Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік салдарлары. 1929—1933 жж. Германиядағы ( қатты және терең болды. Өндіріс 40%-ға, нақты енбек ақы — 50%-ға қысқарды. Жұмыссыздардың саны 9 миллионға жетті, олардың тек бестен бір бөлігінің ғана әлеуметтік сақтандыруға үміті болды.
Жүз мыңдаған кызметкерлер күнкөріс қаржыларынан айырылды. Көптеген ұсақ және орта кәсіпкерлер мен саудагерлер банкрот болды. Көптеген ірі банктердің банкрот болуы несие-қаржы жүйесін шайқалтты. Германияның сыртқы каржы көздерінен тәуелділігі, ішкі рыноктың тарлығы, репарацияларды төлеу, материалдық резервтер көзі ретінде отарлардың жоқтығы, бағаның төмендеуіне өндірістің жоғарғы денгейге шоғырлануы мен монополияландырылуы тарапынан кедергі жасалуы дағдырысты жеңуге мүмкіндік бермеді экономикалық дағдарыс пен оның әлеуметтік салдары Веймар республикасының партиялық-саяси жүйесінің терең дағдарысқа ұшырауына себеп болды.
Веймар республикасының дағдарыс және нацистердің билік басына келуі. Дағдарыс басталысымен парламенттегі үкімет арқа сүйейтін партиялар одағы ыдырады. Германияның социал-демокртиялық партиясы оппозицияға кетті. Үкіметті Орталық партиясының оңшыл кайраткері Брюнинг баскарды. Парламентте тірегі жоқ Брюнинг 1930—1932 ж. төтенші декреттер аркылы билік жүргізді. Констиуция төтенше жағдайларда президентке парламентті орап өтіп, декреттер шығару кұкын берген болатын. Президент Гинденбург осы аралықта жүзден астам декретті бекітті, мұның өзі парламенттің заң шығарушылық кызметін ауыстырғандық болып табылады. Үкімет үйреншікті әдетпен жұмыс істеді. 1931 ж. төтенше бағдарлама жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақының, әлеуметтік қауыпсыздандыру шығындардың, мемлекеттік қызметкерлердің жалақының төмендетілуін, салықтардың өсуін жоспарлаған болатын. 1931 ж. желтоқсанында қабылданған төтенше декрет бойынша жалақы 1927 ж. деңгейіне дейін азайтылды. Банктерді банкроттықтан сақтау мақсатымен мемлекет банк жүйесін «сауықтыруға» кірісті, аса ірі Дрезден банкін мемлекет қарамағына алып, көптеген банктерге бақылау орнатты.
Веймар республикасының партиялық-саяси жүйесінде . күштер қайтадан топтасты. Республиканың тірегі болып есептелетін орталық жойылып кетті. Келісім және ажырасу саяси күштердің бір-біріне қарсы топтарға бөлінуінен көрініс тапты. Бір жағынан, солшыл партиялар-коммунистік партия мен НСДАП өз ықпаларын сақтап қалды, екінші жағынан, өзін Ұлтшыл социалистік неміс жұмысшы партиясы деп атаған партия жақтаушылары-ның қатарын тез уақытта көбейтіп, баршалық партияға айнала бастады. Германияда бұдан басқада топтар болатын, бірақ тек нацистік партия ғана әлеуметтік негіз құрып, билікті басып алуға деген жігеріиен көзге түсті. Міне, осындай жағдайда аса ірі корпорциялар «уысы мықты» үкімет кұруда және Версаль жүйесін кайта қарау үшін нацистік партияға сенім артты.
Рейхстаг сайлауы (мамыр 1928ж. — қараша 1932 ж.)
1932 ж. соңында дағдарыстың нағыз қайнап тұрған тұсында сайлаушылардың ықыласы солшыл партиялар (ГКП және НСДП) мен нағыз оңшыл, фашистік НСДАП арасында тең бөлінгендігін көреміз. Орталық қатты тарылып, дербес қимылдауға әлсіз болып қалды. Нацистік партия аралық партиялар мен олардың дауыстарын жалмап түсті. Рейхстагтегі күштердің арасалмағы да осылай болды.
Нацистердің ықпалы неліктен былайша күрт өсті? Бұл тұрғыдан екі жағдайды атап өтуге болады: партияның өзінің кимыл-әрекеттерінің белсенділігі, оған ірі бизнес тарапынан каржылай көмек көрсетілуі және сай-лаушылардың мінез құлықтарының әлеуметтік-психологиялық бағытталуы.
Экономикалық дағдарыс Веймар республикасының саяси іргетасын шайқалтты. Елдегі мүшкіл хал үшін кінәні республикалық режимге, ең алдымен ГСДП артты. Халықтың ұсақ буржуазиялық топтары национал-социализмнің саяси және мемлекеттік тоталитарлық теорияларын кабылдауға ыңғай танытты. Дағдарысқа дейін нацистердің идеологиясы аса колдау таба қоймады. Бірақ дағдарыс пен оның әлеуметтік салдары тереңдеген сайын сайлаушылардың көпшілігінің ниеті өзгеріп сала берді.
Нацистік насихаттың күшті құралы ұлтшылдық және жұмысшы партиялардың құжаттарынан алынған әлеуметтік әділеттілік туралы, енбексіз табыстарды жою, қоғамды революциялық жаңарту, трестерді мемлекет қарамағына алу, алып-сатарлық пен өсімкорлыкты жою тағы баска ұрандар болды. «Ұлттық социализмді» уағыздай отырып, НСДАП жалпыұлттық мүддені білдіруші роліне тырысты, бірақ оны тек кана «тандаулы арий нәсілінің» мүддесі деп таныды. Күшке табыну, нәсілдік артыкшылық, антисемитизм және жау бейнесін орнату нацизм идеологиясының ажырамас бөліктері болды. Нацистік идеялардың таралуына Версаль шарты бойынша немістердің ұлттық сезімдерін таптау да себеп болды. Нацистердің әлеуметтік көпірмелігі қоғамның әртүрлі топтарына арналды: жұмысшыларға толық жұмыспен қамту туралы уәде, орта топтарға «дені сау орта кауым» ; кұру және «пайыздың құлдықтан» құткару туралы, жері аз шаруаларға шығыстан жер беруге уәде етілді. Бұл ‘ уәделер пирамидасының шыңы «жаңа дүниежүзілік тәртіп» орнату идеясы болды.
Сатылы ұйымдық құрылым мен ішкі катаң тәртіп НСДАП-нің ерекше белгілері болды. Жоғарыдан төменге дейін «фюрерлік» принцип бойынша құрылған нацистік партияның арнайы әскериленген отрядтары (СА — шабуылшы отрядтар) болды, олар фашистердің митингілері мен шерулерін күзетіп кана ғоймай, сонымен бірге солшыл партиялар мен кәсіподақтарға қарсы күрес пен қастандықтар жасау құралына айналды.
1932 ж. күзде өткен сайлаудың кестеде келтірілген қорытындыларынан көрініп тұрғандай, осы кезде фашистік партия өзінің ықпалын жоя бастаған болатын, көпшілік фашисттік қозғалыстан түңіле бастаған еді. Осы кезде Германия үкіметінің басшысы генерал Шлейхер болатын. Оның рейхсверде ықпалы болғанымен, парламентте де, ел ішінде де аса беделі жоқ болды, сондыктан әскери диктатура орнату нұсқасының болашағы жоққа тән болды. Ірі бизнес топтарында елдегі билікті НСДАП-қа және осы кезде озін танымал шешен жақтаушы Гинденбург сайланды. Германия .үкіметінің сыртқьг саясаты Версаль бітімін жою үшін күреске шығып, қайта бөлу бағытында жүргізілді. Фашизм ұйымдасқан түрде саяси күшке айналып, 1925 жылы А.Гитлер Ұлтгык социалистік неміс жұмысшы партиясын (НСДАП неміс сөзінен қысқартылған) құрды.
Капитализмнің уақытша тұрақтану кезінде Германияның сыртқы саясаты нығайып, АҚШ үкіметінің қамқорлығына бөлене бастады. 1924 жылы Лондон конференциясында «Дауэс жоспары» Германияның репарациялық төлеуін жеңілдетіп, ішкі экономиканың тұрақтануына әкелді. 1925 жылы Локарно конференциясында Франция, Бельгия және Ұлыбритания Германияның батыс шекарасының қауіпсіздігіне кепілдік берді. Сөйтіп, Германияның империалистік топтары шығыс саясатын еркін жүргізуге мүмкіндік алды да, 1926 жылы Ұлттар лигасына толық мүшесі болып қабылданды. Империалистік елдердің қолдауымен 1927 жылдан бастап Германияға қойылған әскери шектеу алынып тасталды. Германия өзінің армиясын көбейтуге және қаруландыруға қол жеткізді және Рур облысынан Франция мен Бельгия әскерлерін шығаруға келісті. Версаль бітіміндегі әскери шектеу тежеле бастады.
Германияның сыртқы істер министрі Штреземан «Рапалло келісімін» пайдалана отырып, КСРО елімен достық қатынасты дамыта түсті. Сөйтін Батыс пен Шығыс елдері арасында екі жақты саясат жүргізді. Кеңестік Ресеймен сауда-экономикалық қатынастың дамуын Германиядағы демократиялық күштер ГКП-сы мен жұмысшы табы қолдап отырды. Германия империалистік елдер арасында бірінші болып Кеңестік Ресеймен достық қатынас орнатқан ел болды. Рапалло келісімінен кейін 1925 жылы Герман-Кеңес сауда келісіміне қол қойылса, 1926 жылы екі ел арасында бейтараптық келісімге қол қойылды. Штреземан жүргізген екі жақты саясат Германияның экономика-сауда қатынасының дамуына, Еуропадағы бейбітшілікті сақтауға мүмкіндік жасады.
Канцлер А.Гитлер және президент Гинденбург 1933 ж. Берлиндегі салтанат кезінде.
ретінде көрсетіп үлгерген оның жетекшісі Адольф Гитлерге беру туралы шешім пісіп жетілді.
Германияның ірі өнеркәсіп иелерінің бір тобы солшыл партиялардың ықпалының артуынан қауіптеніп, үкімет құру мәселесін Гитлерге тапсыруды талап етіп, президент Гинденбургке хат жолдады. 1933 ж. 30 қаңтарында Гинденбург Гитлерге үкімет щрамып цсынуды тапсырды. Германияда билік басына нацизм келді.
Нацистерді билік басына келтірмеу мүмкін бе еді? 1932 ж. қарашадағы сайлаудың қорытындыларының кестесінен көрініп тұрғандай, ГКП мен ГСДП сайлаушылардың 37 пайызының колдауына ие болды, яғни нацистерден көп дауыс жинады. Парламентте олардың 220 орны болса, нацистердікі 200 ғана болды. Бірақ біріншіден, коммунистер мен социал-демократтар фашизм қаупін жете бағалай алмады. Екіншіден, (бұл басты мәселе еді) екі партия да Қараша революциясынан бергі уақыттың ішінде бір-бірімен жауласып келді. Коммунистер және Коминтерн түгелдей социал-демократтардан іргелерін аулақ салу және фашизмге қарсы күресте солшыл партиялармен одақтасудан бас тарту сияқты қате тактика ұстанды. Компартия социал-реформистік партияларды фашизмнің «сол қанаты» деп санады. НСДП өз кезегінде коммунистерді сынап-мінеп жатты. Сектанттық солшыл күштердің бастарының бірікпеулеріне себеп болды. Соңғы уакытқа дейін Гитлер билік басына келгенше коммунистер социалистік революция ұранын тастамады. Ал бұл кезде Франциядағыдай, Германияда да балама басқаша еді — фашизм, не демократия.
Социал-демократтардың басшылары Ораниенбург концлагерінде(сурет)
Солшыл жұмысшы партиялардың араларындағы алауыздықтар және олардың Германиядағы жағдайды дұрыс бағаламауының нәтижесінде жаңа саяси бағыт іздеген орта тап өкілдерінің көпшілігі нацистерге бет бұрып, оларды көпшілік колдауымен қамтамасыз етті.
Тоталитарлық диктатураның орнауы. Канцлер Гитлер басқарған үкіметтің құрылуы сырт көзге әдеттегі кабинеттердің ауысуы болып көрінді , үкімет құрамына нацистерден басқа бірнеше буржуазиялық партиялардың өкілдері енді. Іс жүзінде биліктің басты тетіктері нацистердің колында болды. Тек қана үкімет ауысып қойган жоқ, мемлекеттік басқарудың бір түрі буржуазиялық демократияның орнына тоталитарлық диктатура орнады.
Алғашқы екі жыл (1933—1934) ішінде саяси партияларды бірыңғайлау, билік режимін орталықтандыру іске асырылды, оппозиция басып-жаншылды. Ең басты оқиға 1933 ж. наурызында өткізілетін рейхстаг сайлауы болды. Өзінің ең басты саяси жауы коммунистік партияны сүріңдіру үшін фашистер арандату мақсатымен рейхстагты өртеді де, кінәні коммунистерге жапты.
Бұл жердегі есеп қарапайым тоғышарларды коммунистік кауіппен корқытып, оларды фашистерге дауыс беруге мәжбүр етіп, рейхстагта төтенше заңдар қабылдау үшін орынның үштен екісіне ие болу еді. Бірақ үміт ақталмады. НСДАП дауыстарды бұрынғыдан аз алып, рейхстагта орындардың жартысынан азына ғана ие болды.
Осы кезде нацистер конституцияны бұзып, коммунистердің мандаттарын жаратпай тастады да, Гитлерге төтенші өкілеттіліктер беру туралы заң кабылдатты. Сөйтіп, рейхстаг ешқандай қүқьқсыз фашисттік мазақханаға айналды. Жаңа режимнің келесі бір маңызды шарасы елдің федеративтік құрылымын жойып, оны бірегейлеу болды. Жерлерде жоғарыдан тағайындалатын басқарушылар (гауляйтерлер) билік жүргізді. 1933 ж. карашада Гитлер бұл соңғы сайлау деп жариялады. Партиялық, жүйе жойылды. Саяси партиялар таратылуға немесе НСДАП құрамына енуге тиіс болды.
Нацистік режимнің екі жыл ішінде Веймар Республикасының негізгі тіректері жойылып, рейхстаг құқықсыз органға айналды, партиялар талқандалды, сайлау жүйесі жойылды. Буржуазиялық-демократиялық құрылыс жойылып, тоталитарлық диктатура орнады. Оның негізгі белгілері идеологиялық біройлылық, орталықтандырылған партиялық-мемлекеттік номенклатураның үстемдігі, саяси қарсыластарды жою, мәдениетті бірегейлеу болды.
1934 ж. тамызыннан бастап президент Гинденбургтің қайтыс болуына байланысты Гитлер бір өзі ұлт фюрері, канцлер әрі президент болып алды.
Экономиканы милитарландыру және соғысқа дайындалу. Тоталитарлық диктатураны орнату мен бір мезгілде мемлекеттік орталықтан реттеу және жоспарлау жөнінде кең көлемді саясат жүргізіліп жатты. 1933 ж. азық-түлік сословиесі туралы заң елдің ауылшаруашылығын, төменнен жоғары қарай кұрылған ауылшаруашылығын реттеу жүйесін азық-түлік және егіншілік министріне бағындырды. Осыған ұқсас өнеркәсіпті басқарудың тік құрылымы 1934 ж. «Өнеркәсіптің органикалық құрылымын дайындау туралы» заңның негізінде жасалды. Өнеркөсіп жеті салаға бөлініп, оларға ықтиярсыз өнеркәсіп, энергетика, колөнер, сауда, көлік, банк және қауыпсыздандыру кәсіпорындар тобы біріктірілді. Оларды ірі кәсіпкерлер мен банкирлер басқарды. Еңбек ресурстарымен жабдықтау мен таратылған кәсіподақтардың орнына келген және іс жүзінде ықтиярсыз еңбек еткізу жүйесін бақылайтын «еңбек майданы» айналысты.
Нюрнбергтегі әскери парад
Экономиканы орталықтандыру не үшін қажет болды?
1936 ж. бастап Германияда экономикалық дамудың төрт жылдық жоспары іске асырыла бастады, оның ең басты мақсатын Гитлер елді соғысқа дайындау деп белгіледі. Сол кездегі антифашисттердің «фашизм — бұл соғыс» деген ұраны Германияда болып жатқан оқиғалардың мәнін анық көрсетіп берді. Режимнің қарсыластарына күш қолданумен қатар нацизм халықты нацистік жоспарларды іске асыруға жұмылдыру және елде әлеуметтік бітім орнату мақсатында әлеуметтік саясат бағытын да іске асырды.
Нацистік Германияның сыртқы саясаты. 1930 жж. нацистік Германияның сыртқы саясатында екі кезең айқын көзге түседі.
Бірішш кезең (1933—1935) Германия Версаль бітімінде белгіленген елдің қайта қарулануына салынған шектеулерді алып тастады. Келісімді қайта қарау Германияға жаппай әскери міндет енгізуге, ауыр қару-жарақ шығаруды көбейтуге, демилитарланған Рейн аймағын басып алуға т.б. мүмкіндік берді.
Екінші кезең (1936—1939) — Еуропада тікелей басқыншылық актілеріне көшу. Чехословакияны басып алу, Австрияны күштеп қосып алу, Испанияда Франконың орнығуына көмектесу — бұл кезеңнің басты оқиғалары болды. Басқыншылық әрекеттердің бұл тізбегі 1939 ж. қыркүйекте Польшаға шабуыл жасау және Екінші дүниежүзілік соғысты бастаумен аяқталды.
Дәл осы кезде Екінші дүниежүзілік соғыс өртінің екінші бір ошағы Қиыр Шығыста тұтанды, мұнда 1931 ж. Жапония Маньчжурияны басып алды, ал 1937 ж. Орталық Қытайға басып кірді. Италия 1935 ж. Эфиопияны басып алды. Бұл үш басқыншы мемлекет өзара одацтастық қатынастар орнатып, «Берлин — Рим -Токио» белдеуін құрды.
Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия (1929-1933 жж.). 1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс Германияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті: өнеркәсіп өнімдерін шығару азайды, инфляция күшейді; жұмыссыздық көбейіп, 7,5 млн адамды қамтыды; көптеген өнеркәсіп орындары жабылып қалды; еңбекші халықтың жалақысы 25-40%-іа азайды; 31 мың өнеркәсіп банкроттыққа ұшырады; ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың жеке ауыл шаруашылық фермерлері жерлерін сатуға мәжбүр болдьі. Германиянын қаржы-несие жүйесі дағдарысқа ұшырады; мемлекеттік бюджет азайды. Соғыстан жеңілген Германия экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Германияға бөлінген заем мөлшері қысқартылды. Әлемдегі экономикалық дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтік-саяси ахуалға әкелді, саяси дағдарыс жаңа қөзқарастарды пайымдап, милитаристік-фашистік күштер дағдарыстан шығу жолдары — Версаль бітімін жою, Еуропаны қайта бөліске салу, жаңадан өмір кеңістігін іздестіру деген талаптар қоя бастады.
Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеуметтік-қоғамдық құрылымын түгел қамтыды. Үкіметтік дағдарыс барысында 1930 жылы Г.Мюллер отставкаға кетіп, онын орнына Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкімет құрды. Г.Брюнинг үкіметі елдегі буржуазиялық демократияны жоюға бағыт алды. Экономикалық дағдарыс әсіресе орта таптарға өте ауыр соқты. Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар республикаға қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыстан революция арқылы шығуға болады деп түсінді. Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл-социалистердің ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билігін орнатуға шақырды.
Экономикалық дағдарыс ірі буржуазия топтарына айтарлықтай ықпал етті. Ірі буржуазия дағдарыстан шығу үшін милитаристік кек алуға шақырып, Германияны қаруландыруға әрекет жасап, жеке әскери-патриоттық ұйымдар құра бастады. Экономикалық дағдарыс фашизм идеологиясын күшейтіп, А.Гитлер бастаған фашистік партия елдегі барлық әлеуметтік топтарды дағдарыстан шығарудың жолын фашизм деп түсіндірді. Елде әскери диктатура орнату қажет, сөйтіп А.Гитлер үкімет басына келетін болса, әлеуметтік дағдарыстан шығарады деген үгіт-насихат жұмысын күшейтті. Фашизм ірі саяси күшке айнала бастады.
Фашизм идеологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билік, Германия қоғамындағы барлық әлеуметтік топтар қолдай бастады. Фашистік партия НСДАП үкіметтік билікті алуға шақырды. Ірі мопополия иелері Ф.Тиссен, Э.Кирдорф, Г.Стиннес фашистік партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады. Мысалы: «Болат трест» басшысы Ф. Тиссен партияға кіру жарнасы үшін 300 мың марка төлеген. Ірі монополияның көмегімен фашистік партия мүшелерінің саны 100 мыңнан 1927 жіілы 300 мыңға жетті. 1930 жылы рейхстаг сайлауында НСДАП-ты қолдап сайлаушылардың басым бөлігі дауыс берді.