Жиделібайсын және халықтық таным

Жаугершлік заманда көшпелі қауымның көркем санасы еркн де кең, тыныштық заманды аңсайды:

Пұсырман болсаң кетіңіз

Сырдарияның суынан

Көлденең кесіп өтіңіз

Үш жыл малды ту сақтап

Жиделі-Байсын жетіңіз

Кісісі жүзге келіп өлмеген

Қойлары екі қабат қоздаған

Қатын бала хақы үшін

Солай таман жетіңіз /16,104/.

Тарихымызда “Өтүкен”, “Жиделі-Байсын”, “Жерұйық” сында нақты атауларға негізделген Жер Анаға табыну халықтың санасында өздері өсіп өніп, күн кешірген аймақты күллі әлемнің кіндігі ретінде кепиеттеп, көне түріктердің аса қастерлі ұғымы – құт дәрежесіне дейін дәріптеген. «жердегі жұмақ әлем Адам ата мен Хауа ана қуылған бақ Эдеммен синоним ретіндеқолданылады. Жердегі жаннат аспан мен жер бір-бірімен ұштасып тұрған кезде және адамдар мен құдайлыр арасында еркін қарым-қатынас болған кезді түсінеді» /30./. Өлең жолдарында Бұқар жырау Жерұйықты іздеген Асан Қайғы, өлімнен жанына сая іздеген Қорқыт секілді халықтың қауіпсіздігі үшін Абылай ханға қай жерге барса жанына жай таба алатынын нұсқайды. Жиделі-Байсын Бұқардың айтуынша “кісісі жүзге келіп өлмейтін” киелі жер және ол жер Сырдарияның арғы беті. Бұл Жерұйыққа Т.Жұртбайдың көзқарасы: Сарыбас мерген де қу жарғақ Жайық сияқты Жерұйыққа жетіп тұрып, “Көшпелі дүниеден” көз жазып қалады. “Көргендердің өзі арман болды. Жұрт аңыз қылысты. Бұл бір көшпелі дүние екен”, “Көшпелі дүние” деген бір жерде тоқтап тұрмайды. “Бүгін көрсең ертең жоқ деуші еді” десті. Қу жарғақ Жайықтың да, Сарыбас мергеннің де айырылып қалғаны, олар көрген бұлақтың басы мен үңгірдің түбінде не Бәйтеректің, не күміс бұтақты ағаш – Мықан ағашы жоқ… Шындығында Ұлы Даланы мекен еткен көшпелілердің мәңгілік аңсарының өзі – осы Мықан ағашының саясындағы Өтүкенді, Жиделі-Байсынды, Жерұйықты мекен еткен “Мәңгілік ел емес пе еді?!” Сол ойсоқты аңсарды “Мәіңгілік аңсарға” ұластырып, Бәйтеректің басыны шығып, ертеңгі заманның елесін көрген Ер Төстіктің керуен көшінің ішінен өздерін іздеген. Демек көшпелілердің көңілінің өзі – бастауы, тұрақтауы, тосылуы жоқ мәңгілік қозғалыстағы шексіз әлеммен шектесіп жатыр. Отырықшылықтың өзі ол үшін тоспалы су сияқты тұйық көрінбек. Олар саялайтын мәңгілік тұрақ – Мықан ағашының саясы Жиделі-Байсын. Одан басқа нүктеге қазақтың көзі де көңілі де тоқтамаған” /38./. Қазақ халқы көшпелі халық болуының бір себебі де осында жатқан сияқты. Жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп, халықтың, малдың қамы үшін қолайлы тұрақ іздеумен көшіп жүрген. Олардың санасында осы Жерұйықты, Жиделі-Байсынды іздеу жатқандай. Әсіресе жаугершілік заманда осы Жерұйыққа жетсе халық жанына сая болып, бақытты ғұмыр кешеміз деп сенгендігін жоғарыдағы Бұқардың Абылай ханға айтқанынан байқауға болады.