Батыс зерттеушілерінің көзқарастары

Түркістан легионы – ХХ ғасырда дүниені білуге таласқан екі идиологияның шиеленісуінен туды деуге болады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еуропа елдеріне тұтқындар ретінде отандастарымызды апарып төкті. Сондықтан легион тарихы Евроупа елдеріне барған түркі тілдес азаматтардың хикаясы болып табылады. Гулжауһар Көкебаеваның легионерлер жөнінде халықаралық құжаттар негізінде мынадай түсіндірме жүргізілді. Онда, қанша ерсі көрінсе де соғыс жүргізудің белгілі бір тәртіптері әсіресе тұттықндарға келгенде соғысып жатқан екі жақ қол қойылған құжаттарға сүйену қажет. І Дүние жүзілік соғыс кезінде осындай құқықтардың бірі БААГА келісімі болған. Оған Европа елдері тегіс қол қойған. Кейін 1129 жылы бұл келісім қайта қаралып, толықтырылып “Женева Конвенциясы ” деп аталды. Оны 47 ел танып қол қояды. Кеңес үкіметі құжаттардың бірін де мойындамайды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Фашистік тұтқынға түскен әр түрлі елдер өкілдерінің ішінде сан жағынан ең көбі. — кеңестік тұтқындар. Олардың жалпы саны 5,7 млн соның 3,8 млн алғашқы айда қолға түскен. Әрине бұл жағдайды тұтқиылдан басталуы іспетті сылтаулармен түсіндіруге болар еді. Алайда соңғы жылдарда белгілі болған мәліметтерге қарап, себептер әлде қайда тереіңде жатқанын байқауға болады.

Женева келісміне қайта оралар болсақ КСРО ны батыс елдерінің өкілдерімен салыстырғанда погославтар мен поляктардың жағдайы әлдеқайда нашарлау еді. Алайда олар халықаралық құқықтар жүйесін пайдаланып, қызыл крестен көмек алып отырады, сондықтан жаппай қыруға ұшыраған жоқ. 1914 жылы 17 шілдеде Кеңес одағы Швед үкіметі аруқылы Гитлерге екі жақтың тұтқындарына қатысты мәселеде БААГА келісіміне сүйену туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты алғашқы жеңістерге мастанған фашистік үкімет қабылдамайды. Ал кейін кеңес тұтқынындағы немістердің саны көбейген кезде Германия екі жақтың Женева келісімінің қолдану туралы ұсыныс жасайды, бұл ұсынысты Сталин қабылдамайды.

Кеңес үкіметі тұтқындағы өз азаматтарын қорғау орнына “сатқындар” деп айыпталды. 1941 жылы 16 тамызда КСРО халық қорғаныс комисарының кеңесі әскеріне тұтқынға түспеуді бұйырған, ал тұтқындарға түскендердің туған туысқандары құралатындығы айтылған жарлығы шығады.

Көп ұзамай ақ сол жылдың 8 қыркүйегінде фашистер кеңестік тұтқындарға өте қатал қарау аймақ туралы бұйрық береді. Бұл туралы қызыл крес өкілі ЖЮНО естеліктерінде қатар тұрған ағылшын және кеңес тұтқындарының арасындағы айырмашылықтың басты себебін КСРО Женева келісіміне қол қоймағанын тілге тиек етеді. Міне қысқаша айтқанда кеңес тұтқындарының жағдайы осындай болатын. Бұл жәйтті неміс зерттеушісі, профессор Патрик Фор Цур Мюлень олар туралы жазған кітабын “Свастика мен кеңес жұлдызы ортасында қалғандар” — деп атау арқылы дәл көрсеткен. Сарылып конслагерде қамалған жүздеген мың отандастарымыздың жан ұшырып тұйық тіршіліктен шығу жолдарын іздей бастады.

Өзінің жазғандарын тұжырымдай келе ол былай деді: “Тұтқындардың көбі легионға баруға ұмтылды. Неге дейсіз ғой? Ең алдымен кімде болса лагерлерден өз басын  құтқару үшін амал іздеді, өйткені аш жалаңаш жазықсыз адамдар сан алуан қорлық көрді. Тіпті жаны ауырып  қорлық көргендерді атып тастады”. Кейбіреулер легионнан қашып не өз армиясына, не Батыс Европа елдеріндегі партизан қосылатын жағдай табам ба? деп үміттенді. Түркістан елдерінің аузаттығы үшін күресті жалғастырмақ болғандардың саны аз емес еді.

Тұтқында болып аман қалған И.А. Дуғас пен Ф.Я. Черонның парижде жарық көрген естеліктерінен соғыстың алғашқы айларында фашистер кеңестік Азия өкілдеріне басқалардан гөрі қаталырақ қарағанын, соның салдарынан 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың қысында Польша жерінде лагерлерде болған 130 мың түркі тектес тұтқындардың 122 мыңға жуығы қаза тапқандығы туралы мәлімет кездестірдік. Неміс зерттеушісі Г.Нойленнің деректерінде Ченситохау лагерінде 1941 жылдың қараша айынцда 32 мың түркістандық болғанын саны 4 айдың ішінде 262 адам ғана тірі қалғанын көрсетеді. Х. Штрайттың зерттеулерінде мынадай тың мәлімет көрсетілген. Фашистік Германия кңес одағына қарсы соғысқа қызу дайындық жүргізіп жатқан кезінде, блашақта қолға түскен кеңестік әскерлерге қалай қарау керек екендігі туралы нұсқаулар берілген. 1941 жылдың мамырндағы нұсқауында кеңестік соғыс тұтқындарына өте сақтықпен қарау керек екендігін ескерте келіп “Әсіресе Қызықл Армияның азияттық өкілдері ерекше зұлым бізге түсініксіз және сезімсіз адамдар” деп бағалаған. Гитлер шығыс легионерлерінің 80 мың қарудан айырып, шахталарға ауыр жұмысқа салуға бйрық берген. Осыдан кейін көп ұзамай -ақ шығыс легиондарын Батыс майданға ауыстыру басталған. Франция жерііне бірінші кезекті түркістан және кавказ легиондары жіберілген. Бұл жағдай фашистік Германияның Батыс майдандағы қолбасшысына хабарланбай қалып, немістер легионерлерді келген бойда тұтқындап, қаруларын тартып алып Атлантия бекінісінің құрылысына салған. Сол кезде Түрік легионерлерінің бір қатары қашып, француз қарлы асу қозғалысына қатысып елге оралды. Әр алуан деректер бойынша 1942 жылдың көктемінде құрылған Түркістан легионы құрамында болғандардың саны 180 мыңнан 250 мыңға жетіп, бұл әскери құрылым шығыс легиондарының арасында ең үлкені болыпты. Деседе Мұстафа Шоқай мұндай әскери құрылымды қажет деп таппаған, тіпті қарсы болған. Өйткені оның пікірінше, фашис лагерінде зұлмат айуандықтан зардап шеккен жандарды қайтара қанды соғысқа айдап салу адамгершіліке жатпайды. Керісінше ол кісі саяси ілімі таяз адамдарды Германиядағы фабрика, заводтарға жіберіп, болашақ Түркістанға маман кадрларды дарлауды ұсынған. Бірақ 1941 жылы 27 мартта қайтыс болып бұл оы жүзеге аспай Француз тарихшысы профессор Клод Дельпла былай дейді. Менің деректерім боуйынша Түркістан легионы құрамында ең кемінде 6 батальон болған. Оның екеуі бізге көбірек танылып, себебі олар Францияда уруза қаласының түбінде орналасқан еді. Легионшыларға немістер көп сене бермейтін. Олардың неміс армиясында тек қарын тоқтығын іздеп, жанын сақтап қалу үшін жүрген адамдар екеніне немістердің көзі толық жеткен еді. Бұған дәлел ретінде протоколдардың бірін мысалға келтіруге болады.

Гестанның бір тыңшысы өзін антифашист полякпын деп түркістандықтарды сөзге тартқан Гастолге жазған құпия мәліметінде ол былай дейді. “Түркістан легионшысы өз өміріне риза, тамағы тоқ, қару алып майданға барғысы келмейтінің былай жалғастырды “Арьеж” төңірегіндегі түркістандықтардың француз, партизан бөлімдеріне қосылғаны жөнінде  тари департаментінде біздің партизандарға өткен түркістандықтардың саны одан да көп” деп көрсетті.

Тұтқынға түскен түркістандықтардың көпшілігі орыс тілін білмеуі де жағдайларын қиындата түсті. Кеңестік тұтқындардың жағдайының соншалықты ауыр болуы оларды, әйтеуір тірі қалу үмітімен немістер құрған ұлттық құрамаларға кіруге итермелеуі мүмкін Осы ұлттық құрамалар Г. Нойленнің айтуынша 968 000 болған, соның ішінде Түркістандықтар 180 000 (түркістандық легионерлер саны шетелдік зерттеулерде әр түрлі мөлшерде көрсетіледі).

1941 жылы күзде кеңестік тұтқындар шоғырланған лагерлерді аралап тұтқындардың жағдайы мен көңіл күйін байқау үшін құрылған Гайбель басқарған комиссияға М.Шоқаймен бірге  татар, өзбек тағы да басқа халықтардың эимграциялық өкілдері кіргізілді. Солардың бірі Ахмед – темір Еділ -Орал бойынан келген түрік тектес және мордва, удмурт тұтқындарымен кездесулері туралы баяндамасының неміс тіліндегі нұсқасында тұтқындардың көпшілігінің тоталитарлық жүйелену саясатына, отаршылдық бұғауға наразы екендігі көрсетіліп, олар халықтың тәуелсіздігі үшін кеңестік отаршылдарға қарсы қолына қару алып күресуге дайын екендігі айтылған. Демек, соғыс тұтқындарымен кездесу жалғыз Мұстафа Шоқайдың идеасы емес, кеңестік отаршылдардың бұғаудан құтылуды аңсаған барлық эмиграциядағы өкілдердің әрекеті еді.

И.А. Дугастың айтуынша ұлттық легиондар құру туралы алғашқы құпия бұйрық 1941 жылы желтоқсанда беріілген. Бұл бұйрықтың берілуіне себеп болған 1941 жылы күзде түрік генералы Эрклиттің Гитлермен кездесуі кезінде кеңестік түркі тілдес тұтқындардың жағдайын жақсарту үшін жасалған өтініші. Осы бұйрық бойынша тұтқындардан үш легион – грузин, армиян және кавказ мұсылмандарының легиондар құруға тиісті болды.

1942 жылы қазақтардан бастап кавказ халықтарының эмиграциядағы өкілдерінен құралған арнайы комиссия лагерлерді аралап, легион құру жұмысына кіріскен. Шығыс легиондарының әскери қуаты төмен соғысқа жарамдылығы нашар болған. Мысалы Курск шайқасындағы жеңілістен кейін Гитлер басты айыпкерлердің бірі ретінде Шығыс легиондарын атаған. Олардың кеңес әскерлері тұжырымдарын айтқанда, түркістан легионшыларын не сатқын, не қаһарман деп айтуға келмейді, себебі бұл соғыс оларудың соғысы емес болатын.

Профессор Клод Дельпла  екінші дүние жүзілік соғыс, оның ішінде Түркістан легионы жөнінде бір -ақ мақалалар жазса, қазір кітап шығару үрдісінде екен. Бізге оның “Римон мен Кастелько Дюрбан түбіндегі шайқастар” зерттеуінде тек қана оқиғаларды сипаттап қоймай тұрғындардың куәліктерін де көрсеткен.

Түркістан ұлтшылдарының ел тәуелсіздігі жөніндегі армны жарты ғасырдан кейін ғана жүзеге асып отыр.

Түркістан легионы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жеке бір оқиға емес, керісінше терең иірімді, ауқымды тарихи процесс. Аталмыш мәселе біздерді өзіміздің ұлтымыз, ұлтшылдығымыздың тағдыры мен еліміздің әлемдік қауымдастықта алатын орны жөнінде жоғары сана сеім тұрғысынан ойлауға тиіс.