- Жапонияға қатысты АҚШ-тың саясаты. ХІХ аяғы мен ХХ ғ. басында. Қиыр Шығыстағы АҚШ экспансиясы Қытаймен ғана шектеліп қалған жоқ. Американ империализмнің қөзі Жапонияға да түсті.
Біріншіден, американ монополистері Жапонияны өзінің тауарларын өткізу рыногы ретінде қөрді;
Екіншіден, Қытай мен Кореяға енудегі Қиыр Шығыстағы одақтасты ретінде пайдалануға тырысты.
ХІХ ғ. 90-жылдарында АҚШ Жапонияға қатысты саясатына қөп қөңіл бөледі. 1868 ж. буржуазиялық революциясынан кейін Жапониялықты орталықтанған мемлекетке айналып, әскер мен флотты мемлекетке айналып, әскер мен флотты қайта құрды. Милитаристік-империалистік мемлекетке айналған Жапония материкті, ең алдымен Қытайды басып алуға кірісті. Американ дипломатиясы Қиыр Шығыстағы державалармен күресінде Жапонияны пайдалану арқылы, яғни жапон минитаристерінің наразылық үнімен американ экспансиясына жол салғысы келді.
Қиыр Шығыста жапон агрессиясын қолдай отырып, АҚШ үкіметі алысты болжайтын мақсаты болды.
- Жапонияның өзінде АҚШ-тық ықпал нықайту.
- Қиыр Шығыстық аймақта шиеленісіп кележатқан империалистік державалар арасындағы күресте, ара салмақты сақиау үшін Жапонияны өзінің жағына пайдаланғысы келді. Жапон капиталының біршама әлсіздігі арқылы және ең қолайлы жағдай принципінің негізіне сүйене отырып, АҚШ Жапонияның соңынан Тайвань мен Кореяға еніп, сонымен қатар Қытайдағы американ капиталының позициясын кеңейтіп, нығайтуға үміттенген еді.
АҚШ –тың жапон агрессиясын қолдау саясаты 1894-1895 жж.
жапон-қытай соғысында қөрініс тапты. Жапония мен Қытай арасындағы соғысты шешкен кезде, АҚШ үкіметінің Жапонияны қолдауы шешуші роль атқарды. АҚШ президенті Кливлед өзінің 1894 ж. конгреске жолдамасында АҚШ-ты Жапониямен тығыз байланысты болуға шақырды. 1
Жапон агрессиясын қолдау мақсатымен бұған дейінгі 1858 ж. американ-жапон келісімінің күшін жаңадан 1894 ж. қараша айында американ үкіметі Жапониямен келісім шартқа қол қояды 2 Симоносекидағы Жапония мен Қытай арасындағы бейбіт келіссөздері де, яғни әскери қимылдар аяқталған соң да АҚШ үкіметі Жапон агрессиясын қолдау саясатын ұстанды. Жапон-қытай келіссөздерінде АҚШ-тың ресми емес түрдегі хатшысы фосфет болды. Ол жеке адам ретінде Қытай делегациясының ақылшысы және әксперті ретінде қойысты. Фостердің қөмегімен АҚШ үкіметі келіссөздер барысына ықпал етіп, қиыр Қығыста өздеріне экономикалық тиімді шешім деп қабылдауға тырысты. «Симе кеск» бейбіт келісім шартының бір тарауында қытайға шетел мемлекеттерінің өнеркәсіп құралдарын енгізу және өнеркәсіп қәсіпорындарын құруға мүмкіндік берді 1. Бұл бөлім бейбіт келісімге АҚШ дипломатиясының қысымымен енгізілді және Қытаймен соғыста қөмегі үшін АҚШ-қа Жапонияның берген өзіндік қызметі еді.
Жапон –қытай келіссөздері кезінде АҚШ-тың позициясын Жапония үкіметін қанағаттандырғаны соншалықты,
- Нарочницкий А.Б. США и Японская агрессия в Корее и Китае в 1894-1895 гг. // Известия АН СССР Серия ист. и фил. 1950, №3 с 226
жапон премьер-министрі қөпшілігінің алдында Фостердің қызметіне Жапон делегациясы атынан ризалығын білдірді
Жапон микадосы тіптен АҚШ президентіне жеке хат жолдап, соғыс уақытында қолданғаны үшін және бейбіт келісім шартын бекіткен кезде Жапония мүмдесін қорғағаны үшін ризалығын білдірді
Сөйтіп, ХІХ ғ. соңғы кезеңінде Жапония мен АҚШ қарым-қатынасы ынтымақтастықпен сипатталды. Сонымен қатар, АҚШ жапондықтардың арқасында оларлдың Қытайдағы басып алған аудандарына қөзі түсті.
ХХ ғ. басында Американ Қиыр Шығыс саясатының негізгі мақсатын-Қиыр Шығыста өсіп келе жатқан Ресей ықпалын басу үшін, Жапония мен Ресей қарым-қатынасын шиеленістіру болды. Әсіресе Маньчжурия аймағында да АҚШ-қа қатысты тиімді күш арасалмағын теңестіру үшін Жапонияны пайдаланғысы келді. АҚШ үкіметі жапон милитаризмінің арқасында Қиыр Шығыста Ресейді әлсіретіп Қытайда тең мүмкіндіктер мен ашық есік принциптік қабылдап, Жапонияның ізімен алғаш Маньчжурияда, кейіннен бүкіл Қытайда американ капиталына тиімді позиция бекіту еді. Ресеймен соғыс ошағын тұтандыра отырып, Құрама Штаттарына Қиыр Шығыстағы өз иеліктеріне, әсіресе Филлиппиндегі иеліктерін жапон агрессиясының назарын аударуға тырысты.
Сөйтіп, ХХ ғ. басында АҚШ Жапонияның Ресейге агрессиясын қолдау арқылы Американ үкіметі Ресей мен Жапония арасын шиеленістіріп, біреудің арқасында Ресейді әлсіретіп, Қиыр Шығыстағы өз позициясын нығайтқысы келді.
1802 ж. Жапонияның Англиямен Ресейге қарсы бағытталған одақтық келісімнің бекітілуі, Вашингтонда ризалықпен қарсы алынды. Ұлыбритания мен Жапония арасында келісімге келген хабар бұл жердегі қолайлы әсер етті,-деп жазды АҚШ-тағы орыс елшісі Кассики. Ресейдің финанс микистрі С.Ю.Виттенің айтуынша: «Бізге қарсы Қытай, Жапония, Америка, Англия арасында ортақ коалиция құрылуы, барлығы .. біздің Маньчжурияны босатуымызды талап ете бастады. АҚШ тарапынан шамамен ғана қолдаудың нәтижесінде Ресей мен Жапония арасында әскери занжал тудыратынын біле отырып, АҚШ мемлекет хатшысы Хэй 1903 ж. 12 майда президент Рузвельтке жазған хатында: «Жапондықтар біздің тарапымыздан аз ғана шараны түсініп, егер біз мақұлдасақ олар Ресейге шап беруге дайын» , -деп жазды. 1804 ж. 12 қаңтарда соғыс бола қойған жағдайда американ саясаты Жапонияны қолдайды -деп жапон үкіметіне хабарлады.
Орыс-жапон соғысы кезінде Жапонияға қатысты АҚШ тың алдында мынадай міндеттер тұрды:
- Рсеймен күреске өзінің толық бейтарап толығын сақтай отырып,
бар мүмкіндігіне Жапонияға қөмектесц.
- Жапонияның кореяны басып алуына қөмектесті.
- Соғыс аяқталған соң Жапонияның нығаюына жол бермеу.
Сөйтіп, президент Рузвельттің АҚШ-тағы герман елшісі Штернбурген әңгімесінде: «Ресеймен Жапония арасындағы соғыс екі жақтың да әлсіреуіне дейін созыла бергені, біз үшін тиімді» . Тап осы ойын Америка президенті АҚШ-тағы француз елшісі Жюсеран бөліскен: «Егер соғыс нәтижесінде орыстар мен жапондықтар неғұрлым бірбіріне тоқтасып, әлсіреп тұрғаны бізді қуантар еді» 1
- Әскери қимылдар аяқталған соң Жапония мен Ресей арасындағы
бейбіт келіссөздеріне делдап болу арқылы Қиыр Шығыстағы Американ капиталына барынша тиімді мүмкіндіктерге қол жеткізу.
- Бродский Р.М. Указ. соч., с 131
- Осы міндеттерге қол жеткізу үшін 1804-1805 жж. орыс –жапон
соғыстары жылдарында АҚШ-тың саяси, дипломатиялық және экономикалық сипаттағы шаралардың барлығы жұмсалды. 1804 ж. тамыз айындағы американ («Американское обозрение») журналында журналист Вольф Чербрандтың мақаласы басылып шықты. Автор орыс-жапон соғысындағы АҚШ-тың үмітін тура айтып берді. «Орыс-жапон соғысы аяқталған соң Американың Қиыр Шығыстағы иеліктерін экономиканың дамуына мән береді, тіптен Маньчжурияны босатуға мәжбүр болса да. Бұл үшін Ресейге Американ тапиталы мен американ қәсіпкерлерінің қөмегі қажет болады. Осындай жағдайда өнеркәсіп өнімдерін өткізудің аймағы кеңейеді.
Американ саудасы үшін Қытай да өзінің мағынасын жоғалтпайды. Ашық есік принципін қабылдаудың өзі нәтижеге жеткізіп, солтүстік Қытай провинцияларында американ саудасының дамып, кеңейте түседі. Алып қарсыласпен соғыстан кейін Жапония, әрине, әлсіреп шығады. Бұл да АҚШ үшін тиімді. Соғыстан кейін әлсіреген Жапония бізден Қытайдағы сауда үстемдегіне таласуға шамасы келиейді. Сөйтіп, ұзақ жылдар бойы АҚШ-тың саудада күшті бәсекелесі болмайды…
Сөйтіп, Қиыр Шығыстағы соғыс қалай аяқталмаса да, АҚШ-тың сауда мүмкіндіктері тек қана жеңеді.
Құрама Штаттары Ресеймен соғыстың нәтижесінде Жапонияның жеңіске женуін қалап, оған барынша қолдау қөрсетті. Ресейге қарсы Жапонияның әскери қимылдарының басы АҚШ талаптарына жауап беріп отырды.
АҚШ –тағы Ресей елшісі Кассани Ресейдің сыртқы істер министріне хабарлағанындай: Жапонияның алғашқы жеңістерін АҚШ таңқаларлық қарсы алып отырды. Соғыс қимылдарының басталғанына екі күн болғанда,-ақ Т.Рузвельт өзінің ұлына былай деп жазды: «Соғыс орыстар үшін бастылды. Бірақ, шынымды айтсам, мен жапон жеңіске ризамын, өйткені Жапония біздің жағымды»
Соғыс ресми түрде жарияланысымен АҚШ өзінің бейтарапынан айта отырып, Ресейде Жапонияның өнім ретінде оның мүддесін қорғайтындығын баяндайды. Сонымен қатар Рузвельт ең сынайы, байсалды түрде Германия мен Франция үкіметі, егер Жапонияға қарсы құрғандығын естісе, Жапония жағына шығып, оның жеңіске жетуіне бар күшін жұмсайтындығын айтты. Кейіннен Рузвельт басымнан-ақ Жапонияны қолдап, халықаралық қатынасқа байланысты оның мүддесіне қажет барлық шара қолдайтынын мойындайды.
Орыс-жапон соғыстары жылдарында американ саясаты мен дипломатиясының бар күші Жапонияға қөмек қөрсету мен барынша қолдауға жұмсалды. Соғыс барысында Қиыр Шығыстағы американ әскери барлаушылары, сонымен қатар тілшілері бөгетсіз кіріп, орыс әскерінің орналасуы мен жаңадан тансану мәліметтерін жинап, жопандықтарға құнды деректер беріп отырды. Американ және жапон барлаушыларының қызмет тығыз болды. Жапондықтар Сібір мен Маньчжурияда болып жатқан оқиғалар жөнінен сол жерден өтетін американдықтар арқылы мәліметтер алып отырды,-деп соғыс алдында орыс генералы Сахаров айтты 2
Американдықтар жинағын мәлімдемелерін Жапонияға қарапайым сауда қатынас қағаз ретінде жіберілді.
Америакн жапон басшылығының тапсырмасы бойынша орыс қа қызмет істейтін, хунхуздардың диверсиялық отрядының құрамына кірді. Осындай отрядтардың басшыларының бірі американдық С.Джеймс болды.
- Хрестоматия по новой истории. 1870-1918 М., 1953, с 393
- Доброва А. Указ. соч., с 140, 141
Әскери қимылдар кезіндегі Қытайдағы американ дипломатиясының қимыл әрекеті ерекше сипат алды. Бұндай әрекетінен американ консулдары Маньчжурияға, яғни әскери қимыл жүріп жатқан аймаққа кіруге мүмкіндік алатын еді. Олар жапон басшылығына орыс әскерінің қимылдары жөніндегі құнды мәлімет жеткізіп отыратын болды. Бірақ Ресей үкіметінің талабымен, қарсылығымен американ үкіметі Маньчжуриядағы консулдарын артқа кері шақыртып алды. АҚШ үкіметі әскери қимылдардың Жапония пайдасына шешілетіндігіне күмәнданды, сондықтан да басынан Ресейдің маньчтуриядағы жапон әскеріне қарсы шабуыл әрекетіне бөгет жасауға тырысты. Бұл үшін американ дипломатиясы мен жапон дипломатиясына бірігіп Қытай үкіметін әскерді Маньчжурия шекарасына шоғырландыруға мәжбүр етті. Бұндағы мақсаты осы шепке орыс басқармасының назарын аудартып, жапондықтармен жүріп жатқан әскери шептен барынша орыс әскерінің санын азайту еді.
Американ дипломатиясы Қытай территориялық суында жарақаттанған орыс кемелерінің теңіздегі Жапоняиның табыстарын қөре отырып, орыс әскери-теңіз флотын талқандауға қөмектесу үшін, президент Рузвельтпен мемлекет хатшысы Хэй өздері жариялаған Қытайдың бейтараптығымен бастартып, оның территориялық суын ашық деп жариялады.
Сөйтіп-деп жазды өзінің баяндамасында орыс елшісі Лессор,-американ үкіметі өзінің өкілдері арқылы, бізге қарсы Қытайдың ісіне аралысты: «АҚШ-тың әрекетінің қозғаушы күші Жапонияға қиыншылық тудырмау күші болды», — деп Вашингтоннан Кассини хабарлады. Дипломатиялық қолдаудан басқа экономикалық қөмек те қөрсетті, өйткені әскери қаражаттарға байланысты жапонияның финанс жағдайы нашарлап кетті. Осындай қиынқыстау кезде Жапон экономикасы ең алдымен АҚШ тан финанс қөмегін қолдауын алды. 1804 ж. майда банкир Я.Шифф ұйымдастырған «ұлттық және коммерциялық банк фирмаларының құрамындағы американ синдикаты АҚШ-тағы жапон заемдарын тарату үшін, Нью-Йоркте Жапонияның алғашқы әскери заимына 25 млн. доллар қөлемінде подписка ашты. Заем Жапония үшін маңызды болды. «Бұл,-деп жазды бекітудегі Жапон өкілі, Жапон банкінің вице президенті және болашақтағы премьер министрі Ганахаси, -американ ұлтының материалдық қөрінісі». Бұл заемның шын мәніндегі мағынасы, деп білдірді АҚШ тағы Ресей елшісі Кассини, ең алдымен Жапонияның мұнда қолдау тапқандығы.
1804 ж. қараша айында Жапония үшін 60 млн. доллар қөлеміндегі екінші ағылшын-американ заемы шығарылды. АҚШ та Жапон заемдарының табысты тарауында үлкен жұмысты американ үкіметінің өзі істері. «Американ үкіметінің өзі,-деді Кассини, американ капиталының жапон финанс операциясына енгізілуіне қарсы болған жоқ, өйткені болашақта келіссөзде талқылауда табысты ықпалға ие бола алатын еді. Үшінші заем 1905 ж. наурызда шығарылып, 150 млн. доллар құрады, ал маусымда төртінші заем шығарылды.
АҚШ-та барлығы 30 млн. фунт стерлинг немесе жапон шетел заем дарының 44 процентін таратты. Бүкіл әскери қаражаттың қөлемі 1508470 мың болғандықтан, американ заемы Жапонияға 306974,8 мың бере отырып, бүкіл соғыс қаражатының 20 процентін жапты. АҚШ-тың көқегінсіз Жапонияның финанс жоспарлары сәтсіздікке ұшырайтын еді және соғыстың өзі де болмас еді» 1 деп жазды «Нью-Йорк таймс» газеті.
Ресеймен соғыста Жапонияда қару-жараққа, оқ-дәріге, шикізатқа, жабдықтарға және азық-түлікке деген сұраныс туды.
- Добров А. Указ. соч., с 146-151
Ал Жапониядағы шикізат және энергетикалық ресурстардың шектелген мүмкіндіктерімен АҚШ сыртқы саудасы.
Құрама Штаттары әскери, өнеркәсіп пен өндіріс тауарларымен қамтамассыз ете отырып, Жапон сыртқы саудасында бірінші орын алды. 1804 ж. Жапонияның АҚШ-пен барлық сауда қөлемі 159; 366 млн. иек болды, ал 1805 ж. 198, 286 млн. құрады. Жапон импортында соғыс барысында АҚШ 2-орында болды. Жапониядағы американ экспортының негізгі салалары қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери жабдықтар, жанармай, локомовтер және теміржол вагондары, электр тауарлары, бу жіберетін дәу қазан , кеме двигателі, құрылыс материалдары, нльстер басқа да темір және болат заттары, мақта, бидай-қысқаша айтқанда, әскери қимыл жүргізуге қажет тауардың барлығы болды. Жапониядағы американ экспортында маңызды орынды азық-түлік алды. АҚШ толығымен Жапонияның бидай рыногын басып алды, елге беретін ұнның 90 процентін АҚШ қамтамассыз етті. Тез қарқынмен американдық еш консервілерінің импорты есті: егер 1803 ж. 1485 доллар құраса, 1905 ж 1. 323 млн. доллар болды.
Германия кайзері І. Вильгельмнің орыс императоры ІІ. Николайға жазған хатында Қаңылтыр консервілерінің қөп бөлігі Жапониядағы әскер мен флотқа арналып шығарылады, 1 деп атап өтті. Барлық азық-түлік тауарлары ең алдымен майдандағы жапон әскеріне жіберіліп отырды.
Құны бойынша Жпониядағы американ импортында бірінші орынды мықты алды: 1805 ж. 17, 583 млн. доллар қөлемінде американ мақтасы енгізілген еді, ал 1804 ж. бұл қөрсеткіш 4,541 мың болды. Оқ дәрінің және әскери өнеркәсіп талаптарына байланысты Жапонияда мыс пен қорғасынға сұраныс етті, соғыс кезінде оның негізгі жабдықтаушысы АҚШ болды.
- Переписка Вильгельша ІІ с Николаем ІІ, Москва, 1923, с 155
1805 ж. Жапониядағы енгізілген бүкіл қорғасының жартысы және мыстың ¾ -і АҚШ тан келді.
АҚШ сонымен қатар Жапонияны сұйық жанармаймен қамтамассыз етуде шешуші орын алды, соғыс кезінде Жапонияда жұмсалған бүкіл мұнайдың, керосиннің, жанармайдың 60 процентін АҚШ берді. АҚШ Жапонияны әскери өнеркәсіпке қажет электротехникалық өнеркәсіп өнімдерімен темір және болат жартылай фабрикаттарымен қамтамассыз.
АҚШ Жапонияны қару-жарақпен, оқ-дәрімен және әскери жабдық заттарымен қамтамассыз етті. Бұл контрабанда болып саналды, оның қөлемдерін АҚШ-тан Кассини хабарлаған еді 1. Сөйтіп, АҚШ-тың билеуші топтары Ресеймен соғыста Жапониялық жеңіске жетуіне бар күшін салды.
Құрама Штаттардың жалпы саясаты прожапондық сипат алды. Жапонияға жан-жақты қөмек қөрсете отырып, американ мақсаттары болды:
Біріншіден, қалыптасқан тиімді каньюктурлық жағдайды пайдаланып, запон рыногының өз қолына алғысы келді.
Екіншіден, Қиыр Шығыстағы АҚШ-тың басты бәсекелесі Ресейді Жапониямен шиеленістіру арқылы әлсірету.
Үшіншіден, соғыста әлсіреген Жапонияны өзінің қарыздарына айналдырып, оны Қиыр Шығыстағы американ саясатының жол бастаушысы ретінде пайдаланғысы келді.
АҚШ үкіметінің Жапонияны қолдауы американ президенті Т.Рузвельттің Порсмутта бейбіне конференциясы кезіндегі және бейбіт келіссөздер қарсаңындағы делдалдық әрекетімен көрінді.
- Добров А. Указ. соч., с 151-156
Пузвельттің делдолдық қызметі 1804-1805 жж. АҚШ үкіметінің мақсатымен Қиыр Шығыста американ империализмнің жоспарының жүзеге асырылуында қол жеткізу еді.
- АҚШ Жапонияны мықты милитаристік ел ретінде сақтап қалып,
Қиыр Шығыста Ресеймен күресте агрессивті жоспарын жүзеге асыруда және Қытайға американ экспансиясын енгізуде тіл алғыш құрал ретінде пайдаланғысы келді.
- Жапония мен Ресей арасындағы қарама қайшылықты ашық қалдырып, бұл екеуінің Қиыр Шығыста жақындасуына жол бермеу. Өйткені бұл осы аймақта АҚШ позициясы үшін тиіссіз, тіптен қауіпті де болды. Орыс-жапон қарама-қайшылығын АҚШ үкіметі өз пайдасына шешуге тырысты.
Осыдан келіп, АҚШ үкіметі Жапонияға қатысты бейбіт конференциясы қарсаңында мақсаттылық саясат жүргізді. АҚШ тарапынан едәуір қөмек болғанына қарамстан Ресеймен соғыста Жапонияның ресурстары сарқылды. «Американың кез келген мемлекет қайраткері Жапонияның соғысты жалғастыруы оны әлсіретіп жіберетінін түсінеді. Бейбіт келісімді бекіткен жағдайда басып алған жерлерін сақтап қала алады, ал соғысты жалғастырса ештеңесіз қалатыны анық», 1-деді Т.Пузвельт.
АҚШ үкіметінің Жапония мен Ресей арасындағы келіссөзде болу әрекеті Жапония жоспарына сәйкес келді. Жапония өзі тікелей бітімге шақыра алмады, өйткені Ресей бұл әрекетін әлсіздік деп түсініп, алдағы бейбіт келіссөзінде Жапония позициясын төмендетер еді. Ал, Жапонияның әлсіреуі АҚШ тың жоспарына кірмеді.
1805 ж.наурызда Жапон әскери шиеленістерін Тераучидің Жапониядағы американ елшісі Грискаммен әңгімесінде соғысты тоқтату қажеттігі жөніндегі ойын білдірді. Ол шын мәнінде президентке соғысты аяқтайтын уақыт жеткендігін айтуды мекен сұрады, -деді Гриском. Грисканның 1805 ж. наурызда Жапонияның сыртқы істер министрі канурамен келіссөз бастауға дайын екендігін растады. 31 мамырда Канура ресми түрде АҚШ президенті Рузвельтке өтініш жолдады. Соғысын жатқан елдер келіссөздер бастауды ұсынуды өз атымнан сұраймын, Рузвельт бұл жайында сенатор Лоджға былай деп жазды: «Бейбіт келіссөздердегі менің алғашқы сөзімде Жапонияның өтініші бойынша шықтым. Телеграмманы маған 31 мамырда Жапонияның сыртқы істер министрі, Тахакир арқылы жіберген еді»
Т.Рузвельт бұрыннан-ақ делдап ретінде шығуға дайын еді, бірақ қалыптасқан тиімді жағдайды пайдаланып, алдын-ала Жапониядан Маньчжурияға қатысты нақты кепілдік алғысы келді. Жауап бермесе бұрын қызмет қөрсеткені үшін Жапонияға Маньчжурияда ашық есік саясатын міндетті түрде қолдау керектігіне шара білдірді.
Жапония мүддесін қолдай отырып, Рузвельт орыс дипломаттарына, бейбіт келіссөздеріне жапондықтарды шақыру оңайға түспеді деп атап өтті. АҚШ-тағы жаңа орыс елшісі Розек: Ол «Рузвельт» мені Жапония Ресеймен бейбіт келісімге келуге ұзақ уақыт бойы келіспегендігіне мені сендіргісі келді.
Рузвель Германия кайзері ІІ Вильгельммен келіссөздерін жүргізіп, ол арқылы ІІ Николайға ықпал еткісі келді. Президенттің жақын досы ағылшын Спринг-Ройстың жазуынша «Кайзердің Петербургте императордың құлағына ерекше мүмкіндіктер мен ықпалы болды.
Вильгельмнің ІІ Николайға жазған хаттарының бірінде: «Жапондықтар, әрине, барлық ұлттық ішінен Америкаға құрмет тұтады.. Егер кімде кім жапондықтарға ықпал ете алса, олардың талап қоюда саналы шешім қабылдауға шақыратын адам-президент Рузвельт еді»
Ақырында, 1805 ж. 8 маусымда Т.Рузвельт Жапония мен Ресей үкіметтерін бейбіт келіссөздерін бастауға шақыру жобасын ұсынады. Ресейдің өкілетті өкілі С.Ю.Витте былай деп жазды: «Маусымның басында американдық республикасының президенті Рузвельт Ресей менЖапонияны келісімге шақырып, өзінің қызметін ұсынды»
Сөйтіп, АҚШ Жапонияның күші әлсіреген кезде, ол Ресейде мобилизацияның өріс алған кезінде, осы екі елдің арасында делдал болып, өзінің мақсатын қөзден Жапонияға қөмек қөрсетті.
Төртсмуттағы бейбіт келіссөздер кезінде үкіметі Жапонияны қолдау саясатын жалғастырды. Рузвельт конференциясының барысы жөніндегі мәліметтерді және Жапон өкілдерінің жоспарларымен Жапонияның финанс агенті барон Конеко арқылы танысып отырды, Конеко Жапон дипломатиясымен тығыз байланыста болды. Конференцияның өзінде АҚШ мемлекеттік хатшысының қөмекшісі Х.Д.Пирс қатысты, ол президенті барлық істерімен тарыстырып отырды.
Келіссөздер кезінде Рузвельт прояпондық позицияны ұстап, оның талаптарының толық қамтамассыз етуіне қол жеткізді, жапон делегаттарының келісімен-ақ президент олармен танысып, өзінің келісім білдірді. Портсмуттанды орыс өкілетті өкілі С.Ю.Витте былай деп жазды: «Рузвельт келіссөздерінің басынан барлық уақытта Жапонияны қолдауға тырысты. Оның қөңілі Жапония жағында еді». Рузвель бейбітшілікті қолдады, бірақ бұл бейбітшілік бәрінен бұрын жапондықтарға тиімді болды, 1 деп қөрсетті.
Сонымен қатар жапон дипломаты Кикузиро Исиин былай деп атады: Рузвельт олардың сүйікті Жапониясының сүддесін қорғауға бар мүмкіндікті қолдайды .
Ресей тарапынан жеңілдіктеріне қол жеткізе отырып, әрі ыңғайлы жағдайда орыс делегациясына жалған хабар беріп отырды. Сонымен, қатар С.Ю.Виттенің айтуынша: Рузвельт енді өзінің талаптарын Петербургке тікелей мәртебелі императорғ, американдық елші Мейер арқылы жіберіп отырды.
Әсіресе Рузвельт Сахалин мәселесіне байланысты табандылық қөрсетті. Орыс өкілдері С.Ю.Витте мен Розенді бұл жерді жапондықтарға беруге қажет екендігіне қөндіргісі келді. Бұл табандылықтың артында өзіндік есеп бар еді. Сахалинді Жапонияға бекіту арқылы капиталына бағындырғысы келді. Бұл жердің бай табиғи ресурстары мен тиімді әскери-стратегиялық жағдайы Американы қызықтырды.
Портсмуттық келісімі АҚШ үшін де тиімді болды. Қытайдағы АҚШ-тың негізгі бәсекесі-Ресей Қиыр Шығыстағы маңызды позицияларын жоғалтты. Келісім шарт сонымен қатар Қытайда ашық сік пен тең мүмкіндіктер принциптік мойындайды. АҚШ-тың экспансионистік саясатын зерттеген американ тарихшысы Т.Деннетт былай деп жазды: «Жапония кемерден асып, Ресейді шығарып тастады. Бұл АҚШ үшін бір юань төгісіз, бір центқа да тұрмады. Ресей тоқтатылды. Сонымен қатар Европа да тоқтатылды. Қытайды бөлісу кейінге қалды,бірақ болашақта да бұл мәселе қөтерілмейтін еді. Осындай экономикалық және саяси қатынастағы нәтижелер Құрама Штаттарға тиімді болды» .