Құстардың жыраулар туындыларында алатын орны ерекше. Далалық көшпелі өркениетте өмір сүрген ата-бабамыз құстардың қыр-сырын, ерекше қасиеттерін жақсы білген. Соның бірі көкте де, суда да, жерде де тршілік ететін жыл құстары:
Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең.
Өмірден көрген жақсылық
Ұйықтап өткен түспен тең /16,156/.
Символдар энциклопедиясында құстың дінде аспан мен жерді байланыстырушы және ол адам рухы мен жанының символы бола алатыны айтылады /30,401/. Қазақ мифтерінде мұндай мотивтер кездесіп отырады: «Көгершін баяғыда бір пайғамбардың келіні болған екен. Ол аянбайтын, кішіпейл, ақ көңіл кісі екен. Оның мұндай екендігі басқа келіндерге жақпайды екен. Олар келіннің әрбір қылған ісін жамандыққа жорып тұрады екен. Бірақ ол келін олардың бұл қастығына көңіл бөлмей өмір сүре беріпті. Бір күні келіндер тамақ жасап отырып, ұрыса кетіп, жас келіннің мойнынан шөмішпен бір ұрыпты. Осыдан көгершінге айналып кетіпті» /35,32./. Мұндай мифтер құстардың атына байланысты көптеп кездеседі. Бұл жерден байқайтынымыз, адам жанының құс болып ұша алатынына сенудің түркі халықтарында да болғандығы. Көне түріктердің түсінігінде құс көктің иесі, аспанның киесі, жоғарғы әлемнің елшісі саналады. Шал ақын бұл шығармасында адамның сүрген өмірін «ұшып өткен құспен» теңестіруінің астарында осындай наным-сенім жатыр.
Он екі айда жаз келер,
Құс алдында қаз келер,
Айтып-айтпай немене
Заманаңыз аз келер /16,112/.
Бұл жерде он екі айда жаз келетн космологиялық түсінік бойынша айтылса, құс алдында келген қаз яғни жыл құсы заман туралы хабар беруші болып отыр. Көптеген халықарда құс бейнесін адам мен тәңір арасындағы байланыстырушы ретінде де кескінделгенін байқалады. Бұл жерде қаз тәңір мен адам арасындағы байланыс құралы ретінде алынып, Бұқар заманының аз келетінін айтады.
Аңшылықпен айналысқан дала қазақтарының өмірінде жыртқыш құстардың маңызы зор болды. Ел басқарушыларды, батырларды осы құстарға теңеудің түп тамыры тереңде жатыр.
Дәл жиырмаға келгенде
Ақ сұңқар құстай түледі,
Азуын тасқа біледі
Дұшпанға табан тіреді /16,80/.
Қазақ танымында бүркіт, лашын, сұңқарды көктің билеушісі, құстардың күштісі, қасиеттісі деп сыйлап өлтірмеген. Сонымен бірге биліктің белгісі, рәмізі ретінде айрықша мәнде қолданған. Мұны орталық Азиядағы тау жартастарында кездесетін петроглиф суреттер, археологиялық қазба байлықтардан табылған деректер және жазьа ескерткіштер дәлелдейді. “Баһадүр батырлар дулығасының шекесіне қыран құстың қауырсынын тағып жүрді. Ақсақ темірдің, Шайбаниханның т.б. хзандардың атақ лауазымы да қыранға байланысты “Сахиб-қыран” деп аталатыны жайлы жазба деректер бар” /37./. Осы қаршыға, қыран, сұңқар құстарының көшпенділер өмірінде ерекше орын алатынының бір белгісі ретінде қазақтарда, монғолддарда “Бүркіт биінің” кездесетінін де келтіруге болады. Аталмыш құстар Тәңір мен жер арасын байланыстырушы, қорғаушы, киелі елші ұғымында халық санасында сақталған. Бүркіт культі көптеген елдер мифологиясында кездеседі. Түркі-монғол халықтарында өзінің шыққан тегін бүркітпен байланыстыру ғұрпы бар. Мысалы, меркіттер күн күркірегенде ақ киім киініп, ақ боз атқа мініп, “Мен Меркітпін” деп айғайлап шабады екен. Осылайша өзінің бүркіт руынан екенін білдірсе, найзағай мен күн күркіреуін тоқтатады деп сенген. Найзағай аспанның, я күннің ашу ызасынан болады деп ұққан” /33,35/. Сонымен бірге түркі халықтарында бүркіт культі күн мен отпен байланысты. Бүркіт адамдарға от әкеліп беруші ретінде қастерланген. Штернбергтің айтуынша, алғашында бүркіт күн иесі ретінде көрініп, кейін оның орнын Зевс басады да бүркіт оның көмекшісі, күн құсына айналады. Ежелгі мәдени суреттерде Египет пен Ассиро-Ваваилонияда күн қанаты бар диск ретінде бейнеленеді, ол кезде күн бүркітпен теңестірілген. Сондықтан бүркіт көріпкелдік, бақсылықпен байланыстырылған. Мұндай ерекшелікті Австралия, Америка, Сібірде кездестіреміз. Сонымен қатар бүркіт соғыс құдайы және өз дұшпанын жеңеді. Сондықтан ол жалауларда көп суреттеледі деп Штернберг көрсетеді /26,409/. Жоғарыдағы жолдардан Тәтіқараның Абылай ханға берген теңеуінің астарында осындай сыр жатыр. Мұндай мифтк сюжеттегі шығармада табиғат құбылысына таңырқау, солардан көмек күту байқалмайды, керісінше бұл жолдарда айтар ойын астарлап білдіреді. Тәтіқара шығармасында «ақ сұңқар құстай түлеу» деген сөз мифтк шығармаларда қолданылып, уақыт өте келе көркем әдеби тәсілге ауысқан, яғни мифтк бейнелерд адамға баламалап, ауыстырып айту қолданылған. Абылай хан жиырма жасында халық бас иген, халыққа қорған болып, жауына қарсы тұра алғанын осы жолдарға сыйғызып жеткізе білген. Ел арасына елеулі ерлер, қалаулы билерді жыраулар поэзиясында бүркітке, лашын құсқа теңеу заңды деп есептейміз:
Он бесте тартып міндім аттың жалын
Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын
Бүркіттей тасқа талап етіп
Сонымен біраз жүрдім ұзын сарын /16,151/
Бұл жолдарда Шал ақын өзінің он бес жасын бүркіт құстың өмірімен теңестіреді яғни күш қуаты толықсып, ел арасына сыйлы бола бастаған кезі болса керек. Шалкиіз жырау Би Темірді хаж сапарынан тоқтатқан жырында былай дейді:
Айдынды көлге қал шауып
Тоғызын соғып ұшырған,
Қу сұлтаны саһарсың!
Саһарыңды сайлап қаусырған
Боз сұңқарым өзіңсің! /16,47/.
Бұл жолдарда жоғарыда көрсеткендей, ел басқарушыны елге қорған, жарылқаушы, күн көру тірегі екенін, халықты бағындыру қасиеттеріне байланысты сұңқарға теңеу көрінеді. Шалкиіз жырау ойының ұшқырлығымен сөз маржандарын әсерлеп тізіп Би Темірді Хаж сапарынан алып қалуға тырысқан. Ел билеушілерді бүркітке, сұңқарға, лашынға теңеген тағы бір себеп бұл құстар бақыт, құт әкелуші құстар болып саналған.
Құстардың шінде қарғаның да өз орны бар. Ол жыраулар поэзиясында төмендегідей көрініс тапқан:
Білімді туған жақсыға
Залал қылмас мың қарға.
Жаман туған жігітке
Рақатты күн бар ма /16,75/.
Қарға солтүстік халықтарда, чукча, коряк, индеецтерде жаратушы күн иесі ретінде саналады. Ал қазақтарда қарға екі түсінікте: бірі жақсы, бірі жаман сенімде қалған. Жақсы жағын қазақтағы “Қарғам”, “Қарғадай” сынды сөздер жағымды мағынада айтылатыны дәлел. Ал жаман мағынасында оның түсінің қара болуы, дауысының ащы болуы, өліктің көзін шоқитынына қарап қолданады. Алтайлықтарда қарға ұғымы адам жанының мәңгілік өмір сүруін жоғалту түсінігімен байланысты мынадай миф бар: “Ульген адамның мүсінін жасап қарғаны құдайға өзінің жасаған мүсініне жан әкелуге жібереді. Қарға жанды алып қайтып ұшып келе жатқанда падальға алданып жанды түсіріп алады” /25,163/. Солтүстік Америкадағы атапаск, тлинкт тайпаларында, солтүстік шығыс Азияда, чукоттарда қарға күнді алып келуші, бүкіл әлемді, теңізді, балықтарды жаратушы ретінде санап кие тұтқан. Коряктарда қарға алғашқы адам (тотемизм) болып саналады және осы тайпаның арғы атасы болып есептеледі. Қарғаның өлікпен қоректенуі оның өлілер патшалығымен байланыстыратынын символдпар энциклопедиясында көрсетілген /30/. Бұдан біздің байқайтынымыз, жырау “Білімді туған жақсыға, залал қылмас мың қарға” деп білімді адамға ешқандай адам зияндық жасай алмайтынын айтады. Жоғарыда көргеніміздей қарға алғашқы адам, күнде, жерді жаратушы яғни билеуші адамдар, өлікпен қоректенетін яғни сол заманда халықтан алынған түсіммен күн көретін адамдарды айтады. Мына жолдарға көңіл аударсақ:
Асқар, асқар, асқар тау
Асқар таудың со бүркіт
Ылдидың аңын алар ма
Алтайы ердің баласы
Атадан жалғыз тудым деп
Басына қиын іс келсе
Ісін көпке салар ма /16,53/.
Бұл жолдарда айтылатын бүркіт , сұңқарлар елдің қалаулылары, жоғарғы тап өкілдері болса, қарға олардан сәл төмен, қолында билігі бар адамадарды айтып отыр.