Gopher жүйесі Web-тің алғашқы түрі болатын. Олар қарапайым мәтіндік құжаттар мен меню түрінде жасалды, WWW-дің артықшылығы болып саналатын гиперсілтемелер мен ішіне енгізілген графика болмаған. Wais қызмет жүйесі де Web-тің басқа бір түрі болатын, ол үлкен мекемелердің көлемді ақпараттарын іздеу және индексациялау жұмыстарын атқару үшін қолданылған. Бұл жүйелердің екеуі де әлі қолданылып келеді, Microsoft Internet Explorer (Netscape Navigator) программасы арқылы оларды қазір де пайдалану мүмкіндігі бар.
Web парақтарын қарап отырып, вирус жұқтырып алу мүмкін бе?
Жоқ, Web парақтарын көру кезінде оның шінде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар немесе көлемді суреттер бар болса да, комьютерге вирус кіре алмайды. Бірақ жаңа қолданбалы не басқа программаны іске қосқанда, оларды жүктегенде кез келген зақымданған программаны іске қосқан сияқты компьютерге вирус еніп кетуі мүмкін. Сондықтан программа алынған желі торабы сенімді ме, жоқ па, ол жағын әркім өзі шешеді. Автоматты көру режимінде компьютерге вирус кіріп кетуі мүмкін емес.