DELPHI тіліндегі қолданбалы бағдарламалар немесе қосымшалар IDE (integrated Development Environment) дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы бағдарламаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әр түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, бағдарламалының кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және бағдарламаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.
DELPHI-дің IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрінісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1-сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:
- Негізгі терезе (Project 1);
- Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);
- Формалар құрастырушысының терезесі (Form1);
- Бағдарлама кодының терезесі (Unit1.pas).
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. DELPHI бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Бағдарлама жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі.
Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Windows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді.
Форманың терезесінен Unit кодына және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады.
Кейде DELPHI жүктелгенде, Unit терезесі төмендегідей (2-сурет) шығуы мүмкін. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе арқылы бағдарламаның құрылымымен танысуға болады. DELPHI ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.
Browser 2-сурет-Browser терезесінің көрінісі