ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда ақын жыраулар поэзиясында архетиптер көптеп кездеседі. Соның бірі халық жадында хандық дәуір поэзиясынан ерекше орын алатын ағаш болып табылады. Өсіп тұрған ағаш бұл жай ағаш емес «Ғалам кіндігі» болып саналатын киелі сапаға ие. “Қазақта ғаламдық уақыт пен кеңістіктің арасындағы мәңгілік тұтқасы (“ось мира”, “мировая столл”, “мировая гора”) болып саналатын нысаналы белгі – Бәйтерек. Ол ежелгі аңыздар мен қиссаларда, ертегілерде “Мықан ағашы деп аталады”… Мықан ағашы – жасыл өмірдің белгісі, уақыт пен кеңістіктің шекарасы” деп көрсетеді Т.Жұртбай /15/. Бүгінгі күнде де қазақ сенімінде «Ғаламдық ағаш» культінің қалдықтар кездеседі. Мысалы, қазақта мынадай сенім қалыптасқан: жапан далада жалғыз өсіп тұрған ағашқа немесе бұталары ерекше біткен ағаш қонатын орын және бас иетін киелі ағаш ретінде саналған. Бұл ағаштың жанынан өткен адам оның бұталарына шүберек байлап, түбіне малды құрбандыққа шалады. Мұндай ағаштар Қазақстан территориясының барлық бұрышында кездеседі.
Ал мифологияда кездесетін ағаштарға С.Қондыбай мынадай сипаттама береді: «1.Ағаш – адам ұрпағының сақталатын жері. Бұл жағдайда ағаш ана функциясын атқарады. 2. Ағаш– адам жанының тұлғалануы, оның жанының сақталатын жері. 3. Ағаштың егіздік сипаты бар: бір-біріне қарама қарсы екі
ағаш. 4. Еркек ағаш және ұрғашы ағаш жұбы бар»/13,460/. « Ғаламдық ағаш» жыраулар поэзиясында былай көрініс береді:
Телегейдей сай қойып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе тәңір етті.
Жағасына қыршын біткен тал еді –
Жапырағын жайқалтып
Терек етсе тәңір етті. /16,43./
Шалкиіз жырау бұл жерде «Ғаламдық ағашты» айтып отыр деп санаймыз. Ағаш теңіз жағасында орналасқандығын жырау анық көрсетіп отыр. Ал «Ғаламдық ағаш» С.Қондыбайдың айтуынша өзінің орналасатын жерін былай көрсетеді: «а) төбенің не таудың басында орналасады. Мұндағы төбе (тау); б) судың (көлдің) жағасында орналасады» /13.470/. Сонымен қатар, Шалгез жыраудың бұл леңі жебеуш тәңірді мадақтауға, оның құдіреттілгін елге насихат етуге арналған. Шалкиіз жырау шығармаларында «Ғаламдық ағашты» мына жолдардан да көре аламыз:
Саздауға біткен қара ағаш
Кімдерге сайғақ болмаған /16,47/
Бұл жерде де «Ғаламдық ағаш» саздау жерде яғни сулы жерде орналасқандығын көре аламыз және ғалам кіндгі болып саналатын бұл ағаштың барлық адамға «сайғақ» яғни қорғаныш бола алатынын Шалкиіз жырау толықтырып көрсетеді. Ағаштың мұндай сипаттарын басқа да жыраулардан байқауға болады:
Саясы жоқ бәйтерек
Саздауға біткен талмен тең /16,147/
Шал ақын «саясы жоқ бәйтерек» деп ел арасындағы көпті көреген ақсақал қарияны айтып отырғаны белгілі. Мұның өзі Шал ақын дәуіріндегі анимизмнің қалдығы екенін байқатады. Себебі, «Бәйтерек» қазақтардағы «Ғаламдық ағаш» атауы деп Т.Жұртбай көрсетеді. Бұл тек қазақтарда ғана емес Е.Ямаеваның зерттеуі бойынша түркі-монғол эпостарында көбіне «Ғаламдық ағаш» осы атаумен кездесетінін айтады /25,159/. Ойымызды түйіндей айтсақ, «бәйтерек» адам жанымен тұлғаланып тұр. Ағаштың мұндай сипатын Штернберг өз еңбегінде Африка, Европа, Үндістан т.б. елдерде ағашқа жаратушы деп табынудың, барлық жанды нәрселер де, жер бетіндегі өсімдіктердің барлығын ағаштан жаратылған деп ағашқа табынудың бар екенін айтады. Осы еңбегінде Штернберг үнділердің атақты поэмасы «Махабхаратада» ағаштан ерлер мен әйелдер өсетін орман суреттелгендігін айтады /26/. Яғни алғашқы түснік бойынша, ағашқа адамды жаратушы, қорғаушы ана немесе әке ретнде қараған. Халық жадында қалған осындай ескі наным-сенімге байланысты Шал ақын бұл жерде осыны меңзеп отыр.
Адам жанынымен ағаштың тұлғаланып келуін мына мысалдан да көре аламыз:
Кәрі өлсе соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ /16,169/.
Шал ақын кәрі өлімін соққан дауылға яғни, өткінші нәрсеге теңейді, ал жас адамның өлімін бәйтеректің сынғанына теңейді. Бұл жерде жас адам бәйтерекке яғни халықтың, елдің тірегі, болашағы екенін айтады. Бәйтерекпен тұлғаланып келуінің астарында үлкен мән жатқанын байқауға болады. Ертеде ағаш адамдар үшін тамағы, сусыны, қорғанышы болғандықтан оларға жұмбақ көрініп, оны шешуге талпынған, оны адамды жаратушы, тәңір ретінде бағалаған. Мұндай алғашқы табыну Штернберг еңбегінде сөз болады. Зерттеушінің айтуынша, ағашқа табыну Орталық Африка, Оңтүстік Америка, Үндістанда, семиттерде, Египет пен Сахарада, Үндіевропа елдерінен, бұрынғы гермендықтардан кездестіруге болатынын жазады /26./. Ал, Фрэзердің «Алтын бұтақ» еңбегі ағаштың адам жанымен бірге тұлғалануы туралы миф арқылы әлемдік фольклорға түсініктеме табу мақсатында жазылған /27./. Бұл сенім уақыт өте келе діни наным сенімге байланысты тек киелі деп қана бағалау қалғанымен бұл жыраулар поэзиясынан т.б. шығармаларда сайрап тұр. Мына жолдарды талдап көрелік:
Кеше тоқыраулы судың бойынан
Тоқал терек түбінен
Ніл дарияның басынан
Құмкент шәрінің қасынан
Перінің қызы перизаттан туған
Қара мерген атасы…/16,80/.
«Тоқал теректің» «Ғаламдық ағаш» екенін су жағасында орналасқанынан және маңында кенттің яғни елді мекен орналасқанынан білеміз, ал тал астындағы перизатты қалай түсіндіруге болады? Жоғарыда С.Қондыбайдан ағаштың сипатын келтіргенде ағаш адам ұрығының сақтайтын жері екенін, бұл жағдайда ағаш ана функциясын атқара алатынын көрсеткенбіз. Мұндай сюжет «Оғыз намада» да кездесед: Оғыз қаған бір күні көл ортасындағы ағашты көреді. Ағаш астында қабығында отырған бір сұлу қызды көреді. Оның көздер аспандай көк, шаштары дария ағысындай, тістері маржандай екен. Оғыз қаған оны әйел етеді. Осы сұлудан «Көк», «Тау», «Теңіз» деген үш ұл көреді /28/. Бұл жерден Оғыз қаған, ағаш астындағы қыз Тәтіқара жырындағы Абылайдың әкесі Қарамерген және ағаш астындағы сұлу қыз перизатпен сәйкес келетнін байқаймыз. «Ғарыштық әсіреәфсанаға (мифке) шек жүрмейді. Жаратылыстың өзі де, жаратушы да, киелі құдіретке ие. Бәйтеректің – Мықан ағашының басында осы үш құдіретте бірдей бар. ол кейде жаратылыстың өзі, кейде Жаратқан иемнің баламасы, кейде жай киелі ағаш күйінде әфсаналана береді. оның қай қасиеті күшті оған күмән жүрмейді» /24.12/ деген пікрді Т.Жұртбай білдіреді. Тәтіқара бұл жолдарда Абылай ханның анасының киелі, текті жерден шыққанын, сондықтан өзінің де шыққан тегінің киелі болып саналатынын,жаратушының жберген халыққа деген сыйы екенін осылай түсіндіріп отыр. Бұл қазақтағы анимизмнің қалдығы.
«Ғаламдық ағаштың» киелілігін көрсететін мына жолдардан да көруге болады:
Қайырымсыз болған хандарға
Тиер ме екен бір күні
Жолбарыстай шеңгелім /16,61/.
С.Қондыбай шеңгелге мынадай анықтама береді: «Шеңгел – тікенекті бұтаның атауы, яғни тікенекті бұта болған «шеңгел» ұғымы да сегіз сәулелі жұлдыз арқылы кескінделе алады: бұл оны әлі ағаш кейіпті Тәңір қатарына шығарады»/13,485./. Фольклорлық шығармаларда шеңгел, Ақ шеңгел атауы бәйтерекпен ауысып келіп отырады. Ертөстік ертегісінде Ертөстіктің ата-анасының тамырына шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кербиенің төстігі нәр беріп, өмір мәйегін иітеді. олар түнеп шыққан «Ақ шеңгел» тршлік сыйлайды. Яки бұл арада шаңырақ (бақан) пен ақ шеңгел жаратушылық қасиетке ие. осы мәліметтерді қорыта отырып хандардың зорлығына осы киел шеңгелім тиіп тоқтау қойыла ма екен деп Жиембет жырау жырлайды.
Сонымен қатар, Ағаштың тағы бр киеллігін танытатын тұстары төмендегідей:
Қилы-қилы заман болмай ма
Суда жүрген ақ шортан
Қарағай басын шалмай ма /16, 27/?!
Шортан деп бұл жерде көрші христиан дініндегі халықтарды айтса, қарағай деп қара халықты белгілеп тұр. Мына бр хакас мифіне назар аударайық: Қайрақан жерден өсіп шыққан тоғыз бұтақты жасайды, әр бұтақтың астында тоғыз адамды жасайды, осы тоғыз адамнан бүгінде өмір сүріп жатқан тоғыз тайпа халық өрбиді /29./. Яғни ағаштан тоғыз тайпалы ел тарайды. «Оғызнамеде» қыпшақтардың дүниеге келуі туралы аңыз да осыған ұқсас келеді. Ағаштан таралу мотиві мифологиялық түйсіктен туған архетиптк сарын үлгісі. Асан қайғының қарағайының басын қарағай шалып қиналады. Жыраудың қиналдыратын өзнің ең қасиетт, киелі дүниес қарағайына қауіп төнуде. Ал шортан яғни, балық інжілде жаратылыстың бесінші күнінде пайда болды делінген. Христиан діні келген ғасырды балық ғасыры деп те символдап айтқан. Інжілде балық суда пайда болған барлық жануарлардың жандарының біргуінен пайда болған деп көрсетеді /32,430/. Көріп отырғанымыздай, балық христиан дінін символдай алады. Асан Қайғы көрші халықтар қазақ халқына билік ететін заман туатынын меңзеп тұр деп білеміз.
Жыраулар шығармаларынан ағаштың қасиеттілігнің қырын әр жыраудан әр қалай байқауға болды:
Балпаң-балпаң басасың,
Басуға табан шыдаса.
Қызыл алмас жан қияр
Қызыл талға қынаса,
Тарығып жан жыласа
Мал бітпеске немене
Жігіт жанды бұласа /16,68/.
Ақтамберді жырау қызыл алмаспен ағаштың жанын қиюға болатынын айтады. Ағаш ертедегі сенім бойынша жаратушы, тәңірие деп сенген болса, ағаштың жанын қию не үшін керек болды? Грецияда,Сирия, Үндістанда, Мексикада т.б. елдерде Штернбергтің айтуынша: «ағашқа жаратушы деп табынғандықтан оның мүсінін ағаштан ойып, арулап суға тастаған немесе өртеп жіберетін салттары бар екенін көрсетеді. Себебі, жаратушы көп жыл тұрса қартайып кетіп халыққа көмектесе алмайды, ол жасарып өз күшіне келуі үшін өлтіріп қайта жаңартып отырған.
Жаратушыны өлтіру уақыт өте келе ел басқарушы патшаны өлтірумен ұласқан. Бұл көптеген халықтарда сақталған, патша белгілі уақыт аралығында ғана билік ете алған: біреулерде үш жыл, екіншілерінде бес жыл, сегіз жыл (Спартада), үшіншілерінде он екі жыл. Содан кейін патшаны өлтірген, өлтірген адам патша болып сайланған» /26,459/. Мұндай оқиғалар кезінде Шыңғыс хан заманында да кездесіп отырғаны белгілі, оны таққа таласу деп қана айтып жүрміз. Ақтамберді жырау бұл жолдарда осыны астарлап көрсетіп отыр.