Қазақстандағы Солтүстік Кавказ халықтарының диаспорасы

Қалмақ халқын елден қуу 1943 жылы 27 желтоқсанда, Қалмақты Герман басқыншыларынан азат етіп, бір жыл өткен соң, КСРО Жоғарғы кеңес Президумы Қалмақ КСР –ның жойылуы туралы Жарлығы жарияланды. Келесі күні КСРО ХКК В.М: Молотовтың қол қоюымен қалмақтарды қуғындау туралы N 1432-425 қаулысы қабылданды.

1944 жылы 10 ақпанына дейін 92 983 қалмақтар таратылып қоныстандырылды.Оның ішінде : Омбы облысында -27069, Новосібір облысында -16436 , Алтай аумағында – 22212, Красноярск аймағында — 24998, Қазақ КСР-нда – 2268 адам.

Сонымен, Қазақ КСР-на қалмақтардың 648 отбасы көшірілді. Қоныс аударушылар ашаршылық, суық, эпидемия , қарапайым тұрмыс жағдайының болмауынан пайда болған мұқтаждыққа қарамастан жаңа жерде өмір сүруге үйрене бастады.

Жергілікті жер тұрғындары мен өкімет арнайы елдендірілгендерге қолдау жасап, оларға киім-кешек, азық-түлік бөлді. Сонымен, Қызыл –Орда облысына көшіп келген отбасына 45 т. Ұн және 15 т. Жарма берілді.

1957 жылдың 9 қаңтарда қалмақ халқының мемлекеттілгі қайта құрылды. 1958 жылдың 29 шілдесіне дейін Қалмақ автономиялық облыс болып, ал содан соң Қалмақ КСР құрылды. Жалпы ТМД елдерінде 127 мың қалмақ тұрады,  оның ішінде Қалмақ Республикасында – 110 мыңнан астам адам өмір сүруде.

Солтүстік Кавказ халқын елден қуу. Солтүстік Кавказ, Кіші Кавказ және Үлкен Кавказдың Солтүстік беткейін қамтитын аймақты алып жатыр. Солтүстік Кавказдағы экономиеалық аудандағы Ростов облысы, Краснодар және Ставрополь өлкесі, Кабарда – Балқар, Ингуш, Ичкерия Республикасы, Қарашай- Черкес кіреді.

Бұл халықтар өзінің тарихи Отанынан, Солтүстік Кавказдан өпшіліктің елден кетуі жылдары  Сібір,   Қазақстан, Орта Азия, Оралдағы жұмыстарға жібіерілді.

Қазақ және Қырғыз КСР- на тұрақты мекенге Солтүстік Кавказдың 602193 тұрғындары жер аударылды, оның ішінде шешендер мен ингуштар – 496460 адам, қарашайлар – 68327 адам, балғарлар – 37406 адам.

Қазақ Кср аумағына арнайы елдендірудің басым – (477809 адам) негізгі көпшілігі көшірілді.

Қарашайларды жерінен қуу.

1999 — жылғы санақ бойынша қарашайлардың Қазақстандағы саны -1400 адам. Қарашайларды елден кетірудегі бірінші кезеңнің басталу себебі стандартты «сатқындық» болды. 1943 жылдың 15 сәуірінде КСРО НКВД және КСРО прокуратурасының N 52-6927 директивасы жарық көрді, ол бойынша қарақшы басшылардың 477 отбасы көшірілуге белгіленді. Бірақ «67 қарақшы басшылары өкіметтің кеңес органдарына кінәларын мойындаған соң елден кетірілетін отбасы саны 110-ға қысқартылды.Олар 1943 жылдың 9 тамызында автономиялық облыстан тыс жерлерге көшірілді».

Содан соң бұл шара бүкіл қарашай еліне таралды. Елден кетірудің екінші кезеңі басталды. КСРО НКВД мәлметтері бойынша 62842 адам қарашайлықтар еді. 1943 жылы 14 қазаннан КСРО аумағына арнайы қоныс аударушылардың 12342 отбасы елдендірілді, қарашайлықтар 45500 адам, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысына 5699 отбасы елден – 20285 адам көшірілді.

Оларға қызмет көрсетуге 24 арнайы комендатура ұйымдастырылды, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 13 және Жамбыл облысында -11.

Арнайы қоныс аударушылардың контингеті ұжымшыларға орналасып сонда жұмысқа тұрды.

Шешен – Ингуш АКСР халқынелден қуу.

1999 жылғы санақ бойынша қазақстандағы шешендердің саны 31799 адам. Ингуштар – 16893 адам.1939 жылдың 17 қаңтарында республика халқының санын ауылда 494114 адам, қалада — 202892 адам, барлығы 697009 адам құрады.

1922 жылдың 30 қарашасында Шешен автономиялық облысы құрылды.1934 жылдың 15 қаңтарында Шешен –Ингуш автономиялық облысы құрылды, ол 1936 жылдың 5 желтоқсанында Шешен – Ингуш АКСР –ы қайта құрылды. Республика аумағында 224 ауылдық кеңес жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы кезінде Шешен –Ингуш халқы жаппай батырлық көрсетті.

Грозный қаласында күшпен кіруге тырысқан неміс танк құрамаларының шабуылы кезінде Грозный қаласының өрт сөндіру командалары танкіге қарсы орлардың 28 шақырымына мұнай құйып, сабыннан үйген үймектің 9 шақырымына мұнай сіңдірді,     жалпы  көлемі1 миллион шаршыметр құрайтын танк жолдарына мұнай және 7000 куб. Су айдады.

Шешен –Ингуш АКСР еңбекшілерінен құралған Грозный кіре берісіндегі қорғаныс шептері Солтүстік Кавказ қорғанысында маңызды рол атқарды. Қорғаныс шептерінде , бекініс етегінде , әсіресе Малгобек түбінде , мыңдаған фашист сарбаздары мен офицерлері қазаға ұшырады, жаудың көптеген танкілері, зеңбіректері мен басқада техникасы жойылды.

Правда газеті былай деп жазды: «Қыркүйек айында ғана қарсыластың үш танк және екі жаяу әскер дивизиясының 19 мың сарбаздары мен басқа да техникасы жойылды. Біздің бөлімдер бірнеше жүз жауц машиналарын өртеп құртты. Қазан айында да фашистер аз шығындалған жоқ».

1944 жылдың қаңтарынад ГКО бекіткен қаулысына сәйкес шешендер мен ингуштарды елден кетіру операциясы басталды.1944 жылдың 7 наурызында Шешен-Ингуш  автономиялық республикасын жою туралы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы шығарылды, осылай бұл халықтың елден кетуі аяқталды. Қазақ КСР –на 1944 жылы 239768 шешендер және 78479 ингуштар келіп мекендеді.

Олар Қазақстанның мына облыстарында мекендеді: Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақмола,  Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Семей және тағы басқа.

Қазақстандағы шешендер мен ингуштардың саны 1990  1.1.

Облыстар Шешендер Ингуштар
Ақтөбе

Алматы

Алматы қаласы

Шығыс Қазақстан

Гурьев

Жамбыл

Жезқазған

Қарағанды

Қызылорда

Көкшетау

Қостанай

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Семей

Талдықорған

Орал

Ақмола

Шымкент

Барлығы

3335

4748

2063

872

4603

3881

1162

5056

1480

822

2948

1945

487

1912

4865

1303

4415

3573

49470

95

836

2844

71

1348

561

258

1465

37

3030

1321

2808

221

64

120

71

5159

306

19895

Балқар халқын елден қуу.

1999 жылғы санақ бойынша Қазақстанда балкарлар -2079 адам. Кабарда -Балкар АКСР –сы 1936 жылдың желтоқсанында құрылды. 1939 жылы республика халқы 350 мың адам құрады, оның ішінде 164,2 кабардалықтар және 42,7 балкарлар. Ауылды 265 мың, қалада 85 мың адам тұрады.

1944 жылдың 23 ақпанында халық комитетінің ішкі істеріне  БОКП обкомдарының бірінші хатшылары мен Солтүстік кавказдағы автономиялық республикаларының Кеңестік халық комитеттерінің төрағалары шақырылды. Оның ішінде Кабарда –Балкар партия обкомының бірінші хатшысы Э.Д.Кумеков, сол кезде Берия Кабарда –Балкар Эльбрус ауданын ұстай алмай немістерге беріп қойғанын хабарлады, осыған байланысты Кабарда – Балкар халқы елден көшірлетінін айтты.

1944 жылдың сәуір айында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының «Кабарда – Балкар АКСР –нда тұрып жатқан балкарлдарды көшіру және Кабарда – Балкар АКСР –сы Кабарда АКСР деп қайта аталатыны туралы жарлығы шығарылды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президумы қаулы шығарады:

  1. Кабарда –Балкар АКСР аумағында тұрып жатқан барлық балкарларды КСРО-ның басқа аудандарына көшірілсін КСРО Одағы Халық Комиссарлар Кеңесі балқарларға жаңа мекендеген жерлерінде жер бөліп берсін және шаруашылық жағынан қажетті мемлекеттік жәрдем көрсетсін.
  2. Балкарларды көшіруден соң бос қалған жерлер Кабарда АКСР – дағы жерлері аз колхозшыларға берілсін.
  3. Кабарда- Балкар АКСР –сы көшіруден соң бос қалған жерлер Кабарда Автономиялық кеңестік Социалистік Республкасы деп қайта аталсын.
  4. Грузия КСР –ағы Жоғарғы -Сванет ауданының құрамына Кабарда КСР –джағы Эльбрус және Нагорный аудандарының оңтүстік – батыс жақтары енгізілсін, осындай байланысты бұл учаскедегі РСФСР мен Грузия КСР арасындағы шекарасы келесі түрде өзгертілсін: Эльбрус тауының солтүстік беткейіндегі Бұрун –Таш асуынан шекара сызығы шығысқа қарай Малка өзені бойымен 3242 биіктікке дейін, содан соң оңтүстік -шығысқа қарай Ислам –Шай өзені бойымен 3242  биіктік арқылы Қыртық –Ауш асуы түбінде, оңтүстік – шығысқа Қыртық өзенімен жоғарғы Баксан ауылының батыс жағына қарай және оңтүстікке Адыр –су өзенімен Месхетия асуына дейін.
  5. Қазақ КСР –сында 4660 балкар отбасы Алматы облысында 5541 адам, Шығыс -Қазақстанда 2614 адам, Ақмолада – 5124 адам орналастырылды.

Қазақстандағы Кавказ сырты халықтарының диаспорасы

1944 жылдың 17 қарашасында Грузин КСР –нан 81324 түрік месхетиндіктер курд және хемщин көшірілді, ал 1944 жылдың соңына қарай 94955 аталған ұлт өкілдері көшірілді. Месхетин түріктерімен курттарға хемщиндерге таққан айыбы сол баяғы стандартты «сатқындық»  жаласы болды. Месхетин түркілерінің ежелгі тарихы туралы бітпейтін ғылыми талас басталатынын айтса, екіншілері, оларды жай месхалар деп атап белсенді түрде грузиннен шыққандарын  дәлелдейді. Үшіншілері месхетиндік түркілер олар «түркіленген грузиндер» емес, жай түркілер дейді. Сөз жоқ, бұл оңай мәселе емес, Түркілер өздері де тарихи білімге мұқтаж, олардың бүгінгі күнге ұрпақтарғ аөткен тарихын баяндайтын не тарихшылары, не болмаса оқу құралдары да жоқ.

Ұлы Отан соғыс басталғанда түрік –месхетиндіктер жалпы саны 150 мың адам бола тұрып, Отанды қорғауға 40 мың ұлдарын жіберді, олардың көбі майданға өз еркімен аттанды. Осы 40 мыңнан 14 мыңы ғана елге қайтып оралды, қалғандары шайқас алаңында қаза тапты. Жеті жауынгер -Бекир Мустафаев, Муртаз Карлиев, Мафиз Джулфиев, Ибрагим Буджигиль, Агали Мамедов, Бадир Мурадов –Кеңес Одағының Батыры жоғарғы атағына ие болды. Мюнир Мамедов және Муаллим Айдын Даңқ орденінің толық кавлері болды. Түрік ұлтты жауынгерлер Брест қамалын батыл қорғады.Еуропа елдерін фашизмнен азат етті.

Курдтар –жақын шығыс аймақтың ең ірі этникалық тобы. Бұл халық Оңтүстік Батыс Азиядағы ежелгі халықтардың бірі. Олардың пайда болуы біздің дәуірге дейінгі екінші мыңжылдықпен белгіленді.

Курд тілі батыс-иран тобына жатады. Бізге жеткен ең бірінші әдеби шығарма Х-ХІ ғасырға жатады.

Курдтар тарихта өшпес із қалдырып, Түркия, Иран және тағыда бірқатар елдердің рухани дамуына айтарлықтай үлес қосты. ХІІ ғасырда курд Саладин соңында Сириядағы Эйюбид арақашықтығын орнатты, аты аңызға айналған қолбасшы Шығысқа қарай бағытталған кресшілер жорығына қатысушылар қозғалысын тоқтатты.

Әдеби мектеп классикалық курд әдебиетінің негізін салушы Ахмеде Хани ( 1591 -1652 ), сондай-ақ көрнекті ақын және ғалым Малас Джазири аттарын шығыстаушылар ұлы ақындар мен ойшылдар Руставели, Фирдауси, Низами және Хакани аттарымен бір қатарға қояды.

ХІҮ – ХІХ ғасырда қазіргі Курдлістан аумағында мекендеген қырық курд тайпалары Иран шахы мен Осман империясына нақты тәуелді болды. Бірақ мықты көршілер курдтарды егемен халық статусында айыруға ұмтылысы, оларды парсы және түрік ортасында ассимиляциялау кезекті көтерліске, саясатты кезекті қанды соғысқа ғана әкеп соқтырып отырды.

ХІХ ғасырда, орыс – парсы соғысынан соң тарихи курдстан аумағының бөлігі 1813 жылы Гулистан бейбіт келісім мен 1828 жылы Түркіменшах келісім шарттарына сәйкес Ресей империясы иелігіне көшті де, курдтар Әзербайжан, Армения  және грузия әкімшілік шекарасында қалып қойды.

Кеңес одағының алғашқы жылдарында Әзербайжанның Кеңестік халық комитеті республикасындағы ОАК – не орталығы Лачин (Карабак) автономиялық Курдістан республикасын құру туралы жоба енгізді. 1923 жылы құрылған республика құрамына Қарақышылақ, Кельбаджар, Котуралу, Курд-Гаджи, Муратханлы кірді. Кеңестік Күрдістан өкіметінің алғашқы төрағасы Гуси Гаджпев болды.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап КСРО –да курдтарға қатысты саясат өзгере бастады. 1930 жылы Курдістан уезі округ болып қайта құрылды, ал содан соң мүлдем жойылды. Курдатарды ассимиляциялау басталды. Бұл кезде олардың ұлттық құқықтары ескерілмеді, аулдарында ана тіліне оқыту, курд тілінде кітап шығару тоқтатылды.

ХХ ғасырдың 30- жылдары «курд» сөзі қолданудан шықты, күрдтердің саны шұғыл қысқартылды. 1937 жылы коммунистер, кеңестік партия қызметкерлері, курд интеллигенциясы тұтқынға алды. Курд балалары өздерінің мектептері жабылған соң, армиян, грузин, әзербайжан мектептеріне көшті, бірақ онда да көп оқыған жоқ –тіл білмегендіктен барлығы үлгермеушілік себебінен мектептен шығарылды. Сауатсыздар саны өсе бастады,  жаңа дамып, жаңарып келе жатқан мәдениет артқа қарай қайтарылды.

КСРО үкіметі 1937- 1938 жылдары Әзрбайжан мен Армениядағы курдтардың қонысын Орта Азия мен Қазақстанға аударды.

Олар былай орналастырылды: әр-бір елді екен пунктіне 3-4 жанұядан. Курдтарды ұлт ретінде жойып жіберудегі нақты мақсат әлдекімнің құрған мақстаы болды.

Осылай немесе басқаша түрде курд автономиясы жойылды.Бұл іс осымен шектелмеді. Сол кездегі Әзербайжандағы КП ОК – төрағасы Багиров оларды: «Егер Армения мен Нахчеван АКСР – дағы жерлестерің сияқты қуғын-сүргінге ұшырағыларың келмесе, онда «курд» деген сөзді мүлдем ұмытуларың керек», — деп қорқыта бастады.

Адамдар өздерін әзербайжан деп жаза бастады, әрине төлқұжаттағы жазу курдтардың ұлттық намысын, ана тілін өзгерте алмады. Бірақ әзербайжанда қағаз бетінде «курд» дегендер жоқ болғандықтан, курд мәселсі де жойылды, ал жоқ халыққа қандай автономия қажет.

Мемлекттік Қорғаныс Комитетіне Қаулысына сәйкес Грузия КСР –ның шекара аудандарынан түріктер, курдтар, химшиндердің қоныс аудару операциясы жүргізілді. Бұл халықтың Түркия шекара аудандарының тұрғындарымен туыстық қатынастағы едәуір бөлігі Түркия барлау органдары үшін тыңшы элементтеріне тартылып, қарақшылар топтарын толықтырды.

Қоныс аударуға дайындық 1944 жылдың 20 қыркүйегінен 15 қарашаға дейін жүргізілді, бұл кезде қоныс аударуға жататын адамдардың шекарадан өтіп кетпеуін алдын-алу мақсатында Түркиямен шектес мемлекеттік шекараны қорғау күшейтілді. Ахалцик, Адиген, Аспиндз, Ахалкалк және Богдан аудандарының  қоныс аудару операциясы 1944 жылдың Богдан аудандарының қоныс аудару 15 –нен 18 қарашаға дейін, ал Аджар ауданынан 1944 жылдың 25 қарашасында жүргізілді.

Қоныс аударғандардың  саны — 91095 адам. Қоныс аударушылар тиелген эшелондар жолда, олар Өзбек, Қазақ және Қырғыз КСР – да  жаңа қоныс құрды. Қоныс аудару операциясы ұйымдасқан түрде жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілгендей, Грузия КСР –ғы шекара аудандарына Грузиядағы аз жерді аудандарынан 7000 шаруашылықтар көшірілді.

Бір уақытта КСРО НКВД Түркиямен шектесетін Грузия КСР аудандарында шекара тәртібін күшейту    арнайы шаралар өткізуде.

1944 жылдың 17 қарашасында сағат 16 –да Грузия КСР –нан 81324 түрік, курд және хемшин жіберілді, ал 1944 жылдың соңына қарай 94955 аталған ұлт өкілдері  көшірілді.

Қазақ Республикасында 6455 курд отбасы орналастырылды, олардың ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны – 13735 құрды. Колхоздарда – 9332 адам, совхозда – 846 адам, өнеркәсіп орындарында 588  отбасы. 193 әйелдер жұмыс істемеді. Білікті мамандар – 48 адам.

Бүгін Қазақстанда  курд интеллигенциясының көптеген жасақтары еңбек етіп өмір сүруде. Олардың қатарында ғылыми қызметкерлер. өнеркәсіп және әртүрлі мекем бастықтары бар. Олардың ішінде әйгілі  ғалым надир Каримұлы надиров, Ол    Қазақстан Республикасы ҒА академигі, профессор ,химтя ғылымының докторы, Республика ғылымының еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, оннан астам монографиялардың авторы. Ғылымға белгілі үлес қосып жатқан химия ғылымының кандидаттары – Г.А. Надиров, Г.М. Мусаева, К.А. Жалилова, К.С.Надирова, медецина ғылымдарының кандидаттары Р.И. Исаева, М.А. Бадиров, ауылшарушылық ғылымының кандидаттары — х.Г.Гасанов, А.У.Усенов, С.Б.Исаев, С.А. Асанов , техника ғылымының кандидаты У.Садыуов және басқалар.