Қытайда ағылшын экспансиясының басталуы

1814 жылы ағылшындық «Дорис» фрегаты Сицзян бұғазына еніп, американдық сауда кемесін басып алды. Жергілікті билеуші топтар ағылшын кемесінің кетуін талап етті. Өкілеттігі жоқтығына сүйене отырып Ост-Үнді компаниясының өкілі бұл талапты орындаудан бас тартты. Қытай билеушілері ағылшындықтармен сауда жасуды бірден тоқтатып, бұғаздан ағылшын фрегатын алғаннан соң ғана қайта сауда жасауды бастады.

Әскери күш қолдана отырып, нәтижеге қол жеткізе алмаған ағылшындықтар қарым-қатынасты дипломатиялық жломен қайта бастады. Цин сарайына лорд Анхерстом бастаған елшілер келді. Елшіліктің мақсаты – Цин үкіметімен тікелей қарым-қатынас жасайтын ағылшын елшілігін орнықтыру. Портсмуттан екі кемемен кеткен Ахерст тоғызыншы тамызда Байхэ бұғазына келді. Тяньцзинге түскен елшілер Цин сановниктерімен жолықты. Осы жерден олар каналдар арқылы Пекинге бет алды. Алғашқы келіссөздерде-ақ Цин сановниктері қытайлық дәстүрді құрметтеуді талап етті. Жиырма сегізінші тамызда елшілер Юаньминъюаньға келді. Ағылшын елшісі богды ханмен бетпе-бет жолығуға шақырылғанда, елші белгісіз себептерге сілтемелеп, кездесуге бармады. Ашуланған богды хан елшілерді кері қайтарып жіберді. Цин императоры принц-регент Георг IV-ге хат жолдап наразылығын білдіріп хат жолдады. Онда егер Цин империясының сенімді бассалы болып қалғысы келсе, ешқашан елшілерін жібермеуін өтінді. Амхерст елшілігі Қытаймен дипломатиялық қатынас жасауға әрекеттенген соңғы қадам болды. Бұл елшілік ағылшын сауда-өндіріс буржуазиясы ортасында Гуанчжоудан солтүстікке қарай жатқан қытай порттарында ағылшын саудасын дамытудың әскери күшпен әрекет ету жолы ғана қалды деген пікірді негіздеді. Қытайдың соғысқа даярлығын білу үшін Х.Г. Линтсей басқарған «Амхерст» ағылшын кемесі Гуанчжоуға 1832-ші жылы жіберілді. Аудармашы ретінде неміс миссионері Карл Гюцлаф ілесті.Солтүстік бағыттан келген ағылшын кемесі Сямынь, Фучжоу, Нинбо, Шанхай, Тайвань және Люцю аралдарын бақылап өтті. Жергілікті билеушілердің қарсылығына қарамастан Лнидсей карта жасау үшін қажетті мағлұмат жинауға қанша уақыт керек болса, сонша уақыт әр жерде тоқтап тұрды. Ағылшындықтар үкімет мекемелеріне баса көктеп еніп, жергілікті билік өкілдерін балағаттады.[4]

Линдсейдің саяхаты маңызды нәтижелер берді. Қытаймен сауда жасудың болашақ болжамдарын, күтулерін ақтамады. Өйткені жергілікті халық ағылшын маталарын сатып алудан бас тартты және сатып алғандар кері қайтарып берді. Бірақ Линдсей маңызды қорытынды жасады – ол апиынмен сауда жасау және соны дамыту. Линдсей есебінде Қытай үкіметінің есірткімен сауда жасауға қаншалықты тыйым салғанымен есірткіні Фучжоуда сатуға болады деді. Қытайдың әскери әлсіздігін ескере отырып, оны қысқа мерзімде жаулап алуға болады деді. Бұл пікірді Англияның билеуші топтары дереу қолдап, Қытайдың бір бөлігін немесе бүкіл елді жаулап алу үшін әскери теңіз флотын жіберуді өтінді.[6]

1833 жылы 28-ші тамызда ағылшын парламенті Англияның әр азаматы Қытаймен сауда жасай алады деген шешімге қол қойды. Ост-Үнді компаниясының шаймен басқада қытай тауарларын шығаруға монополиялы құқыққа ие болғанымен ағылшын өндірушілері мен көпестер үшін Қытайға жол ашылды. Гуанчжоудағы сауда барысын бақылау үшін 1833 жылы ағылшын үкіметі өкілетті тұлға ретінде корольдік флоттың капитаны лорд Нэпирді тағайындады. Пальмерстоннан алынған ережеге сәйкес ол Қытайдағы ағылшын саудасы үшін тиімді жаңа аудандарды бағдарлап болғаннан соң барып, богды ханның сарайымен тікелей қарым-қатынас жасауы тиіс еді. Ағылшын өкілі көпестер мен кеме иелерінің әрекетіне араласпады. Бұл Нэпирдің Гуанчжоудағы ағылшындықтардың апиын мен контробандалық саудасына кедергі ете алмайды дегенді білдірді.[15]

Цин империясының құлдырауы Батыс Еуропалық державалардың және АҚШ тарапынан экспансиалауды күшейтумен қатар жүрді. Батыс Еуропалық державалар мен АҚШ мемлекеті қандай да болмасын амалмен өз тауарларын өткізу үшін Қытайға жол салуға ұмтылды. Бұл жөнінен ең белсенді әрекетті Англия іске асырғысы келді. Ол ХVIII ғасырдың аяғында әлемдік саудада алғашқы орында болды. 1801 жылдың маусымында Францияның күштеуімен Португалия бітім шарт жасасты. Ол бойынша португалдық барлық порттар Ағылшындықтар үшін жабылып, француздар үшін ашылды. Оған жауап ретінде Бенгалиядағы ағылшын генерал-губернаторы Гоа-дағы португал әкімшілігі өкілдеріне Ағылшындықтар Франция кемелерін Макаоға кіргізбейтіндігін ескертті.

1802 жылы наурызында ағылшындық алты әскери кеме Макаоға десант түсіру үшін әрекет етті. Сол кезде португалдықтар өздерінің миссионерлері арқылы Пекиндегі Цин үкіметінен көмек сұрады, ал Цин үкіметі қауіпсіздік шараларын іске асыра бастады. Әскери қақтығыс сауда әрекеттерін тоқтатып қоюы мүмкін деп ағылшын әскерлері шегініс берді. 1802 жылдың жиырма жетінші мамырында ағылшын эскадрасы кетткеннен кейін, Макаодағы Цин билеушілері португалдықтардан порт территориясына ешқандай да шетелдік кеме келмейді деп жазба міндеттеме алды.[5]