Батыс Еуропалық мемлекеттерге қарағанда Ресей ынтымақты-көршілес саясатын жүргізді. Өйткені Қытай мен Ресей шекаралас болып және сауда қатынастарының бұзылмауына мүдделі болды .
1803-ші жылдың сәуірінде Жапонияға бағытталған елшілікті даярлаумен байланысты сауда министрі граф Н.П. Румянцев Александр I-ге жасаған баяндамасын сауданы кеңейту үшін Қытайға да елшілер жіберу қажет екендігін айтты. Богды хан сарайының қатал талаптарын ескере отырып, орыс өкілеттілігі алдын ала сұрау жасуды дұрыс деп тапты. 1804-ші жылдың маусымында жауап келді. Онда Цин үкіметі орыс елшілерінің шығу уақытын және елшілердің санын ескертіп айтуды сұранды. Богды ханға арналған сый-сияпаттың даярлануы созылып кеткендіктен орыс үкіметі 1804-ші жылдың қыркүйегінде орыс елшілігін келесі жылға қалдыратындығын хабарлады. 1805-ші жылдың жиырма сегізінші ақпанында орыс үкіметі Ю.А. Головкинді Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі деп тағайындады. Елшілікпен ғылыми экспедиция ілесті. Оны белгілі поляк тарихшысы мен жаратылыс танушысы граф Потоцкий басқарды. Экспедиция құрамына: астроном, өсімдік танушы, жануартанушы, минерал танушы, жұқпалы аурулар дәрігері (зерттеуші), оташы, фармацевт және тіл ғылымын зерттеуші енді. Ережеге сәйкес Головкин Синцзянь батыс бөліктегі шекара бойында сауда жасуға рұқсат сұрауы тиіс еді. Сонымен қатар, орыс саудагерлері Гуанчжоу мен Нанкинде сауда жасауға мүмкіндік алса екен деді. Ол Қытаймен керуендік сауда жасауы тиіс еді. Орыс елшісі сонымен қатар, Пекинде арнайы дипломатиялық агенттікті тұрақты орнықтыруға рұқсат сұрауы тиіс еді.
1805-ші жылдың шілдесінде Головкин Петербургтен шығып, Иркутскіге қыркүйекте жетті. Орыс елшілері Сібірдегі жағдайды бағдарлап болғанынша, Цин билеушілерінен хат келіп, онда орыстар богды ханға сый-сияпат әкеле жатыр ма, жоқ па, сол түсініксіз болып тұр деп, рұқсат беру хабарын кештете бастады.
Он жетінші қазанда Головкин Кяхтаға келді, жиырмасына аудармашыны елшіліктің мақсаттарымен шекараға келіп тұрғандығы жайлы Ургуға хабарлауға жіберді. Х атында Головкин богды ханға арнайы орыс императорынан грамота әкел гендігін айтады. Цин үкіметі орыс елшілігін «бодандарға» теңестіру әрекетін жасайды деген оймен Головкин экспедиция санын қысқартудан бас тартатындығын айтады.
Богды хан желтоқсанның ақырында орыс елшілігіне шекарадан өтуге рұқсат береді. Сібірде ғылыми экспедиция мүшелерін қалдырып, Головкин Ургуға 1806-шы жылдың он бесінші қаңтарында аттанады. Головкин елшілігімен халық алдында жағылған балауыздар мен коутоу дәстүрін жасаудан елші бас тартты. Бес сағаттық даудан соң, Головкин кері қайтты.Головкинге дәстүрді орындамайынша елшіліктің қабылданбайтындығы қатаң ескертілді. Головкин Ресейге богды ханмен келісімшарт жасамай қайта алмайтындығын айтады.
Ақпанның бірінші онкүндігінде Пекиннен ескерту хат келеді. Сондағы мақсат дәстүрді орындату. Головкин бас тартты. Нәтижесіз үш айдан соң, орыс елшілігі Ресейге қайтты.
1805-ші жылы Камчаткада Резанов Головкиннің елшілігі жайлы хабарсыз түрде, бірақ оның жемісті болатындығына үміттеніп, Крузенштернге Гуанчжоуға «Неваны» қарсы алу үшін баруды ұсынады. 1805-ші жылдың жиырмасыншы қазанында «Надежда» Макаоға келді. Синцзяньге кірмей «Неваны» сыртқы ауданда күтіп тұрды. Он екі күннен кейін «Нева» осында жетті. Келесі күні ол өзімен бірге сол қаланы жақсы білетін Крузенштернді ала кетті. Гуанчжоуда Гуанхан деген көпеспен кеден басшысының рұқсатымен тауарлады түсіре бастады. Крузенштерннің сұранысымен саудаға келесі орыс кемесі «Надеждаға» да рұқсат берілді. 1896 жылғы 22 майда ( 3 июньде ) Россия мен Қытай арасында Жапонияға қарсы қорғаныс одағы жасалынды. Договордың I статьясында : « Жапонияның Шығыс Азиядағы орыс территориясына, Қытай немесе Корея территориясына қандай да болмасын шабуыл жасауы осы договорды қолдануға дәлел деп қаралады » делінген. Екі мемлекет те бірін – бірі құрлықтағы және теңіздегі барлық күштермен қолдануға міндеттенді. Осының соңынан іле – шала Россия пара беру арқылы Маньчжурияны кесіп өтетін Шығыс – Қытай темір жолын салуға концепция алды. Қытай үкіметімен « жарналас болса да », жолды жеке қоғам ісі еді. Шығыс – Қытай темір жолы Чита мен Владивостокты байланыстыруға тиісті болды және оның экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар соғыс – стратегиялық жағынан да өте зор маңызы бар еді.[13]
Тынық мұхитқа қарай салынған темір жол Россияның Қиыр Шығыстағы экономикалық және соғыс жағдайын нығай туға тиісті болды. Шығыс – Қытай темір жолын салу туралы договор жаласымен орыс капиталистері концессия алу үшін Маньчжурия мен Кореяға қарай қаптады. Патша үкіметі мүшелерінің ішінен Тынық мұхиттан қаптайтын порт алуға ықласы ауғандар да шықты. Қытай мен Корея аралығынан порт таңдауда ұзақ қобалжу болды. Ақырында Порт – Артурды басып алуға ұйғарылды. 1896 жылғы 28 майдағы договор бойынша орыс үкіметі Кореяны қаржыландыру, онда әске және әскери нұсқаушылар ұстауға Жапониямен бірдей право алды. Үкімет финанс министрлігінің кеңесшісін. Бірақ көп ұзамай Россия Корея банкісін жауып, ондағы финанс кеңесшісін кері шақырып алды. « Біз Кореяны Жапонияның басым ықпал жасауыеа көрінекөзге өзіміз бердік », — деп жазды Витте.
Соғыста жеңіліп әбден әлсіреген Қытайға келетін болсақ, оның жағдайы тіпті нашарлап кеткен еді. Қытай үкіметі үш жыл ішінде 19 темір жол концессиясын берді, ал европалық мемлекеттер Қытайды ашықтан – ашық бөліске салды. Алғашқы қадамды Германия жасады, ол 1897 жылғы декабрьде Шаньдундағы Циндао портын басып алды. Орыс үкіметі Қытайға көмек көрсетпек түгіл өзі де Қытай территориясын ашықтан – ашық басып алуға кірісті. 1897 жылы декабрьде орыс эскадрасы Порт – Артурға кірді, ал 1898 жылғы мартта Ляодун түбегінің оңтүстік жағына порттарымен, түйісіп жатқан аралдарымен қоса 25 жылға жалға алудың шарттары жөнінде Қытаймен договорға қол қойылды. [14] Порт – Артур орыстың Тынық мұхит эскадрасының басты соғыс базасына айналдырылды, ал Далянь барлық ұлттардың кемелері үшін ашық сауда порты деп жарияланды. Кейінірек бұл порттардың арсын Шығыс – Қытай темір жолы жалғастырды. Россияның күшеюінің есесін Англия Вей – Хай – Вей мен Янцзы бассейнін, Франция – Үндіқытайға шекаралас ауданынан теңіз базасын, темір жол концессияларын басып алумен қайырды. Жапония есесін Фуцзянь провинциясынан алды және оның үстіне 1898 жылы Россия Кореяда Жапонияның экономикалық мүддесінің үстемдік етуін мойындады. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың аяғында Қытай Ұлы державалардың арасындағы ықпал асыратын аймаққа бөлінді, олардың әрқайсысы шеңгелін салып, өз үлесін алып қалды. [15]