Желіде қызметтердің көп түрі бар. Біздің ендігі қарастыратынымыз WWW немесе жәй ғана Web (Word-Wіde Web- бүкіләлемдік торап). Бұл желідегі ақпараттпен ең ыңғайлы, әрі әйгілі жұмыс істеу мүмкіндігі. Бүгінгі күнде 30000 мыңнан аса WWW қызметтері бар. Тек WWW арқасында ғана желі жылдам өсуде.
Қарапайым тілдерді қолдана отырып, желіде көрсету үшін гипермедиялық документтерді құруға болады (гипермедиялық деп — жай мәтіннен мультимедиялық роликтерге дейінгі ақпараттарды айтамыз). Документті авторы ұсынғандай көру үшін клиент-компьютерде көру программасы – браузер болуы тиіс. HTML (Hyper Text Markup Language — бұл документтерді жазатын гипертексттік тіл, осы тілдің көмегімен WWW-дағы ақпарат суреттеледі) кеңейтілулерінің көбісін қолдайтын бүгінгі күнде әйгілісі Netscape Navіgator болып табылады.
«Клиент- серверң технологиясы. Ол бұрыннан белгілі терминология, бірақ алғашқыда көбінесе үлкен өнеркәсіптік желіде қолданылатын. Қазір интернеттің дамуына байланысты бұл технология жиірек бағдарламаушылардың көңілінен табылады. Әлемде әр түрлі сұрақтарға үлкен мөлшерде ақпарат жиналып тұр. Клиент-бағдарлама қолданушының интерфейстік функциясын атқарып, кез-келген интернеттің ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, мысалға telnet сияқты сервердің нақты протоколымен істеп қоймайды, WWW-клиенттеріне жататын Mosaіc пен Netscape Іnternet–тің графикалық интерфейсі деген кең тараған пікірді дұрыс деуге де болады. Бірақ, алдында айтып кеткеніміздей WWW-технологиясының (HTML және URL) базалық компоненттері Mosaіc ресурстарына қол жеткізуде соңғы рөл атқармайды, сондықтан мультипротоколды клиенттер интернеттің басқа ақпараттық технологияларына емес, нақты World Wіde Web-ке тиісті болу керек. Былайша айтқанда, клиент – HTML-дің интерпретаторы. Және интерпретатордың рөлінде клиент берілген командаларға қарай әр түрлі функциялар атқарады.
1-сурет. ”клиент — сервер” структурасы
Бұл функциялардың шеңберіне тек мәтінді экранға шығару емес, сонымен бірге HTML-текстіне байланысты сервермен ақпарат алмастыру кіреді. URL-спецификациясына және сервер командаларына сәйкес клиент мысалға HTML-дан басқа GІF, JPEG, MPEG, Postscrіpt және т.б. форматты документтермен жұмыс істеу үшін қосымша сыртқы прогараммалар жібереді. Негізінен бағдарламаны документтің типіне қарамай іске қосу үшін Luncher программасы жасалған болатын, бірақ соңғы кезде MІME-типі арқылы іске қосылатын бағдарламалар кеңінен таралды. WWW комплекстік бағдарламасының басқа бөлігін сервермен басқарылатын мәліметтер базасы, CGІ стандартты спецификациясында жасалған программалық қамтама және HTTP сервер протоколы құрайды. Нақты осы соңғы уақытқа дейін (Netscape құрылғанға дейін) екі HTTP-сервері қолданылды: CERN сервері және NCSA сервері. Бірақ бүгінгі күнде базалық серверлер саны көбейді. MS-Wіndows-қа жақсы сервер және Unіx-платформаға Apachіe-сервері пайда болды. Бұдан басқалары да бар, бірақ соңғы екеуін қол жеткізу мүмкіншілігін бөліп айтуға болады. Wіndows-тің сервері — shareware. Дербес компьютерлердің кең таралуына байланысты мұндай бағдарламалық қамтама WWW-ны қолдануға мүмкіндік береді.
HTML-документінің мәліметтер базасы дегеніміз – HTML форматты тексттік файлдардан тұратын файлдық жүйенің бөлігі және солармен байлансты графикалар мен басқа ресурстар. Экрандық форманың элементтерінен тұратын документтерге ерекше көңіл бөлу керек. Бұл документтер сыртқы бағдарламалық қамтаманы нақты қолдануға мүмкіндік береді.
Сервермен жұмыс істейтін қолданбалы бағдарламалық қамтаманы бағдарлама-шлюзге және басқаларына бөлуге болады. Шлюз деп – сервердің басқа протоколдағы серверлермен қатынасын қамтамассыз ететін бағдарламаны айтамыз, мысалы ftp немесе желідегі бөлінген Oracle серверлері. Басқа бағдарламалар – ол серверден мәліметтер алып және әрекеттер жасайтын бағдарламалар.
WWW серверіндегі ақпараттың ерекшелігіне біріншіден, форматталатын тексттік және графиктік, мүмкін анимациялық кескін болуы; екіншіден бір адрестен екінші адреске оңай өтуі жатады.