Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардьщ бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы кағаздар рыногінің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып-сатушылық және олардың курсын 1928—1929 жж. экономикалық серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.
Экономикалық циклдің міндетті кезеңі больш табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем кабілеті — сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып калмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды кысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің тарылған көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Дағдарыстан шығудың автоматтық механизмінің «істемей қалуы» көп жағдайда капиталистік шаруашылықтың кұрылымының өзгерістерімен байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шо-ғырлануы ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополияларына байланысты бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті кыскартуға мүмкіндік берді. Дағдарыстың аса ұзаққа созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыноктік механизмінің бұл жағдайда істемейтіндігін, сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен толыктырылуы тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі келтірген колдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды киындатты.
XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті камтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АКШ-та жана дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929—1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.
Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер каупін төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса манызды ерекшелігі циклдік дагдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30-жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 10—15 жылда бір рет келетін кұрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев 20-жж. өзінде-ақ экономикалық дамудағы «үлкен циклдер», немесе «ұзын толқындар» теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ. аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы «ұзын толқындар» теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.
Экономикада «ұзын толқындар» деп ұзактығы шамамен алғанда 48—55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын-оқтын ауытқып тұруын айтады. Мұндай жарты ғасырлық аралық келетін кезеңдерде ин-дустриялық коғамның техникалық және технологиялық негізі жаңарып, бұл кұбылыс капиталистік өркениеттің басты-басты экономикалық аймактарының шаруашылықтарының барлық салаларын камтиды. Мұндай циклдер XVIII ғ. 80-ж. соңы мен 90-шы жж. басынан басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт «ұзын толқындарды» бастарынан өткізді, олардың әркайсысының бірінші жартысында конъюнктураны арттыратын кезеңі болса, сонынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететін кезеңдердің түйіскен жерінің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің көп бөлігі (соғыстар, революциялар, аса ірі әлеуметтік-саяси қақтығыстар) келеді. Бұл үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780 ж. соңы — 1840 ж.; 1840 ж. соңы -1890 ж.; 1890 ж. соңы — 1940 ж. басы; 1940 ж. басы — 1982—1985 жж. Сөйтіп, XX ғ. екі толық «ұзын толқындар» орын алды, ал 1980 жж. басталған бесінші «ұзын толқындар» немесе кезең XXI ғ. аяқталмақшы.
1914—1945 жж. аралық кезең конъюнктураның төмендеу кезеңін қамтиды. Бұл уакыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс, 30-жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалық елдердегі революциялар, Еуропадағы тоталитарлық және авторитарлық режимдердің орнауы секілді окиғалар орын алды. Бұл кезеңді дүниежүзі тарихында ең ірі омырылу, либералдық демократияның терең дағдарысы және еуропалық өркениеттің өзін-өзі жойып жіберу қаупі деп карастырған жөн.
Соғыс-аралық онжылдықтар мен екі дүниежүзілік соғыстың күйзелістерінен шығу жолдарының киындығы мен қарама-қайшылықтығы, міне, осында болды.
Кейнсшілдік. Экономистер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. Әр түрлі көзқарастар тоқырасты (әлеуметтік рыноктік шаруашылыктың либералдық теорияларынан шаруашылықты бір орталықтан жоспарлау мен бөлудің тоталитарлық және социалистік теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ең үлкен табыс ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін «Жұмыспен камту, пайыз және ақша теориясы» (1936) кітабында баяндады.
Кейнсшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің әкономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндіруішлік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгендігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігін сай келуі керек. Халыктың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен «тер сығып алу» жағдайында, яғни сатып алушылық кабілетін төмендету жолымен тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мүмкін емес еді. Бұл тұйықтан шығудың бір-ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен (Кейнсше «тиімді сұраныс») еңбекшілердің са-тып алушылық қабілетін арттыру немесе корлардың артығын коғамдық тұтынуға, коғамдық жұмыстар шығындары аясына, қызметтерге, апарту ісіне (мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа ми-литарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен арттыруды ұсынды. Мұндай бағытты тіпті мемлекет қарыздарын ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады. Бұл өндірістің кұлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардың пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын кұруға мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.
Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарды азайту немесе арттыру, экономикалық конъюнктураға байланысты салықтар мен банк пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу (макрореттеу) механизмін жасады. Дағдарыс жағдайында «сұранысты кампиту», яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығын-дарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың «кызып кеткен» және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары «тоқта-жүре бер» ұстанымы деген ат алды.