Фашистік Германияны КСРО жеңгеннен кейін Еуропа елдеріндегі кеңес үкіметі жоғарғы шенді әскерилерді Еуропа елдеріне жібереді, олар бұрынғы әскери тұтқындарды ешқандай жазалау болмайтынына кепілдік береді. Адамдар бұған сенгісі келді және Отанының оларды күтетініне сенді де. Кеңес эмиссарлары Еуропадағы партизан қозғалысы жағына өткен бұрынғы әскери тұтқындарға қолданатын арнайы қызметтер ұйымдастырады. Бұл қызметтер бұрынғы кеңес азаматтарын репатриациалаумен айналысады (213). КПСС Орталық Комитеті еуропа елдеріндегі туысқан коммунистік партиялардың орталық комитеттеріне сол елдердегі партизан қозғалысына қатынасқан бұрынғы кеңестік қызылармияшылардың толық тізімін беруді ұсынып, хат жолдады.
Енді ғана КСРО-да Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің 1941 жылғы 27 желтоқсандағы әскери тыл шеңберінде құрама-аударма пункттерін құру туралы қаулысы белсенді түрде тарала бастады. Бұл пункттерге барлық тұтқында болғандарды және жау қоршауында қалған бұрынғы қызыл армияшыларды олардың арасында шпиондар мен диверсанттар бар-жоқтығын анықтау мақсатында жіберу керек болды. Олар Ішкі істер Наркомы Л.П.Берияның 1942 жылғы 13 қаңтарда бекіткен «НКВД-ның арнайы лагерлерінде тұтқында және жау қоршауында қалған бұрынғы Қызыл Армия әскерлерін ұстау тәртібі туралы уақытша нұсқауымен» жау әскерінің тұтқын солдаттары ретінде жіктелді. Арнайы лагерлер жүйесі құрылды. Кеңестер Одағына оралушы әскери тұтқындар ағымы 1944 жылдан бастап бірден көбейді, осыған байланысты НКВД, НКГБ және «СМЕРШ» әскери бақылау-барлау /контрразведка/ қызметі органдарының алдында әрбір оралушыны тексеру міндеті тұрды. Бұл жерде әңгіме тек ондаған немесе жүздеген емес, миллиондаған азаматтар туралы еді. Ресей Федерациясы Комиссиясы баяндаған құжатта «әскери тұтқындарға деген қатаң, аяусыз қарым-қатынас жеңістен кейін де көптеген жылдар бойы сақталды» деп көрсетілген (214).
Соғыс біткенге дейін бір жыл бұрын, яғни, 1944 жылы жазда барлық елге оралушы әскери тұтқындар мен репатриацияланғандарды сүзгіден өткізу мен тексерудің жаңа жүйесін мемлекеттік қауіпсіздік органдары жасап, енгізді. Соғыстан кейін тексеру мен сүзгіден өткізу тәртібі бірден қатаңданды. Шекараларда бақылау-өткізу пункттерінің жүйесі құрылды, ал кеңестік территорияның шекаралық сызықтарында – тексеру-сүзгіден өткізу (ПФП) жүйесі құрылды. ПФП-да отырған адамдарды азықтандыру ГУЛАГа мөлшері бойынша арнайы қаулымен белгіленді. ПФП-ға азаматтарды жеткізу НКВД, НКГБ және «СМЕРШ» әскери конвойымен НКВД өкілінің жетекшілік етуімен жүзеге асырылды (215).
1944 жылғы қарашада шыққан ГКО-ның қаулысына сәйкес Қызыл армияның барлық әскерилері тұтқыннан босатылды, олар әскери округтердің запастағы бөлімдеріне жіберілді, онда НКО «СМЕРШ» бақылау-барлау органдары тексеру жүргізді. Тәртібі бойынша арнайы запастағы бөлімдердің НКВД-ның тексеру-сүзгіден өткізу лагерлерінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ.
1944 жылы болған кескілескен шайқастар Қызыл Армия жоғалтқан адамдардың орнын қайтадан толтыруды талап етті. Сондықтан тексеруден кейін әскери тұтқындардың бір бөлігі шайқасып жатқан армияға жіберілді.
Неміс армиясы қызметінде жүрген көптеген әскери тұтқындар мен «власовшылар» ұрыстар кезінде және Германия құлағаннан кейін ұсталды. «Власов» армиясының командалық кадрлері, кеңестік және одақтық армиямен бейбіт азаматтарға, партизандарға қарсы неміс әскерлерінің қанқұйлы операцияларына белсенді қатысушылар айқындалды. Бұл адамдардың істерін, ережеге сай, үштік, яғни, НКВД, НКГБ, және «СМЕРШ» өкілдері қарастырды (216).
Соғыс біткеннен кейін тірі қалған адамдар одан ары тексерілу үшін есепке алынды, олардың көпшілігі, тіпті барлығы дерлік лагерлерде болды.
Тексеру мен сүзгіден өтуге жіберілгендерді тікен сымдармен қоршалған зоналарда ұстады, туысқандарымен хабар алысу құқығынан айырды.
Жабылғандарға сияқты, тексерушілерге де белгілі бір ақшалай табыс келтіру жоспарланды, ал жалақының едәуір бөлігі мемлекет кірісіне жіберілді.
Тексерудің ұзақтығы бірнеше айдан бірнеше жылға жетті. Осы лагерлердегі тәртіп сипатының, тексеру мен сүзгіден өткізу реті мен әдістерінің үлгісі, РФ комиссиясының материалдарында көрсетілгендей, хаттар болуы мүмкін, оның авторы Шахта қаласындағы №48 лагерінен былай деп жазды: «Бұл жерде барлық жастағы және барлық ұлттың адамдары ұсталып отыр. Олардың барлығы Румыния, Германия, Франция тұтқынында болған». Осы туберкулездік орынға жабылған адамдар өз тағдырының шешімін ойлап, жылдап күтеді. Егер адам лагерде 6-ай отырған болса, жетінші айда тегеуге шақырылады. Тергеп болған соң, тағы жарты жылдан кейін тергеуге шақырылады. Ол уақытым бітті-ау дегенде оған:«Сіздің жұмысыңыз отыру, қарсылық көрсету мәнсіз, тағы тексереміз, содан соң аржағы белгілі болады» деп жауап берді.
Басқа ұлттың адамдарына ерекше тергеу жүргізілді. Бұл жерде сен кінәлісің бе, жоқ па, отырасың басқа ешқандай шара жоқ.
Тергеуді қызық жүргізеді: «Тұтқынға қай жерде түстің?» — жауап «сол жерде», «қалай» — жауап «осылай». «Сен неге тұтқынға түсесің, неге өзіңді-өзің атпадың?» және т.с.с. «осы лагерде шіримін»(217).
Түркістанның бұрынғы легионерлеріне жүргізілген сот процестері соғыс біткеннен кейін бірнеше жылға созылады. Легионерлер «істі» кеңестік республикаларда қарастырылады. Қазақстандағы ең белгілі іс болып танылған бұрынғы легионерлердің 49 -ның соты болды, оларды Мұстафа Шоқаймен байланысты деп айыптауға тырысты. Бұл жөнінде «Ұлтшылдар» мен «Халық жауы» деп аталатын коммунистердің көзін жойған компанияларына арналған тарауда баяндалған. Түркістандық Манас Нұғманов пен оның отандастарының тағдыры басқаларға үлгі болды. Олар туралы 1994 жылы түсірген француз кинематографистерінің документальды лентасында айтылған. Манас Нұғманов фашистердің тұтқынында болған. Түркістан легионына өтеді, жерлестерімен бірге легионнан қашады, Француз партизандарымен бірге соғысады. Олардың арасындағы соғыста сіңірген ерліктерін командование атап көрсетеді. Елге оралған соң Манас Нұғманов Новокузнецкідегі лагерде 10 жыл отырады(218). Оның Француздан туған қызы Моник – Светлана Легра – Нұманов әкесінің соғыстан кейінгі өмірін дұрыстауға көп күш -жігер жұмсады, бұл «Жер дәні үшін»фильмінде көрсетілген.
Шетелдерде қалған түркістан лигионерлерінің тағдыры.
Кеңес эмиссарлары ұйымдастырған үгіт -насихат жұмыстарына қарамастан Мұстафа Шоқайдың ұлт – азаттық қозғалыс жөніндегі идеяларымен жақсы таныс болған Түркістан легионерлерінің көпшілігі үгіт — насихатқа сенбестен шетелдерде қалуды ұйғарды. Мұстафа Шоқай құрған түркістан ұлт – азаттық қозғалысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де өз жалғасын тапты, осы Жекеленген идеяларға сенген адамдар коммунистік идеологияға қарсы болды. Солардың бірі Карис Қанатбай. Мұстафа Шоқайдың идеялары «суық соғыс» кезеңінде «Еркіндік» радиосы редакциясы бағдарламасының негізі болды, оның хабарламалары кеңестік Орталық Азия республикаларында бірнеше тілде беріліп тұрды.
Шет елдерде өмір сүруді жалғастырып жатқан түркістандықтардың өмір тарихы мен қызметтері әлі толық зеріттеліп біткен жоқ. Ол, біздің пікірімізше, жеке кітап тақырыбы болуы тиіс, және осы зерттеудің келесі бөлімі болары хақ, келесі зерттеу тақырыбы түркістандық саяси 7 миграцияға арналады.
Шетелдерде қалған түркістан легионерлерінің тағдыры. Кеңес эмиссиялары ұйымдастырған үгіт насихат жұмыстарына қарамастан Мұстафа Шоқай ұлт азаттық қозғалыс жөніндегі идеялармен жақсы таныс болған Түркістан легионерлерінің көпшілігі үгіт насихатқа сенбестен шетелдерде қалуды ұйғарды. Мұстафа Шоқай құрған Түркістан ұлт азаттық қозғалысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де өз жалғасын тапты, Осы жекеленген идеаларға сенген адамдар коммунистік идиологияға қарсы болды. Солардың бірі Карис Қанатбай. Мұстафа Шоқайдың идеалары “Суық соғыс” кезеңінде “Еркіндік” радиосы редакциясы бағдарламасының негізі болды, оның хабарламалары кеңестік Орталық Азия республикаларында бірнеше тілде беріліп тұрады.
Шет елдерде өмір сүруді жалғастырып жатқан түркістандықтардың өмір тарихы мен қызметтері әлі толық зерттеліп біткен жоқ.
Соғыс тұтқындарының Кеңес одағына оралғаннан кейінгі тағдыры да өте ауыр болды М.Геллеер мен ненристің Лондонда Н.Толстойдың Парижде басылған зерттеулерінде мынадай мәліметтер берген. 1943 47 жылдары кеңес одағына бес жарым миллионға жуық соғыс тұтқыны мен Германияға жұмысқа айдалған азаматтар қайтарылған. Солардың 20 % атылған немесе 25 жылға айдалған, 15-20 % 5-10 жылға лагерлерге жіберілген. 10 % Сібірдің соғыс аудандарына жер аударылды. Соғыста қиратылған аудандарда ауыр жұмысқа салынды, 15-20 % ғана тұрған жеріне оралды, бірақ оларға жұмысқа орналасуға тұтқын болған “айыбы” үшін үнемі кедергі жасап отырған. Ал 15-20 % тағдыры белгісіз мүмкін қашқын болар мүмкін түрмеде болар. Демек, соғыс тұтқындарын кеңестік “отанын” екі рет сатты. Әуелі неміс тұтқынында жүргенде қорғаудан бас тартты, ал кейін елге қайтқанда ауыр жазаға ұшыратты. Егер бүгін сол апат соғысты бастан кешірмегенде ұрпақ, шындықты іздемей, соғыс тұтқындарына “сатқын” ретінде қарайтын болса, бұл оларды үшінші рет сату болар еді. Ресейде аталған мәселені жан жақты зерттеу басталды.