Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Берілгендерді өңдеу процесі клиент серверге күрделі процестердің орындалуына, файлды оқуға, берілгендер базасынан информация іздеуге және т.б сұраныс жібере алады. Сұраныс орындалып, нәтижесін сервер клиентке жөнелтеді. Клиент алынған берілгендерді өңдеп, нәтижені қолданушыға ыңғайлы түрде береді. Осындай байланысқан жүйе клиент сервер деп аталады. Жергілікті желі аймағында да компьютердерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.
Клиент-сервер технологиясы — жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға — клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.
Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі — әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін боліп береді.
Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.
Егер компьютерлер саны аз болып, олардын негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім — оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінін басқаруымен жұмыс істей береді.
Мәліметтердің компьютерлерге таралып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір денгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.
Бір дейгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі — олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп, жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған — оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарынын негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары дейгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларынын функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден, немесе электрондық кестеден тұратынын білуге тиісті емес.
Сервердің файл сервер түрі жиі қолданыста. Өйткені онда желіні қолданудың барлығынан түскен мәліметтер сақталады.
Сондай-ақ осы берілгендерге доступ қатамассыз етеді. Бұл компьютер үлкен жылдамдықты оперативті жадпен, қатты дискілермен, қосымша дискіжинағыштармен қамтылған болуы шарт. Файл сервер арнайы операциялық жүйелермен жұмыс жасайды. Ол операциялық жүйе бір мезгілде қолдануға доступ ашуы керек. Файл сервер файылдары:
1) берілгендерді сақтау;
2) архивтеу;
3) жөнелту;
4) әртүрлі қолданыстағы берілгендерді өзгертуді синхрондау;
Кейде файл сервер жеткіліксіз болсағ онда желіге бірнеше серверлерді қосуға болады. Әдетте орталықтандырылған ЭЕМ хост машина деп аталады. Берілгендерді өзгертуді орталықтандыр жүйелерінде қолданылады.
Жалпы файлдық сереверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі. Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да, керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады. Мұндай желі жұмысы — көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны біріге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады. Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін.
Баспа сервері (принтер-сервер) желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мүндай желілік баспа қүрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты, жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады.
Желілік басып шығарғыш — бұл жекелеген пайдаланушылар ортақ қатынаса алатын басып шығарғыш. Басқа пайдаланушылар сіздің басып шығарғышыңызға қатынауын ашу үшін мына әрекеттер орындалады:
- Бастау — Басып шығарғыш пен факстар әмірін орындаңыз, Сіздің компьютеріңізге қосылған таңбашалары бар барлық басып шығарғыштармен факстарды сұқбат терезесі ашылады.
- Сіз қатынас құруды қалаған сол басып шығарғыштың таңбашасын табыңыз да, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіңіз және ашылған мәзірден Ортақ қатынас құру мәзірін таңдаңыз.
- Ашылған терезеде қатынас құру қосымшасына өтіңіз де, ауыстырып қосқышты берілген компьютерге ортақ қатынас құру жағдайларына орнатыңыз. Белсенді етілген мәтіндік мәтіндік өрісте желіні пайдаланушылардың бәрі көре алатын берілген басып шығарғыштын атауын енгізе аласыз.
- Жарайды батырмасын басамыз.
Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық серверлер пайдаланылады. Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас кұру үшін Web-серверлер пайдаланылуы мүмкін.
Клиент сервер архитектурасы бір рангілі локальді есептеу желісін де, ерекшеленген серверлі желіні де қолдана алады.