Delphi ортасының деректер базасына арналған негізгі компоненттері

Delphi ортасының деректер базасына арналған негізгі компонентеріне мыналар жатады – динамикалық, кітапхана модулдері, пакеттер командалар ағындарының модулдері және жалпы деректер модулдері.

Динамикалық-кітапхана модулдері

Windows ортасында кеңінен қолданылатын динамикалық қосылатын кітапханаларды құру үшін әдейі арналып жасалынған. DLL кішігірім программаларды келтіріп құратын әмбебап құралдарымен қызмет көрсетеді. Олар программалаудың әр түрлі тілдерінде жазылған. Мысалы, Windows ортасында көптеген DLL бар. Олар Си және ассемблер тілдерінде жазылған және оларды қолдану Delphi программаларына ешқандай кедергі жасамайды.

 Динамикалық- кітапхана модулдері    Delphi ортасының көмегімен

DLL-дің өңделініп жасалынуы үшін арнайы жасалынған. Міне осындай DLL-дер программалаудың басқа тілдерінің көмегімен құрылғаннан кейін ғана сол тілдегі программаларды да пайдалана алады.

Пакеттер

Программалар мен орта немесе Delphi ортасы мен Delphi программаларын біріктіріп қолдануға арналған ерекше түрдегі компиляцияланылған DLL  кітапханалары. Пакеттердің DLL-ден айырмашылығы –олар программаға деректер мен типтерді(кластармен қоса алғандағы) бере алады және сақтай алады. Пакеттер әр түрдегі эксперттер, күрделі қасиеттері бар редакторлар және тағы басқа компоненттерді сақтау үшін арнайы өңделініп жасалынған. Мысалы, VCL 70.BPL пакетінде Delphi ортасының негізгі компонентері бар.

Командалар ағынының модулдері

Ағындар модулдері программалар фрагменттері мен процессор уақытын және қалған системалық ресурстарды бөлісе отырып, тағы да бұлардан басқа фрагменттермен параллель орындалатын программалар фрагменттері, яғни командалар ағындарын жүзеге асыруға арналған.

Командалар ағындарының механизміWindows 32-разрядты версиясында пайдаланылады . Бірақ бұл Delphi ортасында қолдау таппай отыр. Өйткені, өкінішке орай Delphi 32-разрядты версиясының ағымының жүзеге асырылуындағы командалар ағындары меншікті болып көрінетін компоненттермен байланыса алмайды. Бұған себеп –визуалді компоненттер кітапханасы (Visual Component Library, VCL) ағындармен жұмыс істеуді қолдамайды, яғни жұмыс атқарылуына қолдау көрсетпейді. Сондықтан ағындар модулдерінің өздерімен байланысқан терезелері мүлде болмайды. Басқаша визуалді компоненттер –көрсетуші компоненттер.