ХІХ ғасыр ақын жырауларының туындыларында мүйіздітағылардың орны ерекше. Мифтік сипаттары көп жағдайда ұмыт болғанына қарамастан олардың байырғы нобайын анықтауға болады. Махамбеттің «Мен тауда ойнаған қарт марал» өлеңіне назар аударйық:
Хат оқиды молдалар,
Қаламмен тартқан сиядан.
Екі кісі тең барса,
Оңды төре береді.
Ақылға жетік ба адам.
Мен тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шапқан қиядан /16,223/.
Мүйізді тағылар көне түріктерде аса маңызды мифтік символ болған. С.Қондыбай еркек кіндікті арғы ата мүйізді тағы бейнесімен мифтерде берлетінін айтады /13/. Және көптеген елдер мифтерінде мүйізді тағылар жол бастаушы, жол сілтеуші ретінде көрінеді. Соның бірі «Ергенеқон аңызында» берілген: «Қырғыннан бала шағасын аман алып қалуды ойлаған Нүкүз бен Қиян өзара кеңесіп: «егер елге барса, төрт тараптағы елдің барлығы бізге жау, жұртта отырсақ, жүрген-тұрғанның көзіне түспей тұрмаспыз, одан да тау ішіне жұрттың аяғы жетпейтіндей бр жер табалық»,-деп шешіпті. Малдарын айдап, тауды етегіне барады. Бір биік таудың етегне кіріп, арқарды салған ізімен таудың үстіне көтеріледі…» /41.28/ Жол бастаушы маралды ғндарда кездесетнн Гулилев та көрсеткен /38/ Жоғарыдағы өлеңде Махамбет молдаларды кітапқа қарап жол көрсетер болса өзін көпті көрген қарт маралға теңейді жне осы жол бастауында сатықты да ұмытпайды. Бұл Махамбет пен Исатай көтерлсшілердің басшысы екенін жне мұндай басшылықта сақтықты қажет ететінн айтады. Осыған ұқсас өлең жолдарын Абыл ақыннан да кездестіреміз:
Таудағы тарлан қарт марал
Таямын деп қайғы етсе,
Табандап басар қиядан
Екі даугер келгенде
Төресін діл береді
Ақылға кәміл би адам /16,193/.
Абыл ақын Жиреншенің ел басқарған би, әділ төре болғандығының белгісі ретінде осы қарт маралға теңейді. Мүйізді тағылардың мифтік сипатта жол бастаушы ретінде архетиптік тұлғасын Дулат жырларынан да таба аламыз:
Жол таба алмай қиналдың,
Айуанмен те саналдың
Терідей боп тоналдың
Бастады тәңірім теріске,
Елің түсіп керіске
Енді қолың жетпейді
Кең қоныс, бейбіт өріске.
Жол таба алмай қиналдың
Басшысын атқан бөкендей /19,48/.
Бұл өлеңнен бөкеннің мифтік сипаты анық көрінеді. Ақын дәуірінің азғанын, Ресей патшалығының құнарлы жерлердің бәрін тартып алып, енді барар жер, басар тау қалмай, елді бастап жүретін ер қалмағанын бөкеннің өлімімен білдіреді. Дулаттың «Қазақтан шыққан кәпірді» өлеңінде мүйізді тағылар құлан мен бұланды кездестіреміз.
Құзды мекен еткенмен,
Өткелектен өткенмен,
Қарауыл салып үргенмен,
Сақтанса да мергеннен,
Ажалды оқтан құтылмас
Сақсынғанмен бұлан да.
Екпіні желдей есілген,
Төрт аяғы кесілген,
Ажалдың құрған шебінен,
Аса алмайды шегінен
Қыр тағысы құлан да /19,55/.
Өлең жолдарында құлан мен бұланның өмірін жол сілтеуші ерлердің өмірімен шендестіріледі, олар қаншама сақ болып жүрсе де өз азығы үшін биліктегілердің құрған торына түсетнін айтады.
Мүйізді тағылардың мүйізіде аса маңызды символды белгілей алады. Алдыңғы тарауда Шалгез жыраудың туындысынан кездескен мүйіздің атақ дәрежеге байланысты айтылғанын көрсеткен болатынбыз. Мұндай мүйіз Дулат шығармаларында да кездеседі:
Аязқысса мүйізді,
Мүйіз қысып тұқылды,
Қанталаса тұқылың,
Алпыс екі тамырың
Қақсып қалған сықылды.
Ұлыққысса ұлықты,
Ұласып мидай былықты… /20,33/.
Ақын шығармаларында ел басқарған ұлықтардың былықтарын мүйідің қысылып, қаңсып қалғандығымен қатар қойып суреттеуінің астарында үлкен мән жатыр. Мүйіз саяси билік иесі екенін білдіріп отыр.
Дулаттың «Шаштараз» дастанында патшаның өзі ғана білетін екі мүйізі болғаны туралы айтылған:
Таққа мінген бір патша
Дәл он жеті жасында,
Тітіреткен қаһары
Досы менен қасын да,
Қаһары келген шағында
Домалатқан тасын да
Қос мүйізі патшаның
Болады екен басында
Мүйізін біреу көрсе егер
Патшаның бағы таймақшы,
Халыққа сырын таратып
Көруші болса айғақшы /19,90/.
Мүйіздің киелі тұстары жан-жақты. Бұл дастаннан мүйіздің мифтік сипатын анық байқауға болады. «Әлемнің ортасында үлкен тау бар, осы тауда қара киік жер шарын қалыптастырды, осы шеңбердің ішінде индеецтердің халқы өмір сүреді деп сенген. Осында үлкен ағаш өседі. Алғашында бұл кішкене ғана қызыл таяқ қалпында болған, кейін бұл ағаш өмір сыйлаушы, жаратушы екені аңғарылады. Ағаштың әр бұтасы жан-жаққа қарай тармақталып өсіпті, барлық тайпалар осы ағаштың бұталарында өмір сүріпті. Бұл әлем ағашты қара киік «Дүниенің төрт бұрышынан және көк пен жер бабаларынан» сыйға алыпты» /42.89/. Осыған ұқсас миф қырғыздарда да бар. Олар өздерінің шығу тегін бұғыдан бастайды.