Швейцария кантондарының саяси құрылысы олардың әлеуметтік-экономикалық бейнесіне сәйкестендіріліп жасалынды. Орман каптон-дарында марканың ыдырап, әскерге жалданушылықтың өрістеуі барысында қауымдар советтері барған сайын жер иелерінің билеуші тобының құралына айнала бастағаны айқын аңғарылды. Бұл билеуші топ жері аз қауым мүшелерін, қауым шеңберінен тысқары тұрған присельниктер «татвнерлерді>> және фогтствольгқтардағы тәуелді шаруаларды рақымсыз қанады. Каитондық советтердің қатары сайлаусыз-ақ толықтырылып отырды; олардағы лауазымдар өмірлік болды. Туған-туысқандық және бірлесіп заңсыздықтар жасау арқылы бір-бірімен тығыа байланысты болған билеуші олигархия өздерінің отандастарын ешбір аяусыз қанады.
Әскерге жалданушылық 1516 жылы Францияның королы I Францикспен жасалған шарттан кейіп бүкіл мемлекет көлемінде ұйымдасқан кәсіпшілікке көшіп, бостандық сүюші Швейцария халқының қарғысына айналды. Әрбір кантон әскерге жалданушыларды тауып, жеткізіп беріп тұрғаны үшін басқа елдердің билеушілерінен ақша алып, олардың бір бөлігін қауымдардың арасына, бір бөлігін қалалардың магистраттары мүшелерінің арасына бқліп беріп отырды. Бұл жағдай өз отандастары азаматтарының қанымен, елдің мүдделерімен санаспай сауда жасау кәсібін туғызып, ақыры коррупцияға әкеліп соқтырды. Парақорлық, бөтен елдерде қаза тапқан жалданушылардың арттарында қалған жетім-жесірлерінің пенсияларын иемденіп келушілік кантоналдық өкіметтердің әдеттегі істеріне айналды.
Цюрихтың магистратында цехтар үстемдік етті. Сырттан қара-ғанда бұл басқарудың демократиялық формасы сияқты болып көрінді, ал іс жүзінде, цех мастерлері мен бай бюргерлердің мүдделерін қорғады. Қалалық магистрат орта ғасырдың корпоративтік құрылысты сақтап қалып, нығайту және жаңа прогрессивті бастамаларды тұншықтыру саясатын жүргізді. Әскерге жалданушылық пен коррупция мұнда да әдетке айналды.
Бернде, Базельде, Фрейбургте, Женевада саяси артықшылық патри-циандық фамилиялардың қолдарында қалып отырды. Бұлардың ең басты байлығы — жер мен рента және ақша болды. Кантондардың арасында кейбір сауда-қарым-қатынастары бола тұрғанмен, Цюрях, Базель, Винтертур, Шаффгаузен, Фрейбург пен Бернның цехтары өзара қалааралық одақтар жасасқанмен, кантондардың экономикалық байла-ныстары әлсіз болды және мұнда жалпы щвейцариялық рынок қалып-таспады. Негізінен соғыс — саяси және ең бастысы кантондардың көрші-лес державалардан, әсіресе, австриялық Габсбургтерден өздерінің тәуел-сіздігін сақтап қалу мақсатымен біріккен әр түрлі тілдерде сөйлеуші конфедерацияның ұлттық ортақтықы нығайтуға қажетті айтарлықтай алғы шарттары болмады. Өздерінің экономикалық қуаттылығымен, орманды кантондардың мешеулеп артта қалуларымен, олардың астық және товарлармен жабдықталу жағынан басқа қаладардан тәуелді екендігімен дайдаланған Цюрих, әсіресе, Берн конфедерациядағы үстемдік жағдайға талаптанды және кейінде бұл мақсаттарына жетті де. «…Альпінің қайсар бақташылары.,,— деп жазды Энгельс,— цюрихтық, люцерндік, берндік және базельдік мешандардың езгісіне түсу үшін австриялық дворяндардың үстемдігінен сытылып шықты».