Сәкен.Сейфуллиннің қызметі

Қазақ Кеңес әдебиетінің қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері Сәкен Сефуллиннің өмір жасы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.

Сарыарқаның әсем табиғаты Ор, Аба таулары мен Есіл, Нұра өзендерін жайлаған саятшы Сейфолланың семьясында 1894 жылы Сәкен жарық дүниеге келді.

Ауыл молдасы Ағашаяқтан сауатын ашқан Сәкен 1905 жылы Нілдіге келіп, орыс қазақ мектебінде оқиды. Ыбырай ұстаның дүкеніндегі қайнаған еңбекке сән берген ән әуені, Спасск жұмысшыларының ереуілі Сәкеннің жадынан шықпастай әсер қалдырған.

1909 жылы Ақмоладағы екі сыныпты приход школына ауысып, оны тәмамдағаннан кейін қаланың училищеде оқуын жалғастырады. Ақмоладан да гөрі, ірі, өнерлі жерде білім алу қажеттігін сезген соң 1913 жылы Омбының оқытушылар семинариясында көп қиындықпен қабылданды. Осында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевпен үш жыл бірге оқиды. Омбы – Сәкеннің білімін арттырып қана қоймай, оның демократтық көзқарасын қалыптастырған, ақындық дарынын ұштаған қала.

Қазақ жастарының көмегімен 1914 жылы «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын шығарып, мәдени ағарту мақсатын көздеген. «Бірлік» қоғамының сол қанатын басқарды. Омбы жұмыскерлерінің өмірімен танысып, Феоктист Березовский сияқты революционер жузышымен жақын болу Сәкеннің ағартушы-демократтық көзқарасының қалыптасуына жағдай жасаса, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы күрес жасын таңдау қажеттігін сездірді.

Омбы полициясының қара тізіміне 1914 жылы іліккен Сәкен өзінің ізін бағып жүрген тыңшыларға қарамастан 1916 жылғы салаң алу жұмысына қатысуы, Бұғылы аулында бала оқытуы, Ақпан төңкерісі кезінде қала жатақтарымен тағдыр тәлкегін бірге бөлісуге бел байлауы, Ақмолаға келе сала «Жас қазақ» ұйымын ашуы, 1917 жылы «Тіршілік» газетін шығаруы замана жайын түсіндіруі, Қазақ төңкерісін қуанышпен қарсы алып, қалам мен қаруды тең ұстауы әншейінгі жастық желісі емес еді. Күрескерлік сананың әсерінен Ақмола Советінің президиум мүшесі және халық ағарту комиссары болып, төңкерісшіл өлең жырдың туын көтерді, топтық сыңай танытты. 1918 жылдың маусымында тұтқынға алынып, атаман Анненковтың азап вагонында ажалмен ауысуы, асқақ ерлік көрсетуі, түрмеден қашып шығып, Түркістанға өтуі, Кеңес өкіметі қайтадан орнағаннан кейін Ақмолаға қайтып келіп, әлеуметтік қауырт істерге белсене араласуы азамат ақынның өнегелі өмірінің ойшықты белестері.

1918 жылы компартия мүшелігіне қыбаданған аз ғана қазақтардың бірі Сәкен Сейфуллин.

1920 жылы бүкіл Қазақстандық құрылтай съезіне арнайы шақырылып, Орталық атқару комитеті президиумының мүшесі болды. Оқу халық комиссарының орынбасары «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып жүргенде 1922 жылы халық комиссарлары кеңесінің төарағалығына сайланды.

1922 жылы – Қазақ Кеңес әдебиетінің олжалы жылы. Сәкеннің 1915 жылдаг бері жазып, «Тіршілік», «» Ұшқын, «Еңбек туы» (Орынбор), «Кедей сөзі», (Омбы), «Еңбекші қазақ» газеттерінде әр кезде жарияланған өлеңдерінен құралған «Асау тұлпар», жинағы 1917 жылы жазылған. «Бақыт жолында» мен тұңғыш революциялық «Қызыл сұңқарлар» (1920) пъессалары А.Асылбековтың «Біздің де күшіміз туды», М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегі» мен «Қорғансыздың күні» жеке кітап болып басылып шықты.

Сәкен Сейфуллин 1917-1925 жылдар арасында Қазақстан көлемінле өткізген ірі науқандар, мәні мәжілістермен қатар, бүкілодақтық съездер мен кеңестерге қатысты. Елді электендіру туралы В.И:Ленин баяндамасын өз құлағымен тыңдап, ұлт республикалары коммунистерінің Мәскеуде өткен кеңестерінде белсенділік танытты.

1924 жылы пролетар көсемі В.И.Ленин дүние салғанда Қазақстан Республикасының делегациясын басқарып, қазақ ақындарының ішінен бірінші болып «Қайғылы хабар», «Қаралы күн» өлеңдерін жазды.

1925 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының директоры 1926 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің жанындағы испарттың меңгерішісі, 1927-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының (Казпедвуз) директоры қызметін атқарып, Мемлекеттік университетіне зорлықпен шақыртылды. 1934 жылы Қазақстан коммунистік журналистика институтының профессоры болды.

1927-1928 жылдары «Жыл құсы» альманағы мен «Жаңа әдебиет» журналын шығаруға белсене қатысты. Ұзақ уақыт «Әдебиет майданы» журналының редакторы болды. Әдебиет пен мәдениет ісіне басшылық ететін талай ұйымдардың құрамына сайланды. 1934 жылы бірінші бүкілодақтық жазушылар съезінде айбынды сөз сөйледі. Орыстың данышпан ақыны А.С.Пушкиннің қаза болуының 100 жылдығын өткізу жөніндегі одақтық комитетінің мүшесі және республикалық комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.

Сәкен – қоғам, әлеумет істерімен өзінің творчестволық өнерпаздығын тауып қабыстыра білген қайраткер. Бүгінгі өмір шындығы, кезең тудырған келелі мәселелер оның ақындық жанарынан сырт қалмай, үнемі көркем сөз өрнегінен көрініс беріп отырды.

Сәкен туралы «Еңбекші қазақ» газетінде 1923 жылы жарияланған мақала «Жыл құсы» атанып Сәкен Сейфуллин біздің қазақ әдебиетінде жаңа дәуірді бастап отыр. Абайдан басталған жаңа рухты ХХ ғасырдағы қазқ ақындарының ішінде Мағжанда бейнешілдік ойысып, сөз құдіретін асқақтата беру жағында көп көрінсе, сыртқы келбет, екпінді ырғақ арқылы топикалық өлеңге іш тарту Сәкенде мейлінше анық байқалады. Жаңа мақам іздеген уақытта Сәкен дәстүр шатталығынан онша қорықпаған. Бұл жолда тамаша табысқа жеткенімен ожарланған тұста алақасы құлап, ерінен ауып қалғанын, қазақтың өлең өркеніне зорлық жасап, төсегін жыртқанын да көреміз. Сәкен жасаған өлең өрнектері Абаймен деңгейлес болмағанымен; реформаторлық ниеттері мейлінше рухтас екендігі даусыз.

Абай ағартушы – демократтық бағытқа ден қойғанда ескі арна арқылы жаңалық аша қояйын деген жоқ. Сондықтан ол бұрыңғы дістүрлі машықтар мен мақалдарды, терме мен толғауларды өзгерте, іштей түзете, кейде қирата бұтарлады.

Е.Исмайлов, З.Шашкин, С.Мұқанов тұжырымдауында, Абай жасаған 16 түрдің көбі осындай төңкерісшілдіктің жеңісі.

Осы рух кезі келгенде, уақыты туғанда Кеңес әдебиетінің серкесі болған Сәкенге дарыды, жұқты. Замана өзгерісі, қиын өткелдер оп-оңай өте салмады. Ол ойға да ниетке де, өлеңге де өзінің дабын салып, ою-өрнегіне талай жаңалықтар әкелді. Осы процесс Сәкен творчествосында алабөтен болғандықтан ол ұлы жаңашыл болып танылды.

Абаймен табақтас, рухтас өткен өлең өрнегіне келсек, ойда Сәкеннің атақты «Советстан» түрін алдымен ауызға алу шарт. Өйткені ол Сәкеннің ілгерінді-кейінгі ізденістердің қорытындысы, қазақ поэзиясындағы жаңашылдықтың үлгісі Абайдың «Сегіз аяғы» сияқты өнегелі өрім, талай ақындар еліктеп, пайдаланған өрнек.

Талай ғасырдан бері әдебиетіміздің қайнар бұлағы, өркендер арнасы болып келген поэзия жаңа дәуірде соны сипат алып, профессионалды поэзияның образ жасау жолына өрістей түскен уақытта әрқилы көркемдік тәсілдер тоғыса келіп, С.Сейфуллин творчествосында өмір шындығы өршіл романтика арқылы жарқырай көрінді.

«Ақыры асау – жаңғырда дала, тулады, орғыды жау – дүбірлеп күңгіренді дала… көкіректі кернеп, кең даланы күңгірейіп, қатты айғалап ән салдым әніме қосылды – кең дала, ақулы қазды шалқар көл, қамысты құрақты көк өзен – қосылды бәрі шуласып, қосылды бәрі шаттанып» — деген асқақ романтика алып екпінмен орнап жатқан жаңа өмірдің адуындығын аңғартқандай. Сондықтан асау тұлпар аумалы – төкпелі заманды бейнелеуге жарайтын образ болды. Бұл образда біріне бірі сабақтасып, іштей қатысып жатқан екі жай бар. Бірі – тұлпар қазақ әдебиетінде ерекше қастерлегендіктен оның дәстүрлік сипаты қалың.

Сәкен Асау тұлпарды жырлағанда қазақ халқының таным білігінен алыстамай, дәстүрлі пайдалану арқылы әсер ету мақсатын көздеді. Сондықтан да халық асау тұлпарды жатсынбайды. Екіншіден Сәкен трактовкасында тұлпардың тек сыртқы түрі ғана сақталып, ішкі мазмұны көздеген мақсаты, мінез-құлығы, іс-әрекеті мүлде жаңаша суреттеледі. Осы тұрғыдан алғанда қазақ поэзиясында Сәкен сіңіре бастаған жаңалық, новаторлық әуелінде ескі дәстүрге сыйымды болып, соның бесігінле ер жетіп, заманға лайық жаңа түр екенін анық аңғартты. Соның нәтижесінде Асау тұлпар жаңа өмірдің апалсау-топалаңы мен ізденісіне сай табылған романтикалық астары қалың образ болды. Сәкен 20 жылдардың ортасында жаңа замана ағымына қарай қара-айғыр- отарбаны ауызға ала бастады. Паравозды – қара айырға теңеу арқылы Сәкен «дайындық жұмыстарын» жүргізіп, оқушының поэтикалық түсінігін келесі жаңа образға бейімдеді. Соның нәтижесінде «Біздің тұрмыс — экспресс» деп жар салуға мүмкіндік алды.

Қазақ поэзиясының дәстүрлі он бір, жеті және аралас буынды өлеңдері ұлы Абайдан кейін құбыла молаюы Сәкен тұсында мейлінше күшейе түсті. Өйткені қазақтың ақындық аспанында Мағжан, Ілияс, Бейімбет, Сәбит сынды сәйгүліктердің бәсеке жарысы өлең өрнегіне жаңалық әкелді, жаңа мазмұн, жаңа түрді қажетсінді.

Сәкен поэзиясында тоникаға іш тарту басым болды. Ұйқастан туатын ырғақты интонациялық екпінмен жеткізу қазақ поэзиясында сіңе бастаған жаңалықтың нышаны, силлабикалық өлеңге тоника элементтерінің ене бастауы еді. Абай мұны білдіртпей, сездірмей жүзеге асырса, Сәкен осы принципті «Советстанда» әбден орнықтырып, қазақ өлең өрнегінде бұрын кездеспеген жаңа түр жасады.

Сәкен өлеңді ойға құру, ақ өлеңге іш тарту, мазмұнды түрмен ашу,беру сияқты ізденістерді өрістете келіп сылқым сылдыры, ойнақы өрнегі бар.

Қазақ халқының тарихында, әсіресе әдебиетінде үлкен белес жасаған «Тар жол, тайғақ кешу» атты роман-эссесін 1922 жылы бастап, 1927 жылы жеке кітап етіп шығарды. Бұл екі арада «Домбыра» (1924), «Экспресс» жинақтары мен «Ұйым және еңбек-шартжалшылар қорғаны» (1926) атты өлең-жырын жариялады. Қазақ әдебиетінле жұмысшылар өмірін суреттеудің тырнақалдысы болған «Жер қазғандар» повесі 1927 жылы жазылса, «Тұрмыс толқынында» жинағы 1928 жылы шықты. Қазақ әдебиетінің классикалық туындыға айналған «Көкшетау» дастаны 1925-1929 жылдар аралығында жазылды.

Өзі өмір сүрген заманында «Советстан» (1925), «Аьбатрос» (1935), «Социалситан» (1935) триптихын арнап, кезең қиындығын, аштықты, партияның, әсіресе кәрі райкомның жүргізіп жатқан саясатының қателігін әшкерелеген «Қызыл ат» дастанын жариялады. Бұлар күрескер ақынның поэзия саласындағы зор еңбегіне айғақ болса, 1922 жылы жазылған «Айша» әңгімесін 1935 жылы повестке айналдыруы, қазақ интеллегенциясының республика басшыларына рухани қарсылығын суреттеген романы «Біздің тұрмыс» (1932-1934) және республиканың даму белестерін баяндаған. «Жемістер» атты публицистикалық повесті 1936 жылы сол кездегі идеологиялық қыспақпен өңделіп, толықтырылған. «Тар жол, тайғақ кешудің» екінші 1936 жылғы басылымы көркем қара сөз саласындағы ірі табыстары еді.

Жаңа өмірде өрге сүйрелеген жалынды ақынның творчестволық еңбегінің жиырма жылдығы 1936 жылы аталып, зор құрмет көрсетілді.

Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет еңбек қызыл ту орденімен марапатталған да Сәкен болды.

Сәкенге бір арнадан қарап, бір жүйеде баға беру дұрыс болмайды. Қазақтың мақтанышына айналған азаматтың өр тұлғасынан талай қайраткерлік тарамданады.

Қазақ мәдениетінің тарихында үлкен құбылыс болған «Қазақ әдебиет» атты монументальді еңбегінің орны бөлек. Өйткені ол біріншіден жоғары оқу орындарының оқу құралына дәрулігін өтеді. М.Әуезовтың «Әдебиет тарихы» деген еңбек жазып, 1927 жылы шығармақ болғаны рас. Бірақ сол кездегі жербақандар ол кітапты шығартпады, дайын тұрған тиражын өртеп жіберген болатын, екіншіден қазақ ауыз әдебиетінің тарихын Сәкен ғылыми жүйемен талдап, қазақ фольклористикасының негізін мықтап қалады. Ол қазір өрістей дамып, едәуір биіктерге қол созуды.

Тарих әркімнің тілегімен жасалып, жоспарланбайды. Замана ағымын аңғартып, кезең шындығын түсінген саналы азамаь қана көздеген мақсатына жетеді, абырой беделге ие болады. Сондықтан «Сәкен – қазақ совет әдебиетінің негізін бірден бір қалаушы көшбасшы болды. Тарих оған жүктеген міндетті ешқайсымыз атқарған жоқпыз. Тарихта зорлық жүрмейді» — дегенді Ғабит Мүсірепов айтқан уақытта Сәкен өнерпаздығы мен қайраткерлігін түгелдей жасап, жаңа мазмұнға лайық жаңа түр тарқанын, әдбиеттің бір саласында еңбектеніп, қадау-ақадй биіктерін жасап бергенін тарих еш уақытта ұмыта алмайды.