Қазақстан Республикасындағы туристік нарыққа жалпы сипаттама және туристік фирмалардың бәсекелестік қабілеттілігі

Қазақстан Республикасында туризмнің тарихи алғы шарты біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта құрылған Ұлы Жібек Жолының құрылуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алуына байланысты халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғыртуға және туристік қызметті реттеу үшін негіз қабылданады.

Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде туризмнің дамуы 1992 жылы 3 шілдедегі №1508-XII «Туризм туралы» ҚР заңымен, 1997 жылы 30 сәуірдегі №3476 «ҚР Ұлы Жібек Жолында туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы және ЮНЕСКО жобасын және түркі тілдес елдердің басшыларында Ташкент декларациясын іске асыру туралы» және 1998 жылы 27 ақпанында №3859 «Жібек Жолындағы тарихи орталықты жаңарту, түркі тілдес халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту туризм инфрақұрылымын құру». Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауымен қамтамасыз етілген. Бұл құжаттарды қабылдау Қазақстанның туризм нарығының дамуына оң өзгерістер әкелді.

Туристік нарық туристік өнімді өндіруші және тұтынушы арасындағы экономикалық қатынастардың көріну сферасы ретінде болады. Туристік өнімді әрбір өндіруші және тұтынушының өз экономикалық мүдделері болады, олар бір-біріне сай келмеуі мүмкін, ал сай келсе туристік өнімді сату-сатып алу акті жүреді.

Туристік нарықтың мәні оны атқаратын қызметтерінде көрініс табады.

Еуропа мемлекеттерімен қоса, Қазақстан Республикасында да туристік қызмет нарығы жедел қарқынмен дамуда.

Туристік нарық келесі қызметтерді атқарады:

— Туристік өнімдегі құнды және тұтыну құнын өткізу;

— Туристік өнімді тұтынуға дейін жеткізу процесін ұйымдастыру;

Еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасында туристік нарық даму үшін келесі модельді қолдану қажет:

2-сурет – Туризмнің тұрақты даму моделі

Тұрақты даму

1.Қоршаған                             Туристік қызметтерді              1. Теріс ықпал

орта                                               дамыту жүйесі                    2. Пайда

  1. Қорлар

Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде туристік нарық жай қадамдармен дами бастады. Туризмнің Қазақстан Республикасының экономикасында рөлі жылдан-жылға артуда.Тек соңғы жылдары турсапарлардың саны орташа алғанда 187,6 мың.адамды құрады.

Қазақстан Республикасының статистика Агенствосының мәліметтері бойынша 2006 жылы туристтерге көрсетілген қызмет былай бөлінді – 45,9% — сыртқа сапар туризмі болса, 16,2% — ішкі туризм.

1-кесте — Қазақстан Республикасында туристтерге қызмет көрсету туризм түрлері бойынша

Туризм

түрлері

Қызмет көрсетілген туристтер саны
адам саны % %
Барлығы: 146915 туризм түрлері елдер бойынша
Ішкі сапар туризмі 23868 16,2 100
ТМД 3266 13,7
Басқа елдер 20602 86,3
Сыртқы сапар туризмі 67360 45,9 100
ТМД 8027 11,9
Басқа елдер 59333   88,1
Ішкі туризм 55687 37,9  

Туризм экономикалық құбылыс, сондықтан ол экономиканың дамуының катализаторы болып табылады. Туризм жаңа жұмыс орындарын арттыруға, мемлекеттік пайданы көбейтуге, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға ықпалын тигізеді. Туризм енгізілген инвестицияларды тез қайтарылумен ерекшеленеді.

2006 жылы мемлекетіміз туризмнен 1882684,7 мың.теңге және 623,4 мың.доллар пайда көрді.

2-кесте — Қазақстан Республикасының туристік қызметтен түскен табысы

Туристік фирмалардың,

агенстволардың тапқан табысы

Ішкі және сыртқы сапардан түскен табыс мөлшері, %.
мың.теңге мың.доллар теңге доллар
Барлығы: 1882684,7 623,4
Ішкі сапар туризмі 26959,1 290,0 14,3 46,5
ТМД 24556,2 30,2
Басқа елдер 237495,9 259,8
Сыртқы сапар туризмі 1401220,9 333,4 74,4 53,5
ТМД -32952,7
Басқа елдер 1165649,4 333,4
Ішкі туризм 211872,7 11,3

2006 жылғы түскен табыстың негізгі бөлігі резиденттерден – 74,4%, ішкі туризмнен – 11,3%, нерезиденттерден – 14,3%. Резиденттер барлық табыстың – 53,5%, ал нерезиденттер – 46,5% әкеледі.

Нерезиденттерден түскен табыс облыстар бойынша былай бөлінеді: Алматы қаласы – 82,7%, Астана – 2,2%, Алматы облысы – 7,6%, Ақтөбе облысы – 3,5%, Жамбыл облысы – 1,6%, Шығыс Қазақстан облысы – 1,8%, Қарағанды облысы – 0,6%.

Резиденттерден түскен табыс облыстар бойынша былай бөлінеді: Алматы қаласы – 60,7%, Астана – 20,2%, Қарағанды облысы – 6,9%, Маңғыстау облысы – 5,5%, Жамбыл облысы – 1,6%, Павлодар облысы – 2,0%, Ақтөбе облысы – 1,7%, Алматы облысы – 0,6% және т.б.

Анализ бойынша келесі қорытындыларға келуге болады:

  • Алматы қаласы туристтерге қызмет көрсету бойынша Қазақстан Республикасында алғашқы орында (47,9%);
  • 2006 жылы түскен табыстың көп бөлігі нерезиденттерден түсті. Нерезиденттер Қазақстан Республикасындағы рекреациялық орындарда болды (Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары) және тез дамып келе жатқан өндірістік орындарда (Астана қаласы, Ақтөбе, Қарағанды облыстары.);
  • Ішкі туризм көбінесе Алматы және Астана қалаларында шоғырланды, себебі бұл қалаларда халықтың көпшілігі шоғырланған.

2000-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында 100-ден астам елдердің азаматтары болды. Нерезиденттердің көпшілігі Германиядан, екінші орында – Ресей, үшінші орында – АҚШ, Түркия және Жапония.

Пайыздық мөлшерлеме бойынша (2005ж) Германия – 42,9%, Ресей – 32,6%, Түркия – 5,5%, АҚШ – 4,4%, Жапония – 4,1%, басқа елдер — 10,5%, 2006 ж — Германия – 39,8%, Ресей – 36,8%, Түркия – 5,7%, АҚШ – 5,4%, Жапония – 4,1%, басқа елдер — 7,7%.

Нерезиденттердің Қазақстан Республикасына сапар шегудің басты мақсаты – демалу және іскери сапар.

Нерезиденттерден түскен табыс 2005 және 2006 жылдары – 709,1 мың.долларды құрады. Бұл барлық түскен табыстың — 51% құрады.

Біз келген туристтерді 5 категорияға бөліп қарастырдық: 1) 10 мыңнан астам турист жіберген мемлекеттер; 2) 5 мыңнан 10 мыңға дейін турист жіберген мемлекеттер; 3) 1 мыңнан 5 мыңға дейін турист жіберген мемлекеттер; 4) 500-ден 1000-ға дейін турист жіберген мемлекеттер; 5) 100-ден 500-ге дейін турист жіберген мемлекеттер;

2005 жылы осы категорияларға анализ жасасақ, бірінші категорияға тек Германияны кіргізуге болады – 14838 турист, екінші категорияда мемлекеттер жоқ, үшінші категорияда – алты мемлекет (АҚШ, Ресей, Түркия, Жапония, Ұлыбритания және Қытай), төртінші категорияға Франция, және Пакистан жатады, бесінші категорияға – 18 мемлекет, олар Корея Республикасы, Өзбекстан, Украина, Австрия, Италия, Иран, Қырғызстан және т.б.

2006 жылы осы категорияларға анализ жасасақ, бірінші категорияда Германия – 18503 турист, екінші категорияда мемлекеттер жоқ, үшінші категорияда – 7 мемлекет (АҚШ, Ресей, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Қытай және Франция), төртінші категорияға – 6 мемлекет (Австрия, Корея Республикасы, Пакистан, Израиль, Үндістан және Нидерланды), бесінші категорияға – 25 мемлекет (Өзбекстан, Филиппины, Италия, Қырғызстан, Польша, Таджикистан, Швейцария, Греция және т.б.).

Осы анализға қарап, қорытынды жасайтын болсақ бір жылдың ішінде аса үлкен өзгерістер болмағанын айтуға болады.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасы өзінің рекреациялық және экономикалық жағдайын пайдаланып, басқа мемлекеттердің туристтерін тартуға күшін салуы қажет.

Туризмнің дамуының артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері де бар. Оны біз келесі кестеден анықтауымызға болады:

Артықшылықтары Кемшіліктері
1 2
Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне қатысу

Сыртқы капиталды және валютаны тарту

Жергілікті іскери айналымның өсуі

Жұмыс орындарының көбеюі

Еңбек табыстарының артуы

Мемелекеттің экономикалық имиджинің артуы

Ішкі ресурстарды пайдалану

Импорттың артуы

Жұмыссыздық қаупі

Маусымдық жұмыс бастылық

Инфляция

Шетелдік компаниялардың билікті қолға алуы

Экономикалық дағдарыстың қаупі

Халықаралық туризм миллирдтаған долларлық айналымы бар ірі механизм. Халықаралық туризмде өзінің орнын таба білу үшін бәсекелестік қабілеттілік өте жоғары болу қажет. Бәсекелестік жоғары болу үшін, кез-келген мемлекеттің өзінің туристік өнімі болу қажет.

Қазақстан Республикасының басты туристік өнімі екі негізгі компоненттен тұрады: Жібек Жолындағы мәдени туризм (қажылық және дәстүрлік) және белсенді туризм (альпинизм, рафтинг, треккниг, сафари, аңшылық, балық аулау). Белсенді туризмге негізделген орталықтарға – Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін келесі орталықтар негізгі болып табылады:

  1. Іле (Алматы қаласы, Тургень, Есік қаласы, Талғар қаласы, Қаскелен қаласы, Қапшағай қаласы).
  2. Солтүсті Тянь-Шань (Кеген, Нарынқол, Жаланаш, Кольжат).
  3. Талдықорған-Жаркент (Жаркент қаласы, Көктал ауылы, Текелі қаласы, Талдықорған қаласы, Жаркент-Арасан курорты).
  4. Балқаш (Балқаш көлі).
  5. Солтүстік Жоңғар (Достық, Алакөл, Лепсі ауылы, Сарқанд қаласы, Жарқұлақ ауылы, Қапал-Арасан курорты).
  6. Жамбыл (Тараз қаласы, Мерке ауылы).
  7. Түркістан (Түркістан қаласы, Отырар, Кентау, Шаян).
  8. Сайрам-Шымкент (Шымкент қаласы, Сайрам, Арыс қаласы, Шардара қаласы, Сары-Ағаш қаласы, Ванновка ауылы).
  9. Жоғары Бұқтырма (Берел, Марқакөл көлі).
  10. Маңғыстау (Фетисово ауылы, Ақтау қаласы, Ералиев ауылы.).

Бұл орталықтардан басқа Қазақстан Республикасының туристік сегментіне Жібек Жолындағы аймақтар да жатады.

Қорытындылай келгенде, Қазақстандық туристік өнімнің болашақта өте тиімді болуын көруімізге болады.

Қазақстан Республикасында қазіргі кезде 100-ден астам туристтік агенстволар мен фирмалар бар. Бұл туристік агенстволар мен фирмалар әр түрлі қызметтер көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы туристік агенстволар мен фирмалар ішкі және сыртқы туристтік сапарлар жасауға көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. Туристік агенстволар мен фирмалар дүниежүзінің кез-келген нүктесіне туристтік сапар жасауға қызмет көрсетеді.

«Scythian Land» туристік фирмасының бәсекелестік қабілеттілігі жоғары.   «Scythian Land» туристік фирмасыны жоғары қызмет түрін көрсетеді, бағалары өте тиімді, ішкі және сыртқы туризм түрлеріне толықтай қызмет көрсетеді.