Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы

1822 ж . Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен жарғы жобасын жасаған болатын . Бірақ бұл жарғы негізінен 1824 жылы ғана қабылданған . Сол жылы жүзде хан өкіметін жою ұйғарылды . Кіші жүз билеуші-сұлтандар басқарған бірнеше бөлікке бөлінді . Сондықтан бөліктер территория тұрғысынан да , халқының саны жағынан да біркелкі болмады . билеуші-сұлтандар іс жүзінде Орынбор шекаралық комиссия чиновниктері болды. Шекаралық комиссияның жанынан кеңестер мен приказдар ұйымдастырылмады .Билеуші-сұлтандар билігнің күшеюімен мемлекеттік қызметте жоқ сұлтандардың маңызы төмендеді,мұның өзі қазақ аристократиясының өктемдігін әлсіретті . Шекаралық комиссия құрамына председатель , төрт кеңесші , ауқатты қазақтардан төрт заседатель енді.Шекаралық комиссия міндеттері: қырда тәртіпті сақтау , қазақтардан шыққан жергілікті чиновниктер мен қамқоршылардың әрекеттерін бақылау , салықтар жинау , сот істері , медицина жағынан бақылау болды . Шекаралық комиссия өзінде губерния басқармасының функцияларын біріктірді .

жергілікті әкімшіліктің құрамына жүздер бөліктерінің билеуші-сұлтандары , дистанциялар мен жергілікті жерлердің бастықтары енді . Билеуші– сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы , ал қалған шендегілердің бәрін–Шекаралық комиссия тағайындады . әрбір билеуші сұлтанның жанында 100-200 адамнан әскери команда болды . Билеуші-сұлтандардың ордалары казачьи станциялары мен бекіністерде орналасты . Билеуші-сұлтандар лауазымына тек сұлтандар ғана қойылды . Батыс және Орта бөліктерді Әбілхайыр мен Қайып хандарының әулеті биледі . Билеуші-сұлтандардың алғашқы кезде көмекшілері болып бұлар да сұлтандардан қойылды.Олар билеуші-сұлтандар мен шекара бастықтарының тапсырмаларын орындауға , « тыныштықты» қадағалап отыруға , « қаскүнемдерді» ұстап , жақын маңдағы шепті бастыққа  жеткізуге , ұсақ-түйек  істер жөніндегі таластарды талқылауға , ал қылмысты істер бойынша айыптырылады . Шекаралық комиссияға шепке жіберіп отыруға міндетті болды .

1831 жылға дейін үш бөліктің қазақтары шартты түрде шепке жақын жердің қазақтары және қырдың қазақтары деп бөлінді . 1831 жылдан бастап өздерінің қоныстары мен шекара өңіріне іргелес жатқан халық арасында әкімшілік учаске дистанциялар ұйымдастырылды .Дистанцияның ішінен неғұрлым шағын басқару бірліктері — әрбір форпосты мен отрядта қарама-қарсы орналасқан старшындықтар (жергілікті жерлер немесе ауылдар) құрылды. Дистанциялар құрылымы кейіннен қырдағы ауылдарға да тарады. 1839 жылы мұндай бөлу Жаңа шепке қарама-қарсы орналасқан Ф-ОБ-001/035

көшпелілерге де енгізілді. 40-шы жылдардың басында дистанциялық система Ново-Александровск бекінісі ауданындағы рулардың бір бөлігін қамтыды . XIX ғасырдың ортасына таман 54 дистанция ашылды. Дистанциялар халықтың территориялық жағынан бөлінуі негізінде құрылды, тек шеп бойындағы дистанцияларда ғана ру топтарының араласуы едәуір дәрежеде болды.

Дистанциялардың құрылу себептері Шекаралық комиссияның Орынбор қазақтарын басқару туралы 1841 жылғы есебінде және 1846 жылғы 24 июльде Сыртқы істер министрлігіне жолданған «Әскери бекіністер мен Орынбор шекаралық комиссиясы бастықтарының праволары мен міндеттері туралы» Орынбор шекаралық комиссиясының басқарушысы генерал М. В. Ладыженскийдің хатында егжей-тегжейлі түсіндірілген . Олардан патша үкіметінің қырдың шалғайынан бекіністер салуды асығыс іс деп есептегендігі, ал «Сенімді дистанция бастықтарын» тағайындауды уақытша шара деп қарағандығы аңғарылды. Мұның өзі Орынбор әкімшілігіне Қазақ даласындағы істің жайын бақылауға, жыл сайынғы әр үйден жиналатын алым-салықты реттеуіне мүмкіндік берді .

Дистанциялық система Кіші жүзде 1831 жылдан 1868 жылға дейін сақталып келді .  37 жыл ішінде дистанциялардың саны , көлемі, олардағы рулар мен бөлімшелердің орналасуы, сондай-ақ халқының саны өзгеріп отырды .

Дистанциялар мен әкімшілік ауылдарын ұйымдастыру бұрынғы ру бастықтарының билігін шектегенімен толық жойған жоқ. Ру билеушілері рулардын. бәрінде бірдей болған жоқ, бірақ әрбір бөлім мен бөлімшенің әрқайсысында дерлік оны басқаратын билер мен старшындар болды. Олардьң біразы дистанциялар мен старшындар ұйымдастырылған кезде ресми лауазымдар алды, ал енді біразы ру бастықтары жағдайында қала берді. Орынбор шекаралық комиссиясының мәліметтері бойынша, 241 ресми ру бастығына 107 ресми емес ру бастығынан келді. Бұған шаруашылық ауылдарының көптеген старейшиналары кірмеді, өйткені олар рулардың бөлімдері мен бөлімшелерінің старшыналарына бағынды .

30—40-шы жылдары билеуші-сұлтандар мен дистанциялық бастықтар арасында ру билеушілерін ресми басқаруға тарту мақсатында. жаңа әкімшілік буын құруға әрекет жасалды.

Ауыл старшындарынан бастап билеуші-сұлтандарға дейіи Кіші жүздегі барлық лауазымды адамдарды Орынбор генерал-губернаторы тағайындап  отырды .  Мұнда сайлау системасы болмады .

Ф-ОБ-001/035

Кіші жүздегі жергілікті өкімет билігінің ұйымдастырылуының бір ерекшелігі шеп бойындағы қазақтарға қамқоршы лауазымының енгізілуі болды ,  бұл лауазымға тек патша чиновниктері ғана тағайындалды. Ресми түрде олар шеп бойындағы тұрғындармен байланысында казактарға «қамкорлық жасау органдары ретінде құрылған еді. Іс жүзінде қамқоршылар өлкеде патша өкіметінің саясатын жүргізді , Шекаралық комиссияның әр түрлі тапсырмаларын орындап, қазақтарды басқарды. Сөйтіп, XIX ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүзде «камқоршылық абсолютизм системасы» деп аталатын система  қолданылды. Бүкіл шеп 6 қамқоршылыққа: Гурьев, Орал Орынбор, Орск, Троицк, Михайловск камқоршылықтары болып бөлінді.

Сот системасында үлкен өзгерістер белгіленді. Ірі істердің бәрі әскери соттардың немесе Шекаралық комиссияның қарауына көшті. Тек елеусіз қылмыстар ғана халықтық әдет- ғүрыптар бойынша талқылана алатын болды. Патша әкімші лігі жергілікті өкімет органдарын , соның ішінде билер сотын  да полицейлік-жазалау органдарына айналдыруға тырысты . Оларға қамауға алу, дүре соғып жазалау, Сібірге жер аударып жіберу өкілдіктері берілді.

1844 жылы патша үкіметі «Ереже» шығарды, бұл ереже  бойынша байырғы халық төлейтін міндеткерліктер: шеп бойындағы және ішкі жақтағы тұрғындарға қызметкер болып жалданып, қырдан басқа жерде болатын қазақтарға берілетін  билеттер үшін төленетін алым, билеттердің мерзімін ұзартып алғаны үшін ақшалай айып төлеу және міндеткерліктер енгізілді.

50-ші  жылдардың басында «Ереженің» Орынбор даласына арналған жаңа нұсқасы шықты, алайда жобаның талқыланылуы ұзаққа созылды да, 1844 жылғы «Ереже» өзгеріс енгізілмей 1868 жылға дейін қолданылды.

XIX ғасырдын. басында сұлтандар экономикалык жағынан неғұрлым күшті және саяси тұрғыдан неғұрлым ұйымдасқан феодалдық топ болды  да, патша өкіметі өз саясатын жүргізуге соларды тірек етті. Алайда бертін  келе, XIX ғасырдын. бірінші ширегінде сұлтандарды феодалдық праволарынан айыру толқуларға апарып соғуы мүмкін деп қауіптеніп, патша үкіметі оларға басқарудың  орта буынында ғана әкімшілік билік берді де, облыстардағы жоғарғы билікпен басқаруды өз қолдарында ұстады.

Алайда XIX ғасырдың екінші ширегінде-ақ сұлтандардың  экономикалық және саяси ықпалы құлдырай бастады. Қазақ даласын басқару аппаратын қайта қүру сүлтандардың феодалдық праволарын шектеуге, оларды патша өкіметіне кызмет ететін чиновниктерге айналдыруға бағытталған еді.

Ф-ОБ-001/035

XIX ғасырдың бірінші жартысында ру шонжарларының да — билердің, старшиндардың, ру билеушілерінің , праволары шектелді. . Патша әкімшілігі оларды өз бақылауына алды. Орыс сот ісінің енгізілуі билер сотының  ықпалын күйретті, өйткені ерекше маңызды істердін, біразы жергілікті соттардың қарауынан алынды.

Сұлтандар институты ықпалының  кұлдырауына байланысты XIX ғасырдың ортасына таман батырлардың да маңызы құлдырады, Қазақстандағы саяси жағдайдың тұрақтануы бұл әлеуметтік категорияның күні бітуіне бастады .Батырлар қазақ , жүздерінің  шекаралық аудандарында ғана ықпалын сактады ,  бүл жерлерде руаралық барымта және Хиуа, Қоқан, Бұхара феодалдарымен қақтығыстар тоқтамаған болатын.

Нақ осы себептерден  төленгіттер институтының  да күні өтті. Биліктен айрылған сұлтандарға жасақшы төленгіттердің, салық жинаушы төленгіттердің қажеті болмай қалды да, олар көшпелілердің негізгі бұқарасымен бірте-бірте сіңісіп кетті. Олардың  біразы   Ішкі Ордада және Орта жүзде өз алдына рулық бөлімдер құрды . Аздаған теленгіттер ғана сұлтандардың үй-ішінде қызметшілер ретінде қалып қойды .