Ақын-жыраулар поэзиясындағы ағаштың орны

ХІХ ғасыр ақын-жыраулары шығармаларында архетиптік ұғымдар өткен ғасырлардағыдай қалпында кездеседі. Ғаламдық ағаш ­ аса маңызды культтердің бірі. Осы культітң сарқыншақтарын кез-келген ғасыр шығармаларынан табуға болады. Ақын-жыраулар шығармаларында ХІХ ғасырда ешқандай мифтік салмағы қалмаса да үнемі қайталанып отыратын архетиптік табиғатымен  көзге түседі:

Әспенттен биік қарағай

Қарағай басын жел соқса,

Қаршыға құс қайғы етер,

Балапаным өледі деп,

Мамығын төккен ұядан /16,193/.

Абыл ақын Жиреншенің өмірден өткенін осылайша естіртеді. Ғаламдық ағаш өзінің мифтік сипатын баяғыда-ақ жоғалтып алғанына қарамастан, бұл шумақ ағаштың аса маңызды орынға ие болғандығының көрінісі. Абыл ақын Жиреншенің қаза болғанын «Қарағай басына жел соққанымен, қаршыға құстың қайғысымен» жеткізуі ділмардың елдің бір бұрышын ұстап тұрған тірегі екенін, оның өмірден озуы халқы үшін үлкен қайғы екенін халық танымында қалыптасқан қарағай, қаршыға құспен қатар қойып жырлайды.

Махамбет Исатайдың өмірден өтуін былайша бейнелейді:

Қас бәйтерек жығылып

Жығылғаны естіліп,

Алыстағы дұшпанның

Қуанып көңілі тынған күн! /16,212./

Қарапайым халық үшін, жан жолдасы Махамбет үшін Исатай өлімі орны толмас қаза, халық аңсағанітәуелсіз өмір сағымдай болып алыста қалды. Енді Махамбет үшін сол армандаған заманның бәйтерегі жығылды, одан әрі заманның азулыларына қарсы күресетін қасиетті нысанасы көрінбейді. Жауынгер серігі, ел ағасы Исатай қаза тауып, көтеріліс қанға боялған күндерде жігері мұқалмаған, қайта серпілер қапысыз күндерді аңсаған Махамбет өзінің өмірлік мұратын туған халқының өмірімен бірге алып қарайды.

Исатай батырдың өлімін Махамбет «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ» өлеңінде былай көрсетеді:

Жапанға біткен бәйтерек

Жапырағынан айырылып

Қу түбір болған күн болған /16,223/.

Ел басшысынан айырылып, ел басына қиын күн туған дәуірді шебер жеткізген Махамбетке өмір өзегі болған бәйтерек қурады, одан арғы өмір бұлыңғыр боп көрінетінін шебер жеткізген.

Аспандағы бозторғай

Бозаңда болар ұясы.

Бозаңның түбін су алса.

Қайғыда болар анасы.

Қара лашын, ақ тұйғын,

Қайыңда болар ұясы.

Қайыңың басын жел соқса,

Қайғыда болар анасы…

Қаймалаған қарындас

Қазақта бар да менде жоқ,

Арызымды айтарға / 16,220./

Махамбет Ғаламдық ағаш атрибуттары бозторғай, лашын, тұйғынның басындағы қайғымен өз өмірін қатар қойып жырлаған. Қара лашын ұялаған қайыңның басын жел соқса анасы қайғырады яғни, өзі өмір сүріп жатқан ортада, халық арасында патшаға қарсы ұйымдастырылған көтерілісте қайғығы ұшырасам менің арызымды айтар қарындасым яғни бір туған бауырым жоқ деп қапаланады. Махамбет өз заманынынң жағдайын жақсы түсінген, адамгершілік, әділеттілік, имандылық, парасаттылықтан кенде заманда өз артынан ерген бауыры болмағанына, жолын қуар бір адамның болмағанын білдіреді.

Махамбеттің «Бағаналы терек» өлеңінен ағаштың түрлі қырлары байқалады:

Бағаналы терек жарылса,

Бақырашжамап бола ма!

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,

Еменге иір бұтақбітсейші

Қыранға тұғыр қыларға /16,223/.

Исатай батырды бағаналы терек арқылы халықтың тірегі, қалаулысы болғанын білдірсе, «бақыраш жамап бола ма» деп батырдың қылған ерліктерінің халыққа тигізген пайдасын халық түсіне ме екен деген үмітін білдіреді. «Қарағайға қарсы бұтақ біткенше» деп халыққа қарсы адам туғанша халықтың қамын жейтін адам тусайшы, батырлардың жолын қуатын деп армандағанын келесі жолында көре аламыз. Махамбеттің бұл арамандары өлеңнің келесі жолдарында ашығырақ айтылады:

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы,

Артымыздан біздердің

Ақырып теңдік сұрарға /16,232/.

Ел тыныштығын бұзған обыр сұлтандардың саны көбейгенше, халық арасынан бір ғана ер туып, халық кегін қуса екен деген тілегін білдіреді. Байқайтынымыз, Махамбеттің ақындық беті айқын, ол ел үшін туған ер. Оның бұл өлеңі халықтың танымымен ұштасып жатыр. Ерте дәуірден халық санасында қалыптасқан ұғым «бәйтерек», «қарағай», «қыран» архетіптері көрінеді.

Ғаламды ағаш Дулатта былайша суреттеледі:

Ал қарағай сұлу сындардай,

Көгерген бүрі қуармай,

Шөлдесе де суармай,

Бойы сұлу болғанмен,

Көлеңкесі талша жоқ /20,67/.

Дулат өз заманын қарағаймен қатар қойып жырлайды. Ақын қарағайы шөлдеп, көлеңкесінен айырылған, заманының қиындап бара жатқанына қапаланады. Халықы азып, өмір сүру қиындайды, ағайыннан ауызбіршілік, жастар жігерсіз қалған, баяғы кең қоныс, еркін өрстен айырылған халыққа енді арқа сүйер пана жоқ екенін өз өлеңіне өзек етеді.

Ғалам кіндігі болып саналатын нысананың бірі тау Шортанбайда төмендегідей кездеседі:

Жалғызыма сәлем де,

Алладан бұйрық жеткен соң,

Асқар тауы құлады,

Ағар бұлақ су алды.

Жетім мен жесір сүйейтін

Ағайын-туған жоғалды /23,43/.

Шортанбай өзін асқар тауға теңеу себебі, халқы сүйген ақылшы, шешен, арқа сүйер аға болуымен байланыстырамыз және С.Қондыбайдың айтуынша Ғалам кіндігі арқылы адам баласы Аспанмен және Жасампазбен байланыса алады /13,458/. Шортанбайдың мұсылмандыққа беріктігін еске алып оның қарапайым халықтан ерекше қасиеті болғанын байқаймыз. Бұл толғауында асқар таудың құлауы бұлақтың суалуын Шортанбайдың өлгелі жатқандағы сөзінде халық азықтанар бұлақтың яғни рухпни азық суалып құрғап бара жатқанын ескертеді.

Махамбеттің «Мен құстан туған құмаймын» өлеңінде ғаламдық ағаштың қасиеті тағы бір қырынан көрінеді:

Мен ­ түбін кескен бәйтерек,

Толқын соқса құлармын.

Еріскендей ер болса,

Соғысқандай жер болса,

Бірме-бірге келгенде

Әлі де болса бір тәңірге жылармын /16,237/.

Ал жел, толқын құдіретті күштердің бірі ретінде берілген. Сонымен қатар көне түріктерде құйын болғанда ашулы рухтар келеді деп есептеген /33,29/. Махамбет ­ жаралы ағаш, оған ешкім көмектесе алмайды, Тәңірінен көмек сұрап жалбарынуға дайын, бірақ жоғарыдағы билік күшінен құлайтынын Исатайдай батыр қаза тапқаннан кейінгі өз күйін түбін кескен бәйтеректей қалыпта екенін яғни, халқы сыйлап қадірлеген батыры өз күшінен айырылғанын айтады.