Мемлекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік күйзелестерден шығу жолдарына байланысты мәселелер шумағымен коса өрілген болатын.
Сайып келгенде, барлық пікірталастырдың ұшы ең басты мәселеге — мемлекет пен азаматтық коғамның, мемлекеттік және жеке меншіктердің, мемлекеттік реттеу мен рыноктың рөліне келіп тірелді. Тіпті дарашылдық пен дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ коғамының өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясат-керлер мен экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада өткен ғасырдың соңында-ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласудың маңызды рөл аткаратынды-ғын дәлелдеген болатын.
Бұл мәселе сол» кездің басты идеялық-саяси кайшылығы — мемлекет пен тұлға, мемлекет пен азаматтық коғам арасындағы қатынастар турасында принциптік түрде карама-қарсы түсініктерді ұстанған тоталитаризм мен либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл өмірлік маңызы бар мәселерден алыс жай ғана теориялық пікірталас емес еді. Бұл XX г. саяси тарихының арқауын құрайтын тоталитаризм мен демократия арасындағы күрестің мазмұны болды.
Тоталитарлық режимдердің ерекшеліктері.
Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді:коғамдық дамудың авторитарлық-тоталитарлық үлгісі мен либералдық-демократиялық үлгісі.
Тоталитарлық үлгідегі толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда (нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда (ибериялық нұска; орнатылған фашистік режимдер болды.
Тоталитарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстардан шығу, милитарландыру және соғысқа дайындалу, индустриаландыруды тездету, алдын-ала ойластырған идеология-лық құрылымға сәйкес коғам мен одақтарды өзгерту үшін кұрылды. «Тоталитарлық» ұғымы 20—30 жж. КСРО-да қалыптасқан әкімгершілдік-әміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.
Тоталитарлық жүйелерге азаматтық коғамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің «Фашизм туралы ілім» деген кітабында былай деп жазды: «Фашизм ең жоғары нәрсе мемлекет. Оның алдында жеке адамдар мен топтар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рөл аткарады». Тота-литаризм — либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым бостандығының қас жауы.
Тоталитаризм мемлекеттік реттеудің коғамдық өмір мен жеке адамдардың іс-әрекеттерттерінің барлық салалары.
1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшері 16,5 млрд доллардан 27 млрд долларға өсті. Американ капиталы Латын Америкасы елдеріне көптеп шағарылды. Бұл АҚШ монополистеріне шексіз пайда әкелді. Экономикалық экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейтті.
АҚШ үкіметі Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсіретіп, Вашингтон конференциясынан кейін Қытайда өз беделін көтеруге қол жеткізді. Бұл саясат Қытайда 1924-1925 жылдарда халық кетерілісінің басталуына әкеліп соқты. 20-жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерінде беделі нығая түсті. Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның экономикалық дамуына күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша көмегі берілді. Еуропада Германия арқылы АҚШ-тың гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзінің антисоветтік саясатын жалғастыра берді.