Педагогикалық кадрлар

12 жылдық мектептегі білім  беру процесінің моделі түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылық технологиялары үйлесімді қабысқан мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс.

12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыруда жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:

  • жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;
  • күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;
  • ашыктығы;
  • интерактивтігі

Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқыту оқушы (үйрену) мен мұғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетіне әр оқу процесі компоненттерінің мақсаттарын шектеуді талап етуді мақсатты ұйымдастырылған болып табылады.

Мұғалім қызметінің мақсаты (оқыту):

  • білім беру саласының пәндік және негізгі (ключевых) мақсаттарын ескере отырып, оқу процесінің нақты мақсаттарын жобалау;
  • оқу процесін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау;
  • оку материалдарын даярлау және оқу мақсаттарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру;
  • оқу процесін жобалауға және іс жүзінде іске асыруда ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;
  • оқушының оқу материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;
  • оқушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жақын зонасына жетуі); құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру;
  • оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке тәжірибесі мен өзін-өзі анықтау, өзін таныту, озіндік білімін көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру;

— ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уақытында түзету;

Оқушы қызметінің мақсаты (үйрену):

— жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны);

  • әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, біліктілігін оку мен әлеуметтік құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;
  • оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;
  • жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиялық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б.) беріліген мүмкіндікті колдану;

Окулыкты әзірлеу және басып шығару -мемлекеттік басым міндеттердің бірі. Әзірленетін оқулықтар мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс және оқыту мазмұнын таңдау нәтижеге бағдарланған білімді ескере отырып жүргізіледі.

Сабақты конструкциялауда кезек оқушының өзін-өзі таныту мақсаттарына, оқу материалдарын моделдеуіне, оқушының өнімді әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың формалары мен әдістеріне кезек беріледі.

12 жылдық мектептегі оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаның қабілеттерін толық көрсетіп, дамытатын негізгі тәсілдердің бірі — әрекеттік тәсіл. Әрекеттік тәсілге сәйкес адамның дамуы кезінде осы жас кезеңіндегі жетекші әрекетке зор үлес қосады.

Әрекеттік қатынас оқушының әлеуеттік мүмкіндігін дамытуға және есепке алуға көзделген, әрекетті сабақтан тыс ұйымдастыру нысандарымен, саралау тапсырмаларымен, вариативті бағдарламалармен жететін, жеке білім алу міндеттерін толығымен шешуге мүмкіндік беретін тұлғалық-бағдарлық тәсілмен тығыз байланысты.

Құзыреттілік тәсіл 12 жылдық мектепте жана тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.

Оқытудағы тұлғаның психологиялық және физиологиялық денсаулығын дамытудың міндеттерщ білім беру процесін ұйымдастыруда біртұтас қарастырылатын денсаулық сақтаудың пәндік-кеңістік ортасын құрудың маңызы зор.

Дәстүрлі қатынастармен қатар білім беру процесін ұйымдастыруда оқыту процесінің жалғасу циклдарының түрлі нұсқаларының мүмкіндігін қарастыратын оқу-тәрбие процесінің топтама блокты жүйесі қолданылады: апталық, екі апталық, айлық, тоқсандық, жартыжылдық.

Осы ретте білім беру процесінде күтілетін нәтижеге сәйкес бақылау жасау және түзету енгізуге мүмкіндігі болатын педагогтардың қызметі жеткізіледі.

Жаңа педагогикалық технологияларда педагогтың ақпарат беруші қызметімен бірге үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне көшіріледі.

Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде негізгі қызметті оқушының оқыту кезеңдерінде оқушыны педагогикалық-психологиялық жағынан қамтамасыз ету болып табылатын психологиялық қызметтің рөлі арта түседі.

Тұлғалық-бағдарлық оқытудың міндеттерін табысты іске асыру үшін ұйымдар жұмыс аптасының бес күндік ұйымдастыру тәртібін тиімді қолдануды қарастырады. Сенбі — оқушының жеке бағдарлы білімін қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған дамыту күні болып табылады.

Оқытудың ұзақтығын тоқсандар (8 апта) мен каникул уақыттары бойынша реттеу балалардың денсаулығын сақтауға игі ықпал етеді.

Мемлекеттік кадр саясатындағы маңызды мақсат қазақстандық сапалы білімсіз дамуы мүмкін емес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалдық және кәсіби ресурсын құру.

Нәтижеге бағдарланған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мазмұны мен технологияларын, мақсаттар проблемаларын өзектендіреді. Жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшу психологиялық-педагогикалық кадрлардың қәсіби даярлауды ұйымдастырудың мақсаттарын, мазмұны мсн технологияларын өзектендіреді. Әдіснамалық шешімдердің бірі кәсіби дайындықтың мақсатты бағдарына сәйкес басшының, мұғалімнің, мектеп психологының кәсіби-тұлғалық құзыретілігін қалыптастыру болып табылады.

12 жылдық мектептің педагогы қалыптастырудың бірнеше қүзіретгілігін игеруге міндетті:

Арнайы құзыреттілік — өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейдс айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет;

Әлеуметтік құзыреттілік бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.

Білім беру құзыреттілігі — білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

12 жылдық мектепте психологтың түзету-дамыту жұмыстары мен жеке тұлғаның қалыптасуының түрлі жастағы мөлшеріне бағдарланған ағарту
жұмыстарына бағытталуға тиіс қызметіне зор көңіл бөлінеді. Осыған сәйкес психолог психодиагностикалаудың, кеңес берудің, түзету мен түсіндірудің қажетті әдістерін білуі тиіс [7, 20 б].