Компоненттер жинағы – Delphi-дің негізгі байлығы. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады (6-сурет).
Компонент деп белгілі бір қасиеттерге иемденген және форма терезесінде кез келген объекті орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен бағдарламаның негізгі қаңқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).
Батырмалар тақташасы сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін Компоненттер палитрасына кіретін кез келген пиктограмманы тышқан тетігінің оң батырмасымен сырт еткізіп, арнайы редакторды іске қосыңыз. Ашылған менюдегі Properties (қасиеттері) пунктін таңдағанда 7-суреттегі оң жақ терезесі шығады.
Мысалы, 6-суретте көрінбейтін компоненттер арасындағы Dialogs парағын алға жылжытайық. Бұл парақта жиі қолданылатын компоненттер орналасады. Ол үшін 7-суретте келтірілген терезеде Dialogs пунктін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Dialogs пунктін Data Access пунктінің орнына қойыңыз.