Самодержаваемен жекпе-жек күресте дұрыс революцияшыл теорияны іздеу халық ерікшілдері өздерінің таңдаулы күштерінен айрылып, өз ұйымын әлсіретіп алды. Сонымен қатар олардың ен, басты террорлық мақсатының жүзеге асырылуы — император II Александрдың өлтірілуі халық ерікшілдерінің тактикасының дұрыс еместігін, олардың программалық және теориялық нұсқаларының қателігін көрсетті. Күресті сол бұрынғы жолмен жүргізе бермек болған халықшыл революционерлер мұны бірден ұға қойған жоқ. Алайда 80-жылдардың бас кезіндегі реакцияның меңіреу үстемдігі кезеңінде орыстың революцияшыл қозғалысында жаңа ағым белең берді. «Нақ сол заманда орыстың революциялық ой-пікірлері бәрінен де гөрі жігерлі жұмыс істеді»,— деп атап керсетті В. И. Ленин. Революцияшыл ой-пікір Россияның экономикалық құрылысында шаруалар реформасынан бергі уақыт ішінде болған өзгерістерге қорытынды жасауға тиісті болды. Ол ең алдымен ірі машина индустриясының және темір жолдардың едәуір жедел ескенін, соның нәтижесінде өнеркәсіп пен темір жол пролетариатының қалың бұқарасы қалыптасқанын көрмей отыра алмады. Мұның үстіле бұрын жалпылама бір тұтас бұқара болып келген шаруалар халқы енді барған сайын село буржуазиясы мен село пролетариатына жіктеле бастады. Россиядағы болашақ адам — пролетарий екенін өмірдің өзі көрсетті. Жалпы адамзат мәдениетінің XIX ғасырдағы ең ұлы табысы — К. Маркс пен Ф. Энгельстің ілімін орыс революционерлерінің қабыл алып, Россия жағдайына қолдануы олардын, жоғарыдағы қорытындыны ғылми тұрғыдан негіздеуіне көмектесті. Марксизмді Россияда алғашқы тарата бастағандар Георгий Валентинович Плеханов пен оның «Еңбекті азат ету» тобы болды.
Г. В. Плеханов және Г. В. Плеханов 1856 жылғы 29 ноябрьде Тамбов губерниясының Гудаловка селолығына шығуы осында помещик семьясында туды.Воронеж гимназиясын өте жақсы бітірген Плеханов 1874 жылы
Петербургтегі тау-кен институтына оқуға түсті. Мұнда ол халықшылдық қозғалысқа белсене қатыса бастады да, көп ұзамай құпия «Жер мен ерік» қоғамының көрнекті қайраткерлерінің бірі болып алды. «Жер мен ерік» қоғамы жікке бөлініп, «Халық еркі» партиясы құрылғаннан иейін Плеханов халықшылдардың шаруалар социализмі идеясына шын берілген тобын жаңа «Қаралай бөліс» ұйымына топтастырды, бірақ кейіннен ол полицияның қуғындауы салдарынан 1880 жылы жасырын түрде шетелге кетуге мәжбүр болды.
Ол Женевада тұрып, Маркс пен Энгельстік ғылми социализмімен және батыс европалық жұмысшы қозғалысымен жақынырақ танысты, сондай-ақ орыстың революциялық қозғалысының практикалық тәжірибесіне тереңірек зер салды. Плеханавтың бар ынтасы бірте-бірте марксизмді оқып үйренуге ауды. «Өзімнің жеке басым туралы айтсам,— деп жазды Плеханов бертін келе,— «Коммунистік манифесті» оқу менің емірімдегі бүкіл бір дәуір болды». 1882 жылы Плеханов «Коммунистік манифесті» орыс тіліне аударып, оған өзі алғы сөз жазды, мұның өзі онын, марксизм позициясына көшкендігіне айғақ болды.
Орыстың революцияшыл ой-пікірдегі «Еңбекті азат ету» жаңа, маркстік ағымы Г. В. Плеханов орыстың тұңғыш маркстік «Еңбекті азат ету» тобын құрған кезеңнен бастап қалыптасты. Топтың құрамына Плехановтан басқа бұрынғы «қаралай белісшілер» В. Засулич, П. Аксельрод және басқалар енді. 1883 жылғы 25 сентябрьде бұл топ орыстың шетелдік баспасөзінде «Қазіргі заманғы социализмнің кітапханасын басып шығару туралы» деген өздерінің программалық мәлімдемесін жариялады. Өзінің осы мәлімдемесінде абсолютизммен күресуді аса маңызды тарихи міндет деп тапқан бұл топ орыс жұмысшы табын ұйымдастырып, онын, арасында социализмді насихаттауды, Россиядағы болашақ жұмысшы социалистік партиясын құруға әзірлік жасауды өзінің алдына мақсат етіп қойды.
«Қазіргі заманғы социализмнің кітапханасын» басып шығару топтың, жаңа күрес жалындағы алғашқы қадамы болды. «Кітапхананың» міндеті, біріншіден, Маркс пен Энгельстің аса маңызды шығармаларын орыс тіліне аудару арқылы Россияда ғылми социализм идеяларын тарату; екіншіден, революциялық ортада басым болып келген халықшылдық теорияларды сынап, орыстың қоғамдық өмірінін, аса маңызды мәселелерін ғылми социализм мен жұмысшы табының мүддесі тұрғысынан жазып шығу болды.
«Еңбекті азат ету» тобы маркістік әдебиетті басып шығару және оны Россияда тарату жөнінде үлкен жұмыстар істеді. Өз еңбектерін жарыққа шығарумен қатар топтың Плеханов және басқа мүшелері К. Маркс пен Ф.Энгельстің бірқатар шығармаларын: «Коммунистік партияның манифестін», «Жалдамалы еңбек пен капиталды», «Социализмнің утопиядан ғылымға дамуын», «Философия қайыршылығын» және басқаларды орыс тіліне аударып, бастырып шығарды. Оның үстіне «Жұмысшы кітапханасы» деген атпен Дикштейннің сол кезде жұртқа әйгілі болған «Кім қалай тұрады» деген кітапшасы, жұмысшы Петр Алексеевтің сотта сөйлеген сөзі және басқа әдебиет басылып шықты. Россиядағы алғашқы маркстік үйірмелер мен топтардың жасырын кітапханалары негізінен алғанда осы кітаптар мен кітапшалардан құрастырылды.
«Еңбекті азат ету» тобы өзінің жұмысын өздеріне орыстың көпшілігі халықшылдар болып табылатын революционер эмигранттары дұшпандықпен қараған аса қолайсыз жағдайларда батады. Бірақ ол күрес майданына өзі қорғап отырған марксизм идеялары қоғамдық дамудың талаптарын дұрыс бейнелейтініне кезі жеткен берік сеніммен шықты. Орыстың марксизмі Россияда туып келе жатқан пролетарлық қозғалыстың теориялық көрінісі еді.
Г. Плеханов пен В. Засулич К. Маркспен және Ф. Энгельспен хат жазыса бастады. «Еңбекті азат ету» тобының мүшелері сондай-ақ халықаралық социалдемократиялық қозғалыстың аса көрнекті қайраткерлері В. Либкнехтпен және А. Бебельмен, П. Лафаргпен және Ж. Гедпен, Польшадағы, Болгариядағы, Румыниядағы алғашқы марксшіл топтардың басшыларымен және басқалармен үздіксіз хат жазысып тұрды, шетелдік социалистік баспасөзге ат салысты. Орыстың жас марксшіл ой-пікірінің халықаралық аренадағы өкілі болған Плеханов көп ұзамай-ақ Ф. Энгельстен кейінгі маркстік философия жөнінде жазатын ең ірі тұлға болып алға шықты.
Плехановтың халықшылдармен күресі
Г. В. Плеханов халықшылдардың барлық экономикалық және философиялық көзқарастарын ең бірінші болып батыл сынға алды. Халықшылдардың дүмше пікірлерін тереңде өткір сынға алумен қатар Плеханов маркстік көзқарастарды тамаша қорғап, негіздеп берді.
Өзінің халықшылдыққа қарсы жазған сындарында Плеханов К. Маркс пен Ф. Энгельстің Прудон, Бакунин, Ткачев және басқалар сияқты социализм мен анархизмнің ұсақ буржуазиялық, утопиялық ағымдарымен күрестегі тәжірибесіне сүйенді. Революцияшыл халықшылдардың патша өкіметіне қарсы жан қиярлық күресіне шын жүректен тілектестік білдіре отырып, Маркс пен Энгельс халықшылдардың Россия ерекше жолмен — капитализмге соқпастан шаруалар қауымы арқылы социализмге дамиды деген көзқарастарын санады. Орыс халықшылдарын сынағанда Маркс Россия тарихын және оның аграрлық құрылысын алғашқы деректер бойынша терең зерттеген мағлұматтарына сүйенді. К. Маркс пен Ф. Энгельстің көзқарастарын дамыта отырып Плеханов халықшылдықты жанжақты сынға. алды.
Тұтас алғанда «Еңбекті азат ету» тобының программасы бүкіл орыс революциялық қозғалысының толғағы жеткен мәселесі — саяси бостандық жолындағы, социализм жолындағы күреске қажетті күштерді қайдан алу керек деген мәселеге дұрыс жауап берді және Россиядағы дербес жұмысшы қозғалысы жаңа туып келе жатқан кездің өзінде-ақ күрестің дұрыс жолын белгілеп берді. Оның зор тарихи маңызы міне осында. Плехановтың халықшылдарымен жүргізген қиян-кескі идеялық күресі және оның марксшіл көзқарастарды дарындылықпен насихаттауы марксизмнің орыс жерінде дамытылуының манызды кезеңі болды. Революцияшыл көқіл күйдегі интеллигенцияның ақыл-ойын әлі де болса билеп келе жатқан және алдыңғы қатарлы жұмысшыларды адастырушы халықшылдық идеологияны женбейінше, орыстың революцияшыл қозғалысы дұрыс жолға шыға алмайтын еді. Оның табысқа жетуі үшін ең алдымен халықшылдықты идея жағынан талқандау кажет болды. Плеханов және оның «Еңбекті азат ету» тобы халықшылдық теория мен практиканы өлтіре сынай отырып, оған күшті соққы берді.
1883 жылы «Еңбекті азат ету» тобының құрылуының арқасында Россияда марксизм туды. «Орыс социалдемократиясының негізін қалау —«Еңбекті азат ету» тобының сіңірген басты еңбегі»—деп атап көрсетті В. И.Ленин. Бұл топ құрылғаннан кейінгі алғашқы он жыл Россияда марксизм теориясының, марксшіл көзқарастың, социалдемократияның программалық қағидаларының жасалып, нығайған кезеңі болды. Бірақ идеялық ағым ретінде қалыптасқанымен бұл кезеңде орыс социал-демократиясының бұқаралық жұмысшы қозғалысымен байланысы болмады. Орыс социал-демократиясын теориялық, идеялық жағынан негіздеген «Еңбекті азат ету» тобы пролетарлық қозғалысқа қарай тек алғашқы қадамды жасаған еді.
«Социализм және саяси күрес», «Біздің ала ауыздықтарымыз» деген өзінің алғашқы еңбектерінде Плеханов Россияда шаруалар мәселесінің орасан зор маңызы бар деп тапты, деревняда крепостниктік қатынастардың қалдықтарын жоюды жақтап, тіпті социал-демократтар жерді национализациялау және «қаралай бөліс» талаптарын қолдауға дейін баратынын айтты. Алайда кейіннен ол бұл мәселелерде ақырына дейін дәйекті болмады, сөйтіп, бірқатар жағдайларда шаруалардың революцияшылдық рөлін жете бағаламады. «Пролетарий мен «мұжық»,— деп, жазды Плеханов,— бұлар нағыз біріне-бірі қарама-қарсы күштер Пролетариаттың тарихи рөлі қаншалықты революцияшыл болса, «мұжықтың» рөлі соншалықты кертартпа». Мұнымен бірге ол патша өкіметі мен буржуазия арасындағы қайшылықтың тереңдігінде асыра бағалап, орыс буржуазиясы «көп реттерде батыс буржуазиясының рөліне ұқсас роль атқарады», яғни революциялық роль атқарады деп санады.
Плехановтың бұл қате пікірлерін В. И. Ленин түзеді. Марксизмнің дамуының жаңа кезеңі Лениннің есімімен тығыз байланысты.