РРР хаттамасы (Point to Point Protocol)

PPP-SLIP-тен кейін шыққан, әлдеқайда жас хаттама. Бірақ олардың қызметтері бірдей-ерекшеленген немесе коммутацияланған байланыс жүйелері арқылы берілетін мәліметтерді басқару. RFC-1661-ге сәйкес, тораптағы екі түйіннің стандартты қатынасын қамтамасыз етеді. Бір уақыттың өзінде екі бағытта мәлімет беру ұйымдастырылады деп саналады. SLIP-тегідей, мәліметтер пакеттер деп аталатын фрагменттерге бөлінеді. Пакеттер бір түйіннен екінші түйінге ретпен беріледі. SLIP-тан айырмашылығы РРР бір уақыттың өзінде байланыс жүйесі арқылы әр-түрлі хаттамалардың пакеттерін жібере алады. Бұдан бөлек, PPP байланысқан екі жақтың да автоконфигурация процессін жорамалдайды. PPP негізінен үш бөліктен тұрады: инкапсуляция механизмі (encapsulation), байланысты басқаратын хаттама (link control protocol), және жүйені басқаратын хаттамалар тобы (network control protocol).

Шет тілдер сөздігіне сүйенсек, ”инкапсуляция” термині “құрылымы жергілікті емес дененің айналасында қабықтың (капсуланың) пайда болуы” деген мағынаны білдіреді. Жүйеаралық мәлімет алмасу туралы айтқанда, бұл термин жиі қолданылады. Мысалы: ІР-ді Х.25-ке инкапсуляциялау. Инкапсуляция түрлі жүйелік (жүйеаралық алмасу хаттамалары,мысалы ІР) хаттамалардың бір мәліметтер каналы арқылы мультиплекстенуін қамтамасыз етеді. PPP инкапсуляциясы өте тиімді құрастырылған, HDLS фреймінің өткізілуі үшін бар-жоғы 8 қосымша байт керек(PPP терминалогиясына сәйкес, 8 октет). Информацияны фреймдерге бөлудің басқа тәсілдарі қолданылғанда, қосымша байттардың саны 4 немесе 2-ге дейін де қысқаруы мүмкін. Мәліметтерді тез өңдеуді қамтамасыз ету үшін РРР пакеттерінің шекарасы 32 битке еселік болуы қажет. Қажетті жағдайда, пакеттің соңына 32-биттік шекараға теңестіру үшін “балласт” қосылады. Негізінде, PPP терминдерінде инкапсуляция термині – транспонирленіп жатқан мәліметке жұмысқа байланысты мәліметтә қосу ғана емес,керек жағдайда, осы мәліметті кішірек фрагменттерге бөлу.

РРР-де датаграмма деп ІР-ге қолданылатын ІР пакет, жүйе деңгейінің мәлімет бірлігі түсіндіріледі. Фрейм деп- каналдық деңгейдің (OSI моделіне сәйкес) мәлімет бірлігі түсіндіріледі. Фрейм аралығында мәлімет сақталатынпен құйрықтан тұрады. Датаграмма бір немесе бірнеше фреймға инкапсуляциялануы мүмкін. Пакет деп- жүйелік деңгей мен каналдық деңгей арасындағы мәлімет алмасу бірлігін айтамыз. Негізгі бір пакетке сійкес бір фрейм қолданылады. Бірақ ерекшк үш жағдай болуы мүмкін:каналдық деңгей мәліметтердің көбірек фрагментациялануын талап етеді, немесе керісінше, пакеттерді тиімдірек өткізілуі үшін біріктіреді. Фрагментацияның бұл жағдайында АТР жүйесін алуымыз мүмкін. PPP фреймінің жай көрінісі келесі:

Хаттама  бит ақпарат құйрық

Хатама қатарында инкапсуляцияланған датаграмманыі типі көрсетіледі. Бұл қатарда хаттамаларды кодтайтын арнайы қағидалар бар (ISO-3309 және RFS-1661).“Мәлімет“ қатарында мәліметтер пакеті жазылады.”Құйрық“ қатарына 32-биттік шекараға теңстіру үшін “бостық”(пустышка) қосылады. Тиісілмеген жағдайда(по умолчанию) РРР фрейміне 1500 байт қолданылады. Бұл санға “хаттама“ қатары кірмейді.

Байланысты басқаратын хаттама тораптың түйіндері арасындағы инкапсуляция параметрлері (мысалы, фрейм көлемі) туралы келісімді орнатуға арналған. Бұдан бөлек, хаттама түйіндерінің идентификациясын жүргізуге мүмкіндік береді. Байланысты орнатудың бірінші фазасы, ол мәләметті өткізудің физикалық дайындығын тексеру. Оның үстіне бұндай тексеру, модеммен коммуникациялық линия арқылы жұмыс істегендегідей, физикалық қосылудың автоматты қайта орнатылу механизмін орнатуға мүмкіндік бере отырып, периодты түрде іске асырылуы мүмкін. Егер физикалық қосылу орнатылса , сессия параметрлерін дұрыстай (настрайвая) отырып, түйіндер байланысты басқару хаттамсы пакеттерімен айырбасты бастайды. Байланысты басқару хаттамасы пакетінен басқа кез-келген пакет, бұл айырбас кезінде өңделмейді. Осы әрекеттерден соң жүйеаралық алмасу хаттамаларымен (ІР, IPX және т.б.) жұмыс пакеттерінің дұрысталуы (настройка) жүргізіледі. Олардың әр-қайсысы үшін өздерінің басқару хаттамалары қолданылады. PPP хаттамасы арқылы жұмысты аяқтау үшін торап арқылы байланысты басқару хаттамасының жұмысты аяқтау пакеті беріледі.