Web парақ құру, оны интернетке Web-side түрiнде көрсету

Егерсiз сiзге арналған немесе сiз туралы мәлiмет сақтайтын Web бет құрғыңыз келсе, сiз HTML (Hypertext Markup Language- гипертекстiк белгiлеу тiлi) тiлiн үйренуіңiз керек. HTML – бұл беттiң құрылымын суреттеу тiлi. Ол сiзге қарапайым мәтiн алып, оны абзац, тақырып, тiзiм және басқа да құрылымы бойынша форматтауға мүмкiндiк бередi. Онымен қоса, HTML сiздiң оқырмандарыңыз бiр құжаттан екiншi құжатқа оңай аттап өте алулары үшiн, сiзге байланысты беттерге сiлтемелер құруға мүмiндiк бередi. HTML SGML- ға негiзделген (standart Genere Lized Markup Language- жалпы белгiлеу стандартты тiлi). Нақтырақ айтсақ, HTML бґл SGML құжатты типiнiң анықтауышы, немесе SGML қағидасының өзiндiк қосымшасы. Сiз HTML құжаттарын ақпараттық жүктеменi сақтайтын форматалмаған текстiң iшiндегi HTML тэгi (tags) арқылы құрасыз. HTML тэгтерi-бұл “азырақ” (<) белгiсiнен басталып, “көбiрек”(>)белгiсiмен аяқталатын символдар тiзбегi. Web браузерлер HTML-ды синтаксистiк тексерген кезде үш қағидаға сүйенедi:

  • Пробел және басқа да “көрiнбейтiн символдарға” назар аудармайды.
  • Форматтау тэгтерi кiшi немесе үлкен (бас) әрiптерiмен жазылуы мүмкiн.
  • Форматтау тэгтерiнiң көпшiлiгi сыңарларымен бiрге жазылады.

Кейбiр ерекше тэгтердi ескермесек, HTML форматтау тегтерiнiң барлығын да сыңар тегтерi бар. Ашатын тег берiлген эффектi активтендiрсе, жабатын тег оны өшiредi. Тег сыңарларын көбiнесе контейнер деп те атайды. Себебi, олар қосып — өшiретiн эффект мәтiнде сол екi тэгтiң арасында ғана пайда болады. Мысалы, мәтiнiң қатары толық әрiпен жазылуы керектiгiн көрсететiн болсақ, былай жазамыз:

<В> Бұл қатар толық қарiппен жазылады. </В>.

Жабатын тегтiң iшiнде орналасқан мәтiн « керi қисық сызық» символымен шамаланады. Бұл қағидаға бағынбайтын тэгтер <ВASE> (негiзгi мәлiмет), <ВR> (қатар соңы), <НR> (горизанталь сызық) және IMG (бейне). Бұл тегтер жалғыз қолданылады.

HTML –ге тiкелей қатысы болмаса да, HTML құжаттарының өте маңызды бөлiгi болып URL адрестерi есептеледi. Ол әр-түрлi тэгтерде кең көлемде қолданылады. Негiзi ,URL World Wide Neb-тiге құжаттың адресi болып есептеледi. URL- дың құрылымы жер шарының кез-келген белiгiнде орналасқан бiрге жұмыс iстейтiн. Web – сервердiң кез-келген типiндегi кез-келген құжаттардың ықшамды идентификациялау тәсiлi мүмкiндiгiн бередi. Ақпараттар серверiнiң хаттамасын ескермесек, URL-дың жалпы формуласы келесi:

Хаттама:// Сервер_аты: порт/файл-аты

HTML-құжатын белгiлеу үшiн бiз <HTML> ж„не </HTML> тэгтерiн қолданамыз. Бұл тегтер өзiнде HTML –дың барлық тэгтерiн және құжаттың ақпараттық құрамын қамтиды. <HTML> құжаттардың бiрiншi қатарында, ал <HTML> тэгi құжаттың соңғы қатарында орналасуы керек. Бґл тегтер олардың арасында орналасқан барлық символдардың HTML-коды екенiн бiлдiредi. Құжаттың тақырыбы <HTML> тегiнен кейiн жазылып, </HEAD> тегiмен аяқталады. Сiз ақпарат тақырыбына көп мөлшерде символдар енгiзе алсаңыз да, оның құрамында екi заттың болуы мiндеттi: құжат аты және оның URL-ы.

Сiз құжаттыңызға ат берген кезде, оны <TITLE> және </TITLE> тэгтерiнiң арасына орналастыра аласыз. Құжат аты Internet Explarer 3 тақырыб қатарында және журнал (History) және избранные страницы (Faourites) тiзiмдерiнде пайда болады. Сiз құжат атына сол құжатты толық түсiндiретiндей етiп таңдауыңыз керек. Бiрақ ол 40 символдан аспауы керек. Сiз <BASE HREF= “базовый_URL”> тегiнде URL негiздiк адресiн көрсетесiз. Ол құжаттың абсолют URL-iне теңестiрiледi. Сiз құжат тақырыбын жазып болған соң оның денесiн құруды бастайсыз. HTML құжатының денесi ақпаратты сақтайтын толық мәтiнде және мәтiндi форматтауға арналған барлық HTML тегтерiн қамтиды. Құжат денесi тақырыбтан соң басталып, <BODY> және </BODY> тэгтерiмен шектеледi. Құжат денесi келесi түрде көрiнiс табады:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> бґл жерде құжат аты орналасады </TITLE>

<BASE HREF= «негiздiк_URL»>

</HEAD>

<BODY>

</BODY>

</HTML>

Жаңа абзац бастау және оны аяқтау үшiн <Р> және </Р> тэгтерi қолданылады. HTML 3.2-нiң спецификациясын байланысты <Р> ALIGN атрибутын қолдайды. Ол абзацтың iшiнде мәтiндi туырлауға мүмкiндiк бередi. Абзацтар бас қатармен бөлiнедi. Бас қатар тастамай жаңа абзацты бастау үшiн <ВR>(қатар соңы) тэгiқ олданлыда. Мысалы:

<TITLE> өлең жолдары </TITLE>

<Р>

You can tell it,s Spring with all of the rain we,re getting.

It makes me to recite the rhyme.

<!—Вы можете сказать, что уже весна, поскольку идет такой сильный дождь. Поэтому я хочу процитировать стихи—>

</Р>

<Р>

Rain, rain <Br>

Go away <Br>

Come again <Br>

Another day <Br>

HTML – тақырыб стилiнiң алты түрiн қолдайды. Мәтiндi қандай да бiр стильде азу үшiн оны <Hn> және </Hn> тэгтерiнiң арасына орналастыру керек. Олар былай жазылады.

<H1> Heading style 1 </H1>

<H2> Heading style 2 </H2>

<H3> Heading style 3 </H3>

<H4> Heading style 4 </H4>

<H5> Heading style 5 </H5>

<H6> Heading style 6 </H6>

HTML төрт физикалық стильдi қолдайды. Физикалық стиль- бұл курсив немесе толықтық сияқты қарiптiң атрибуттары. Олар келесi де көрсетiлген.

HTML тiлiнiң физикалық стилi

Стиль  тег

Толық шрифт <B>…</B>

Курсив  <I>…</I>

Астын сызу <U></U>

Машинопись (фиксталген ен)                       <TT>…</TT>

HTML логикалық стиль олар ерекшеленгенген мәтiннiң мағынасын анықтайды. Олардың қарiп атрибуттарына қатысы жоқ болғандықтан, олар әр браузерде әр-түрлi көрiнiс табуы мүмкiн. Логикалық стильдер келесi кестеде көрсетiлген.

Мысалы, мына  HTML кода көп логикалық сильдi қолданады:

<H1>Logical STYLES < /H1>

According to <CITE> the Handbook of Federal Tellecomunicattions

Regulatieons </CITE>:<Br>

<BLOCKQUOTE>

All access providers <STRONG> must</STRONG> turnish their clients wieth prompt and accurate invoices. Changes on invoices <STRONG> must </STRONG> show date of the chage, duration of connect time/ and the rate charged per minute.

</BLOCKQUOTE>

Failure to comply with this statute may result in <EM> lagre tines </EM>.

<P>

For mor intermation, send e-mail to <ADRESS> info @ telecom. net </ADRESS>

<PRE> және </PRE> тэгтердiң аралығында орналасқан мәтiн форматталған деп есептелiп, қарiптердiң енi ерекшеленiп жазылады. Бұл мәтiнде барлық символдардың енi бiрдей болып жазылатындықтан, ол мәтiнде туырлауды жеңiлдетедi.

 HTML тiзiмдерi сiздiң құжатыңыздағы ақпараттарды қызықты етiп көрсетуге мүмкiндiк бередi. Олар келесi кестеде көрсетiлген.

HTML тiзiмдерi кестесi

Тип                              тiзiмi тегi                    элемент тегi

Нөмiрленген          <OL>…</OL>                  <LI>…</LI>

Таңбаланған            <UL>… </UL>                         <LI>…</LI>

Баяндау тiзiмi       <DL>…</DL>                    <DD>…</DD><DТ>…</DT>

Меню                    <MENU>…</MENU>      <LI>…</LI>

Директория         <DIR>…</DIR>                   <LI>…</LI>

Келесi HTML кодында тiзiмге мысал келтiрiлген:

<html>

<H2> Unordered Lists –маркированный список </Н2>

<UL>Bulleted LIST items </LI>

<LI>!—элементы маркированного списка—</LI>

<LI>LIST items are indented </LI>

<LI>!—элементы имеют отступ— <LI>

</UL>

<H2>Ordered LISTS- нумерованный список </H2>

<OL>

<LI>Numbered List items </LI>

<LI>—элементы нумерованного списка—</LI>

<LI>List items are intented </LI>

<LI>элементы имеют отступ </LI>

</ОL>

<Н2>Dicsrihtion Lists-список списанной </Н2>

<DL>

<DFТ>First tern </DT>

<DD> derscribtion of pist tern </DD>

<DD> !—Описания первого термина—</DD>

<DТ>Segond term </DТ>

<DТ>!—Второй термин—</DТ>

<DD>Describtion of second term -</DD>

<DD>- описание второго термина—</DD>

</DL>

</html>

HTML сiзге арнайы символдарды қолдану мүмкiндiгiн бередi. «Көбiрек» (>), «азырај» (<) және тырнақша (“)символдары HTML-дың форматты тегтерiнде қолданылатындықтан, оларды экранға шығару үшiн белiгiлi бiр тiзiмде орналастыру керек. Ол тiзiмдерде амперсант белгiсi (&) қолданылады.

Оны да экранға шығару үшiн белгiлi бiр тiзiмде орналастыру керек. Арнайы символдардың тiзiмi келесi кестеде көрсетiлген.

Резервтелген HTML символдары үшiн арнайы символдар тiзiмi

Тiзiмi                                    көрiнiс                                  мәнi

&lt;                                            <                                        азырақ

&gt;                                       >                                           көбiрек

&amp;                                       &                                              амперсант

&guot;                                  “                                            Тырнақша

Осы HTML символдарын қолдану арқылы бiз қарапайым Web беттi құра аламыз. Web беттi көркемiрек ету үшiн HTML –дың басқа да көптеген тэгтерiн үйрену қажет. Оларды қолдану арқылы бiз Web-бетке графика және кестенi кiрiстiре аламыз.