
Flash, дыбыспен жұмыс істеудің ыңғайлылығы жоңары болуы үшін авторларға келесі мүмкіндіктерді жеткізеді:
- бөлек дыбыстар кітапханасын құру, бұл бір кітапханадағы дыбыстарды бірнеше фильмде қолдануыңызға мүмкіндік береді;
- дыбыстық берілгендерді қысу параметрлерімен жұмыс; мұндағы мақсат: дыбыстың сапасын және экспортталатын фильмнің өлшемін таңдау; мұнда автор жеке бір дыбысты қысқан сияқты фильмдегі барлық дыбыстарды қысу параметрін таңдай алады.
Сондай-ақ, сіздер, дыбысты модификациялау үшін әр түрлі қосымша эффекттерді қолдана аласыздар . Ол үшін Пуск => Все программы => Стандартные => Развлечения => Звукозапись командасын берсек, дыбыс жазуға арналған арнайы программа терезесі ашыл
Дыбысты Flash’те импорттау. Flash’те дыбысты импорттау үшін, сол дыбысқа арнайы жеке қабат (слой) құру керек, және сол қабатта бос кілттік қадр болуы тиіс. Бос кілттік кадрды құру үшін, дыбыс басталатын кадрдың үстіне тышқанды апарып оң түймесін басып, көрінген контекстті мәзір тізімінен “Вставить пустой ключевой кадр” командасын таңдаймыз.
Керекті дыбысты импорттау үшін мәзірлер қатарынан Файл => Импортировать командасын береміз. Ашылған терезеде дыбыстарды сақтаған буманы ашып, қажетті дыбыстық файлды таңдаймыз.
Дыбыстарды импорттап болған соң, мәзірлер қатарынан Окно => Библиотека командасын берсек, кітапхана терезесі ашылады.
Осы жерден қажет дыбысты тышқанмен таңдап, тышқанның сол түймесі басылған күйде оны жұмыс терезесіне апарып, түймені жібереміз. Сонда, дыбысымыз бос кілттік кадрға жазылады. Дыбыстың ұзындығына байланысты, кадрды F5 функционалдық пернесі арқылы ұзартамыз