Реформацияның Швейцарияда пайда болуына және оның түбегейлі нәтижеге жетуіне жергілікті жағдайлардың ықпалы айтарлықтай болды. Әлеуметтік-экономикалық жағынан баяу даму, патриархтық дәстүрлерді бүркемеленген бір топ дәулетті жер иелерінің саяси үстемдігі, «мазасыз элементті» басқа елдердің әскерлеріне жалдануға мәжбүр ету жүйесі орманды кантондардағы тап қайшылықтарының шиеленісуін тежеді. Бұл жағдайлар орманды кантондардың саяси ұйымын тұрақтандырып, оларды сыртқы саясат аренасында өзге елден кісі тартушылар: католиктік Франция корольдарына, австриялық және испандық Габсбургтерге, Рим папасына қосақтап қойды. Тек билеуші топтардың өзара күресі орманды калтондардың саяси өміріндегі керенаулыққа сәл де болса серпін беріп отырды. Кантондардың қол астындағы фогтсволықтарда езілген шаруалар оқтын – оқтын көтерілістер жасап тұрды, бірақ олар мейірімсіздікпен жазаланып, тойтарыс тауып отырды. Орманды кантондар негізінен сол бұрынғы күйінше Реформацияға және онымен қоса жүргізілген таптық шайқастарға қатыспастан шеткері қала берді.
Қалалық кантондар мен даму дәрежесі жағынан соларға жақын тұрған одақтық жерлердегі жағдай басқаша болды. Мұнда капиталистік қатынас бой көрсете бастады. Қалалардың билеуші цехтық және патрициалдық олигархияларына қарсы оппозицияда болған бюргерліктің алдыңғы қатарлы топтары жұмысқа жарамды жүрттың бәрінің де әскерге жалдана беруіне тыйым салуды барған сайын батылырақ талап етті. Әскерге жалданудың өзі жалдамалы отрядтарда офицерлік қызмет атқарып жүрген және қалаларға дшпан дворяндардың топталушылығын күшейте түсті. Бұл мәселенің оңай болмағанын 1519 жылдың қарсаңында Цюрих халқының 25 процент кеміп кеткендігінен де айқын көруге болады.
Мүдделері жекелеген кантондардың тар шеңберлерінен асып кеткен бюргөрліктің прогресшіл топтарының арасында Швейцарияны орталық өкіметі бар федерацияға айналдыру ниеттері пайда болды. Олардың ойынша басшылық, етуші жетекші орынды қалалық кантондар өз қолдарына алуға, шіркеудің жерлерін конфискелеп мемлекет қарауына беруіне тиісті болды. Қалалық плебс билеуші топтың озбырлығы мен шіркеудің ашқарақ тойымсыздығынан азап шекті аз де, қалалық кантондар мен фогтстволықтарға тәуелді шаруалар одалдық езгінің бұғауын сыпырып тастаудың сылтауын ғана күтіп отырды.
Жұртқа қиянат етушілік нен жезөкшелік жасаудың және клириктердің топас надандығының салдарынан католиктік дін иелерінің беделі түсіп кетті. Ал шіркеудің идеология саласындағы монополиялық жағдайын дүнияуи білім беру жүйесі мен гуманизмнің табыстары мейліпше әлсіретті. Бұлардыц мықты тірегі 1460 жылы негізі қаланған Базель университеті болды. XVI ғасырдың алғашқы отыз жылында көрнекті гуманистер Иоганн Рейхлиннің, Эразм Роттердамскийдің, Себастьян Бранттың, Беатус Ренанустың және басқаларының есімдері осы университетпен байланысты болды. Гуманистік үйірмеге қосылган баспа иелері Фробэн жәяе Амербах гмаинстердің еңбектерін жарыққа шығарып отырды. Гуманистердің бәрі дерлік католицизмге адал беріліп, Базельде реформация жүрзілгеннен кейін оны тастап кетті. Олардың қызметі католицизмнің догматтарын сынауға, поптар мөн монахтардың надандықтарын әшкерелеуге көмектесті.
Кантондарда түбінде таптық шайқастарға соқтыратын әлеуметтік-саяси қайшылықтардың өрістеуі жағдайында Ульрих Цвинглидің (1481 — 1531) Цюрихтегі реформациялық және саяси қызметі кеңінен қанат жайды. Деревня старостасының баласы од Вена университетін бітіргеннен соң, Базельде латын тілінен сабақ берді және гуманистік идеялармен әуестенді. Ол 1506 жылы жоғарғы дәрежелі атақ алып, Гларусте священник болып істеді. Ал 1515 жылы полктың священнигі ретінде Мариньян түбіндегі швейцарлар үшін қайғылы қырғын соғысқа қатысты. Бұл оның әскерғе жалдану ісін жек көруін нығайта түсті. Цвингли жекелеген рөформациялық қағидаттарды өзіне қатты әсер еткен Лютер шыққанға дейін-ақ, 1516 жылдан бастап айтып жүрді. 1518 жылы Цюрихқа қайтып келгеннен кейін, Цвингли катиликтік шіркеуден біржолата қол үзіп кетпей, тек оның догматтарын сынаумен және өзінің діни доктриналарын жасаумен шектелді.
Цвинглидің діни догматикасының лютерандықпен ортақ ұқсастығы көп болды. Лютер сияқты, Цвингли де өзінің ілімін, папаның кейінгі қаулылары мен схоластикалық теологтардың еңбектеріне емес, қасиетті кітаптың, таураттың қағидаларына сүйеніп негіздеді. Ол индульгенцияны, дін иелерінің некесіздігін, «әулиелерге» табынып, бас июшілікті, шіркеу клирінің верархиясын, монахтықты, құдайға құлшылық етудің католиктік сән-салтанатын теріске шығарып, Лютерге қарағанда, «арзан қолды шіркеудің» идеясын анағұрлым дәйекті түрде жүргізді. Бірқатар жагдайларда мистикалықтан қол үзе отырып, Цвингди догматтар мен құпияшылықтарды тәптіштеп талдап, түсіндіруге тырысты. Атап айтқанда, ол христиандық діннің ең басты сиқырлы құпиялығынан, яғни причащениеден «құдайдың рахымын» емес, тек «құпия кеш» туралы естелікті ғана көрді. Бұл кеште інжілдік аңызға сәйкес, Христос адамзаттың кінәларын жуып-арылтуда өз басын қандай азапқа байлап отырғаны жайында шәкірттеріне әцгімелеп, айтып беріпті-міс. Бірақ лютеранлықңа қарағанда, цвинглидің шіркеуді ұйымдастырудың негізіне республикалық принцип алынды. Бұл принципті уағыздаушылар дүнияуи адамдар болды. Қауымның басшыларын шіркеуге келуші діншілдердің өздері сайлап қойды. Тұтас алғанда шіркеу сайланып қойылғап өкіметтерге —- Цюрих қаласының магистратына бағынды. Осы және басқа да жағдайлар кейіннен Цвинглидің бюргерлік-республикалық рсформациясының кпязьдыққа айналған Лютердің реформациясынан алшақтап кетуіне себепші болды.
Цвннглиандық көзқарастардың экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйесі де лютерандықтан едәуір басқаша болды. Цвинглиан-дықта Цюрихтың бюргерлік оппозшгиясының арман еткен мүдделерінің ішкі қайшылықтары бейнеленді. Цвингли монастырьлардың жер иеленушілігін жәнс шіркеудің алымқорлығын, өсімқорлық процент пен крепостниктік тәртіптерді мойындамай қатты сынады. Бірақ ұсақ меншікті қорған, нағыз рсспубликашыл болды. Ол княздар мен монахтарды тирандар деп санады. Ал әскерге жалдану мен бөтен елдердің билеушілерінің беретін пенсияларын және басқа да қайыр-садақаларын сатылғыщтықтың және әр түрлі моральдық азғындаушылықтың қайнар көзі деп білді. Цвингли мінез-құлық пен әдет-гұрыптың тазалығына, «бұрынғы замандагы» өмірдің қарапайымдылығына (бұл шақыру оның өмір сүрген кезіндегі буржуазиялық ұқыптылықтың идеалымен үйлестірілді) және цюрихтық қауымның өзімен-өзі болушылығына қайтып оралуға шақырды. Бірақ ояың осы соңғы талабы Цвинглидің нақ өзінің күшті швейцариялық федерацияны (Германияның дротестанттық князьдарымен одақтаса отырып) құруға бағытталған жоспарларына мүлде қайшы келді.
Цвкнглядің ілімі бюргерлік яен қалалық плебстің СОндай-ақ шаруалардың, әсіресе фогтстволықтардағы шаруалар арасынан қызу қолдаутанты. Осы қағиданы жақтаушылардың қысымымен 1522 жылы магистрат оразаны, дін иелерінің некесіздігін жою жөнінде жарлық беріп, Цюрихты епископ Констанцскийдің діни өкіметінен тәуелсіз деп жариялады. 1523 жылы январьда Цвингли, Лютерге еліктей отырып, өзінің «67 тезисін» жариялап, оларда өз ілімінің негіздерін баяндады. Реформаның ісін магистраттың қолына тапсыра отырып, Цвингли өзінің тезистерінде, шіркеудің дұнияуи өкіметті өзі иемдену жөніндегі талаптарының қандайы болса да негізсіз деп мәлімдеді. Қорытынды тезисінде, Цвингли «алым-салықтар мен десятинады, балаларды шоқындыру мен причащениенің дәлелділігі жөнінде мәселе көтеруші адамдардың қай-к,айсымен болса да емін-еркін пікір алысуға дайынмын» деп жариялады. Мұның өзі оның шаруалардың феодалдық міндеткерліктерді жою туралы қойған талаптарыяа, сон-дай-ақ Цюрихте бой көрсете бастаған анабаптистердің аса радикалды программасына көнуге даяр екендігін көрсетті.
Бірақ магистрат және онда мәжіліс құрушы адамдардың өздері де қаланың кедейлері мен фогтстиолардың шаруаларын қанаушылар еді. Сондықтан олар аса сақтык, жасап, Цвииглидің ұсынғая программасын ішінара және бірте-бірте жүзеге асырып отырды. 1523 жыды бұл іс кантонға қарасты шіркеулер мен монастырьлардың мүліктерін алып, монастырьларды қайта құрумен және оларды бірте-бірте жабумен анықталды. Бұрынғы монастырьлық щаруалардың атқарып келген міндеткерліктері өзгерілмей қалпында қалды. Бірақ енді олар қаланың қайырым жасауға арналған қажеттеріне жұмсалды. Ал мұның өзі шаруалар мен қалалық цлебстің арасына жік салуға әкеліп соқтырды.
1524 жылы дін туралы екі рет айтыс өткізілді. Онда Цвингли жеңіп шықты. Сойтіп, 1524—1525 жылдары Цюрихте жүргізілген реформация негізінен аяқталды: католикктік ғибадаттар тоқтатылды, икондар мен католиктік табынушылықтың басқа да бұйымдары шіркеуден аласталды, ал жай адамдар екі бейненің алдында тұрып та діни жораларды жасайтын болды.
Сонымен қатар цвинглиандықтың кейбір әлеуметтік-саяси принциптері де жүзеге асырылды: өсімқорлық пеп басқа елдердің әскерлеріне жалдануға және сол елдердің билеушілерінен пенсия алуға тыйым салды. Патрициат пен дворяңдар түгел дерлік біршама демократияландырылған магистраттар ығыстырылды. Цвинглиандық партияның ұйтқысы болған бюргерліктің прогресшіл топтарының өкілдері мен дехтары, магистраттың негізгі көпшілігін құрады. Цвинглиандық енді кантонпың барлық тұрғындары үшін міндетті болып жарияланды. Ал реформациялық шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау жұмысы жанадан құрылған шіркеу ұйымы бағынатын магистратқа жүктелді. Шіркеу және мемлекет-қала, соңғысының басшылығымен бір арнаға тоғысып бас қосты.