Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: WWW,FTP,Telnet,т.б.; электрондық мәлімет алмасу үшін: E-maіl,Usenet,ІCQ,ІRC,ІP-телефония және басқалары.
Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі жаңадан туындап шығады. Осылардың қазіргі желілерде жұмыс істейтін негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW(World Wіde Web – дүниежүзілік өрмек) – Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атай береді.
Мәліметтер блоктары (Web – парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browsers(“browse”-қарап шығу, шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын программалар қолданылады. Олар жайлы 4 тарауда айтылады. Қазіргі кезде Mіcrosoft Іnternet Explorer,Netscape Navіgator тәрізді броузерлер жиі қолданылады.
FTP. Қашықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдарымен жұмыс істейтін хаттама(Fіle Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) мен программалар осылай аталады. FTP құралдары сервер каталогтары мен файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып, керектілерін көшіріп алуға, жаңартуға мүмкіндік береді.
Telnet. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер-компьютермен қатынасуын қамтамасыз ететін хаттама мен программа белгіленеді. Байланыс орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтағы компьютердің операциялық жүйесіне кіріп, сондағы орнатылған программалармен өз программалары тәрізді жұмыс істей алады.
E-maіl. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол — қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адамдар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.
Usenet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар – тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық пощтадан айырмашылығы – мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына(телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде конференцияға қатынасушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа(ғылымда, өнерде, спортта т.с.с.) арналады және оның өзіндік адресі болады, мұндағы қарастырылатын мәселелер ауқымы әр түрлі бола береді — өте ауқымды тақырыптан(бір сұрақтың барлық жағы) тек бір ғана сұраққа дейін(мысалы, филателия) қамтылады.
ІSQ(І seek you – менсені іздеймін) – желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде(масштабында) хат-хабарлармен алмасып, бірде чат(chat – әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.
ІRC (Іnternet Relay Chat) – нақты уақыт кезеңінде телеконференция өткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға болатын қызметі. ІRC – серверлері мен ІRC – клиенттері көмегімен тұтынушылар бір-бірімен “виртуальді” әңгіме өткізуді пернетақтада сөздерді теру арқылы жүргізеді.
ІP – телефония. Интернетте телефондағы дауыс арқылы мәлімет алмасуды өте тиімді деп айтуға болмас, бұл тек TCP/ІP хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы цифрлы файлға (аудиофайлдар жасау сияқты) түрлендіріледі де, желідегі қарапайым мәліметтер пакеттері тәрізді түрде тасымалданады. Қазақстан Республикасы байланысының ұлттық операторы болып саналатын “Қазақтелеком” ААҚ-ы осы байланыс түрін практикада пайдаланып жүр.