12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:
1) 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік (ұлттық) жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;
2) білім берудің пәңдік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмұнын әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-кұқықтық актілерді әзірлеу;
- Күтілетін нәтижеге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;
- Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын, құру;
- Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;
- 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы, «Оқулық» республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты үйымдар болып анықталды.