Ұңғының өнімділігін арттыру әдістері. Тұз қышқылмен өңдеу.

Мұнай мен газ өнімділігі және айдау ұңғыларының жұту қабілеті негізінен өнімді қабатты құрайтын жыныстардың өткізгіштігіне байланысты.

Кез келген ұңғыманың жұмыс істеу аймағындағы жыныстардың өткізгіштігі жоғары болған сайын, соғырлым оның өнімділігі мен қабылдағыштығы жоғары, және керісінше. Бір қабаттың өткізгіштігі, оның әрбір аймағында күрт өзгеруі мүмкін.

Жыныстардың табиғи өткізгіштігі әртүрлі себептермен уақыт өтісімен өзгеруі мүмкін. Ұңғыны бұрғылаумен аяқтаған кезде түп аймағы сүзгіленген сазды ерітіндімен жиі ластанады. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану кезінде түп аймағындағы жыныстардың өткізгіштігі күрт төмендеуі мүмкін. Себебі кеуектер парафинді және шайырлы тұнбалармен, сонымен бірге саз түйіршіктерімен де тығындалып қалады.

Айдау ұңғыларының түп аймағы айдалатын судың құрамында болатын әртүрлі механикалық қоспалармен (ылай, саз, темір тотығы және т.с.с.) ластанады. Ұңғылардың түп аймағындағы жыныстардың өткізгіштігін жасанды түрде дренажды каналдардың санын және өлшемдерін арттыру, жыныстардың жарылымын көбейту және кеуекті каналдар қабырғаларында отырып қалған парафин, шайыр және ылайлары жою арқылы арттырады.

Ұңғылардың өнімділігін арттыру тәсілдерін шартты түрде мынадай 4 түрге бөлеміз:

1) Химиялық тәсілдер

2) Механикалық тәсілдер

3) Жылыту тәсілдері

4) Комплексті (физика-химиялық)

Қай тәсілді қолдану, қабаттың жағдайына байланысты болады.

Химиялық тәсіл (қышқылмен өңдеу). Бұл тәсіл нашар өткізгіштігі карбонатты жыныстарда жақсы нәтижелер береді. Сонымен қатар бұл тәсіл құрамында карбонатты қосылыстар және карбонатты керіштейтін заттары бар керіштелген құмтастарда қолданылады. Бұл қышқылдың таужыныстардың кейбір түрлерін ерітуге негізделген. Ал бұл өз кезегінде кеуекті каналдарды тазалап кеңейтеді, соның арқасында өткізгіштік артып, ұңғылардың өнімділігі артады.

Механикалық тәсіл (қабатты гидравликалық жару және гидроқұм ағынды перфорация). Әдетте тығыз жыныстармен түзілген қабаттарда жарықшақтарды кеңейту мақсатымен қолданылады.

Жылыту тәсілдері. Кеуекті каналдар қабырғаларын парафиннен, ылайдан тазалауға және түп маңы аймағын химиялық тәсілмен өңдеуді қарқындату үшін қолданылады.

Тұз қышқылмен өңдеу.

Көп жағдайларда ұңғыны өндеуге тұз қышқылын (HCl) қолданылады.

Тұз қышқылымен өндегенде қышқыл мынадай карбонатты жыныстарды ерітеді: әктас, доломиттер әктас, ал бұлар мұнай және газ кен орындарының өнімді қабаттарын құрацшылар.

Әктаспен әрекеті:

Доломитпен әрекеті:

Тұз қышқылымен карбонаттар әрекетінің өнімдері хлорлы кальций (CaCl) және хлорлы магний () жоғары ерігіштігіне байланысты тұнбаға түспейді. Өнделгеннен кейін олар ұңғыдан өнімімен бірге шығарылады. Әрекеттен түзілетін көмірқышқыл газы да жер бетіне оңай шығарылады.

Тұз қышқылымен өңдеуде ол ұңғы қабырғасындағы жыныстармен бірге кеуекті каналдардағылармен де әрекеттеседі және де ұңғы диаметрі үлкеймейді.

Тұз қышқылымен өңдеуді жүргізудің сұлбасы.

Гидропоршенді сораптарды өндіру сұйығының жұмыс сұйығымен бірігіп немесе бөлініп қозғалысына және т.б. байланысты дара өте үлкен тереңдіктен (4000-4500м) сұйықты көтеруді қамтамасыз етеді.

Гидропоршенді сораптардың артықшылығы – сорапты ауыстыру кезіндегі түсіндіріп – көтеру жұмыстарын автоматтандыру мен қашықтықтан басқару мүмкіндігінің болуы. Олардың кемшілігі гидравликалық қозғалтқыштың жақсы жұмыс істеуі үшін талап ететін ұңғыманы ұқыпты тазалап тұру үшін, оны жұмысшы сұйығымен жабдықтау жүйесін кәсіпшілікке орналастыру қажеттілігіне байланысты.

Тұз қышқылда кейде біраз мөлшерде темір тотығы болады, олар ұңғыны өңдеу кезінде рітіндіден мақта түрінде түсіп қабат кеуектерін тығындап тастауы мүмкін. Темір тотығын қышқылда ерітінді түрде сақтау үшін тұрақтандырғыштар қолданылады. Тұрақтандырғыш ретінде сірке қышқылын алады. Темір тотығының тұз қышқылындағы концентрациясына байланысты сірке қышқылы 0,8-1,6%-ті дайындалған тұз қышқылының көлеміндей қосылады.

Ұңғыдан әрекет өнімдерін жоюды жеңілдету мақсатымен қышқылды дайындау кезінде жеделдеткіштер қосады. Бұл беттік активті заттар әрекет өнімінің беттік керілуін төмендетеді. Кеуек каналдарының қабырғаларында адсорбцияланып, жеделдеткіштер жыныстан судың бөлуінен жеңілдетеді және жыныстардың мұнаймен ылғалдану жағдайын жақсартады. Жеделдеткіштер түрінде әртүрлі беттік-активті заттар – катапин-А,ДС,ОП-10 және басқалары қолданылады.

Тұз қышқылды ерітіндіні орталық қышқылдың базада немесе тікелей ұңғының басында дайындайды.

Ұңғыны тұз қышқылымен өңдеу технологиясы қабаттың физикалық қасиетіне, қуатына және басқа жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қарапайым жағдайда қышқылды қабатқа айдау процесі сорап көмегімен немесе өздігінен ағу арқылы жүргізіледі. Кейде қышқылды айдау алдында сазды және керіш қабыршақтарын бұзу үшін қышқылдық ванна қолданылады. Бұл кезде өнделу интервалындағы оқпанды толтыратындай етіп 6-8%-к қышқыл ерітіндісін айдайды.

Өнімді қабаттары негізінен силикатты заттардан тұратын терригенді жыныстардан құралған қабаттарда, тұз және плавликовті-фторсутекті қышқыл пайдаланады. Бұлар сазқышқыл деп және ұңғыны өңдеудің бұл түрі сазқышқылмен өңдеу деп аталады.

Термоқышқылды өңдеу

Ұңғының түп маңында парафинді және асфальтті-шайырлы заттарға толып өнімділігі түскен кезде, түпті тоздырып барып, осы заттарды еріткеннен кейін қышқыл мен өңдеу тиімдірек болады.

Алдымен қышқылмен және басқа бір заттың арасындағы әрекеттен түзілген экзотермиялық жылу арқылы қыздырылған тұз қышқылы ерітіндісімен ұңғы түбі өңделіп, кейін кәдімгі қышқылмен өңделеді.

Термоқышқылды өңдеуде магний қолданылады. Себебі ол қышқылмен әрекеттескенде үлкен жылу түзіледі және әрекет өнімі толығымен ериді.

кДж

1кг магнийді еріту үшін 15%-к 18,6л тұз қышқылы қажет. Ол кезде қышқыл хлорлы магнийлі бейтарап ерітіндіге айналады және 308°С-ге дейін қызады.

Парафинді және шайырды еріту үшін бұдан біраз төмен температура қажет. Сондықтан рационалды түрде магнийді қолданып, бөлінген жылудан ерітінді 75-80°С арасында болуы қамтамасыз етілуі керек.

Әдетте термоқышқылды өңдеу үшін пруткалы магний қолданылады (пруток диаметрі 2-4мм, ұзындығы 60мм). Пруткілерді арнайы наконечниктерге салып, сорапты-компрессорлы құбырлар арқылы ұңғыға белгіленген тереңдікке түсіреді.