Біздің дәуір – жедел прогрестік дәуір. Қоғамымызда табиғи ескерткіштер мен табиғи ресурстар нағыз табыс кезінде айналуда. Мұндай кешендерді туризм деп атайды. Туризм дегеніміз (француз toyrizm – серуендеу, жол жүру) белгілі бір маршрутқа жасалатын саяхат.
Туризм практика жөнінде өздік сала аралық шаруашылық индустриясына айналды.
Туристік бизнес қазіргі уақытта күрделеніп барады, себебі мұнда әр түрлі мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар және қызметтер мүдделері түйіседі. Еуропалық мемлекеттер үлесіне 90 пайызға жуық барлық еуропалық шетел туризмі орын алып отыр. Шетел туризмі қазіргі кезде Францияның, Германияның, Испанияның экономикасының ең динамикалық өрлеуіне себептігін тигізеді. Олай болса, негізгі туризмнің түрлеріне тоқталамын: рекреациялық туризм, экскурсиялық туризм, ғылыми туризм, іс-қызмет бабындағы туризм, экотуризм.
Еуропа мемлекеттерімен қоса, Қазақстан Республикасында да туристік қызмет нарығы жедел қарқынмен дамуда.
Мемлекеттің туристік саясаты – бұл туристік индустрияны және туристік нарық субъектілерін дамыту, азаматтарға туристік қызмет көрсетуді жетілдіру және соның негізінде өзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік потенциалын бекіту бойынша мемлекеттің қызметі.
Мемлекеттің туристік саясаты халық шаруашылық кешенін сақтап қалу және дамыту мақсатына жету үшін туризм саласына мемлекеттің әсер етуінің бағыттары, әдістері және формаларының жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттің туристік саясатын жүзеге асыру механизмі мыналарды қамтиды:
— туризмді дамыту концепциясын дайындау;
— аймақ деңгейінде де, аймақтың жекелеген субъектісі деңгейінде де туризмді дамытудың мақсаттық бағдарламасын құру;
— көздеген мақсатқа жету үшін нақты шараларды қарастыру;
— туристік қызметті мемлекеттік реттеу.
Туризмді дамыту бағдарламасының негізгі міндеттері:
— бәсекені дамыту, туристік ұйымдар жұмысында мамандандыру және кооперациялау негізінде отандық туристік нарықты құру;
— туризм дамуының қазіргі заманғы нормативті-құқықтық базасын және туристік қызметті мемлекеттік реттеу жүйелерін құру;
— елдегі әлеуметтік туризмнің дамуын қамтамасыз ету;
— туристік қызмет сипатын ескере отырып, туризм саласындағы меншік қатынастарын реттеу;
— туризмдегі кәсіпкерліктің, осы саладағы отандық және орта бизнесті ынталандыру;
— дәстүрлі туризм орталықтарының қайта өрлеуіне, жаңа туристік аудандарды игеруге жағдай жасау;
— туризмнің тұрақты дамуын мәдени және табиғи ресурстарды қауіпсіз пайдалану формасы ретінде жүзеге асыру;
— отандық туристік нарыққа туристік қызмет көрсетудің прогрессивті технологияларын енгізу;
— бюджеттен тыс көздерден қаражат тарту арқылы туризмнің материалды базасын дамытуды ынталандыру, соның ішінде туристік объектілерді жаңадан немесе қайта салу үшін шетел инвестициясын тарту;
— туристік индустрияны ақпараттық қамсыздандыру, белсенді жарнама қызметі;
— туристік кадрлар дайындаудың, қайта даярлаудың, біліктілігін көтерудің жаңа жүйесін құру;
— салалық туристік ғылымды дамыту, туризм саласында базалық ғылыми зерттеулер кешенін жүзеге асыру.
Бағдарлама мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, оны жүзеге асыру шаралары жасалады:
- нормативті-құқықтық сала;
- туристік қызметті ұйымдастыру және туризм дамуын басқару;
- туризмнің материалды базасының дамуына көмектесу;
- ішкі және сыртқы нарықта отандық туристік өнімнің жылжуын қамтамасыз ететін жарнама – ақпараттық қамсыздандыру.
Зерттеуге түсетін объект «Scythian Land» туристік фирмасы. Бұл зерттеуде туристік компанияның туристік қызметі мен қызмет көрсету нарығын келтіруге болады. Бұл туристік компанияның негізгі қызметі – туристік қызмет көрсету болып табылады.
«Scythian Land» туристік фирмасы 2006 жылы көктемде құрылып, Алматы қаласының әділет басқармасында тіркелді және №000 3305 ЖШС 29.01.2006ж мемлекттік кәулік алды. Негізгі құрылымы туристік салада қызмет көрсету. Орналасқан жері – Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Прокофев 89А.
Өз құрылған уақыт ішінде «Scythian Land» туристік фирмасы Алматы қаласындағы үлкен туристік фирманың біріне айналды.
Сондай-ақ, бұл фирма барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.
«Scythian Land» туристік фирмасының налог бюджетінде қарызы жоқ. Фирма квартал сайын Әуезов ауданы бюджетіне 230000 теңге налог ретінде, 195947 теңге зейнетақықорына, республикалық бюджетке НДС түрінде 288279 теңге аударды.
Бұл туристік фирма туризмнің әр түрлі түрімен айналысады.
— емдеу түрі;
— демалу түрі, яғни рекреациялық туризм;
— тарихи-танымдық экскурсиялар;
— экотуризм.
Клиенттердің сатып алатын туристік қызмет түрлері көбінесе емделу, демалу және экотуризм болып табылады.
Туристік қызметтің әрбір түрінің бөлшек бағамдық сату бағасы әртүрлі. Яғни, шетелге ұшу бағасын, мекендеу жері, тамақтану, транспорт түрін таңдау және қолдану және сақтандыру бағаларын қосып, жалпы бағасын орнатады. Осыдан фирма 10% өз пайдасына алады.
Осы фирманың негізгі мақсаты – тұтынушыларға сапалы және тиімді қызмет көрсету, сонымен бірге туристтердің қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Бұл бағытта олар туристік қызметтің көптеген түрлерін, яғни экотуризмнен бастап, әртүрлі экскурсияларға дейінгі туризмнің түрлерін ұсынады.
Фирма жұмысшылары маркетинг, юриспруденция және Қазақстандық менеджмент білімімен жетілдірілген және Қазақстандық фирмаларда тәжірибе жинаған менеджер және маркетологтар.