Түркия Республикасы Таяу және Орталық Шығыста Қазақстанның ең көне және тұрақты серіктесі болып табылады. Ол соңғы он жыл ішінде саясат және экономика саласын дамытуда айтарлықтай жетістікреге жетті, өзінің халықаралық беделін нығайтты, сыртқы саясатын бесенді жүргізді және демократиялық институттарын дамытуда. Ал қазақстан мен Түркия Республикаларының өзара қарым-қатынасының көздеген мақсаты – барлық елдердің тең құқылық негізінде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Түркия Республикасының Орталық Азия мемлекеттерімен, оның ішінде Қазақстанмен қарым-қатынас жасауының негізі параметрлері сол қатынастарды ары қарай оптимизациялаудың қажеттілігімен түсіндіріеді. Аймақтық басқа мемлекеттермен этникалық, тілдік, діни жақындықты қолдау, осы саясаттық негізгі құрал болып табылады. Қазақстан және Туркия Республикаларының қарым-қатынастары екі елдің көзделген мақсаттарының сай және жақын келуіне арқа сүйейді. Түркия біздің Республикамыздың халықаралық құрамда интеграциялануына белсенді күш жұмсауда. Қазақстан және Туркия Республикаларының қарым-қатынастарының негізі 1990 жыдың аяғында қаланды және кейіннен мемлекеттік құжаттардың бірқатарына қол қоюмен бекітілді32. екі ел арасында әр түрлі деңгейде 50 шақты келісімдерге қол қойылған. Түркия Республикасының Президенті Т.Озаланың Қазақстанға 1993 жылы және Қазақстан Республикасының Түркияға 1994 жылы жасаған ресми сапарлары, тараптардың қазақстан – Түркия қарым-қатынастарының мүмкіндіктері мен перспективаларына прагматикалы қадам жасағандығының дәелі болды.
Түркия Республикасы байланыстардың қарқындылығы және деңгейі жағынан Қазақстанның шетел серіктері арасында алдынғы орындардың біріне ие болып табылады. 1995 жылы Президент С.Демиреь мен Премьер – министр Т.Чиллердің қазақстанға ресми сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатын дәлелдейді. Әлі де болса мұнайды тасымалдау екі жақты қарым-қатынастың маңызды аспектісі болып табылады. Осы орайда каспий теңізінің статусы жөніндегі мәселе ерекше рөлге ие болады. Бұл жерде Түркия Республикасының позициясы – қазақстан мен Әзірбайжанның Каспийді ұлттық секторларға бөлу әрекетіне қолдау көрсету.
Екі жақты сауда – экономикаық әрекеттер толығымен алға6нда түсімі түрде дамуда және өсу мен ұлғаюға қарқынды тенденциясы бар. 1992 жылы Түркия Республикасының 200 миллион АҚШ доллары көлемінде білген несиесін реализациялау процессі жалғасын табуда. Түркияның іскер шеңберінің іс-әрекеттері Қазақстанда белсендірілуде. 200-ден астам Түрік фирмалары жалпы сомасы 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын 42 жобаны іске асыру жұмыстарына кірісті. Олар жанармай – энергетикалық комплекстерінің металлургия өндірісінің мекемелерінің бірқатар қазіргі заман талабына сай жетідіру, жаңа астана – Астана қаласының құрылыс жобаларына қатысуда.
1998 жылдың қорытындысы бойыншы Түркия Республикасына Қазақстандық экспорт 180 миллион АҚШ долларын құрады, ал 1997 жылы бұ көрсеткіш 105.7 миллион АҚШ долларын құраған боатын. Қазсқстан Түркияның экспортерлары арасында 29 орынға. Ал импортелары арасында 25 орынға ие болып табылады.
Қазақстанға Түркияның импорты 135 миллион доллары құрады және 1997 жылмен саыстырғанда 16.1 миллион долларға өсті. Түркия Республикасымен тауар айналымының көлемі жағынан Ресей менУкраинадан кейін ТМД-да үшінші орынды иеленді. Түрік фирмалары құрылыс секторында ерекше жетістіктерге жетті. Жиналған мәселелерді өту, сыртқы сауда көлемін көбейту және экономикалық қарым-қатынасты ұлғайту мақсатында Президент Н. Назарбаев 1998 жылдың маусым айында «Қазақстан мен Түркия Республикалары арасында 1998-2007 жылдар аралығында сауда – экономикалық байланыстарын дамыту бағдарламасын» жасауды ұсынды. Бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде сыртқы сауда көлемін 1 миллиард АҚШ долларына ұлғайту ұсынылды. Бағдарлама екі жақты үкімет аралық сауда – экономикалық комиссиясының іс- әрекетінің негізіне алынуы қажет. Каспий мұнайын Түркия Республикасының территориясы арқылы әлемдік нарықтарға шығару мәселесі ерекше қарастыруларды талап етеді. Осы бағытта Түркия Республикасының 75- жылдығын тойлау мерекесі қарсаңында Әзербайжан, Грузия, Қазақсан, Түркия, Өзбекстан және АҚШ энергетика Министрі араларында қол қойған «Анкара декларациясы»34 маңызды нәтиже болып табылады. Декларацияда каспийлік көмірсутектерді әлемдік нарықтарға шығару үшін транс каспий және транс кавказ мұнай-газ құбырларын салу маңыздылығы көрсетілген. «Шығыс- Батыс» энергетика корридорында негізгі мұнай құбыры болып табылатын «Баку-Джейхан» мұнай құбыры декларацияда ерекше орынды иеленді. 1999 жылдың қараша айында ОБСЕ-нің саммитін өткізу барысында, осы жобаға қатысушы елдер «Баку-Тбилиси-Джейхан» жобасын іске асырудың ары қарай шешімін дамытуға қол жеткізген «Стамбул декларациясын» қабылдады. Декларациясының мәтінінде көрсетілгендей, бұл экология жағынан сенімді, қауіпсіз және коммерциляық тіршілікке бейім маршрутпен жеткізуді қамтамасыз ететін «негізгі экспорты мұнай құбыры» болып табылатын транспорттық жол.
Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының қарқындылығы, оларды жаңа нақты мазмұндармен толықтыру еліміздің стратегиялық мүдделеріне сай келеді. Осы жеоде Түркия Республикасының Еуразиялық саяси кеңестік белсенді позициясын қазақстан пайдасына толығымен пайдалану қажет. Осы бағытта, ең алдымен біздің еліміздің сыртқы саяси инициативасын Түркия Республикасының қолдауы және ОЭС, ОИК, ОЧЭС және де басқа амйақтық құрылымдарда Қазақстан мүдделерін алға тарту болып табылады. Екі жақты қарым-қатынастардың жаңа перспективалары алдағы уақытта «Баку-Джейхан» маршруты бойынша Қазақстан мұнайын тасымадау, транс кавказ транспорттық корридорын және «Еуропа-Кавказ-Азия» трансазиялық темір жол магистралін қолдану жобаларын іске асырауда көрінетін болады.
Түркиямен қарым-қатынас жасау приоритетік маңызға да ие. Қазақстан Республикасы алдында екі жақты да, ОБСЕ, ОЭС шеңберінде де Анкарамен саяси, экономикалық, әскери және мәдени – гуманитарлық салалардағы қатынастардың потенциалдарын баынша іске қосу болып табылады. Түркия Республикасының территориясы арқылы мұнайды тасымалдау жобаларын іске асырудағы қызығушылығы, Қазақстанға алтернативті транспорт байланыстар каналын және әлемдік нарыққа шығу жолын қамтамасыз етуі мүмкін. Түркия Республикасының тығыз байланыстары және НАТО-ны қосқанда маңызды халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше болуы, қазақстанды еуропа құрылымына интеграциялану көзқарасы жағынан маңызды болып табылады. Елді әлемдік тауар, Қызметтер және қорлар нарықтарына шығару жағдайларын жасау, өндірістік құылымдарға инвестициялар мен жоғарғы технологиялар тарту, алтенативті транспорт жобаларын іске асыру Қазақстанның шетелдермен экономикалық байланыстарын дамытудың басты приоритеттері болып табыады.
Қазақстан Республикасының саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етуде проритет-күш жұмсау әдістерінен бас тарту, даулы мәселерді шешу, ядролы және жаппай қырып жою қаруын қандай да болмасын бір мемлекетке қарсы қолдану немесе қолдану қаупін тудыру қағидаларын бекітуге бағытталған дипломатиялық іс-шараларға беріледі. Осы орайда қазақстан:
- Халықаралық құрылымдардың қауіпсіздік және превенивтік дипломатия іс-әрекеттеріне белсенді араласу және қауіпсіздік және сенімділік шаралары ұжымдық институттарының қатысушы елдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етуде олардың тиімділігін арттыруға қол жеткізуді;
- Аймақта шиеленістерді болдырмаудың басты механизмі ретінде және еліміздің геосаяси қошауындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында Азияда өзара қатынас пен сенімділік шаралары мәжілісіне шақыру инициативасына белсенді қатысуды;
- Косенсус қағидаларына негізделген тұтас қорғаныс құруға байланысты шешім қабылдауға бағытталған ТМД шеңбеіндегі
- Ұжымдық қауіпсіздік келісім шартының орындалуына қолау көрсетуді ұстанды.
Қазақстанның Туркия Республикасымен сыртқы экономикалық байланыстарының қарқындылығы тек географиялық жақындық пен түсіндірілмейді. Әлемдік транспорт коммуникацияларына ол салу қажеттілігі Түркия Республикасын сауда – экономикалық қатынас жасау приотитет болып табылатын қатарына жатқызады. Сонымен қатар ортақ мәсеелерге байланысты бетпе-бет әңгімелер жүргізудің маңызы одан кем емес. Қазақстан және Туркия Республикалары арасында қарым-қатынас жасау өзара тиімді болған және солай болып қала береді. Сондықтан да, өзара сапарлар мен әр түрлі дәрежелерде кездесуле ұйымдастыру, яғни екі жақты байланыстардың көлем аспектісі емес, екі ел арасындағы қарым-қатынастарға сапалық сипаттар беру қазақстан дипломатиясының алдында тұрған негізгі мақсат еді. Ол дегеніміз конструктивті саяси дилаог пен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуды мемлекеттің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірмей тиісті шеңберлерде жасау. Халықаралық аренадағы Қазақстан және Туркия Республикаларының мақсаты – барық мемлекеттердің тең құқылық негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Түркия Республикасы Таяу және орталық Шығыста Қазақстанның көне және тұрақты серігі болып табылады. Түркия соңғы он жыл ішінде саяси және экономикалық дамуында айтарлықтай жетістіктерге жетті өзінің халықаралық беделін нығайтуға, белсенді сыртқы экономикалық әрекет жасайды, демократиялық институттарын дамытуда және қоғамда айтарлықтай тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ататүріктің үш қағидасы – қауіпсіздік приоритеті, ресурстарды максимизациялау, дамыту және аймақтағы орталық рөл-сыртқы саясатының, экономикасының және елді ұлттық қауіпсіздігінің доктаринасымен бірден бір байланысы теориялық іргетасы болып табылады.Еркін нарық қағидаларын ендіруді және оны әлемдік нарыққа итеграцияланудың жылдамдатуды қарастыратын, МВФ пен МБРР-дің ұсыныстарына сай 80 жылдардың басында жасалған Түркияның әлеументтік- экономиялық даму концепциясы қиыншылықтарға қарамастан бірінен кейін бірі іске асуда. М.Йылмаздың башылығымен коалициялық үкіметтің үкімет басынан кеткенінен кейін Президент С. Демирель «Береке» партиясының идері Н. Эрбакануша жақа кабинет құруды тапсырады. Береке партиясы мен «Адал жол» партиясы арасында келіссөздер жүргізудің нәтижесінде, партия лидерлері Н. Эрбакан мен Т.Чиллер 1996 жылдың 29 маусымында жаңа коалицияары өкіметтің құрылғандығы туралы мәлімдеді. Осындай жолмен РП партиясыЭрбаканның Түркия Республикасының жаңа 54 үкіметін құра алды. Түркия тарихында исламдық партияның басшылығымен жаңа өкіметтің құрылуы елде және әлемде кең ауқымды резонанс тудырды. ПВП коалициялы партия құрамына кіруді жергілікті саясаткерлер мемлекеттің таңдаулы сиапатының өзгермейтіндігінің кепілі деп қарастырады. ПВП мен ПВ арасында хаттамаға қол қою барысында ішкі және сыртқы саясаттың бұрынғыдай жалғасын табатындығы және халықаралық келісімдер мен келісім шарттарды іске асырумен бірге нарықтық – экономиканы ары қарай дамыту тураы айтылды. Қол қойылған хаттамаға сай өкімет басшысының қызметі ротациялы қағидаға сай жүргізілетін болады. Алғашқы екі жылда Премьер-министр қызметін Н.Эрбакан атқаратын болады. Ал ПВП-ға келер болсақ, Т.Чиллер пемьер-министр және сыртқы істер минист қызметін атқаратын болады. 36 министрлік папкалардың ішінде 18 ПВП-ның меншігінде. Олардың құрамында Сыртқы Істер, Қорғаныс, Ішкі Істер, Білім, Транспорт, Өнеркәсіп және сауда Министрліктері сияқты басты Министрліктеі бар. Сонымен қатар ПВП орталық банк, қазыналық басқарма, мемлекеттік басқару ұйымы, сыртқы сауда және жекешелендіру басқармалары сияқты маңызды экономикалық құрылымдарды бақылау құқығын сақтап қалды. Осындай жолмен бұ партия елдің қорғанысын, сыртқы экономика, қаржы және транспорт сыртқы елдің маңызды министрліктері мен ведомстваларын өзіне бекітіп алды. Бірақ Түркия Республикасының экономикалық жағдайы айтарлықтай күрделі болып қала береді, осыған қарамастан өндірістік өсудің жоғары қарқынын ұстану жалғасын табуда. Түркия Республикасы сыртқы қарыздарын өтеуді тұрақты жалғастырды – жалпы өтемдер 6.8 милиад долларды құрады. Алдын – 1996 жылдың қазан айына дейін 27.9 миллиард долларды құрады. Бұл Түркия Республикасының төлем өтеу деңгейінің жоғары екендігінің дәлелі бола алады. Түркияның экономикалық мүдделері, ең алдымен Азиямен және әлемнің басқа елдерімен белсенді қарым-қатынас жасауға тиімді жағдайлар жасады. Ал өз кезегіндегі Азияның жоғаы дамыған мемлекеттері Түркия Республикасына қор аудару қызығушылығын танытты.
Қазақстан және Туркия Республикаларының қарым-қатынасының негізі параметрлеі ең алдымен оны эконогмикалық салада белсенді ету болып табылады. Келісім шарттарды жоғары деңгейде бесенді ету көзделуде. Батыс емес Шығысқа ориентация аған және декларацияланған алдыңғы қаталы мемлекет болып, Түркия Республикасы түркияның сыртқы саясатының басты бағыты болған Орталық Азия аймағында ерекше орынға ие. Түркі тілдес халықтардың жоғарғы басшыларының 1992 жылы 31 қазанда өткен Анкарада кездесуі қарым-қатынас орнатудың соңғы нүктесі болды. Мемлекет және Өкімет басшылары тарих, тіл және мәдениеттің ортақтығын ескере отырып, өздерінің түрлі салаларда жан-жақты қарым-қатынас, түрлі аймақтық және халықаралық мәселелерді шешу мақсатында халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға ұмтылатындарын айтты. Сауда экономикаық қарым-қатынастаы олардың қатынастарының басты факторы болғандықтан, елдер оларды жан-жақты дамытуға қолдау көрсету шешімін қабылдады. Қарым-қатынастарды барлық салаларда дамыту экономикалық және саяси қатынастардың ұзақ мерзімді болуына дәлел бола алады. Қазіргі кезде Түркия Республикасы аймақтағы хаықаралық қатынастар бойынша орталық орынға ие және ықпал күшті аймақтық держава болып табылады. Өзінің экономикалық және саяси мақсаттарын көздеумен қатар, Түркия Республикасы Батыс одақтастарының стратегиялық тірегінің ерекше рөлін іске асыруда. С.Демирельдің пайымдауынша Түркия Республикасы түрік мемлекеттері мен бұрынғы Кеңес Одағы және Батыс арасындағы «көпір» боып табылады деп есептейді. Түркия Республикасына Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара қарым-қатынасты орнату, саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және Түрік Мемлекеттерін әлемге таныту жауапкершіліктерін артады. Түркия олардың НАТО-ның МБРР, МВФ сияқты ұйымдарына және НАТО-ның Ассамблеясына, ЕС, СБСЕ, ОЭСР, ОЭС және басқада ұйымдарға жылдам және тиімді жолмен кіруіне қолдау көрсетуі, оның елде және халықаралық аренада едәуір пайда мен приоритетке иелендірді. Түркия Республикасының саясаткерлері жан-жақты қарым-қатынас онату, аймақтық мәселелерді талқылау және ортақ позицияны анықтау мақсатында түрік тідес мемлекеттердің лидерлердің жоғары кездесулер өткізіп тұруына ерекше мән береді. Осындай кездесулердің алғашқысы 1992 жылы қазан айының 30-31 жұлдыздарында өтті. Түркия Президенті басқарған ол кездесуге Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан Республикаларының басшылары келді. А.Эльчибай, Н.Назарбаев, А.Акаев, С.Ниязов және И.Каимов түрік басшыларымен Түркия Республикасының 69 жылдық тойын тойлауға шақырылған болатын. Сонымен бірге, осы елдердің тарихында айтарлықтай маңызды және олардың ары қарай қарым-қатынас жасауына негіз болған, Түркияның инициативасы бойынша келіссөздер өткізілді. 1992 жылы жоғары деңгейде өткен анкара кездесуі Түркия және Қазақстан арасындағы қатынастың жаңа кезеңі болып табылады. Кездесу барысынды осындай кездесуі жыл сайын өткізіп тұру шешімі қабыданды. Н.Назарбаев пресс-конференцияда экономикалық одақ құру сауалына: «Қазақстан – түрік көршілерімен тең құқықты және оңтайластырылған қарым-қатынас жасайды, өзіндік жеке саясат құруға ерекше назар аударды және ол топтарды этникалық немесе сәйкестік негізінде қатынас жасаудың қолдаушысы емес» деп жауап берді. Сонымен қатар Н.Назарбаев экономикалық қатынастарды қатысушы мемлекеттер, ТМД елдері және әлем алдында жауапкершілікті бұзбай дамытқысы келетіндігін айтып кетті.
6 мемлекеттің басшыларының екінші кездесуі 1992 жылдың 18-19 қазанда, Түркия Республикасының басшылығы және инициативасы бойынша Стамбул қаласында өтті. С.Демирель, Г.Алиев, Н.Назарбаев, А.Акаев, С.Ниязов және И.Каримов экономикалық және мәдени байлансытар мен аймақтағы саяси тұрақтылықты дамыту және халықаралық және аймақтық мәселелерді тақылады. Кездесу кезінде С.Демирель түрік кәсіпкерлерінің бауырлас мемлекеттерге жасап жатқан қолдауына назар аудара кетті. Мұнай құбыры мәселесіне Н.назарбаев Түркия тарапы келіспеген Ресей позициясын ұстанды, бірақ нәтижесінде Қазақстан позициясы өзгерді. Ресейден, Орталық Азиядан, Әзірбайжаннан мұнайды Новороссииск мұнай құбыры бойынша және ары қарай танкелермен Қара теңіз бұғаздары арқылы тасымалдау керек деген Ресей нұсқасы, мұнай құбыры Жерорта теңізінің жағалауындағы соңғы нүктеге дейін Түркия Республикасының территориясы арқылы өтуі қажеттілігін ұстанған Түркияның нұсқасынан айрықшылатыны белгілі.