Мыңдаған жылдардан бері ұйғыр мен қазақтың ата-бабалары түркі өркениетінде біолесе үлес қосып келе жатқан халықпыз. Кезінде ұйғыр мемлкеті болған. Бірақ тарих керуені бір халықтарды судай сапырылыстырды, мемлекеттері бірде өрбіп, бірде күштілердің көшіне ілесіп, өз дербестігінен айырылып қалды. Сондай ескі тарихта ізі сайрап жатқан ұлт — ұйғырлар, құрдымға кеткен мелекет Ұйғырстан. Тағдыр тәлкегінен ХІХ ғасырдың соңында Қытай империясынан қуғын көрген біраз ұйғыр отбасы қазақ жеріне қоныс аударды.
1881 жылы Ресей Қытаймен Құлжа қаласында «теңқұқыөқсыздық келсімін» жасасты: Қытай провинциясы Синньцзян іс-жүзінде орыс ротектараты болып қалды.
Шығыс Түркістан халқына уақытша қытай үстемдігінен босатылып, тәуелсіз Түркістан мемлекетін құруына мүмкіндік туды.
Халықтың өзі үшін бұл бақыт бола қоймады: қытайлармен қанды күрес жекелеген мұсылман халқы , көш басшылары мен үміткерлері арасындағы қанды күрес сияқты сипат алды.
Күрес тек ислам туының астында жүргізілді, ұлттық сана –сезім болған жоқ, тұрғындар өздерін өз қалаларының аттарымен атады, қашғарлық, турфандық және т.б. бұдан басқа қытай тілінде сөйлей алатын ХҮІІІ ғасырда Қашқариядан Іле алқабына қоныс аударған қытайлар, олар ислам дінін қабылдаған дүнгендер немесе «тараншы» деп аталды.
Көтерліс жеңілген соң қашқарлықтардың бір тобы ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстан мен Қырғыстанға босты.
Қазқстанға ұйғыр және дүнген босқындары 1883 жылы Қытайдан 9572 ұйғыр отбасы және 1147 дүнген отбасы қоныс аударды.
Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге 1877 жылдың аяғы мен 1878 жылдың басы жатады Бірінші кезеңде негізінен дүнгендердің үш тобы келді. Бірінші топ 3314 адам Нарын шекара пункті арықылы өтті. Олар 1877 жылдың 27 желтоқсанында тоқмаққа келді. Екінші кезеңде ұйғыр – дүнген аралас 1881 жылдың ақпанынан 1884 жылдың басына дейін жетісуға келген 9572 ұйғыр отбасы, 1147 дүнген отбасы болды. Ал, 1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер 14130 адам, ұйғырлар 559999 адам болды.
Қазақстанға дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы екі кезеңге бөлінеді.
Олардың қоныс аударуы мынадай ретпен жүргізілді: 4477 ұйғыр отбасы Жаркент ауданына, Шарын мен Өсек ауданының бойына қоныстанды, қалған үлкен бөлігі – 5275 отбасы Верный уезіне, Шелек және Талған өзендерінің арасына қоныстанды. 1897 жылы қоныс аударушылар санағы бойынша 14130 дүнген, 55999 ұйғыр болды.
Бір оқырманның еске салатынымыз ұйғырлар батыстағы Қазақстан шекарасына дейін бұрын ешқашан жеткен жоқ.
Ұйғырлар мен дүнгендер дәнді дақылдар өсірлетін шұрайлы жерлерге қоныстандырылады: бұл жерлер қазақтардантартылып алынды. Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылық тұрмысында егістің түсімі басым болды. Ұйғырларда суармалы жер 30 694 десятина жайылым жер десятина болды: дүнгендерде тисінше 11025 десятина және 4386 десятина қазсқатнға дүнген қоныс аударушылар өздеріне «тараншы» атауын аса бір сәттілікпен қабылдай қойған жоқ.
Қазақ жеріне қоныс аударған ұйғырлар 1959 жылғы санақ бойынша 60 мың адам. 1989 жылғы санақта — 185 мың адам өсім, Қытайдан 3 есеге көбейді, олардың 40 мың адамы Алматы қаласында тұрады немесе 23 пайызы. Ал 1999 жылы Қазақстанда 210 339 ұйғыр болды.
Қорыта келгенде. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде қазақстандық ұйғырлар бізбен бірге өмір сүруде. Ұйғырлардың қазақтарға діні мен тілі, діні мен иманы ұқсас түркі халықтарының ежелгі өкілдері.Олар еңбекқор, өзіндік ұлттық дәстүрлерін сақтаған, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын бауырмал адамдар. Нарыққа ерте ілескен дүнген, ұйғыр халықтары сауда – саттығын жасайды, жер еміп еңбек етеді, өнерін өркендетеді.