Тауар (коммерциялық) несиесі – ол шикізат, материалдар немесе тауарлар үшін төлемдерді кейінге қалдыру формасында компанияға ұсынылатын қарыз. Бұл қазіргі коммерциялық және қаржылық практикада кең қолданылып жүрген несие түрі. Оны тартатын компаниялар үшін қарыз капиталын қалыптастыратын басқа көздермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:
- Тауар несиесі – айналым активтерінің айтарлықтай өтімділігі төмен бөлігін – тауар – материалдық құндылықтардың өндірістік қорларын қарыз капиталы есебінен қаржыландырудың айтарлықтай жоғары маневрлік формасы болып табылады.
- Ол қарыз қаражаттарын тартудың өзге формаларында маусымдық қажеттілікті автоматты түрде қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
- Несиелеудің бұл түрі қойылған шикізат, материалдар мен тауарларды компанияның мүліктік кепілдігі ретінде қарастырмайды, ол материалдық құндылықтармен ұсынылған несиені еркін пайдалануға мүмкіндік береді.
- Несиенің бұл түрінде тек компания – қарызгердің мүддесі үшін ғана емес, сонымен бірге оның жабдықтаушысының мүддесі де бар, өйткені ол өнім шығару көлемін ұлғайту және қосымша табысты қалыптастыруда оларға жағдай туғызады. Сондықтан тауар несиесі қазіргі шаруашылық практикада оны тек «таңдаулы» қарызгерлерге ғана емес, сондай-ақ белгілі бір қаржылық қиындықтар көріп жатқан компанияларға да ұсынылады.
- Тауар несиесінің құны тартылатын қаржы несиесі (оның барлық формаларында) құнынан анағұрлым төмен.
- Тауар несиесін тарту компанияға қаржылық циклдің жалпы кезеңін қысқартуға мүмкіндік беріп, айналым активтерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын қарыз қаражаттарына деген қажеттілікті төмендетуге жағдай туғызады.
- Ол компаниямен тартылатын өзге де несие түрлерімен салыстырғанда рәсімдеу механизмінің қарапайымдылығымен сипатталады.
Сонымен бірге, несие құралы ретінде тауар несиесінің де кемшіліктері бар. Олар:
- Осы несиенің түрін пайдалану мақсаты өте тар сипатта болады – ол тек айналым активтер құрамындағы өндірістік запастарды қаржыландыру үшін ғана компанияның қарыз капиталына деген қажеттілігін қанағаттандырады. Қаржыландырудың басқа да мақсатты түрлеріне тікелей қатысуда несиенің бұл түрі қолданылмайды.
- Несиенің бұл түрі өте шектелген уақыт сипатында болады. Оны ұсыну мерзімі бірнеше аймен ғана шектеледі.
- Басқа несие құралдарымен салыстырғанда оның жоғары несиелік тәуекелділігі болады, өйткені қамтамасыз етілмеген несие түрі болып табылады.
Тауар несиесінің осы артықшылықтары мен кемшіліктерін компания өзіне қажетті қарыз капиталын тартқанда ескеруі қажет. Қазіргі коммерциялық және қаржылық практикада тауар несиесінің келесідей негізгі түрлерін бөліп көрсетеді:
- Келісім – шарт жағдайлары бойынша төлем уақыты кейінге қалдырылатын тауар несиесі;
- Борышты вексельмен рәсімдейтін тауар несиесі;
- Ашық шот бойынша тауар несиесі;
- Консигнация формасындағы (сыртқыэкономикалық комиссиондық операция) тауар несиесі.
Тауар несиесін тарту саясаты – компанияның қарыз капиталын тартудың жалпы саясатының бір бөлігін құрайды, оның мақсаты — өндірістік запастарды қалыптастыруды қаржыландырудағы қажеттілікті максималды қанағаттандыруды және тартылған қарыз капиталының жалпы құнын төмендетуді қамтамасыз ету. Компанияның тауар несиесін тарту саясатын жасау келесі негізгі этаптармен жүзеге асырылады:
- Тауар несиесін тарту принциптерін қалыптастыру және олардың негізгі түрлерін анықтау;
- Тауар несиесін пайдаланудың орта кезеңін анықтау;
- Тауар несиесін тарту шарттарын оптимизациялау;
- Тауар несиесін тарту құнын минимизациялау;
- Тауар несиесін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
- Тауар несиесі бойынша уақытылы есеп айырусуларды қамтамасыз ету.
Коммерциялық несиені тарту процесінде кредиторлар тарапынан қаржылық емес формадағы әсер етуді алып тастау қажет (керек емес тауар ассортиментін ұсыну, төмен сапалы өнім және т.б.)
Ішкі кредиторлық борыш – тартылатын қарыз капиталының анағұрлым қысқамерзімді түрін сипаттайды. Бұл ішкі көздер шотынан құралады. Бұл шоттардың әрқилы түрлері бойынша қаржылық аударымдар компаниямен күнделікті, ал осы ішкі борыш бойынша міндеттемелерді өтеу – бір айға дейінгі белгілі бір уақытта орындалып отырады. Компания өзінің шаруашылық қызметі процесінде пайдаланатын қарыз капиталының бір формасы ретінде ішкі кредиторлық борыш келесідей негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:
- Ішкі кредиторлық борыш компания үшін қарыз капиталын пайдаланудың тегін көзі болып табылады;
- Оның айналымы күнмен көрсетілетін ішкі кредиторлық көлемі компанияның қаржылық циклінің жалғастығына әсер етеді;
- Компаниямен қалыптастырылатын ішкі кредиторлық борыштың сомасы компанияның шаруашылық қызмет көлеміне тікелей байланысты болады, бірінші кезекте өндіріс пен өнім шығару көлемімен;
- Ішкі кредиторлық борыштың болжанатын көлемінің көпшілік түрлері бойынша тек бағаланылатын сипатта болады.
Жоғарыда айтылған ішкі кредиторлық борыштың ерекшеліктерін оны басқару процесінде компаниямен ескеріледі. Ішкі кредиторлық борышты басқару – оның түрлерімен анықталатын дифференциалдық сипатта болады. Басқару объектісі болып табылатын оның негізгі түрлеріне:
- еңбекақы бойынша қарыз;
- бюджеттен тыс қорларға (әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақы қоры) аударымдар бойынша қарыз;
- бюджетке салықтық төлемдер бойынша қарыз;
- компанияның мүлкін сақтандыруға аударымдар бойынша қарыз;
- еншілес компаниялармен есеп айырылысулар бойынша қарыз;
- компанияның ішкі кредиторлық борыштары құрамындағы басқа да аударымдар.
Компанияның ішкі кредиторлық борышын басқарудың басты мақсаты – оның құрамына кіретін уақтылы қаржылық аударымдар мен төлемдерді қамтамасыз ету. Аударылған қаражаттарды уақытылы төлеуді қамтамасыз ету компанияның қаржылық мүддесіне қарсы келеді; осы қаражаттарды кешіктіріп төлеу ішкі кредиторлық борыш көлемінің өсуіне әкеледі, бұдан несиеге қажеттілік пен капиталдың өлшенген орта құнын төмендетеді. Бірақ компания дамуының жалпыэкономикалық мүдделері тұрғысынан мұндай төлемдерді кешіктіру одан да үлкен көлемде теріс жағдайларға ұшыратады.
Қызметкерлердің еңбекақысына төлемдерді кешіктіру жұмысшылардың материалдық қызығушылығы мен еңбек өнімділігінің деңгейін төмендетеді; кадрлардың кетуінің ұлғаюына әкеледі. Салықтық төлемдерді кешіктіру айыппұлдық санкциялардың өсуіне соқтырады; компанияның кәсіби беделін нашарлатады; оның несие рейтингісін түсіреді.
Сондықтан, стратегиялық даму тұрғысынан ішкі кредиторлық борыш құрамына кіретін уақытылы қаржылық төлемдер мен аударымдар компания экономикасына жоғары артықшылықтар әкеледі (оны кешіктіруге қарағанда).