- ХІХ ғ. аяғындағы АҚШ-тың отарлау саясатындағы Қиыр Шығыс аймағы
ХІХ ғ. аяғында АҚШ отарлау саясатын жандандыра түсті, оның аймақтарының бірі Қиыр Шығыс болды. Бұл әрекештің себебін елдің экономикалық дамудағы өзгерістеремн түсіндіруге болатын еді.
ХІХ ғ. соңғы үштен бір бөлігінде АҚШ империалистік даму соғысына қөтерілді. Өндірістің және капиталдық шоғырлану барысы мұнда ерекше тез қарқынмен жүрді. АҚШ-тың дүние жүзілік капиталистік шаруашылық жүйесіндегі үлес салмағы өсті.
Осындай жағдайлармен АҚШ белсенді отарлау саясатына қөшті.
Американ монополистерінің назары ХІХ ғасырдың аяғында Американ континентінің шегінен асты. Бұған бірқатар жағдайлар әсер етті. ХІХ ғасырдың аяғында елдің ішкі жағдайының дамуы-Американ континентінде отарлау саясатының аяқталуымен, батыс аймақтарды игере отырып, Тынық мұхитқа қарай жылжып «шекаралық» жойылуымен қөрініс тапты.
ХІХ ғ. аяғында Американ Континентінің отарлауы аяқталған соң, өнеркәсіп өнімінің үнемі өсіп отыруына байланысты, ішкі нарық өнеркәсіп тауарларының өнімімен толық қамтамассыз ете алмады; 1870 жылдан 1800 жылға дейін мойын 8 есе өсті, қөмір кені-10 есе, болат қорыту –15 есе өсіп, жылына 138 млн. тонна, 2123 млн. тонна 112 млн. тонна қатысында қөрсеткіштері өсті; өндірілген өнімнің бағасы 3 есе ден аса кебейді 1 . Осы кезенде американ өнімінің 9/10 бөлігі елдің ішкі сұранысына жұмсалғанына қарамастан, 1898 жылы осы өнімнің 1210 млн. доллап құнына тең келетін 1/10 бөлігіне сыртқы рынокты сұраныс туады 2.
Империализмге өтуіне байланысты Американның сыртқы саудасының қөлемі күрт өсіп, капитал шығару үдейе түсті. Сөйтіп, 1880 жылы АҚШ экспорты 851,1 млн. доллардан 1808 жылы 1233,7 млн. долларға дейін өсті 3.
АҚШ-тан капитал шығару экспортты 1800 жылы 500 млн. долларға жетті 4.
Қызу дамып келе жатқан американ империализмі жаңа шикізат қөздері мен өткізу рыногын қажет етті.
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында АҚШ –тың капиталистік шаруашылығының жүйесіндегі өзгерістер оның саясатына әсер етпей қоймады.
АҚШ-тың империалситік саясатын тікелей рухтандырған финанс алигархиясы болды. Индустрия дамуындағы біздің жоғарғы табыстарға жеткендігінің соншалықты деп айтты өз сөзінде президент Мак Килли бізге енді капиталдың одан арғы дамуын қамтамассыз етуүшін жаңадан басқа жерлерден рынок қөздерін іздеу керекпіз 1
Американ өнеркәсіп иелерінң мүддесін секатор Бевридж былай деп қөрсетті. «Американ фабрикалары американ халпына қажет өнімнен артық өндіре алады», американ жерінде оның тұрғындары пайдалана алатын мөлшерден қөп өнім өседі. Тағдыр бізге саясатымызды болжап берді, дүние жүзілік сауда біздің қолымызда болу керек және біз соған жетеміз 2.
АҚШ дүниежүзілік сахнаға күшті империалистік державаға ретінде шықты. Осындай жағдайда Құрама Штаттарына жаңа шикізат қөздерімен рынок қажет болды.
Бұл уақытта дүние жүзі Европалық капиталистік дерважалар арасында бөлініп қойған еді. АҚШ-тың араласуымен отар үшін дүниені қайта бөлісу басталуы. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында АҚШ-тың сыртқы саясаты мен экономикалық экспансиясы күшейді. Американ экспансиясының аймағына Қиыр Шығыс ілінді, бұл аймақта іскер адамдарын экономикалық мақсаттау қызықтырды.
Қытайдың стратегиялық жағдайына және тауар өткізетін рынок пен шикізат қөдеріне американ қәсіпкерлерінің қөзі түсті. Бұл, әрине, Қытайды отарлау аймағы ретінде қызықтырды. Сонымен қатар бұл ел Европалық державалар арасында толық бөлінбеген еді, сондықтан да олармен күресу арқылы ықпал ету аймағын бөлісуге үміт болды.
Ал Жапонияны айтатын болсақ, АҚШ-тың ірі буржуазиясын ол Қытайға және орыстардың Қиыр Шығысына енудегі одақтас ретінде қызықтырды және американ капиталының экспансиясының тікелей объектісі ретінде де қызықтырды. Соның ішінде АҚШ монополистері Тайвань мен Кореядағы Жапонияның бірлескен қызметтеріне аса қөңіл бөлді, өйткені ол қөптиненталды Қытайға есік ашатын еді.
Сөйлеп, ХІХ ғ. Қиыр Шығыс АҚШ-тың отарлау экспансиясының аймағына айналады.
ХІХ ғ. ортабынан бастап Құрама Штаттар Қиыр Шығыста, әсіресе Қытайда эспандисияны жүзеге асыру үшін қажет деп, Тынық Мұхит жағалауында әскери база құруға кіріседі. Бұл саясат Тайвань аралын басып алу әрекетінен және 1894-1895 жылдары Жапон-Қытай соғысы кезінде Жапон агрессиясын қолдауынан байқалады. Филиппин басып алып 1900 жылы 7 қарашадағы осы жеңісті бекіткен испан-американдық келісім қабылданды. 1
- Добров А. Указ. Соч., с 12
Бұл келісім бойынша АҚШ осы аймақта экспансияны таратуға мүмкіндік беретін Тынық Мұхиттағы майқызды стратегиялық бағытына қол жеткізді. Қытай тарихшысы Пян Цичао бұл жөнінде былай деп жазды: «Филиппендегі американ қимылдары шын мәнінде Азияны жаулардың басы еді- менің қосымша тағы да бір жолбарыс пайда болды 2.
Қиыр Шығыстағы АҚШ экспансиясының дамуына мүмкіндік туғызған 1858, 1868, 188, 1884 жылдары Қытай, 1854, 1857, 1858, 1864, 1866, 1878, 1886, 1884 жылдары Жапония, 1882 жылы Корея арасындағы дипломатиялық және сауда келісім шарттары болды. Бұл келісімдер қәсіпкерлерді заң жағынан қолдай отырып, осы елдерге американ капталының енуіне септігін тигізді. Келісім-шарттардың түгелдей дерлігі тең емес жағдайда еді.
ХІХ ғ. аяғына таман американ капиталының Қытайға енуі өсе түсті. Сауда дамыды: егер 1895 жылы АҚШ-тың Қытайдағы экспорты 7857 мың доллар құраса, 1898 жылы ол 16258 мыңға дейін өсті. Қытай арасындағы сауданың өсу қарқыны бойынша АҚШ барлық елдерді басып озды, 1888 жылы қытай арасындағы шетел саудасы 1896 жылы жылғымен балыстырғанда 8320402 долларға өсті және оның 60 проценті АҚШ үлесіне тиді 1. Бірақ Қытайдың сыртқы саудасындағы АҚШ-тың үлес салмағы европалық елдер мен Жапонияға қарағанда әлде-қайда алыс еді. 1896 жылы АҚШ-тың үлес салмағы 67 процент, Европалық державалар 245 процент, Жапония-8,4 процентке тең болды 2
АҚШ-тың Қытаймен саудасы оратлық сипат алды.
- Геремик С.Б. Политика США в Маньчжурии в 1898-1803 гг. и доктрика “открытых дверей” М., 1960, с 11
- Фурсенко А.А. Борьба за раздел Китая и американская доктрина открытых дверей. 1898-1900 гг. М.Л., 1965 6668
- Добров А. Указ соч., с 83
Егер американ экспорты негізінен өнеркәсіп өнімінен тұрса, Қытай импортының басты саласы шикізат болды. АҚШ Қытайға мақта-маталарын, керосин, болат пен темір бұйымдарын, әйнек, сандықтарын және т.б. тауарлар әкелді. Ал Қытайдан АҚШ аршылмаған жібек, сурьма, руда және т.б. шығарылды
Қытай тарихшысы Цин Жуузы АҚШ-тың Қытаймен саудасының отарлау сипатына мән бере отырып, өз уақытында: «АҚШ капиталының алғашқы қорлану қытай халқының тарихына қанды жалын тілімен жауылған»,-деп жазды
Қытаймен саудадағы АҚШ-тың басты бәсекелесі Англия еді. Американ экспортының алдыңғы қатарында мақта-маталары құнды, оның ½ -нен 2/3-ке дейінгі құнын құрады. Сонда да АҚШ Англияға жол береді. Мысалы, 1902 жылы Англияның мақта-мата бұйымдары 55,3 процент құраса, АҚШ Қытайдағы мипорттық бүкіл құнының 26,8 процентін құрады. Бірақ бірте-бірше АҚШ-тың мақта-маталарымен сауда үлесі өсе түсіп, Англияның бағыты әлсіреді. 1887 жылдан 1897 жылға дейін Американың тоқыма бұйымдары мен саудасы 120 проценттен аса өскенде, Англия бұл уақытта тек 14 процентке саудасын қөбейтті, АҚШ-пен Англия арасындағы қатаң бәсекелес болат бұйымдары мен темір жол жабдықтары мен сауда да туды. Ағылшын –американ бақталастағы бұл салада шиеленіскендігі соншалықты, тіптен замандастары оны «Ватеркоо саудасы» деп атады. Бірақ американдықтар ағылшын бақталастарын ығыстыра алды, өйткені американ правда ашық доллар тұрса, ал ағылшын правда шамамен 12 мың 1 болды. Бұны, әрине, Қытаймен саудада АҚШ демпингті қолданысымен түсіндіруге болады. АҚШ-қа Солтүстік Қытай рыногын беріп қойып,
- Фурсенко А.А. Указ. соч., с 79, 80, 81
Англия Орталық және Оңтүстік Қытайда американ бәсекелесін өзін қорғау үшін және Қытай саудасында үстемдікті сақтап қалу үшін барлық қажет шараларды қолданды.
Ескере кететін жәй, АҚШ-ты Қытайдың солтүстік ауданы Маньчжурия қызықтырған еді. Ол американ тауарларын өткізудің басты рыногы болды, үшіншісі солтүстік-порты Тяньузик, Нючжуан және Чидуда бүкіл Қытайдағы Американ экспортының шамамен 2/3-і жұмсалды. АҚШ осы аймақта экономикалық тұрақтанып, оны одан әрі солтүстікке қарай Ашур маңындағы өлкеге жылжудағы плаударм ретінде пайдаланғысы келді. Бұл өлкенің табиғи байлықтарына американ қәсіпкерлерінің қөзі түсті.
Бірақ Қытайдың солтүстігінде АҚШ ең алдымен Ресей тарапынан туған қарсылыққа соқтығысты. Өйткені бұл аудан Ресейдің «Ықпал аймағы» еді және американ экспорты орыс қөнестеріне зиян келтіруі, өйткені орыс саудасының басты саласы (керосин, мата, ұн) сәйкес келді, 1896 жылы Ресей бекітілген КВЖО орыс-қытай келісім-шарты бойынша пайдалану жөніндегі Қытайға енгізілген шаруаларға салымдарын тмендеуге рұқсат алды, ал 1898 жылғы Төрт-артурды «арендаға алу» нәтижесінде Ресей өзінің Маньчуриядағы жағдайын одан әрі бекітіп алды, бұл, әрине, американ қәсіпкерлері мен саудагерлеріне қатты зиян келтірді 1.
Ресейден басқа АҚШ-тың солтүстік Қытайдағы күрделі бәсекелесі Германия болды. Олардың бәсекелестігі әсіресе ауыр өнеркәсіп тауарларын сатура шиеленісті. Американ капиталы Германияны «ықпал ету аймағы» Шаньдунға етуге қызықты, бірақ Германия Америкаға түбелейлі қарсы тұра алды.
- Гримм Э.Д.Сборник долларов других документов по истории международных отношений на Дольнем Востоке (1842-1925) М., 1927, с 119-121 (сборник)
ХІХғ, аяғына таман АҚШ Қытайдағы экономикалық саясатында капитал енгізуде «ықпал ету аймақтарын» басып алу бірінші орынға шығады. «Конуссия үшін» күрес туып, АҚШ және басқа империалистік державалар арасында Қытайдың экономикалық дамуының маңызды тетігі-темір жол мен өнеркәсіп өндістерін басып алуда күрес шиеленісті.
Американ капиталы осы кезенде Қытайдағы теміржол құрылысының келешегіне басты назар аударды. Қытайдағы темір жол құрылысына капитал енгізу үшін арнайы «Американ Чайка дивелопмент компания» синдикаты құрылды. Бұл компания мақсаты Солтүстік Қытай теміржол салып, оны Сібір темір жолымен біріктіру еді. Бұл темір жол конкуссиясының жобасы дайындалды. с «Темір жолдың басты Ляоруж бұғазының кез-келген бір портынан басталып, Нючжуан, Мух деп және Герин арқылы Солтүстікке дейін созылады. Гириккен ары Цицикар арқылы созылып немесе басқа тәсілмен орыс Транкесібір теміржолының кез келген жеріне дейін созылып, онымен қосылады. Одан басқа Мукдеппен одан әрі Оңтүстікке Корея шекарасына созылады. Алайда, Американ Чайка дивелопмент компаниясы» әрекетіне Ресей тарапынан түбгейлі қарсылық туады. Нәтижесінде, американдықтар екінші сатыдағы Ханькоу –Кантон 1 жолымен жасалған шартпен қанағаттанды.
1896-99 жылдары аралығында Қытайда американдықтар небәрі ұзындығы 480 км. құрайтын бір ғана темір жол құрды, ал Ұлыбритания болса-90 темір жол (4500 км): Ресей-ұзындығы 2400 км-ге созылған 3 темір жол; Германия-2 темір жол (1150 км); Франция-3 теміржол (670 км) салып үлгерді 1.
Қытайдағы американ инвестициясының ісі де мәз емес еді. 1900 ж.
- Фурсенко А.А. Указ соч. Приложение с. 180, 188
Қытайдағы американ инвестициясының жалпы соммасы 24,7 млн. доллар құнымен АҚШ-тың бүкіл шетел капитал енгізудің 5 процентін ғана құрады. Олар Қытайда төмендегідей салаларға жұмсалды: өнеркәсіп инвестициялары-17,5 млн. доллар, қытай займы-2,2 млн. американ діни өкілдігінің мүлкі-5 млн. доллар
Инвестицияның негізгі үлесі «Стандарт Ойл» компаниясына түсті, бұл компания мұнай тауарларын сақтауға арналған үлкен резервуар соқты және оны өндейтін арнайы зауыты болды. Инвестицияның бір бөлігі тоқыма өнеркәсібіне жұмсалды жұмсалды, американдықтарға сонымен қатар Шанхайдағы темекі фабрикасы бағынды.
АҚШ Қиыр Шығыста өзіндік жағдайын тұрақтандыру мақсатымен миссионерлік қызмет ұйымдастыруға қөп қөңіл бөлді. 1800 жылы тек қана Қытайда мыңнан асатын миссионерді біріктірген, 30-дан астам қоғам құрылды. Миссионердің саяси және идеологиялық қызметі Қиыр Шығыс аймағындағы елдерінде Американ ықпалын таратуда маңызды жұмыс атқарды. Қытайда миисионердің қөмегімен ашылған оқу орындарының жартысы американдық еді 1. Жетімханаларда, мектептерде, колледждерде қытайларға «американ тұрмыс тішілігі» алдында бас тұру үйретілді, мұндағы сақсаты қытай шетел қанаушыларына қарсылығын бәсендету болды. Миссионерлер Қиыр Шығыста Американ экспансионистерінің идеологиялық авангарды ретінде таныстырылып, американ сауда және өнеркәсіп капиталының енуіне мүмкіндік туғызды, АҚШ үкіметінің түрлі, дипломатиылық; саяси және әскери акцияларына жәрдемдесті. Америка үкіметі мен іскер адамдар миссионерлік қызметінің таралуы пайдалы болғандықтан, олар оған материалдық және әскери-дипломатиялық қолдау қөрсетіп отырды.
- Колониальная политика капиталистических держава 1870-1914 М., 1967, с 54
Американ тарихшысы Б.Варг миссионерлік қозғалыс бір бөлігі екендігін айту және орынды, қытайлар миссионердің қызметін «Батыс империализмнің құрама бөлігі ретінде қабылдады»
Алайда, АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы жағдайы үйлеспеді, бір жағынан, қөптеген капиталистік елдерден экономикалық экспансия жолдарында үлкен мүмкіндіктері мен артылықшылықтарын ие болды. Екінші жағынан, басқа капиталистік державалар: Англия, Ресей, Германия, Франция да Қиыр Шығыста тұрақтануға ұмтылып, бұл жерде күшті ықпал болды. Бұлар АҚШ-тың Қытайдағы күшті бәсекелестері болды.
- АҚШ-тың Қытайдағы экономикалық саясаты.
«Ашық есік» доктринасы Қытай өзінің тауар өткізу рыногы ретінде
және шикізат қөі ретінде шексіз мүмкіндіктермен АҚШ экономикасын қатты қызықтырды. Қытаймен сауда жүргізу, — деп айтты сенатор А.Берердж: -болашақтың нағыз елеулі сауда факторы болып табылады. Америкаға осы сауданы бақылау бағытын қамтамассыз ете алмаған мемлекеттік қамкеттер-американ саудасына қарсы американдық мақта, бидай, темекі өндірушілерге, сонымен қатар киім мен машина өндірушілерге қарсы жасаған қылмыс болып саналады. 1899 жылы қазанда Оңтүстік кароликалық тоқыма фабриканың бір тобы бірнеше сенаторға хат жолдады. Олар Қытайда батыл саясат жүргізуді талап ете отырып, былай деп айтты: «Біздің штаттағы фабрикалардың қөпшілігі Қытай саудасы үшін тауар өндіріп отыр. Егер осы сұраныс бір себептермен тоқтап қалса, онда фабрикаларды жабуға тура келеді» , -деген.
- Добров А. Указ соч, с 293
Сонымен қатар, Англия, Германия, Ресей, Жапония арасында
Қытайдағы «ықпал ету аймағын» бөлесу, АҚШ-тың экспансионистік жобасына сәйкес келмеді. Сауда қөлемінің өсуіне қарамастан, АҚШ-тың Қытай сыртқы саудасындағы үлестік салмағы Англияға басқа да Европалық державаларға, соның ішінде Жапонияға жол беріп қойды. 1896 ж. АҚШ-тың Қытайдағы сыртқы саудасының үлестік салмағы 6,7 млн. доллар құрады, Европалық мемлекеттер-24,5 млн. доллар, Жапония-8,4 млн. доллар құрады
АҚШ-тың конуссия үшін күресіндегі басты қарсыластары Ресей мен
Германия болды, Қытайда Американ капиталының экспансиясын дамыту үшін қолайлы жағдайлар ұйымдастыру американ дипломатиясының басты мақсаты болды. Оны шешуде, Қытайдағы американ империализмінің экономикалық экспансиясының маңызды қаруларының бірі болған «Ашық есік» доктринасы құрылды.
Бұдан бұрын АҚШ-та Қиыр Шығыстағы «Өмірлік мүдделер»
концепциясын алды. Концепция бойынша Американың «тіршілік етуі Қиыр Шығыстағы рынокты басып алумен осы аймақта тұрақтандыруына байланысты деп келтірілді. Бүкіл ХІХ ғ. бойы АҚШ-тың Қытайдағы саясатының негізгі қолайлы жағдай туғызу принципі болды. Енді осындай теориялар империалистік державалар арасында одан әрі дамып,қиыр Шығыстағы «ықпал ету аймағы» үшін күреске шиеленістірудегі жаңа саясатқа ұласты. «Ашық есік» доктринасымен Қытайдағы оқиғалардың одан әрі өріс алуымен тығыз байланысты болды. Қытай империясын ірі капиталистік державалардың жаңадан бөліске салуы ашық түрде жүрді, енді бөліске Исталия мен Австро-Венгрия қосылды. Бірақ, ең маңызды фактор болып Ресейдің Қиыр Шығыстағы, әсіресе Қытайдың солтүстігіндегі Маньчжуриядағы бағытының күшеюі еді. Бұл аймаққа Америка капиталистері де қызыққан еді. Осының барлығына қарсы Қытайдағы антиимпериалистік қозғалыстың күннен-күнге күшейіп, қауіпті болып, үрейі нышан тудырды. «Біз осы рынокты қолға алу керекпіз,-деп жауды американ-азиаттық ассоциасына жақын сенатор Фрайолай болмағанын күнде Қытайда төңкеріс басталады».
Осындай нақты жағдайда «Ашық есік» доктринасы қалыптасты.
Державаларға қажетті үндеуді даярлау аммерикан дипломаты Рокхилге тапсырылды. Оны АҚШ президенті Т.Рузвельт АҚШ –тың Қиыр Шығыстағы саясаттың «авторы және кіндік атасы» деп атады. Нью-Иорктегі орыс финанс агенті Рутковскийдің айтуынша Рокхил Ақ Үйдің «шексіз сеніміне» ие болды және орың қатысуынсыз «Қытайға байланысты бірде бірмәселе шешілмеді»
«Ашық есік» доктринасының жариялануына ықылас білдірген
АҚШ-тың монополиялық ортасы болды. Олар 1898 жылының басында-ақ алғашқы талаптарының бірі ретінде Қытайда «Ашық есік» принциптерін жариялауды қолдаған еді. Осыған байланысты айта кететін қызғылықты жағдай, Покхил Қытайдағы американ-азиат ассоциациясымен тығыз байланысты еді. Ол ассоциясының президенті Э.Фрезермен және билеуші қайраткер және «Американ Чайка дивелопмент компанияның» жетекші тұлғасы К.Кәрима кездесіп, хат алмасып отырған. 1889 жылы қазанда Рокхат өзі американ-азиаттық ассициясына мүше болып үнеу жобасын құрастыра отырып, оның жоспарлық құжатын пайдаланды. Доктринаны даярлауда Рокхил сол уақытта Вашингтон ға келген қөп жылдары Қытай теңіз таможнясының шиеленуіндегі болған А.Хилкидің назарын аударады.
Алғашында доктрина Қытайға қызыққан державалардың бірікке қызметтерінің келісім шарты ретінде дайындалып, талқылаумен қол қоюға арналған еді.
- Фурсенко А.А. Указ. соч, с 146
Бірақ қейіннен АҚШ үкіметі дипломатиялық жобаны ұсынуға бел буды.
Рокхилдің державаларға ұсынған үндеудің жобасын АҚШ
президенті қолдап, 1899 жылы 6 қыркүйекте мемлекеттік хатшысы Хэйді Лондондағы, Бетербург пен Берлиндегі американ дипломатиялық өкілдері арқылы осы үкіметтерге жобаны ұсынады. Осы «ашық есік» доктринасын кейде Хэй доктринасы деп ете атаған. Бұл жобада Қытайға қызыққан империалистік державаларға бірлесіп қызмет жасауға шақырады. Біраз уақыттан соң тап осындай жоба Франция, Жапония мен Италия үкіметтеріне жолдады және олардың мазмұны ұқсас болды.
Жобада былай делінді: «Біздің үкіметіміз Қытайға қызыққан барлық
ұлы державалардың бүкіл әлемінің саудасына тиімді жолды қолдауға шақырды»
Бұл жолдар төмендегідей:
- Ол «Держава» Қытайдағы ықпал ету аймағына ие болған немесе
жалға алған территориядағы порттар мен зандандырылған істеріне араласпайтып болады;
- Айтылып өткен «ықпал ету аймағындағы» (Порта Франконы
есептемегенде) барлық порттарда ұлттық бөлініске қарамастан: барлық тауарларға бірдей, қабылданған қытайлық баж салығы қолданылады. Осындай жолмен жиналған баж салығын Қытай үкіметі талап ету керек:
- Осы «ықпал ету аймағында» орналасқан порттарда ол «держава»
басқа ұлттық кемелелерінен баж салығын өз кемелерінен жоғары алмайды, және темір жолдарда да жиналатын баж салығының құны бірдей болуы керек 1
Алғашқы қөзқарасқа бұл американ ұсынысы АҚШ-тың Қытайдағы
сауда дискриминациясына қарсы бағытталған болып қөрінеді.
- Хрестоматия по новой истории (1870-1918) М., 1959, с 209
Алайда, шын мәніндн, Қытай саудасындағы тең мүмкіндіктер жағдайында өзінің экономикалық артықшылығына сүйеніп, АҚШ өз уақытында Қытайдағы өзінің басымдылығын орнатуға мүмкіндіктер алады.
«Құрама Штаттары Қытаймен сауданы монополиялануға тырысады»,- деп герман дипломаты Деректаль атап өткен «Ашық есікдоктринасы белсенді шабуыл саясатын жүзеге асыру әдісіне айналатын еді. АҚШ-тың осы құжатта қөрсетілген негізгі мақсаттарының бірі,-Қытайда өзінің бөлінбейтін тұтас экономикалық билігін орнату болды.
Сонымен қатар «ашық есік» саясаты толығымен сауда саясаты
болған жоқ, 1899 жылы 22 қыркүйектегі Англия үкіметіне жолдаған жобасында АҚШ үкіметі: «басқа державаның қандай болса да провинцияға ықпалын немесе империядағы қандай болса да бақылауын мойындамайтынын айтып, өзінің баяндамасының мақсатын Қытайда «ашық» рынокты сақтау халықаралық назарлықтан ошақтарын жобаға келтірді. Соның арқасында Бекиндегі державалардың біріккен қимылдарын әкімшілік реформаларының пайдасын шешіп, Қытайда императорлық үкіметті күшейтуге және тұтастығын сақтап қалуға тырысты 1. Сонымен американ дипломатиясы АҚШ-тың Қытайдағы саясатының маңызды мәселесіне қөшті. «Қытайдың территориялық және әкімшілік тұтастығы жөнінде мәселені қозғай отырып, АҚШ ойдағыдай мақсатарын қөздеді: Қытайдың тұтастығын қолдай отырып, АҚШ өзін Қытайдың тәуелсіздігін жоқтаушысы ретінде қөрсету арқылы империалистік державалар саясатына қарсы наразылықты тоқтатып, Қытайдағы антиимпериалистік толқынның американ монополистерінің қолындағы тіл алған құрамына айналған Маньчжур династиясының
- Колониальная политика с. 314
дамуына жол бермеуге тырысты.
Сонымен қатар жобада келтірілген державалардың Қытайдағы
«біріккен әрекеттері» жөніндегі ұсыныстарымен қатар Қытай территориясының тұтастығы мен дербестігі жөніндегі ұрандар державалардың Қытайды бөлу саясатын қарама қайшы болды. Сонымен қатар, АҚШ ортаның императорлық үкіметтің билігін нығайту жолымен жергілікті провинциялық әкімшіліктің құқықтарын шектеуге тырысты, өйткені Қытайдағы тәртіп бойынша Пекин үкіметінің келісімімен басқа тағы теміржол немесе өндіріс объектісі жобаланған территориядағы жергілікті өкіметтерінің де келісімі қажет етті. Сонымен бірге әсіресе Қытайдың терең айдандарындағы провинциялық өкіметте, шетел капиталының енуі оппозиция құрылған еді.
Мыне, американ империализмнің «ашық есік» доктринасына орын алған негізгі мақсаттары осындай еді.
Бірақ Хэй доктринасын мойындау мен капиталситік державалар тарапынан АҚШ-қа қажет міндеттерге қол жету оңай болған жоқ. Державалардың жауаптары нақты болмады, нәтижеге жетуде американ дипломатиясы біраз күш жұмсауына тура келді. Әрі доктринаны қолдау дәрежесі әрі державаның «тең мүмкіндіктеріне» байланысты нақты салдармен анықталды. Тек қана Қытайда «Ықпал аймағына» ие болмаған Италия ғана американ жобасымен тең және сөзсіз келісті. Жапонияда «Ашық есік» доктринасын қолдады, өйткені ол жапонимпериализмнің қондырғысымен сәйкес келгендігі соншалықты, АҚШ-тағы Ресей дипломатиясының өкілі Касилидің сенімді мәліметтері бойынша, Жапония үкіметі де «Қытайға үкіметтелген державаларға тап осындай сұраныспен сөз сөйлеуден бас тартпас еді».
- Фурсенко А.А. Указ. соч., с 159
Англия екі жақты жауап жіберді, онда «Ұлы мәртебенің үкіметі,сіздің үкіметіміздің тілегі бойынша жолға алған Вейхайвей территориясына және Ұлыбританияның Қытайдағы ықпал аймағына қатысты өтінішін беруге дайын; егер тап сондай келісімді басқа да державалар қолдаса «Американ демаршына байланысты қолайлы позициясына Франция мен Германия алды. Франция Фашодтағы сәнсіздіктен кейін, әлі де өзіне келмегендіктен, Англиямен қақтығыс қысы келмеді. Ал Германия «ашық есік» доктринасы арқылы ашылған «ықпал аймағына» енуді үкіметтенді.
Ымыраға келмеген тек Ресей болды, өйткені орыс «ықпал аймағы»
Маньчжурия американ капиталының негізгі дәлелденген аймағы болды. Осы жерде АҚШ-тың ықпалының орнауы патша үкіметінің жоспарына қарама қайшы және Ресей тарапынан қарсылық білдіріпті. АҚШ пен Ресей үкіметінің американ ұсынысының қабылдау жөніндегі келіссөздері үш айға созылды. АҚШ тың жобасы финанс министрі С.Ю.Виттеге қабылдауға берілді, оның қатысуынсыз Қиыр Шығыста бірде-бір мәселе шешілмейтін еді. Ол сыртқы істер министріне жазған хатында: КСРО бойынша жолаушылар мен тауарлар тасылатын тарифімен қатар оның соңғы пунктерінде жүк салыну мен түсірілу тариі КВЖД қоғамымен бекітілуі тиіс. Осы занды жолмен жеткізу Қиыр Шығыстағы біздің экономилық мүдделеріміздің қолдайтын жеңілдіктерінен айырылып, ешқандай пайда қөрмейміз,-деп жазды. Нәтижесінде Ресей АҚШ жобасына берген территориясына байланысты болғандықтан, императорлық үкімет «ашық есік» саясатын қолдайтындығын Дальныйде ашық порт құруымен білдірді. Егерде болашақта бұл порт өздігінше еркін жерде баж сыйлығы басқа да шетел тауарларына қойылған тарифпен бірдей есептелінеді.
Қазіргі ашық порттар немесе болашақта шетелдік саудаға арналып
Қытай үкіметімен ашылатын порттарда және Ресей арендаға алған территориялар тыс жатқан жерлердегі баж салығы жөніндегі мәселені Қытай шешетін болды… Алайда императорлық үкіметтің бұндай шешімге келу Қытайға үкіметтелген басқа державалар қолдаған жағдайда ғана негізделді 1
Сонымен, ХІХ ғ. мен ХХ ғ. шегінде АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы
экспансиясының басты аймағы Қытай болды. «Ашық есік» доктринасын жариялай отырып, АҚШ үкіметі американ капиталының Қытайда нығаюын қөздеген еді. Алайда сәтсіздіктерінің бірі осы уақытта американ капиталын әсіресе қызықтырған Маньчжурияға есік аша алмаған болды, өйткені Ресей бұған қатысты ешқандай міндеттеме алмады. Сонымен қатар, АҚШ-тың басқа Қытай бөліктеріндегі саясатының табысты болуына сенім жоқ еді.
- АҚШ-тың «Ихэтуандар» қөтерілісін басуға қатысуы.
АҚШ-тың және басқа да империалситік державалардың Қытайдағы экономикалық отарлау саясатына қарсы және осы елдердің ішкі істеріне араласуына қарсы Пекинде ұлт-азаттық қозғалыс өршіді. 1900жылы Қытайда «Ихэтуань» құпия қоғамының басқа руымен антипериалистік қөтеріліс туды. Бұл «Жирек сайтандарға» яғни қытайлардың айтуы бойынша отаршылдарға қарсы бүкіл халықтық соғыс болды. Әсіресе қытай халқы американ мисионерлерінің қызметіне өшпенділікпен қарады.
Әсіресе европалықтарға ешпенділік себебі 2 қөтерілісшілер миссионерлер мен саудагерлердің резиденцияларын басып алып, үйлерін өртеп, тауарларын жойып, адамдарын өлтірді. Боксерлік прокламациялар Пекин қөшелерінде жаратылды.
- Красный архив. 1926, т. 14, с., 11, 15
- Бродский Р.М. Уаза. соч., с 43
Листовкаларда «Аспан тәңірі .. 8000000 аспан жауынгерлерін шетелдіктерді жою үшін жерге жіберді». 1900 жылы 12 маусымдағы бағдыханның жарлығында: «Біз шетел державаларымен соғысты бастап, бірнеше ірі шайқастарда жеңіске жетістік. Енді барлық патриоттар мен үкіметтік императорлық әскерлерге өзінің жеңімпаз қимылдарын жалғастыру үшін императорлық комиссиялар жіберілді Қөтерілісшілер отряды шетел консулдықтарын басыпқалып, Пекиндегі елшілік кварталын қоршауға алды. Ихэтуандар қөшерілісі Қытайдағы шетел үстемдігіне қауіп тудырды.
Көтеріліс жөніндегі хабар Қытайға қөзі түскен АҚШ ортасын үлейленді. Вашингтон орыс сенімді өкілі Де Ваннаның хабарлауынша Қытайдағы жағдайлар қөпшіліктің назарын аударды. Американ халқы бұрғылау машиналары жөнінде тіптен өзінің Филипиндегі жағдайын да ұмытып кетеді. Қытай жөніндегі халықтар мен мақала барлық жерлерде жарияланды Ресми баспа өкіметтен жазалаушы экспенция ұйымдастырып Қытайға жіберуін талап етті. Қытай рыногындағы құштар компаниялар үрелі соқты: «Американ Чайка дивелопмент компания» мемлекет хатшысы Хэйге хат жолдап: өздерінің өмірі мен мүлктерін және ірі ақша қарататын енгізу жоспарларын сақтап қалу үшін, күш қолдану саясатын талап етті.
Қоршауда қалған миссиландырды қорғау және босатуды сылтауратып , импреиалистік державалар әскери интервенция даярлауды бастады. Оны даярлау барысында державалар арасында Қытайдағы ықпал үшін талас шиеленісіп кешті. Кім Пекиндегі елшілік кварталын азат етсе, сол астанасының қожасы болатындығы және ықпалға ие болатындығы және ықпалға ие болатындығы анық болды.
Осындай шиеленіскен жағдайда АҚШ үкіметі өзінің Фелиппиндегі қиыншылықтарға және әскери күштің әлсіздігіне қарамастан, интервенцияға қатысу шешімін қабылдайды. Қөтерілісті басу барысында Қытайдағы ықпал аймағы жөніндегі мәселе шешілетіндігін түсіне отырып, АҚШ үкіметті өз қуатын қөрсетіп алғашқылардың бірі болып алға шықты. 1800 жылы маусым айында Солтүстік Қытай жағалауында американ клейсері «Нью Арк» қөрінді. Пекинге елшілікті қорғауға отряд келіп түсті, Пекинге аттанған империалистік державалардың біріккен әскерінің құрамына генерал Чеффидің қол басшылығымен 2100 американ офицерлері мен солдаттары кірді. Жапон дипломаты Кукудзура Иесидің айтуынша «құтқарушы корпустың құрамына 2000 американ солдаты мен 6 педияка кірді»
Қөпшілісті басымжаншуға қатысқан американ әскерінің жалпы саны шамамен 5 мың адам болды
АҚШ сонымен қатар Қытай теңіз жағалауында әскери-теңіз эскадрасын АҚШ пен Цинь патшалығы арасындағы құпия келіссөздер жүрді. Олар американ әскерін Бекинге еркін кіруіне мүмкіндік беру жөнінде талдады.
АҚШ қөтерілісті басуда әр ыңғайлы жағдайды пайдалана отырып интервенцияны ұйымдастыруда ерекше ынта беру арқылы өзінің беделік қөтеруге тырысты. Де Валланың айтуынша құрама штаттар әрқашанда бірінші орында қөруге ынталанды.
Сонымен қатар АҚШ капиталистік державалар мен Қытай арасындағы деллал ретінде қөрінгісі келіп, мүмкіндігінше Қытайдың ішкі істеріне араласпайтындығын қөрсетіп, бар ынтасымен Цинь сарайын қолдайтындығына дейін екенін білдірді. Сөйтіп, АҚШ –тағы орыс өкілі кассинимен әңгімесінде Хэй солдаттарды Қытайға аттандыра отырып, феодалды үкімет тек қана Пекиндегі Американ миссиясын қорғау мақсатын қойды. Және де қытай үкіметіне қатысты мәжбүрлікке қатыспайтындығын сендірді. 2 1900 жылы 3 шілдеде Хэә державаларға Қытайдың территориялық және әкімшілік тұтастығын сақтауды талап етіп ондағы мақсаты Қытайды бөлісуді тоқтатып, «ашық есік» принциптік жүзеге асыруға тарысты.
Сөйтіп, АҚШ жолымен Қытайдағы «ықпал ету аймағын» бөлісуде бірінші орында өзіне қамтамассыз етуге тырысты.
Қөтерілісті басқан соң, К.Иссидің айтуынша АҚШ басқада державалармен бірігіп, Қытайдан 45 млн. қөлемінде шетелдіктер мен олардың өкілдеріне келтірілген шығынның орнын толтыруды талап етті. 1
Қытайдың тағдырын шешкен Бекиндегі конференцияда империалистік державалар құрамында АҚШ-та болды. Мемлекеттік хатшы Лэйдің сөзі бойынша американ дипломатиясының басты мақсаты «қарбыз кесілген кезде» өзінің тілігін алу еді. Осындай ойды американ үкіметіне жақын Хэйдің және досы Генри Адам. Ол өз сөзінде «Ұжымдық аккупация мен бөлістің біреуін таңдау жолы тұрды, АҚШ ең оңай сенімді және арзан жол деп мойындап, соқтығыс таңдайды. 2
Осыған байланысты АҚШ барлық бағытта қарқынды әрекет бастады. Ең алдымен, Қытайды бөлісуде табысқа жету үшін Қытай территориясына әскер енгізу керек еді. 1900 жылы 21 қыркүйекте АҚШ үкіметі ресми түрде Ресейдің Пекиннен әскерді эвакуациялау жепіндегі ұсынысын қабылдамайды. Ол тіпті Англия, Франциямен тепе-тендік сақтау үшін Шанхай ға қосымша отряд жіберуге дайын еді. АҚШ-тың Пекиндегі конференциясындағы өкіметті мүшелері конгер мен Пеккин бұл мәселені неғұрлым ұзақ уақытта соза түріп, АҚШ-тың мүддесіне жауап беретін шешім қабылдауға тырысты.
Бірақ АҚШ-тың дипломатиялық қимылдары Қытайды бөлісуге дәмеленген басқа да империалистік державалардың Ресей, Германия, Англия, Франция, Жапонияның қарсылығына қақтығысты. Олар да өз тарапынан Қытайдағы өзінің ықпал ету аймағын кеңейтуге тырысып, АҚШ бағытының нығаюына жол бермеуге ұмтылды. АҚШ контрибуцияны төлейтін зиялды. Қытайдың мойнына салу әрекеті сәтсіздікпен аяқталды, өйткені бұған Франция мен Ресейдің өкілдері қарсы шықты. Алғашқы сәтсіздіктерінен кейін АҚШ қытай территориясында жерді күшпен басып алуға қөшті. Бірақ мұндай әрекеттері Жапония ықпалының астындағы самса шығанағына сатысты сәтсіздікпен аяқталды, сонымен қатар Чусак аралдарына байланысты Англиямен келісе алмады; Чтили провинциясында да сәтсіздікке тірелді, өйткені бұл жерді басып алуға Германия мен Ресей жол бермеді. Қараша-қайшылықтың негізгі түйіні Маньчжурия болды. Онда АҚШ Ресейдің нығаюына барынша қарсы тұрды. Осы мақсатпен Пекхил Жапонияның және Пекиндегі бірқатар Европалық елдердің өкілдерімен келіссөз жүргізіп, анти-орыс саясатын таратып, орыс-жапон дауын арандатты.
1901 ж. 7 қыркүйекте Қытай мен шетел державаларына арасында қорытынды протокол қол қойылды. Ол бойынша Қытайға 450 млн. нан контрибуциясымен бірқатар қорлайтын шарттар қойды
Антиимпериалистік Ихэтуань қөтерілісін басу барысында АҚШ Қытайдағы өзінің мақсатына жете алмады, бәсекелестерін ығыстыруда және Қытайда жаңадан ықпал ету аймағына ие болуда табысқа жетпеді. Өзінің басты мақсаты-Саньчжуриядан Ресейді қуып шығып, тұрақтануға тырысып, Жапония мен Англияны пайдаланып, Қиыр Шығыста империалистік қарама-қайшылық тудырады.