Маркетинг – бұл кәсіпорынның сауда-өткізу іс-әрекетін зерттейтін, өндіріс процесіне және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндірушілерді тұтынушыларға жылжытуға әсер ететін кешенді шаралар.
«Scythian Land» туристік фирмасы қазіргі нарық ерекшеліктерін зерттей келіп өзінің маркетингтік стратегиясын құрастырды. Ол келесі мақсаттардан тұрады:
- туристік қызметті жоғары сапада көрсету;
- маркетингтік іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
- жоғары төлем қабілеті бар туристтерді тарту;
- нарықтағы барлық сегменттерді зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- жарнаманы дұрыс және ұтымды пайдалану.
«Scythian Land» туристік фирмасы маркетинг стратегиясында жарнаманы тиімді пайдалануда. «Scythian Land» туристік фирмасының жарнамасын баспасөз, баспа құралдарында жиі көруге болады. Маркетинг стратегиясы бойынша «Scythian Land» туристік фирмасы нарықты және бәсекелестерді зерттеп, жарнама шараларын қолданды.
Жарнама шараларының жоспарына жататыны:
- күнделікті жарнама шараларын өткізу жоспары;
— жарнама құралдары бойынша;
— жекелеген шараларды өткізу уақыты бойынша;
- көрмелер мен экспозицияларға қатысу жоспары;
- жарнама шараларының қорытынды жалпы жоспары, бұған резервтер жатады;
- арнайы жарнама науқандарын өткізудің жеке жоспары.
Өткізу деңгейін сақтау, содан кейін арттыру үшін, жарнама шараларымен бір мезетте фирма имиджін сақтау және жақсарту мақсатында шаралар жоспарын қабылдау қажет. Мұның өзі өкілеттік шығындарға байланысты (журналистерді шақыру, қабылдау, газеттер мен журналдарға хабарландыру жариялау және т.б.). Осының барлығының қоғамдағы байланыс қызметіне («паблик рилейшенз») тікелей қатысы бар.
Батыс рыноктары ауытқуын бақылағанда байқалатыны, фирмаларда баға үнемі өсіп, тұрақтанған, конъюктурасы жоғарылаған сайын, олар жарнамаға ақшаны аямай жұмсайды, ал тоқырау кезеңінде, үнемдеу мақсатында жарнама бюджетін әдетте қысқартады. «Scythian Land» туристік фирмасы нарыққа шыққан кезде маркетинг стратегиясын іске асыру үшін көп қаражат бөлді. Бөлінген қаражаттың ең негізгі статьясы жарнама болды. Туристік нарықта өзінің орнын тапқаннан кейін, қаражатты біраз үнемдей бастады. Қазіргі кезде «Scythian Land» туристік фирмасы өзінің бюджетінің 5% жарнамаға жұмсайды.
Дегенмен жарнама бюджетін анықтауда мынадай тәсілдер қолданылады:
- айналым пайызын анықтау;
- бәсекелестер жұмсаған қаржыны анықтау;
- өзінде жоспарланған жарнама қаржыларын бағалау.
Әдетте бірінші және үшінші тәсілдермен жарнама құралдарының жалпы сомасы, ал екіншісімен – бөлінісі анықталады. Сондықтан кез-келген кәсіпорын өзінің ақша айналымын арттыру үшін және таңдаған сегментте орнын табу үшін маркетингтік стратегияны дұрыс қолдану қажет.
Шарттың қаталдық бәсекелесінде стратегиялық жоспардың және ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың рөлі жоғарылайды. Соңғы 10 жыл ішінде дүние жүзінің алдыңғы қатардағы фирмалары стратегиялық маркетинг пен ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың шығындарын 2 есе көбейтті.
Маркетингтік жоспарлаудың принциптері:
- стратегиялық және ағымды жоспарды мұраға қалдыру;
- жоспарлаудың әлеуметтік арақашықтығын сатыландыру;
- обьектінің жоспарының қажеттілігін сатыландыру;
- жоспардың көрсеткішін салыстыру;
- жоспарды салыстыру;
- нұсқалылық;
- теңдестіру;
- экономикалық дәлел;
- жоспарлаудың автоматтық жүйесі;
- байланысу жүйесінің жоспарлық қайтарылуын қамтамассыз ету.
Кез – келген бизнес жоспарда “Шығарылған өнімнің жаңаруы” деген бөлім болады, яғни ол ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың жүргізілуімен тығыз байланысты. Ондағы негізгі қадамдар:
— бәсекелестің көрсеткіштері, нарықтағы өнімнің негізі сапа мен ресурстың көлемі;
— бәсекелестердің осы негізгі көрсеткііштері;
— ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыс жоспарының негізгі ұсынымы басты зерттеулер мен жұмыстың жасалуы, жоспарланған көрсеткіштердің жаңа өнімін қамтамасыз етуі керек;
— жоспарлы ресурстың, ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстардың методикамен және жаңалықтармен қамтамассыз етілуі керек;
— ұйымдық – техниканың жоспарының дайындалуы;
— ұйымдық – техниканың жоспарының дайындалуы жаңа өнімнің өндірілуі;
— техника – экономикалық инвестицияның жобасын дәлелденуі.