Әрбір тұтынушы компютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысты. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтаушы компьютермен жұмыс істейтін оптикалық түрдегі байланысу ісін қамтамассыз етеді.
Ақпараттық серверлер – дегенеіміз қалың көпшілікке арналған әрбір тұтұнушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар т.с.с. мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес (ІР-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІВМ, Macintoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Windows 98, Windows NT), байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік INTERNET-ті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, INTERNET-те адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамассыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам – INTERNET провайдері деген ұйым мекеме бар. Мысалы, Алматыда INTERNET провайдері болып қызмет атқаратын INTERNET трейнинг орталығы NURSAT, S&G Communications, Parasang Қазақтелеком Астел Арна Спринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.
INTERNET-те қызмет көрсету провайдері – (Internet Service Provider), INTERNET-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.