XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. XIX ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекеттер — Хиуа, Бұхара және ең үлкең дәрежеде — Қоқан экспансиясының объектісіне айналды. Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдік ету кезеңі біршама аз уақыт аралығын (шамамен 1810-1866 жылдар аралығын) алса да, бұл кезең — аймақтың Ресей империясына қосылуының тікелей алдында болған маңызды кезең. Оңтүстік Қазақстан өзін қазақтардың басқа облыстарынан сондайлық ерекшелендіретін сипатты белгілерге нақсол кезде түпкілікті ие болған еді.
Монғолдарға дейінгі кезенде Қазақстанның оңтүстігінде отырықшы егіншілік жазиралары қоршап жатқан, жеткілікті дәрежеде дамыған қала мәдениеті болғаны мәлім. Шынғысхан шапқыншьшығының оған мықтап апат келтіргені сонша, ол XIX ғасырға дейін оңала алмады. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлардың басып кіруі отырықшылық-егіншілік мәдениеттің құлдырауын ақырына дейін жеткізді. XVIII ғасырдын аяғына қарай Қазақстанның оңтүстігі оны мекендеген әр түрлі рулардын, көбінесе Ұлы жүз бен Орта жүз руларының көшпелі шаруашылығы басым аймақ болды.
Бұл жағдайлар мұнда қазақ хандары билігінің нығаюына себепші болмады, өйткені бай отырықшылық-егіншілік жазиралары болмаған олар көшпелі бірлестіктерге өз билігін нығайту үшін олардың ресурстарын пайдалана алмады. Солай бола тұрса да, XVIII ғасырдың аяғына дейін, Орталық Азия жоңғарлардың басқыншылығы, Ираннан Нәдір шахтың шапқыншылығы, Аштархан ұрпақтары мемлекетінің құлауы және өзбек қауымдарының Орта Азиядағы иеліктерді қайта бөлісу үшін жүргізген кескілескен күресі туғызған құлдыраудан ес жиып үлгіргенше, қазақ хандары жонғарларды ығыстырып шығарып, Қазақстаның оңтүстігінде өз билігін калпына келтіріп кана кой-май, жоңғарлардан Ташкентті қайтадан тартып алды, тіпті жергілікті қыпшақтарға сүйене отырып, Ферғана істеріне де арапаса бастады. 1748 жыл шамасында «ташкенттік төре», Барақсұлтанның баласы, Наманғанның билеушісі және Турақорғанның (кейіннен Солтүстік Ферғанадағы Қоқан наместнигінің резиденшшсы) негізін салушы Шығай ханды (ол әрі Ахмадхан) дала қыпшақтары Йазы — Ферғана ханы деп жариялады. Алайда көп ұзамай ол Қоқан билеушісі Әбді әл-Кәрім биден жеңіліс тапты.
XVIII ғасырдың аяғына қарай Орталық Азия шаруашылығының қалпына келтірілуі, осы негізде есіп шыққан жетекші үш мемлекеттік құрылым — Бұхара әмірлігінің, Қоқан және Хиуа ханлықтарының пайда болуы мен күшеюі жағдайды біртіндеп осы мемлекеттердін пайдасына өзгертті.
Ферғана тарихи жағынан да, географиялық жағынан да Қазақстанның оңтүстігімен тығызырақ байланысты болды. Осында XVIII ғасырдын басында, бастапқыда өзбектердің минг кұрылымының үлесі ретінде пайда болған шағын Қоқан иелігі бірте-бірте, XVIII ғасырдың аяғына қарай, солтүстік ферғаналық қожалардың жергілікті діни жетекшілерімен және басқа да рулық-тайпалық топтармен ойдағыдай күрес жүргізе отырып, бүкіл Ферғана ачкабын өз билігіне біріктірді.
1798 жылы Қоқан тағына Әлімбек (1773/75-1810) көтерілді. Шексіз билікке ұмтылып және өзін таққа көтерген мингтуыстарының, бақылауына тартыла отырып, ол мылтықпен қаруланған және негізінен Қухистаннан (таулы Тәжікстан мен Памирден, тура Гиндукушке дейін) шыққандардан кұрылған, саиы 6 мыңнан 10 мын, адамға дейін жететін және «тәжік» деген жалпы этнониммен аталған адал тұрақты әскер бөлімдерін құруға кірісті. Бұл «жаңа әскерді» бір ғана Ферғанадан түсетін кіріске ұстау мүімкін емес еді. Қоқан хандығы тонаушылық жорықтар мен кең көлемді аумақтық басқыншылықтар жолына түсті. 1805 жылы Ферғана аңғарынан шығар жердегі стратегиялық мекен – Ходжент біржола жаулап алынды. 1806 жылы қоқан әскерлері Ұратөбені жаулап алып, Жызақты қоршады. Шамамен нақсол уакытта Әлім бек, өз табыстарын заңжүзінде нығайтқандай, хан атағын қабылдады — Түркістан өміріндегі айта каларлыктай окиға, ол Хиуаның билеушісі, өзбектердің коңырат бірлестігінен шыққан Етзердіңхан атағын алуымен (1804-1806) бір мезгілде болды. Идеологиялық жағынан алғанда, зайырлы түрік-монғол мемлекеттің идеясының орта азиялық қожшар діни жетекшілерінен асып түсіп сажанат құрғаның білдірген бұл қоқан хандарының Бабыр мен әмір Темір арқылы Шыңғысхан тегінен шыққаны туралы аңызбен негізделді, ал аңыз ақиқат (құқық көзі) ретінде қабылданатын.
Қоқан экспансиясының келесі нысанасы Ташкент болды.
Жоңғарлар куып шығарылғаннан кейін Ташкент иелігінде шамамен 1792 немесе 1794 жылғадейін қазақтардың шыңғыс ұрпақтары, еңалдымен Абылай хан билік етті. Ташкент пен оның аймағын Абылай хан қазақ рулық топтары арасында былайша белді. Шымкент Шымыр руына тиді. Төрт бөліктен — «тіректерден» (бастапқыда — ауылдар) тұратын Ташкент ысты (Бесағаш), Қоңырат және Орта жүз (Көкше), жаныс (Сибзар), сіргелі, ысты және ошак-ты (Шейхантаур) арасында белінді. Шынасты құлас және найман кауымдары, Паркент қыстағы мен оның аймағын шыктым тобы алды. Теле бидің баласы, жаныс руынан шыкхан Ниязбек Ташкент түбінлегі бекіністің негізін калады, ол соның қүрметіне (яғни Ниязбек) аталды және қалаға су беруді реттеп оіы-ратын түйінді пунктке айналды. Сіргелі руынан Байтебек және кият руынан Кыбырай өздерініңбекіністі мекен-жайларын салды. Ташкенттің төрт бөлігін Абылай ханнынтумалары: Бабахан тере (Шейхантаур), Аштархан ұрпақта-рынан шыккан Раджаб бек (Бесағаш), Шағатай ханның ұрпақтарынан шык-қан Мұхаммед Ибраһим бек (Көкше) және Жошы ұрпақтарының Сибзарды басқарды. Олардың арасында Ташкентте өз билігін күшейту жолыиза үнемі күрес жүріп жатга.
Отырыкшы тұрғындардын, көшпелілер жетекшілерінін. зорлық-зомоылы-ғына наразылығын XIV ғасырда өмір сүрген жергілікті әулие Шейхантаур (Шайхауанд-и Таһур) ибн Шайх Омар Багистанидің ұрпағы Жүніскожа паіі-даланды. Ташкент иеліктерін бөлген кезде ен. колайсыз және сусыз жерлер тиген шанышкылы және каңлы руларындағы (өйткені олар Абылай ханның жоңғарлармен шайкастарына қатыспады) өз мүридтерінің колдануына сүйеніп, Жүніскожа 1792 не 1794 жылдардан бастап 11 жыл бойы Ташкентте өз билігін орнатты. Оны қият және түрік қауымдары да колдады. Жүніскожаның иеліктері оңтүстігінде күрама тауларына (яғни Ангрен өзенінің аңғарында орналасқан Кұрама ауданын қоса алғанда), шығысында — Бискан тауларын, батысында — Сырдарияға және солтүстігінде — Шымкентке дейін кеңейді. 1799 жылы Жүніскожа соған дейін Бұхараның камкорлығын пайдаланып келген Түркістанды басып алды.
Бірсыпыра уакыт бойы Ташкентте қожалардың софылык діни жетекшілер билігінің орнатылуы әбден занды кұбылыс еді. Орталык Азияда софылардың беделі жалпы алғанда өтежоғары болатын, ал хан билігі әлсіреген, аласапы-ран және «мезгілсіз» кезендерде жекелеген дәруіштікдінитоптар саяси өмірде кейде шешуші күштер деңгейіне кетеріліп отыратын.
П. П. Йванов орыс деректемелерінің хабарларын жинактай келіп, Жүніскожаның казақтар жөніндегі саясатын былайша сипаттаған: «Ташкент-ке ең жакын казақ аудандарын жаулап алуды аяқтап және Ұлы ордада хан атағын жойып, Жүнісқожа, сірә, қазақтайпаларының ішкі өміріне одан өрі араласпаған болса керек, оларды басқаруды билерге беріп, зекет жинаумен шектелді. Дала еңіріне өз ықпалын күшейту үшін Жүнісқожа казақтардың ең ыкпалды адамдарын өзіне кепіл етіп ұстады. Жоғарыда аталған деректемелерден дала казақтарының карастырылып отырған уакытта Ташкенттегі саудада да елеулі рел аткарғаны көрінеді». Ташкент билеушісінін негізгі әскери тірегі казактар болды.Отырықшы тұрғындар да, көшлелілер де алынған әскери жасақ Ташкентте де, Ферғанада да «кара казан»терминмен белгіленді. Ташкент иелігі жасағьгның саны 20 мыңнан 60 мыңға дейін жететін адам болды. Жүніскожаның билігі оның жеке беделімен, кару күшімен үсталды және берік болмады. Ол өзініңбес баласын — Мұхаммедқожаны, Ханқожаны, Хашимкожаны, Сұлтан қожаны және Хамиткожаны — Ташкентке бағынышты бекіністерге басшы етіп койды.
Жүнісқожа билігінін күшеюі мен шамшылдығы Ташкенттің Қоқанмен қактығысуына әкеп соқпай қоймады, ол феодалдық екі орталықтың бактала-стығы ғана емес, шын мәнінде мемлекеттік кұкықтық идеологияның екі ныса-нының: қожалар діни жетекшілері мен зайырлы биліктін. (хан билігінің) күресі де болды. Нақ осы күрестің барысында Қоқан билеушісі хан атағын алды.
Бастапқыда жағдай Қоқан үшін сөтсіз болып қалыптасты. Онын Ферғананың өзіндегі діни жетекшідік және окдіауланушылық сарындармен киын күрес жүргізуіне тура келді. 1799 жылы Әлім бек Ташкентке кокан бектерінің әйелдер жағынан туысы, Ходжентбилеушісі Ханқожаны жіберді. Кокан күштері Ташкентке жакындап келіп, Карасу деген жерге аяддаған еді. Осы жерде оларға Жүніскожа сырт жағьшан келіп тиісті. Қоқандыктар кашты. Ханкожа тұтқынға түсіп, 70 серігімен бірге өлтірілді. Соның нәтижесінде Жүнісқожа Күрамаиы басып алды. Кокан Ходженттен айырылды, ал Ферғананын солтүстігінде на-кшбанди діни тобының ферғаналық шейхы Лутфаллах Чустың ұрпағы, Чуст билеушісі Бұзрықкожа бүлік шығарды. 1800 жылы Жүнісқожа Ферғанаға аттанып, Ходжентке жакындады, осы каланың билеушісімен (онда қокан мингілерімен бакталас өзбектін йуз бірлестігінен ¥ратөбе әміршісінің кол-шоқпары билік ететін) Қоканға карсы одақжасасты. Қокан әскері де Ходженд-ке жақындап келіп, Сырдарияныңжағасынатоқтады. Екі жактың ешкайсысы езеннен өтуге бел байламады да, шайкас болмады. Үшінші өрекетген кейін ғана Әлім бек Чусты бағындырып, Бұзрыккожаны елтірді.
Сол екі арада, Ташкенттік үстем топтың пікіріне қарамастан, қазақтар тобы колпаштаған Жүнісқожа 1803 жылы Коканға карсы жаңа жорык жасамакшы болып ұйғарды. Ол Қоқанның өзіндегі Әлім бекке қарсы бой көрсетуге катгы сенді. Қазақтардан, Ташкент пен Кұрама тұрғындарынан әскер жинап алған Жүнісқожа Кұрама жотасы арқылы өтіп, Ферғанаға кірді, сөйтіп Ашт арқылы жүріп, Чадак жолымен Гурумсарай өткелі жанында Сырдарияның оң жағасына шыкты. Сол кезге карай Әлім бек Ходжентгі коршап тұрған бадах-шандық тәжік Раджаб дуанбегіне қарсыласын өзен аркылы еткізбеуге бұйрық береді. Ходжент жанында Сырдарияның оң жағасына етіп алған Раджаб дуанбегі жеделдете жүріп отырып, Гурумсарайға жетіп Ташкент әскерімен кездесті. Сонымен бір мезгілде Гурумсарай тұсында Сырдарияның сол жаға-сында Әлім бектің алдыңғы тобы да келді. Раджаб дуанбегі Коканның ақ жалауын көтеріп, қозғалмай түрған салт атты тубегінін касынатаулықтөжіктер арасынан елу мерген койып, өзінің жанына жіті кимылдайтын атты әскерді қалдырды. Ташкент әскерінде алауыздық орын алды. Бабахан тере, Рүстем төре және Әділ төре шайкасқа әуелі шанышкылылардың бөлімшелері мен Жүсіпқожаның өз жасағының кіруін талап етті. Казак атты әскерінің жа-лауға жасаған шабуылын мергендер мылтыктан ок атып тойтарды. Раджаб дуанбегі атты әскерінің шабуьшдары казақтардың катарларын бұзды. Қазак-тардың жасағы, ал содан сон Жүніскожа «ұрпактарының» жасағы да қоркып, каша женелді. Ташкенттің калған күштерінің шайкасқа кіріспегені былай тұрсын, Әлім бекке кашкындарды кайткенде тезірек қуып жетіп, тұтқындар мен олжаны калай колға түсіруге болатынын көрсетіп берді. Мұны керген Жүнісқожа мүлкі мен қазынасын тастай қашып, толық таңдауға ұшырады. Осы шайқастың өзінде-ақ Жүнісқожаның атты жасағының шабуылына атгы өскердің шабуылы мен атқыштардың оқ атуын бі р мезгілде карсы қойған қоқандыктар тактикасының артыкшылығы көрсетілді.
Жүніскожа кайтыс болғаннан кейін(1804немесе 18О5ж.)Ташкенттегі билік оның үлкен баласы Мұхаммедқожаға, ал содан соң — Жүніскожаның ортаншы баласы Сұлтанқожаға кешті. Ташкенттегі әр түрлі тайталасушы топтар арасындағы үздіксіз күрес Ташкент иелігін әлсіретті. Қазақ сүлтандары Түркістанға билікті тағы да кыска уакытқа өз қолына алды: 1806 және 1809 жылдар аралығында оңда Ибраһим сұлтан мен Қасым сүлтан отырды, Куат-хан мен Токайхан (Тоғайхан) соңғысының балалары болатын. 1810 жылы онда «Абылай хан немересі» делінген біреу билік етгі.»
Ташкентті Әлім бектің жаулап алуы екі кезенде өтті. Бірінші кезеңінде (1804—1807) қоқандықтар Ташкенттің оңтүстік жағындағы Ангрен өзенінің (Сырдарияның оң жак саласы) аңғарындағы өзбек рулары да, әр түрлі жүздердін казак, рулары да мекендеген облыс — Құраманы біржола жаулап алды. XVIII ғасырдын аяғында «кұрама халық» (түрлі ру-тайпа өкілдерінен құралған)9ірі елді мекені бар 10 мынға жуық адамнан тұрған. ХІХғасырдың орта шенінде Құрамада енді 24 бекіністі мекен болды, бұл орайда орталығы Кереуші бекінісі, маңызы бойынша екінші мекен Аблыкеді. Кұрамадағы тегі қазақ этностар арасынан шанышқылы (Ұлы жүз), тама және керейіт (Кіші жүз) руларын атап етуге болады; тама әулеті Бұка бекінісін иеленді. Құрама ауданын көшпелілердің интенсивті этникалыкбайланыстары мен жаппай отырықшылану өңірі деп карастыруға болады. 1807 жыл шамасында Әлім бек оның Жызакка жорығы кезінде Сұлтанқожаның содтүстік Ферғанаға кіріп, Шаиданды коршауға алған (бұл Әлім бекті Жызақты коршауды койып, Ферғанаға қайтуға мәжбүр етті) жағдайын пайдаланып, өзінін, бауыры Омар бекті Ташкентке аттандырды. Шыршық өзеніне жақын жерде Сұлтанқожаның әскерін талқандап және оның өзін тұткынға апып, Омар бек Ташкенттің жаңа билеушісі Хамитқожамен (Жүніскожаның шанышқылы және каңлы тайпалары билікке көтерген кіші баласымен) шарт жасасты, ол өзін коқан ханының вассалы деп мойындады. Ниязбек бекінісінде Момын бек бастаған қокан гарнизоны және таулық тәжіктер арасынан 500 аткыш калдырылды, оған Кереушінің билеушісі бағынуға тиіс болды.
1809 жыл шамасында діни құлшылық жасау (зікір салу) кезінде Әлім бекке қастандық жасалды: оны әлдебір кемтар (диуана) пышакпен ауыр жаракат-тады. Соныңсалдарынан Қоқаннан Ұратөбе иелігі бөлініп кетті, ал Хамитқожа кокандыктарға шабуыл жасау ниетімен әскер жинады. Сонда Әлім бек Ташкентке жана жорықұйымдастырды. Сол кезге қарай Момын бек Ниязбек бекінісінен шабуылдар жасап, каланы унемі дүрліктіріп отырды, ауыз судан тапшылық керсетіп, ташкентгіктердің жағдайын әбден киындатгы. Оның көп тұткындар алғаны сонша, оларды ит пен мысыққа айырбастады, Ниязбектегі шаяндарды кұрту үшін тіпті 13 үй кұсына үш тұткын беретін. Ташкентте аштық басталды. Ата-аналар балаларын бір күлшеге сатты. 11 күн қоршап, қала дуалын астынан үңгіп кдзып, бұзғаннан кейін кала алынды және бір күнге тонауға берілді. Хамиткожа Бұхараға қашты. Қаланы алу кезінде тәжіктің таулық атқыштары, жаяу әскерлер және зеңбірекшілер көзге түсті. Жаулап алушылар үшін кауіпті белгілі ташкенттіктердің бір бөлігі Коканға кепіл етіп женелтілді. Кейбір далалықтарды хан дарға асуға, ал ез жақтастарын ақса-қалдар (кала махаллалары мен қыстақтардың басшылары) және билер етіп бекіту ге бүйрык берді. Ташкенттің хакімі (наместнигі) етіп Сайид Әлібек пар-ванашы тагайындалды. Ташкентті бағындыру Қоқанның Оңтүстік Казакстанды жаулап алуы басталғанын көрсетті. Мұндағы жағдай Әлім бектің ой-ниетіне қолайлы болды. Қазақ билеушілері арасында бірлік болмады. Түркістан қаласының билеушілері Бұхараның көмегіне бағдар алды, сол кезде сайрамдықтар Қоқанның жуырдағы одактастары болатын: осыдан бірнеше жыл бүрын Үратөбе түбінде Бүхара әмірі Хайдардың (1780— 1826 жылғы казан; 1800— 1826 жылдарда билік құрды) Әлім бекпен ірі шайкасы өтгі. Түркістанның бцлеушілері Ибраһим сүлтан мен Қасым сұлтан және соңғысыныңбалалары Қуатхан мен Токайхан (Тоғайхан) әмір жағында, ал 3—4 әскербасы бар 10 мыңадаздықсайрам әскері Әлім бек жағында шайқасты. Онда қоқандықтар жеңіліс тапты, оның үстіне түркістандыктар сайрамдыктардың тасталқаның шығарды.
Басқа бір казакбилеушісі Әділ тере (Абьшай ханнын үшінші баласы) өзара кыркыстар себепті 10 мың отбасымен бірге туған жерінен мүлде кетіп, кытай-лықтардың иеліктерінен пана іздеуге мәжбүр болды. Ташкентте ірге тепкен казақтын Шынғыс ұрпактарына келер болсақ, олар кейіннен болган оқиғалар-дың көрсеткеніндей, бастапкы кезенде Дешті Қыпшақта қоқан саясатын жүргізушілер болған.