Қазақстан Республикасының ресми мәлметтері бойынша осында тұрып жатқан 957518немістердің 1989жылдан бері, 613 мыңы Қақстаннан көшіп кетті. Олардың ішінде 1992 – 93 жылдары 114000 1994 жылы 104 мың адам қоныс аударды.
Қазақстандағы 1999 жылғы халық санағы бойынша мұнда 353 441 неміс халқы тұрып жатыр. Повольже немістерінің елден қуылуы туралы қысқаша тарихы 1915 жылы Николай ІІ жарлығымен іске асырылды.
Немістердің жерді пайдалануын жою науқаны басталды, немістердің елден қуылуы туралы қысқаша тарихы 1915 жылы Николай ІІ жарлығымен іске асырлды. «Біздің ішкі Германиямен күрес мәселесіне» арналған мақалалар жинағы асығыс түрде шығарылып жатты Немістерді сібірге қоныстандыру жөніндегі идея 1937-38 жылы қайта көтерледі.
1941 жылы 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының N 21-60 «Повольже аудандарында тұрып жатқан немістерді қоныстандыру туралы» Жарлығы жарық көрді. Жарлық мәтіні оқырмандарға негізінен таныс болғандықтан, оны толықтай келтірейік. әскери биліктен алынған бұлтартпас мәлметтер бойынша ,Повольже ауданында тұрып жатқан неміс халқының арасында мың және он мыңдаған диверсанттар мен тыңшылар бар. Олар Германиядан алынған мәлметтер бойынша Повольже немістері қоныстанған аудандарда жарылыстар ұйымдастырмақшы.
Осындай диверсанттар мен тыңшылардың немістер арасында көп болуын кеңес өкіметіне ешкім хабарламады, яғни, Повольже ауданындағы неміс халқы өз ортасында кеңес халқы мен Кеңес өкіметіне қарсы жауларды жасырып отыр.
Егер Германиядан неміс диверсанттары мен тыңшылары ниет еткен диверсиялық актілер Повольже неміс Республикасында немесе оған жақын жатқан аудандарда бола қалған жағдайда, қан төгіс болуы мүмкін, сондықтан да, Кеңес үкіметі соғыс уақыты заңымен барлық Повольжедегі неміс халқына қарсы жазалау шараларын қолдануға мәжбүр болады.
Осындай жағымсыз құбылыстардан қашу және қатал қантөгістердің алдын алу үшін КСРО Жоғары Кеңесінің Президумы Повольже аудандарында тұратын барлық барлық неміс халқын басқа аудандарға қоныс аударту қажет, оларға жер бөлініп беріліп жаңа ауданға орналасуда мемлкеттік көмек көрсетілсін деп шешім шығарды.
Жаңа жерге орналастыру үшін жер жыртуы мол аудандар,
Новосібіржәне омбы обылыстары, Алтай өлкесі, Қазақстан және басқа да республиканың жерлері бөлініп берілді.
Осыған баиланысты Мемлекеттік Қорғаныс Комиттетіне тез арда барлық Поволжъе халқын көшіруді жүргізу және қоныс аударушы – Повожъе немістеріне жер және жаңа аудандарда паиданылатын жерлерді үлестіріп беру жүктелді.
КСРО 11Х К – нің арнайы елдендіру бөлімінің мұрағатының мәліметтері бойынша 1941 жылы – 1942 жылдың алғашқы жаратысына елдің шығысында 344 эшелондармен 1 084929неміс әкелінген. Қоныс аударушылардың едедәуір бөлігі – 444005 адам Қазақ ССР – да қалып қойды. Ал Новосібір, Омбы обылыстарын, Краснояр өлкесі мен Қазақ ССР – на барлығы 786279 Ресей немістері елдендірілденді.
1945 жылғы 25 қарашада Қазақ ССР –ның облыстарына немістерді бөлу
Облыстар | Жоспар бойынша белгіленген | Қоныстандырылды |
Оңтүстік Қазақстан | 48 000 | 23 832 |
Жамбыл | 41 000 | 20 994 |
Солтүстік Қазақстан | 60 000 | 48 303 |
Алматы | 30 000 | 8 764 |
Ақтөбе | 15 000 | 5 554 |
Павлодар | 45 000 | 43 202 |
Қостанай | 60 000 | 30 010 |
Ақмола | 60 000 | 56 753 |
Шығыс Қазақстан | 32 000 | 28 136 |
Қарағанды | 29 000 | 8 304 |
Семей | 50 000 | 38 170 |
Қызыл Орда | 15 000 | 3 608 |
Басқа қуғынға ұшыраған халықтар сияқты, Ресей немістері өзіндік мен – ін жоғалтпады, қиын жылдардың өзінде де болашаққа деген үміттерін сақтады. Олардың жарымжан тағдырларына қазақтардың тигізген ықпалы айтарлықтай болды, шын көңілден, өшпенділіксіз өз ата – бабаларының жерінде бақытсздыққа душар болған адамдармен бірге тұруды қабылдады. Екі халықтың жақындасуы үрдісі өзара түсіністікпен тілектестік негізінде жүрді. Иә сталиндік колектвтендіру кезінде өз отандастарының 24 пайызын жоғалтқан қазақтар, қоныстанған жерлерінен бірі қылмыстан қуылған немістерді түсінбеулері мүмкін емес еді.
«Қиын сағаттағы таныстық, сәтті сағаттағы достыққа жалғасады»- деген қазақ мақалында.
Кеңес немістерніе қарсы қуғындау соғыстан кейін де жалғасты. Тірі қалғандардың барлығын НКВД –ның қатаң және намысқа тиерлік комендаттық бақылауына алды. 1948 жылғы 26 қарашада КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығы шығарылады. Онда арнайы елдендіру режимі қаталданады. Міндетті түрде қоныстандырылған жерде өз бетінше кеткені үшін 20 жыл айдаудағы жұмыс берілетін болды.
Ресей немістерімен Қазақстандағы неміс диаспорасы осы күнге дейін толықтай не саяси, не әлеуметтік, не мәдени қатынас жағынан ақталған жоқ. Заңсыз қуғынға ұшырату фактісі екі маңызды заң қабылдап отырған Ресей парламентінде де мақұлданған. «Қуғынға ұшыраған халықтарды ақтау туралы» (1991,26 сәуір) және «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» (1991 жыл, 18 қазан). Бүкіл өркениетті елдер қуғындау сансыз құрбандарына өз күйініштерін білдіруде.
Неміс халқының бірнеше дүркін қалыптасқан жағдайы олардың статистикалық мәлметтеріне де айтарлықтай ықпал етті, соның ішінде Қазқстанда да 1959 және 1970 жылдың кезеңінде немістердің біраз бөлігі Сібірден Қазсқатнға, негізінен тың аудандарына қоныс аударды. 1970 жылы Республикада олардың саны 359 мың адамға артты. Немесе бүкіл халықтың 6,6 пайызын құрады.
Немістердің қоныстану ерекшелігінің бірі олардың негізіг мекен жайлары, аылдық жерлер болып табылған, ал жаңа аудандарда Қарағанды, Талдықорған, Гурьев облыстарында оларды көбінесе қалаларға орналастырды.
1989 жылғы халық санағы мәлметтері бойынша Қазсқатндағы немістердің қалада тұратын халқы 469808 адамды, ал ауылда тұратындар – 487715 адамды құрады. Жалпы саны — 957518 адам.
Сталиндік режимнің екі жүзділігі мынадан көрінді, немістерді Сібірден Қазасқатнға қоныс аударта отырып, 1941 жылғы 28 тамыздағы Жарлығында Повольжедегі неміс АКСР заңды түрде ыдырату туралы бір ауыз сөз айтпады. Соғыстан кейінгі жылдары да толықтай жауапкерсіздік байқалды.
Егер 1960 жылы КСРО – ны 209-дан 1245 дейін неміс тастап кетіп жатса, 1970 жылы — 342, 1971 жылы – 1145, 1972 жылы – 3420, 1973 жылы – 4493 және 1974 жылы — 6541 адам көшіп кетті.
1974 жылы ай сацын 500-ге жуық ресейлік немістер кетуге рұқсат алып отырды, бірақ кеткісі келгендер саны одан әрі өсуде болды. Өтініш берушілердің әдістері де өзгерді. Егер бұрын олар елшілік хат жазумен ғана шектелсе, ендігі жерде ГФР канцлері Г.Шмидтке, БҰҰ – ның бас хатшысына және кеңес өкіметінің басшылығына ашық жазбаша үндеу хатпен өтініш жасады. Ізденушілердің бірлесіп ұжымымен әрекет етуі де жаңалық болды. Сонымен, 1974 жылғы қыркүйекте Қазақстанда тұратын 3,5 мың немі отбасыларының қол қойған өтініш хаты жөнінде белгілі болды. Кету өтініштерін қабылдамауға олар кеңестік төлқұжаттарын милицияға тапсырумен, елшілік алдында ереуілге шығумен, аштық жариялаумен жауап берді. Бұл акциялар жөнінде батыстық жаппай ақпарат құралдарында айтылды, оның қатарына КСРО аумағындағы «радиодауыстарда» таратылды, оларда кеңес өкілдерімен ресми сұхбаттасуларында көрсетілді.
Қазақстан КП ОК –нің 1976 жылғы 16 сәуірде қабылданған «неміс азаматтарының арасындағы идеялық – тәрбие жұмыстарын күшейту жөнінде» қаулысында неміс халқының жағдайын жақсарту мен наразылық білдіру толқынын өшірудің бір қатар шаралары қарастырылды.
«Ұлттың неміс кеңес азаматттарының арасында эмиграциялық көңіл-күй отын тұтандырумен айналысатын ұйымдар мен шетелдік кеңестік идеологикалыққа қарсы орталықтардың зиянкестік әрекеттерін әшкерлеуші» документальды фильм түсіру керектігі де ойластырылды.
Кеңес Одағы болған кезде республикадан неміс халқының көп бөлігі қоныс аударып кеткеніне қарамастан Қазақстандағы неміс халқының проблемасы азды –көпті шешілді деуге болады. 1992-1996 жылдары бұрынғы Кеңес Одағының ГФР –на 1,5 миллион этникалық немістер қоныс аударған. Олардың 550 мыңы – Қазсқатаннан.
Қазақстан басшылығы немістердің эмиграциялық толқынын тоқтатуға тырысуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев 1997 жылдың желтоқсанында ГФР – дағы ресми сапарын қорытындылау кезіндегі өз сөзінде былай деп атап өтті: «ГФР – да бола отырып, Қазақстандағы «неміс мәселесіне» көңіл аудармай кету мүмкін емес. Барлық жерде -Г.Колмен сұхбаттасу кезінде, Бундестагта, сонымен қатар министрлермен болған сұхбаттасуларда бұл мәселе ұдайы талқыланып отырды. Ұлты неміс біздің азаматтардың Қазақстанда қалуына Германия жағы өз қызығушылықтарын білдірді. 1997 жылы 7 мың қазақстандық немістер ГФР –нан өз үйлеріне, біздің республикамызға қайтып оралды. Бұл жаңалық хабар ғанибетпен қарсы алынды.
1998 жылғы наурызда Қазсқатндағы ГФР –ның төтенше және өкілетті елшісі Х.Фон Вистингхаузен «Мысль» журналына берген сұхбатында мына мәселені ерекше атап көрсетті.
«1989 жылдан бері Қазақстаннан 1 млн. неміс халқының қоныс аударушылары ГФР — қабылданды».
Бұрынғы Кеңес Одағы ның елдерінде тұрып жатқан этникалық немістердің тарихи отандарына қоныс аудару құқықтары ГФР –ның Негізгі заңдарымен бекітілген.
Қабылдау процедурасының барлық мәселелері босқындар мен қуғындалғандар туралы Федеральды заңмен белгіленді.Федеральды үкімет барлық этникалық немістерді Германияға қабылдауға әрекет ету құқығын мойындауына қарамастан, ол этникалық немістер Қазақстанда қалуы үшін міндетті түрде бірге күш салып әрект ету қажет деген Қазақстан мемлекетімен бір пікірде. Осы мақсатта 1996 жылдың 30 мамырында ұлты неміс Қазқстан Республикасының азаматтарын қолдауға ынтымақтасу туралы Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративті Республикасы үкіметінің арасында келісім шартқа қол қойылды.