Жалпы мағлұматтар

Қосалқы станса дегеніміз – электр қондырғылар, олар электрэнергиясын түрлендіруге және таратуға арналған.

Қосалқы станса екіге бөлінеді:

жоғарлатушы дегеніміз көбі электр стансаларында қолданылады. Олар тұтынушыға жоғарлатылған кернеулі электрэнергиясын жеткізіп тұрады.

төмендетуші дегеніміз тоқ көзі кернеуін өте төменгі кернеуге түрлендіре отырып тұтынушыларға жеткізеді.

Энергетикалық жүйе дегеніміз электр стансаларының, трансформатор қосалқы стансаларының, әуе электр беріліс желісінің, жылу тораптарының, жылу және электрэнергиясының қабылдағыштарының жылу немесе электрэнергиясын өндіру, тарату және қолданудағы бір – бірімен тығыз байланыстағы энергетикалық қондырғылардың қосындысын айтады.

Кез келген тартылым қосалқы стансасы:

  1. Ашық тарату қондырғысы АТҚ — 110/220кВ
  2. Ашық тарату қондырғысы АТҚ 35/1х25/2х25 кВ
  3. Жабық тарату қондырғысы ЖТҚ -6; 10кВ

Ашық тарату қондырғысында күштік және коммутациялық апараттардың жалғанулары блокпен орындалады. Блоктарды қондырғылардың бір – бірімен жалғануы шиналармен орындалады. Шиналар блоктарға оқшаулама арқылы бекітіледі.

Электрлік бірігулер қосалқы стансаларының негізгі сұлбалары.

Электрленген темір жолдар бірінші дәрежелі электр тұтынушы болып табылады. Электрмен қамтамасыздандырудың бұзылу  — бұл халық шаруашылығына едәуір кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан тартылым қосалқы стансасының тұтыну сұлбасы энергожүйеден жоғарғы сенімділік және электрмен қамтамасыздандырудың үзіліссіздігін қамтамасыз етеді.

Тартылым қосалқы стансалары қорек көздерін алып тұру керек, барлық кездегідей екі тәуелсіз көздерінен бастап. Әртүрлі шиналар секциясының бір қосалқы стансаларынан екі радиалдық сызық бойынша бөлек кездерде тартылым қосалқы стансалардың қоректенуі жіберіледі. Осымен бірге қоректену қосалқы стансалардың шиналар секциясының әрқайсысы қосымша қорек көзі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Электрмен қамтамасыздандыру сұлбасын осы үлгі бойынша орындайды, қоректену энергожүйенің қалыпты және апатты жұмысындағы кернеудің тартылым қосалқы стансалардың шиналарындағы жіберілетін дәрежесін қамтамасыздандырады, сонымен қатар кез келген электр берілісінің әр желісі істен шыққанда электрлік тартылымның қоректенуін сақтау. Соңғы жағдайда 150-200 км ұзындықтағы электррленген аймақ электр беріліс желілерінде немесе аймақтық қосалқы стансасындағы аппаттық аймақ ағытылғаннан кейін, тек бір тартылым қосалқы стансасы істен шығуына болады. Түйіспелі тораптың қоректенуі тартылым қосалқы стансасынан сақталады.

Айнымалы токтағы тартылым қосалқы стансалары 110 -220 кВ электр беріліс желілерінен қоректенеді.

Қажетті кернеу дәрежесімен қамтамасыздандыру үшін, 110 кВ кернеудегі тартылым қосалқы стансасын қоректендіру үшін 150-220 км және 250-300 км 220кВ кернеудегі тартылым қосалқы стансаларын қоректендіру үшін тіректік тартылым немесе аралық қосалқы стансалар қондырады. Электрмен қамтамасыздандыруды сенімділікпен қамту үшін қоректендіру желілерін қосалқы стансадағы ажыратқыштармен топтастырады. Желідегі қайсыбір аймақ зақымданған кезде ажыратқыш ажыратылады, ал қосалқы стансалардың қоректенуі зақымдалмаған желімен жалғасады. Тартылым қосалқы стансасын жобалау кезінде пайдалану тәжірибесіне және релелік қорғаныс, электрлендірудің технологиясының нормалық көрсеткіштерін сүйене отырып, аралас тіректен қосалқы стансаларды қосуға болатын аралық қосалқы стансалардың максимал саны анықталады. 220кВ желі максимал саны -5 кез келген тартылым түрінде. Аралық қосалқы стансалар 110-220 кВ желілерінде олардың ажыратқыштарын топтап қосады.

110-220 кВ желілерді топтайтын қосалқы стансалардың ажыратқыштары арқылы бір стансалардан басқасына жүретін қуат пайда болады. Сондықтан мұндай аралық қосалқы стансалар транзиттік деп аталады. Егер тартылым қосалқы стансасы 2 электр беріліс желілері арқылы қоректенетін болса, онда транзиттік қосалқы стансасы әрбір осы желіге кезекпен қосылады. Аралық қосалқы стансаларының сұлбасын әдетте қарапайымнан жоғары кернеулі азайту трансформатор жақтарында ажыратқыштарды қолданбай орындайды. 110-220кВ бұл қосалқы стансалар үшін «көпір» сұлбасын қолданады.

Қосалқы стансалардың басты электрлік байланыстың сұлбасы — бұл электр қондырғылар жинақталған шиналар, коммутациялық және басқа біріншілік құрылғылар. Сұлбаны таңдау проектілеу кезінде анықтаушы болып табылады.

110-220 кВ төмендеткіш трансформатор мен өзіне қажет трансформаторды 27,5 кВ шиналарына үшфазалық ажыратқыштар көмегімен қосады. С фазасын қосу, жермен қалыпты, қысқа тұйықталудағы соңғы жұмысты ажыратқыш арқылы жеңілдетеді, дегенмен осы жағдайдағы максимал қысқа тұйықталу тоғы екі тізбектей қосылған полюстағы ажыратқыштар арқылы бұзылады.

27,5 кВ кернеу трансформаторын ашық үшбұрыш сұлбасы бойынша қосады, ол есептеу аппаратурасын қоректендіруді, өлшеуді және релелік қорғанысты қамтамасыз етеді.

Әрбір секцияның түйіспелі торап фидері тек қана 27,5 кВ бір фазасына қосылады және бір бағыттағы түйіспелі торапты қоректендіреді.

Қосымша ажыратқыштар тек қана түйіспелі торап фидерінің ажыратқыштарын қорландырады. Оны кез келген 27,5кВ фазасына шиналық айырғыштардың тарамдалуы арқылы қосуға болады. Тарамдалу мынадай

жағдайда орындалады: түйіспелі торап фидерлерінің секциясындағы шиналарды тексеру кезінде осы секцияға қосылу қосымша ажыратқыш арқылы қорек ала алады. Түйіспелі тораптағы және шиналық айырғыштағы фидер айырғыштарының моторлы жетекке арналған қосымша ажыратқыш телебасқару фидерлері арқылы орындалады.

27,5 кВ шиналарына үшполюсті ажыратқыштар арқылы (екі сым және рельс) ЕСжР-ке қосылады, 27,5 кВ тартылым емес тұтынушылар қоректенетін. Үшфазалық ажыратқыштарды қолдану үшполюсті бір ажыратқыш бірполюсті екі ажыратқыштан арзан екенімен түсіндіріледі