Модуль мәтініне Delphi ортасына сияқты программист те оңай қол жеткізе алады. Delphi компонент формасына кез-келген қосымша жазбаларды мәтін модуліне автоматты түрде қойады. Сонымен қатар жағдайларды өңдеу үшін дайындамаларды құрады. Алдын-ала жарияланған кластарға программист өз қосымша әдістерін қоса алады және нақты бір белгілі мазмұнмен жағдайлардың реттеліп өңделуін толықтырады, мұнымен қоса өз айнымалыларын, типтерін, тұрақтыларын(константаларын) және тағы басқа шамаларды қойа алады.
Delphiмен бірлесе отырып модулдер мәтінін толық меңгеру –егер программист қарапайым мынандай ережелерді сақтайтын болса,онда оған үлкен табыс әкелетін болады. Яғни, программист өзі емес Delphi қойған жолдарды мүлде өзгертпейтін болса немесе жойып жібермейтін болса.
Программист компиляцияланған «басқа» модуль ала отырып, элементтердің жариялылығынан тұратын тек қана интерфейстік бөлімге ғана қол жеткізе алады. Жарияланған процедуралар мен функциялар, кластарының іске асырылу деталдары жүзеге асыру секциясында «көзге көрінбей» сақталған және басқа модулдерге жетпейді.
Delphi ортасының 7-версиясында PAS және DFM кеңейтулері бар файлдарынан басқа тағы бір диаграммалар терезелері үшін құрылған барлық диаграммалар туралы мәліметтер сақталған DDP деген файл құрылады. Біз жоғарыда мәтіндері бар модулдер файлдарында PAS кеңейтулері бар деп атап көрсеткен болатынбыз.
Компиляциядан кейін әрбір осындай файл үшін DCU кеңейтулері бар машиналық кодтың тек қана бір аты бар файлы құрылады. Ал, егер кез-келген модулде объект-терезе болса, онда конструктуралау этапында DFM кеңейтулері бар форманы сипаттайтын файл құрылады және автоматты түрде өзгертіледі. Файл модулдерді дискіге сақтағаннан кейін ғана нақты түрде құрады.
PAS және DFM кеңейтулері бар файлдары жоба үшін өте маңызды рөл атқарады. Яғни, файлдардың кез-келген біреуін жойып жіберу жоба компиляциясының қайталану мүмкіндігінен біржолата айырады және келесі қайталанбауын алып келеді.
Delphi ортасының алдыңғы версияларындағы DFM файлдары екілік түрде болған, яғни ол форманы тек компиляторға ғана түсінікті болатын тілде жазып келді. Ал, 5…7 версияларында ол мәтіндік болуы да мүмкін. Мысалы:
Object Form1:TForm1
Left=272
Top=107
Width=544
Height=375
Caption=’Form1’
Object Button1:TButton
Left=32
Top=24
Width=75
Height=25
Caption=’Button1’
TabOrder=0
end;
end.
Программист осындай формат түріндегі форманы сипаттайтын файлды қолмен-ақ реттей алады. Егер мысалға TButton типінің орнына TLabel жазсақ, онда Delphi ортасындағы жоба жүктелініп болғаннан кейін ғана батырма орнына белгі шыға келеді.
Форманы сипаттайтын файл форматын таңдау–ортаның
параметрлерін бір түрге келтіру диалогтік терезесінің Designer жинағындағы New forms astext жалаушасының көмегімен жүзеге асырылады. Форманы сипаттайтын файл жобаны функционалдау үшін де өте маңызды рөл атқарады. Ол Tools-Environment Options
командасымен ашылады. Оны қолмен өзгерту көптеген қателер тудыруы мүмкін. Егер мұндай жағдай бола қалған күннің өзінде оған өзіңіз қолмен кіргізген барлық өзгертулерді жойып немесе DF
кеңейтуі бар оның тыйым салынған көшірмесін пайдалана отырып, қайтадан құруға әбден болады.