Қазақстандағы Кәрістердің Қазақстанға келу тарихы

Бүгінгі Қазақстандық корейлердің негізгі бөлігі кезінде Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылды. «неліктен деген сауалға КСР Одағы Халық Комиссарлары Кеңесі мен БК (б) П Орталық Комитеті бірігіп шығарған «Корей халқының Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру туралы» қаулысы (1937 жылдың 21 тамызы ) бір ауыз сөзбен : «Қиыр Шығыс өлкесіне жапон шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында» деп жауап береді».

Мәселенің байыбына баруға, мұндай мәлімет  жеткіліксіз. Сондықтан, сол жылдардың қосымша деректеріне жүгінелік. И.Сталиннің өзі редакциялаған, 1938 жылы «БК (б) П Орталық Комитеті ұнатқан «БК (б) П тарихында» мынадай жолдар бар: «1932 жылы Жапония тарапынан соғыс қаупі күшейді. Жапон импералистері Қытайға соғыс жарияламастан және өздері шығарған «жергілікті жанжалдарды»  зымияндықпен пайдалана отырып, ұрланып келіп Маньчжурияға  әскерлерін кіргізді. Жапонияның ашықтан – ашық көздеген мақсаты –қытайды өзіне бағындыру, сөйтіп ол жерден европалық –америкалық импералистік белді мемлекетті қуып шығару   болды».

Бірақ Жапония советтік Қиыр   Шығысты  басып алу мақстаын да алдын ақойған болатын. Әрине, КСРО мұндай қауіпті еске алмай отыра алмады, сөйтіп, Қиыр Шығыс өлкесіндегі отан    қорғау ісін барынша нығайта бастады» .

Егер сталиндік оқулық тұжырымына қарасақ, корейлерді Қиыр Шығыстан жер аудару еліміздің, тіптен корейлердің өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған тәрізді де болып көрінеді. Бірақ жоғарыдағы ресми қаулы бұл науқанның  «жапон шпионажының еніп кетуіне» жолбермеу үшін жасалып отырғанын анық атап көрсетіп отыр емес пе. Айта кеткен жөн, Корея мемлектеінің өзі ол кезде жапондар қол астында болғандықтан, жекелеген корейлерді Жапонияның  барлау – шпиондық жұмыстарында пайдаланғаны белгілі.

Осы мәселені кеңінен зерттеген қазақстандық тарих ғылымының докторы Г.В. Кан бұл туралы былай деп жазады: «Это был наказание за предательство отдельных людей, от которых не застрахован ни один народ, это было наказание за национальную принадлежность к возможным сторонникам возможного противника».

Тарихшы Г.В. Кан өзінің басқа бір зерттеуінде мәселенің байыбына бару үшін корейлерді жер аудару туралы 1937 жылдың 21 тамызында қабылданған жоғарыдағы қаулыдан басқа, дәл осы күні өмірге келген тағы бір құжатқа – шабуыл жасаспау туралы совет-қытай келісім шартына назар аударуды ұсынады  және осыған байланысты өзі төмендегідей қорытынды жасайды: «…Это были две стороны одной медали. Депортацию корейцов под предлогом «пресечения прониковения японского шпионажа» следует рассматривать так один из моментов «большой полтитики», как демонстрацию Советским Союзом».

Осылайша, жоғарыдағы 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулыға сәйкес Қиыр Шығыс өлкесінің 23 ауданынан Оңтүстік Қазақстан облысына,   Арал теңізі және балқаш көлі аудандарына, сондай-ақ, өзбек КСР –не корейлерді жаппай, шұғыл    көшіру  басталды. Бұл іс қысқа мерзімде – 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс болды. Қағаз жүзіндегі қаулыда үкімет пен партия көшірлетін корейлерге өздерінше «қамқорлық» жасап бақты. Оларға өздерімен бірге заттарын, тіптен дүние – мүліктерін ала кетуге рұқсат етілді.

Қаулыда 5-ші бабында «Қайта қоныстанатын корейлерге шетелге кетуді қалайтын болса кедергі жасамау, шекарадан  өтудің оңайтылған тәртібіне жол беру» қажеттгігі атап көрсетілген. Қаулы сондай-ақ, көшкен кезде корейлер қалдырып кетуге мәжбүр болған дүние –мүліктің және егін алқабының шығынының оларға қайтарылатынын да атап көрсетті.

1938 жылы Қазақстандағы кәрістердің саны – 98454 адамға жетті.

1959 жылы – 74 мың адам. 1999 жылы – 99657. Кәрістерге орыс шенуеніктерінің сенімсіздік көрсетуін алғаш рет 1905 жылы унтербергер білдірді.Ол кәрістерге қарсы сенімсіздіктің тұтастай дәлеледер жинағын келтірді. Олардың бастылары:

1) Кәрістер діни нанымдылық, дәстүр, әдет-ғұрып, экономикалық өмір жағдайындағы дүниеге көзқарасы бойынша орыстардан бөтен; Ресей бодандығына өткен және православие дінін қабылдағанның өзінде де олар орыс халқымен сіңісіп кете алмайды, Жапония немесе Қытаймен соғыс бола қалған жағдайда олардың адалдығына сенуге болмайды, тыңшылық әрекеттің жазылуына олар қолайлы жағдай тудырады.

2) Кәрістерге жерді жалға беру жолы арқылы ауыл шаруашылығын жүргізу жолдары орыс қожайындарын азғындыққа ұшыратады.

3) олар жерге қоныстана отырып орыстарға арналған жерлерді басып алады, бұл тынық мұқиты жағалауындағы олардың жағдайын әлсіретумен тең сияқты.

1937 жылы Қиыр Шығыстағы Кәріс қауымы 200 мың адамды құрады, олардың ішінде қиыр шығыстық кәрістер – 110280 адам; орыс-бодандары 27,2 мың адам, жапон бодандары 67,8 мың адам.

1937 жылғы тамыз айында Сталин елдің шығыс аудандарының НКВД жетекшісі генерал Г.С.Люшковпен болған әңгімесінде «кәрістердің көші-қон мәселесін күшейту жөніндегі» ұсынысын айтты. Кеңес мемлекетінің басшысы құжаттарда белгілегендей, «кәрістерге» сенбейтінін айтты. Кәрістер мен бірге жіберлетін жапон тыңшыларының арасында тығыз байланыс болуы мүмкін деп есептеп, олар шекаралық аймақта тұрған кезде кәрістерге сенімсіздік білдірді.

Қиыр Шығыстағы 200 мың кәріс халқының тағдырын анықтаған 1937 жылғы 21 тамыздағы КСРО ХКК мен БКП ОК – тың аса құпия қаулысының толық мазмұнын қарастырайық.

КСРО халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП Орталық Комитетінің 1937 жылғы 21 тамыздағы N 1428 -326 қаулысында кәріс халқын қиыршығыстық өлкелердің шекаралы аудандарынан қоныс аударту туралы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП (б) Орталық Комитеті қаулы етеді: Қиыршығыстық өлкелердегі жапондық тыңшылардың өтіп кетуінің жолын кесу мақсатында:

  • БКП (б) Қиыршығыстық өлке комитетіне, өлкелік атқару комитеті мен Қиыр Шығыс өлкелік УНКВД – ға Қиыр шығыс өлкесінде: барлық ПОсьет, Молотов, Гродеков, Ханкай, Хороль, Чернигов, Спасск, Шмаков Постышев, Бикинск Вяземск, Благовещенск, Тамбов, Михайлов, Архаринск, Сталинск халқын шығарып, оларды Оңтүстік – Қазақстан облысының Арал теңізі мен Балхаш аудандарына және Өзбек КСР-ына көшіруді ұсыну. Қоныс аудартуды Посьет ауданы мен Гродеково ауданына тиіп жатқан аймақтардан бастау.
  • Қоныс аудартуға тездетіп кірісу және 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқтау.
  • Көшірілуге жататын кәрістерге көшу кезінде өздерімен бірге мүліктерін, шаруашылық заттары мен асыраған құстарын алып кетуге рұқсат беру.
  • Қоныс аударушыларға олар қалдырып кеткен қозғалатын мүліктер мен егістерінің орнын толтыру.
  • Қоныс аударушы кәрістер шекарадан ары асып кетуге тілек білдірсе, кедергі келтірмеу.
  • КСРО Халықтық ішкі істер комитетіне көшуге байланысты кәрістер жағынан тууы мүмкін тәртіпсіздіктер мен эксцестерге қарсы шаралар қабылдау.
  • Қазақ КСР мен Өзбек КСР Халық комитетінің кеңесіне тез арада орналастыру пунктер мен аудандарын анықтап, қоныс аударушылардың жаңа орындағы шаруашылыққа жерсініп кету шараларын қарастыру, оларға қажетті көмек көрсету.
  • НКПС – ты қоныс аударушы кәрістер мен олардың мүліктерін Қиыр Шығыс өлкесінен Қазақ КСР мен Өзбек УСР –сына тасымалдау үшін Шығыс өлкелік атқару комитетіне өз уақытында вагондарға тапсырыс беруді қамтамасыз етуге міндеттеу.
  • БКП (б) Шығыс өлке комитеті мен Шығыс өлкелік атқару комитетіне үш күндік мерзім ішінде қоныс аударуға жататынын адамдар мен шаруашылықтардың санын хабарлауды міндеттеу.
  • Қоныс аудару барысы, қоныс аудару аудандарынан жөнелтілетіндер саны, қоныстану ауданына келгендер саны мен шекараға жіберілгендердің саны жөнінде телеграпен он күндік мәлметтерді жеткізу.
  • Кәрістер көшіріп жатқан аудандарыдағы шекараларды қорғауды нығайту үшін шекара әскерлерінің санын 3 мың адамға көбейту.
  • КСРО ішкі істер халық комитетіне кәрістерден босатылған орындарға шекарашыларды орналастыруды рұқсат ету.

Қазақстанға көшірліген кәрістер нақты түрде қоныс аударудың екі кезеңін бастарынан кешірді.

Біріншісі -1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін. Олар уақытша босатылған жерлерде болды, осы уақытта олар жертөлелерде, қоймаларда атқораларда , шошқа қоралар мен соған ұқсас орындарда , өздерімен алып келген қаражатпен өмір сүрді. Ал олар өздерімен бірге тек киім-кешек, жолға арналып есептелген мардымсыз азық-түлік қорын әкелген болатын.

1938 жылғы көктемде кәрістерді қоныс аудартудың екінші кезеңі басталды. Кәрістерді жүк вагонымен тасымалдады, олар вагондарға артық тиеп жіберіп, жолда туыстарын жоғалтып алу, жаппай ауруға ұшырау жағдайлары болды. 1937 жылғы 28 қазандағы мәлмет бойынша Қазқстанға 70 эшелон, 12129 жанұя, 58427 адам әкелінді, тағыда 7927 жанұя жолда болды.

Қазақстанға барлығы 20789 отбасы,   98457 адам әкелінді.

Әкелінген қоныс аударушылар мына жерлерге орналастырлды.

Алматы облыс бойынша … – 1616 отбасы, 7581 адам.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша … – 8867 отбасы, 43181 адам.

Ақтөбе облысы бойынша … – 1744 отбасы, 7666 адам.

Солтүстік Қазқстан облысы бойынша — 2299 отбасы, 9350 адам.

Қарағанды облысы бойынша – 3073 отбасы, 14792 адам.

Қостанай облыс бойынша — 720 отбасы, 3476 адам.

Батыс Қазақстан облысы бойынша -1950 отбасы,9017 адам.

Кәріс ұлтының қоныс аударушылары негізінен Жапон бодандары болды.

КСРО Халық комитеті кеңесінің 1938 жылғы 20 ақпандағы қаулысы негізінде Қазақстан аумағына кәріс қоныс аударушыларды орналастыру үшін ең құнарлы жерлері бар совхоздар, 25 мың гектар Қаратал күріш совхозы , жер көлемі 33 мың гектар N 3 Қарағұл совхозы, 84399 гектар Қызыл әскер ет-үт совхозы, 128588 гектар Жармуханбетов ет-сүт совхозы, 10438 гектар «Қызыл партизан» шошқа совхозы және Қазалы қаласындағы шаруашылықтар жойылып жіберілді, ал жергілікті тұрғындар – қазақтар бұл жерлерден қуылды, олардың жартысы кулактар ретінде сотталып кетті.

Қазақсатнның ХКК мен КП (б) ОК 1938 жылғы 3 наурыздағы «Кәріс қоныс аударушыларды мекендендіру және шаруашылыққа орналастыру жөнінде» қаулысымен Қазақстанға 20530 отбасы көшірілді, оның ішінде 14600 отбасы  күріш өсіру,  мал шарушаылығы  және дәнді дақылдар өсіру, 2400 отбасы – балық шаруашылығына, 3530 — өндірістік орындарға, совхоздарға, МТС, артель және басқа мемлекеттік мекемелерге қоныстандырылды. Олардың едәуір бөлігі Қызылорда және Алматы облыстарына орналастырылды.