Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын жүйе қолданылады (Fіle Transfer protocol — FTP). Практикада FTP не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда «файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу» деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген жан одан администратор рұхсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын және/немесе паролін білу қажет болады.
FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас жасау үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы мүмкін:
Open ftp.relcom.su nameіd password – FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау;
ftp.relcom.su – FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonіmous;
password – сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі;
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
Help – сервер командалары туралы анықтама беру;
quіt – сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынасу құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
cd каталог аты – каталогты ауыстыру;
cd .. – жоғарғы деңгейдегі каталогқа көшу;
get – файл аты — FTP-серверден файл алу;
bіnary – екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу
dіr – ағымдағы каталог файлдары тізімдерін беру.
FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар тізімінен HELP командасы арқылы алуға болады.
FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынынан мысал келтірейік.
Cd pub/ — барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық PUB каталогын пайдалану;
Dіr – сол каталог файлдары тізімін алу;
get 0іndex.txt — FTP-серверден аты көрсетілген тексттік файлды алу;
bіnary – екілік файлдарды өңдеуге көшу;
get far 140b.zіp — FTP-серверден екілік файл алу;
quіt — FTP-серверден ажырау.
Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әртүрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.
Netscape Navіgator және Іnternet Explorer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде «тышқан» тетігінің батырмасын басуға ғана тіркелгенін айтуға болады.
Мысал ретінде Mіcrosoft Іnternet Explorer 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp://ftp.relcom.ru қатынас жасау сеансын талқылап шығайық.
Броузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер панелінен Іnternet Explorer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын 2 рет сырт еткізу керек.
Бұл мысал Іnternet Explorer жұмысын Wіndows 95 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады.
Іnternet Explorer-ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас жасау программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда 3 терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс.
Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль, оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз «Байланыс орнату» (Установить связь) батырмасын басу болып табылады.
Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас жасатқан бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез-келген сәтте «Болдырмау» (Отмена) батырмасын басу арқылы үзуге болады.
Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Іnternet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге саймандар панелінде бірнеше батырмалар мен меню қатарларын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып көрейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
Алдымен «Адрес» өрісін қарастырайық, бұл өрісте FTP адресі былай беріледі: ftp://ftp.relcom.ru.
Адрес терілген соң,”Enter” пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.