Ормандық кантондар — Швиц, Ури, Уятервальден, Цуг және Люцерн — бұлардың қалың орман-тоғайлардың, адам жетпес таулы шыңдардың және биік тау шалғындардың аудандары еді. XVI ғасырда сауданың өріс алып, жолдардың жақсартылуына байланысты егіншілік енді тиімсіз салаға аяналды да, өнімі Швейцария мен европа елдері рыноктарына жөнелтілетін сүтті мал шаруашылығына жол берді. Әсіресе Швейцария сырының даңқы жер жарды, тіпті Орыс мемлекетінде де оған сұраныс көп болды. Жергілікті сиырлардың өнімділігі мол асыл тұқымдарын сақтау мақсатымен қатаң шек қоюшылық енгізілді, яғни ірі қараны тірідей сыртқа шығаруға немесе сырттан әкелуге толық тыйым салынды. Ормандық кантондарда астық тіпті шаруалардың оздеріне де жетпеді, сондықтан қажетті астықты Цюрих пен Люцорн арқылы шетелдерден әкеліп отырды.
XIII—XIV ғасырлардағы азаттық күресінің барысында ормандық кантондардағы шаруалар қауымдарының көпшілігі дүнияуи және діни феодалдардың жерлерін басып алды, болмаса олардан сатып алынды. Бұл жағдай мұнда ерікті шаруалар шаруашылықтарының басым болуына мүмкіндік берді. Бірақ оның есесіне феодалдық сеньорлардың орындарын жекелеген кантондар немесе түгел сфедерациялар басып алған жағдайлардың өзінде де, фогтсволықтардағы феодалдық-крепостниктік тәртіптер қаймағы бұзылмастан ел сақталып қала берді. Жер пайдалануда үш танапты егіс жүйесі үстемдік етті, мұнда еріксіз ауыспалы егіс басым болды да өнім қалып болғаннан кейін бұл алқап мал жайылымына бетайналдырылды.
Қауым-марка, әсіресе, егіншілікті аудандарда едәуір ыдырады. Ормандар, балық аулайтын жерлер, биік тау шалғындары бірлескен түрдеде пайдаланылды. Бірақ қауымның толық праволы, толық үлесті мүшелерінің саны азайды да, ал жартылай жабдықты, жері аз және жерсіз шаруалардың саны көбейетүсті. Соңғы екі категориялардағылар альмендамен тек қауымның пайдасына, ягни ең алдымен оның ауқатты тобының пайдасына міндеткерліктер атқарып, жұмыспея өтеу шарттарымен ғана пайдалана алатын болды. Ауқатты шаруалар альмендамен пайдалануды бірте- бірте озбырлықпен иемденіп алып, оны деревняның кедейлерін кіріптарлыққа салудың құралына айналдырды.
Басқа ел патшаларының жалдамалы әскерлерінде офицерлік қызмет атқарған шаруалардың жетекші топтарының көпшілігі дворян атағына ие болды. Рас, бұл оларға өз отанында ресми артықшылықтар бермеді. Бірақ солай бола тұрғанымен де, бұл жағдай орманды кантондарда экономикалық және саяси жағынан үстемдік етуші бай жер иелері олигархиясының құрылуына себепші болды.
Ормандық кантондардың қалаларынан Люцерн ерекше көзге түсті. Мұнда жергілікті қажеттерді қанағаттандыратын шұға тоқу кәсіпорындары қанат жайды және олар XV ғасырдың аяғынан бастап сауда-тарату кеңселеріне кіріптар болып қалды. Қала халықтарының атқаратын қызметінің ең басты саласы Сон-Готард асуы арқылы жүретін транзитті саудаға, атап айтқанда, сауда жүктерін тасымалдау жұмысына қызмет істеу болды. Қалған жағдайларда жердің аздығы мен патриархтық қалдықтардың сақталуы, сауда және өнеркәсіп жүйелері орталықтарының жоқтығы ормандық кантондарда өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтірді және халықтың өндіріс қызметі саласында өзіне орын таба алмай бос сенделген қоғамдық топтарын туғызды. Мұның нәтижесі «түздегі кәсіпшіліктің» бір түрі — әскерге жалдануға әкеп соқтырды. Ал мұның қоғамға әлеуметтік және саяси зардаптары тимей қоймады. Қалалық кантондар — Цюрих, Базедь, Берна және Сен-Галлеа Женева сияқты одақтық жерлердің экономикалык, құрылысы мүлдем басқаша болды. Бұлардың далалық алқаптарында егіншілік өріс алды. Бернаға тәуелді Ваадт аймағы астықты өңірдің бірі деп саналды.
Цюрих пен Женева округтарында (бұл қалалар, әсіресе оларда реформациялық қозгалыстың дамуымен байланысты көңіл аудартады), ормандық кантондарға қарағанда, фөодалдық жер қатынастары анағұрлым көбірөк дамыды. Атап айтқанда, рөформацияға дейін Цюрнх каптонында 270 сеньорийлер болды. Қауымдық қатынастар белгілі бір дәрежеде ыдырады және альменданың көлемі де кеміп, ол жердің тек 25%-ін ғана құрады. Ормандардың үлкей массивтері жайылымдарға айналдырылды. Бүкіл пайдалануға жарамды жерлердің 21%-ін шалғындықтар алып жатты. Тәуелді шаруалар чинши мен деснтина төледі, кейбір заттай міндеткерліктер мен жұмыспен өтеу борышын атқарды. Шаруалар астығын тек өздерінің кантондың қалаларының рыноктарында сатуға міндетті болды. Женевәның және басқа қалалардың селолық округтарында, сондай-ақ Цюрих көлі ауданында XVI ғасырда өкіметтердің ерекше қамқорлығына алынған жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісі кең етек жайды. Мұнда аренданың үстем формасы жарма-жаршылық болып табылды. Бұл жерде арендаторлардың қатарына жүзім егушілердің арнаулы цехтарына біріктірілген қала халықтары да қосылды.
Көптеген кантон қалаларыньгң және одақ жерлерінің экономикалық өмірінің орталығы ауыл шаруашылық саласында емес, қол-онер кәсібі мен сауда саласында болды. Конфедерацияның аса ірі қаласы, Берн маңызды сауда және қолөнер кәсібі меы финанстың орталығы ретінде қалыптасты. Оған таяу тұрған Берндік Юреде Швейцариядағы ең ірі темір кендері шахталары орналасты. Бұларға 1520 жылы 400-ге жуық кен қазушылар қатысып, рудниктермев көршілес Лауфенбург қаласында 18 ұста дүкені жұмыс істеді. Кен қазуға қатысушылардың едәуір тобы өздеріне қаржы беретін ірі купецтерге тәуелді болды. Көлемі жағынан конфедерацияның (XVI ғасырда 15 мыңға жуық тұрғындары болған) екінші қаласы саналған Базель, көбінесе транзитті сауданың ірі орталығы ретінде қалыптасты. XV ғасырда және XVI ғасырдың бірінші агарегінде мұнда Германия, Англия, Нидерланды және Италияда операциялар жүргізген бірнеше ірі сауда компаниялары жұмыс істеді. Цехтық қолөнеркәсібі әжептәуір дамыды, ал кейбір салаларда, мысалы, қағаз өндірісінде капиталистік мануфактура да қалыптасты. XVI ғасырдың бірінші ширегінің аяқ шетіне таман әлденіп алған цехтар бағаларды, атап айтқанда, нанның бағасын өсіруде монополиялық артықшылық-тармен пайдаланушы сауда компанияларының көпшілігін жою жөнінде үлкен табыстарға жетті.
Цюрихтың экономикалық базасы ең алдымен цехтың тоқыма қолөнер кәсібі болды. Қала маңында қосалқы кәсіпшіліктер, соның ішінде таратып берушілердің заказдарын үйде отырып істеушілер кеңінен дамыды. 1336 жылы саяси өкіметті цехтардың басып алуы, қаланың шетіндегі саяси тірес және Цюрихтың орман кантондарымен қақтығысып қалуы салдарынан, тоқыма қолөнер кәсібінің барлық салаларының құлдырауына әкеліп соқтырды.
XV ғасырдың аяғына дейін ең маңызды сауда-қолөнер кәсібі мен финанс орталығы, кері кетіп құлдыраған орта ғасырлық гаампан жәрмеңкелерінің мұрагері — Женева болғанды. XVI ғасырдың бас кезіне таман Женевада 10 мыңға жуық адам болды. Оның жыл сайын жеті рет болатын жәрмеңкесіне Италия, Франция, Германиянын, әр турлі товарлары бар купецтері жиналатын. XV ғасырдың аяғында жылына 10 мың кесекке дейін шұға тоқитын цехтың фрейбург шұғашылары өз өнімінің ең көбін осы Женева рыногына шығарып тұрды. Женеваның ақша рыногында ең ірі итальян банкирлері — Медичи мен Перуцци және Сосеттидің агенттері белсенді түрде әрекет жасады. Қалада жібек тоқитын, зергерлік бұйымдар жасайтын және басқа қолөнер кәсіптері біраз дамыды. Олардың бәрі де цехтық бұғаулардың құрсауынан азат етілді. Лион жәрмеңкелерін ұиымдастыру Женеваның бүкіл шаруашылық өміріне жәнс Фрейбургтің шұға өндірісіне қатты соққы болып тиді. Мұның шығаратын өнімінің көлемі XVI ғасырдың басында 75 процентке қысқартылды.
XV ғасырдың аяғында және XVI ғасырдың басында Сен-Галлендө зығыр кездемесі өнеркәсібінің және Луганода шұға тоқудың дамығандығын айта кету қажет. Бұлардың шығаратын өнімдері экспорт салаларына арналды. Осынау іске цехтармен қатар купецтік капитал да белсенді қызмет атқарды.
Тұтас алғанда егіншілікте, қолөнер кәсібінде, саудада жәнс XV ғасырдың аяғында Швейцария өнеркәсібініц кейбір салаларында прогрессивтік тепденциялармен (алғашқы капиталистік) қатар реакциялық тендендиялар да орын алды. Олардың өзара күресі кантопаралық қайшылықтармен және жанжалдармен астаса келіп, Швейцария одағының келешектегі әлеуметтік-саяси дамуы бағытын белгілеп берді.