Компания «Dala Group» 2003 жылы құрылып,нарықта өз қызметін жүзеге асырып жүр.Компания кең көлемді қызметтер көрсетеді.
Қызмет түрлері:
- Құрылыс, ремонттық жұмыстар
- әр түрлі жарнамалық қызмет көрсету
- Информациялық қызмет көрсету
- Құрылыс материалдарын өндіру және өндіру
- Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету
- Жөндеу жұмыстары
- Инновациялық, ұйымдастырушылық,делдалдық және басқа да қызметтер
- Транспорттық қызметтер көрсету (шикізат,адамдар мен тауарларды тасымалдау)
- Құрылыс техникалары мен құрал жабдықтарды сатып алу және өткізу
- Пластикалық терезелер және тағы басқа материалдарды жасау
- ҚР-ң заңдарымен тиым салынбаған басқада қызметтер
- Тұрғын үй, өндірістік және өнеркәсіптік құрылғыларды жөндеу
Қызметтің барлық түрлері заңдар, жасалған шарттар және берілген лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
Компания активтерінің оң динамикасын төменде келтірілген кестеден көруге болады.
Кесте 2 Активтердің құрамы мен динамикасы
Көрсеткіштер | 2003 | 2004 | 2005 |
Активтердің барлығы оның ішінде: | 78949120 | 87265704 | 100799605 |
Ұзақ мерзімді активтер оның ішінде: | 39447208 | 44552152 | 43405233 |
-материалдық емес активтер | 37512 | — | — |
-негізгі құралдар | 39409692 | 12416088 | 14610110 |
Ағымдағы активтер оның ішінде | 39501912 | 42713552 | 57394372 |
Кестеден көріп отырғанымыздай, 2003-2005 жылдар аралығында компания активтері көбейді: 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 10,5%(немесе 8316584 мың теңгеге); және 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 15,5% (немесе 1353901мың теңгеге).
Кестеден жалпы компания активтерінің оң динамикасын көріп отырмыз.
Сурет 1. 2003-2005 активтердің құрамы мен динамикасы.
* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
2005 жылы Компания активтерінің құрылымында үлкен үлесті ағымдағы активтер (57%) алып жатыр
Кесте 3 2003-2005 активтердің құрлымы және динамикасы
Көрсеткіштер | 2003 | 2004 | 2005 |
Активтердің барлығы: | 100 | 100 | 100 |
1.Ұзақ мерзімді активтер: | 49,9 | 51,05 | 43 |
2.Ағымдағы активтер: | 50,3 | 48,9 | 57 |
ТМҚ: | 6,4 | 9,28 | 13 |
Ақша: | 11,2 | 10,7 | 14,5 |
Дебиторлық борыш: | 32,3 | 28,8 | 29,3 |
* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
Оларды жекелеп қарастыру, келесідей қортындыларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ағымдағы активтердің құрамында дебиторлық борыш үлкен үлес алып жатыр. Оның 2004 жылы 337061мың тенгеге немесе 0,2% қысқарғаны байқалып отыр, бұл сатып алушылармен тапсырыс берушілердің борыштарының азаюымен байланысты;одан кейін 2005 жылы 4367418 немесе 17,3% өсуі , бұл болашақ кезеңдегі шығындардвң және алынған аванстардың көбейуімен байланысты.
Ақша қаражаттарын қарастырайық. Кестеден көріп отырғанымыздай олардың өсуі байқалып тұр. 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 352221 немесе 6,2; 2005 жыл 2004 жылмен салыстырғанда 5307238 мың тенгеге немесе 50%. Олар жалпы активтер құрылымында 20005 жылдың аяғында 15% құрады. Олардың өсуі жарғылық капиталдың және таза табыстың өсуімен байланысты
2005 жылы 2003 жылға қарағанда ТМҚ-ң едәуір көбеюі байқалып отыр. 2005 жылы жалпы өсім 5006174 немесе 62% құрады. 2005 жылы ағымдағы активтер құрылымында ТМҚ 13% құрады. Бұл өзгерулерді төмендегі диаграммалардан көруге болады.
Сурет 2. 2003 жылғы компанияның активтер құрлымы.
* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
- Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
Кесте 4. Өтімділік коэффициенттердің факторлық моделін талдау
Көрсеткіштер | жыл басы | жыл аяғы | айырмасы |
1) Ағымдағы активтер | 42713552 | 57394372 | 14680820 |
2) Таза табыс | 8122618 | 9845762 | 1723144 |
3) ҚММ | 47592283 | 51280422 | 3688139 |
Жалпы…… коэффициент | 0,8 | 1,1 | 0,3 |
* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
Бұл талдаудан көріп отырғандай ағымдағы активтердің қаншасы таза табыстың 1000 теңгеге келетінін көреді.
1 — қатынас АА/ТТ табыстың 5,25 жыл басы 5,8 жыл аяғында
2 — қатынас ТТ-ҚММ 0,17 жыл басы 0,19 жыл аяғы
2 — қатынас кәсіпорынның өзінің қаржы қорытындылар есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу қабілеттілігін көрсетеді.
Кесте 5. «Dala Group» 2005 жылға таза айналым капиталын есептеу
Көрсеткіштер | 2003 | 2004 | 2005 |
1) Ағымдағы активтер | 39501912 | 42713552 | 57394372 |
2) Ағымдағы міндеттемелер | 5239831 | 4759228 | 5128042 |
Таза айналым капитал (1-2) | 3426208 | 37954324 | 52266330 |
- Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
Өз бизнесін қаржыландыруға өткен жылы 2003 жылы 3426208 теңге, ал 2004 жылы 37954324 теңгені, 2005 жылы 52266330 теңгені бөлгенін көруге болады. Бұдан кәсіпорынның таза айналым капиталдың құнын арттырғанын көреміз.
Кесте 6. Төлем қабілеттілік коэффиценттерін есептеу (2005ж)
Көрсеткіштер: | жыл басы | жыл аяғы | айырмасы |
1) ақша қаражаттар | 9405192 | 14712430 | 5307238 |
2) қысқа мерзімді міндеттемелер | 47592283 | 51280422 | 3688139 |
3) төлем қабілеттілік коэффициенттер | 0,19 | 0,28 | 0,09 |
* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
Кестеде көріп отырғандай, талданатын кәсіпорынның қаржылық қиындық
көріп отыр. Кәсіпорынның өзінің жедел міндеттемелерінің 28% жаба алады, ал өзінің қарыздарының қалған 72% жабылады, егер дебиторлық қарыздар қайтарылса және дайын өнім өткізілген жағдайда 72 % жабады.
6кесте
Кәсіпорынның төлем қабілетттігін анықтау үшін кәсіпорын активтеріндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипиттайтын өтімділік көрсеткіштері кеңінен қолданады.
Кесте 7. Өтімділік көрсеткіштері 2003-205 жылдар
Көрсеткіштер | Теориялық мәні | 2003 | 2004 | 2005 |
Абсолютті өтімділік коэффициенті | 0,2:0,5 | 0,273 | 0,288 | 0,470 |
Тез өтімділік коэффициенті | 1 | 1,617 | 1,460 | 1,834 |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті | 2 | 1,219 | 1,310 | 1,639 |
* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
Кестеден көріп отырғанымыздай барлық көрсеткіштер 2005 жылға өсіп отыр. Абсолютті өтімділік коэффициенті 2005 жылы талаптарға сай келіп тұр. Оның өсуі ақша қаражаттарың көбейуімен байланысты. Тез өтімділік коэффициенті толық қабылданған критериге сәйкес келеді. Оның көбейуі ақша қаражаттарының, дебиторлық борыштың және басқа да активтердің өсуімен байланысты.Ағымдағы өтімділік коэффициенті қабылданған мәнге сәйкес келмейді, бірақ маңызды емес өсуі бар.
Кесте 8. «DALA GROUP»АҚ-тің 2005 жыл Қаржылық қордың құрылымын (кәсіпорынның қорлану көздері) талдау
Көрсеткіштер | Жыл басы | Жыл аяғы | айырма | |||
% | % | + — | % | |||
1) баланс валютасы | 87265704 | 100 | 100799605 | 100 | 13533901 | — |
2) Меншікті капитал | 39673421 | 45,4 | 49519183 | 49,1 | 9845762 | 3,7 |
3) Тартылған капитал (ҰММ+ҚММ) | 62552283 | 71,7 | 71280422 | 70,7 | 8688139 | -64,6 |
* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
Кестеде көрсеткендей талдау жасалынған кәсіпорынның қаржылық қор сомасы есеп беру кезінде 100799605 теңгеге өскен, бұндай өсу біріншіден, меншікті капиталдың 9845762 теңге және 3,7 пункте жоғарлаған көрсеткіштің әсерінен болып тұр.
Ал тартылған капитал 8688139 теңгеге өскен және 1 пункке жоғарлады.
«Dala Group» компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметін зерттеу нәтижесінде оның қаржылық ресурстарының құрамында көлемді қарыз қаражаттары қолданғаны анықталды.
Компания қызметкерлері капитал нарығын үнемі бақылап, капитал тартудың ең тиімді көздерін пайдаланады.
Зерттеліп отырған компанияның 2003-2005 аралығындағы кұрамын және құрылымын талдайық.
Кесте 9. Қарыз капиталының құрамы мен құрылымын талдау (2003,2004,2005 )
Көрсеткіштер | 2003ж. | 2004ж. | 2005ж. | |||
теңге | % | теңге | % | теңге | % | |
Авансталған капитал | 78949120 | 100 | 87265704 | 100 | 100799605 | 100 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер, оның ішінде: | ||||||
Ұзақ мерзімді несиелер | 20000000 | 25,3 | 15000000 | 17,1 | 20000000 | 19,8 |
Ағымдағы міндеттемелер, оның ішінде: | 52398317 | 66,3 | 47592283 | 54,5 | 51280422 | 50,8 |
Бюджетпен есеп айырысу | 20591081 | 26,1 | 24302283 | 27,8 | 21280422 | 21,1 |
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу | 6907641 | 8,7 | 15742165 | 18,0 | 20125789 | 19,9 |
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу | 5090132 | 6,4 | 8560118 | 9,8 | 1154633 | 1,14 |
Басқа да кредиторлық қарыздар | 20591081 | 26,1 | — | — | 10 | |
Қысқа мерзімді несиелер | 11807286 | 14,9 | 8290000 | 9,4 | 10000000 | 9,9 |
* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005
Кестеде көрсеткендей авансталған капиталдың есеп беру жылы 100799605 теңгеге ие болды. Өткен 2004 жылмен салыстырғанда 13533901 теңгеге өсті. Бұл өсуіне ұзақ мерзімді несиелер (20000000-15000000) 5000000 теңгеге ұлғайды. Бұл 19,8 пайызға ие болды. Ағымдағы міндеттемелер жыл соңында 2005 жылы 51280422 теңгені көрсетті және 2004 жылға салыстырғанда 3688139 теңгеге жоғарлаған осымен бірге 50,8 пайызды көрсетті.
Міндеттемелер 4806034 мың тенге азайған, одан кейін 2005 жылы 3668139 немесе 7,7% өскен. Қысқа мерзімді міндеттемер 2004 жылы 3517236 мың тенгеге немесе 0,30% азайды, бұл ұзақмерзімді несиені тартумен байланысты. 2005 жыл олар 1710000 мың тенгеге немесе 20,6 өсті.
2004 жылы кредиторлық борыш өсімі 3711202 мың тенгеге немесе 18% құрады.Одан кейін 2005 жылы 3021861 мың тенге азайды. Ұзақмерзімді несиелерге келетін болсақ олардың ауытқуы байқалады. 2004 жылы олар 5000000 мың тенгеге қысқарды, одан кейін 2005 жылы олар осындай шамаға қайта өсті. Бұл кәсіпорының қосымша ақша қаражаттарнына мұқтаждықтарымен байланысты.
Біз меншік капитал үлесің тұрақты өсуін, сәйкесінше, міндеттемелер үлесін азайғанын көріп отырмыз.
2005жылы міндеттемелер құрамында кредиторлық борыштың үлесі 21% құрады.Оның ауытқуы мынадай: 2003 жылы 20%; 2004 жылы 17%; 2005 жылы 20%; Қысқамерзімді несиелердің динамикасы біркелкі емес: 2003 жылы 14,9%; 2003 жылы 9,5%; 2005 жылы 9,9%. Бұл өзгерулерді келесідей диаграммалардан көруге болады.
Кесте 11. Қарыз капиталының жекелеген элеметтерін бағалау:
Көрсеткіштер | 2003 | 2004 | 2005 |
1Өнімді сатудан түскен табыс мың.тг | 116085793 | 216440689 | 270245870 |
2 Материалдық шығындар | 62184321 | 64537115 | 98754862 |
3Қосылған құн | 53901472 | 151903574 | 171491008 |
4 Еңбек ақы | 37209748 | 137032175 | 153944204 |
5 ИПБН | 16691724 | 14871399 | 17546804 |
6 Амортизация | 2176328 | 1364461 | 1845679 |
7 ИПНН | 14515396 | 13506938 | 15701125 |
8 Активтер | 78949120 | 87265704 | 100799605 |
9 Экономикалық рентабельдік | 18,38 | 15,47 | 15,57 |
10 Қысқамерзімді несиелер | 11807236 | 8290000 | 10000000 |
11 Несиеге кеткен шығындар | 1609455 | 1826254 | 1609455 |
12 МПОЕ (%) | 13,63 | 22,02 | 16,0 |
13 ҚТС (%) | 30 | 30 | 30 |
14 Дифференциал | 4,75 | -6,55 | -0,43 |
15 Қарыз капитал | 72398317 | 62592283 | 71280422 |
16 Меншік капитал | 26550803 | 39673421 | 49519183 |
17 Қаржы тұтқасының иығы | 2,7267 | 1,5776 | 1,4394 |
18 ҚТН | 9,066 | -7,233 | -0,433 |
2003 жылы қаржы тұтқасының нәтижелігі 9,066 тең болғанда және дифферециал 4,75% тең болғанда кезде компанияның қарыз қаражатын тарту үшін жақсы коры болды. 2004 жылы қаржы тұтқасының нәтижелігі -7,233% құрады, активтердің экономиалық рентабельділігінің төмендеуі салдарынан қаржы тұтқасының көрсеткіштері айтарлықтай нашарлады. Дифференциал теріс -6,55% құрады, өйткені МПОЕ ЭР-дан көп, яғни рентабельдік азайды.Қаржы тұтқасының нәтижелігі теріс сан, бұл компанияның келесі жобаларын негізінен меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыру қажеттілігін білдіреді. 2005 жылы қаржы тұтқасының нәтижелігі, 2004 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті, бірақ -0,433% құрады.МПОЕ мен ЭР айырмашылығы алшақ емес, сондықтан ҚТН өсіп, жақсы тенденцияда.